Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 маусымдағы № 608
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 31 желтоқсандағы № 1381 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.01.00 ж. № 137 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 28.01.00 ж. № 137 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды
1. алынып тасталды
2. Осы қаулымен белгіленген акциз ставкалары 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 31 қаңтарына дейін қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
4. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
31 желтоқсандағы
№ 1381 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Жол қорының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі № 623 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 21, 180-құжат).
2. "Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібіндегі қаржы-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 шілдедегі № 697 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж, № 24, 207-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі № 623 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1117 қаулысы.