2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Ұлттық архив қорының ресми құжаттарының мемлекеттік меншік болып табылатын төлнұсқаларымен жеке архивтерді жинақтауға тыйым салынады.
6. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері құжаттарды олардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақтауға міндетті. Мемлекеттік архивтер Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құрады.
Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры Ұлттық архив қоры құжаттарының төлнұсқаларынан бөлек, арнайы жабдықталған архив құжаттарының қоймасында (архив қоймасында) сақталады.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық архив қорының құжаттары (мемлекеттік меншіктегі), сондай-ақ мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарының үйлері, үй-жайлары мен жабдықтары иеліктен шығаруға жатпайды.
3. Архив қорлары, архив коллекциялары, олардың бөлiктерi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының объектiлерiне жатқызылуы және тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiне енгiзiлуi мүмкiн.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға беру
1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық архивтерде сақтау мерзімі өткен соң мемлекеттік архивтерге тұрақты сақтауға берілуге тиіс.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-1. Ұлттық архив қорының құжаттарын ретке келтірілген түрде беру мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес архивтерді өткізетін заңды тұлғалардың меншікті қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
2. алып тасталды
3. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беруді ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізеді.
4-тарау. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану
14-бап. 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне кепілдіктер
1. Мемлекеттік меншік болып табылатын архив құжаттарындағы ақпараттар мемлекеттік интеллектуалдық меншігі ретінде Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдарындағы құжаттар, сондай-ақ оларға арналған ақпарат жүйесі олар мемлекеттік архивтер мен филиалдарға келіп түскен соң бір жыл өткеннен кейін жұртшылықтың пайдалануы үшін ашылады.
3. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттарын пайдалану меншік иесінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік және ведомстволық архивтер мен олардың филиалдарында сақталатын, Ұлттық архив қорының пайдалану үшін ашық құжаттарын тегін пайдалануға құқығы бар. Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген санаттарына құжаттарды пайдалануды шектеу осы Заңның 16-бабында белгіленеді.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтер жеке және заңды тұлғаларға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажетті ақпаратты архивтік құжаттар негізінде беріп отыруға міндетті. Заңды және жеке тұлғалардың архивтік құжаттан куәландырылған архивтік көшірмелер мен үзінділер алуға құқығы бар. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жеке меншік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 15-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару
1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы жүзеге асырады.
3. Электрондық нысанға аударылған архивтік құжаттарға қол жеткізу мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, барлық мүдделі мемлекеттік органдар үшін ашық болып табылады.
4. Мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі архивтік құжаттың бастапқы түпнұсқасына тең болып табылады.
16-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланудағы шектеулер
1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік және мемлекеттік емес құпиялары бар құжаттарын пайдаланудағы шектеулер, оларды құпиясыздандыру және жалпы пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
2. 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Пайдалануға шектеу қоюға құқығы бар меншік иелерінің архив құжаттарын олардың өздері немесе құқық мұрагерлері (мұрагерлері) келісім бергенде ғана пайдалануға болады.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Аса құнды құжаттардың төлнұсқалары, сондай-ақ физикалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз архивтік құжаттар архивтік құжаттарды пайдаланушыларға берілмейді. Олардың орнына көшірмелері беріледі.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылардың мiндеттерi
Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылар:
1) пайдаланылатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
2) пайдаланылған құжаттар мәтiнiнiң өңiн айналдыруға және оны бұрмалауға жол бермеуге;
3) құжаттарды жариялаған кезде олардың сақталу орнын және оның иесін көрсетуге міндетті.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2007.05.05 № 247-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету негізі мен тәртібі
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік архивтер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге құқылы.
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлеріне:
1) ретке келтіру;
2) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасау мен құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу;
3) архив істері мен құжаттарын реставрациялау, консервациялау, түптеу, архивтік қораптарды дайындау;
4) архивтік құжаттардың сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтінін қалпына келтіру;
5) архивтік құжаттардың көшірмесін жасау;
6) осы Заңның 15-1-бабының 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару;
7) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттамалық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
8) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттардағы ақпаратты анықтау;
9) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттар тізбесін, істер номенклатураларын әзірлеу;
10) әдістемелік әдебиетті, архивтік құжаттардың жинақтарын, оқыту және басқа да жарияланымдарды басып шығару және өткізу;
11) архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау жатады.
2. Құжаттарды коммерциялық жолмен пайдалану кезінде оларға меншік құқығы олардың меншік иесінде сақталады.
5-тарау. Архив ісін мемлекеттік реттеу мен басқару
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Архив ісін мемлекеттік реттеу
1. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-1. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган жүзеге асыратын архив ісін мемлекеттік реттеу мәселелеріне:
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту;
2-1) 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2-2) 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2-3) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін, олардың сақталу мерзімдерін көрсете отырып, бекіту;
2-4) 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-5) тармақшамен толықтырылды
2-5) мемлекеттік архивтердің үлгілік штаттарын бекіту;
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-6) тармақшамен толықтырылды; 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 2-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2-6) мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту;
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-7) тармақшамен толықтырылды
2-7) орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту;
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-8) тармақшамен толықтырылды
2-8) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту;
2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 2-9) тармақшамен толықтырылды
2-9) мемлекеттік архивтер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу;
3) Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту;
4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын архив анықтамаларына және архив құжаттарының көшiрмелерiне апостиль қою;
7) Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша ақпараттық желі және деректер қорын құру;
8) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) автоматтандырылған архивтік технологиялар әзiрлеу мен енгізуді ұйымдастыру;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұрау салулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басып шығаруды және пайдалануды ұйымдастыру;
11) Ұлттық архив қорын және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуі, Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету;
12) республикалық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау және пайдалану;
13) Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі шет елдердегi архив құжаттарын жинау мен оларды елге қайтару;
14) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) архив ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне әдістемелік басшылық жасау және оны үйлестіру;
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 17) тармақша жаңа редакцияда
17) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;
18) архив iсi жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкiлдiгін қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асыратын қатынастарды мемлекеттік реттеу және архив iсiн басқару мәселелерiне:
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив iсi және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
5) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау;
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;
9) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
10) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекіту;
11) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
12) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 18-1 бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 18-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 18-1 бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Архив ісін мемлекеттік басқару
1. Архив iсiн мемлекеттік басқаруды уәкiлеттi орган мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның нұсқаулары жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Қазақстан Республикасындағы архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесі
Архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесіне:
1) уәкiлеттi орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары;
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) архив мекемелері: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы, арнаулы мемлекеттік архивтер, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың және аудандардың мемлекеттік архивтері кіреді.
2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
21-бап. Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру
Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
ҚР 08.05.03 ж. № 413-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.27.05. № 279-IV (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері
2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте, экономикалық тергеп-тексеру қызметінде арнаулы мемлекеттік архивтер құрылуы мүмкін.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Арнаулы мемлекеттік архивтерді құру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен жүзеге асырылады.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының осы Заңда белгіленген тәртіппен арнаулы мемлекеттік архивтер құрылған мемлекеттік органдарына өздерінің қызметіне қатысты архив құжаттарын жинау, сатып алу, уақытша жəне тұрақты сақтау және пайдалану құқығы беріледі.
4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері қызметінің тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
6-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
23-бап. Халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастар
1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері - жеке және заңды тұлғалар халықаралық байланыстар мен тікелей қарым-қатынастар орнатып, жасап отыруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтірмесе, мемлекет архив құжаттарын бірлесіп пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің архив мекемелері арасындағы қарым-қатынастардың кеңейтілуіне жәрдемдеседі.
24-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының архив ісі жөніндегі заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгіленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
25-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың архивті пайдалану құқығы
1. Архив құжаттарын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары пайдаланатын негіздерде пайдаланады.
2. Өз архивтеріне Қазақстан азаматтарына кіруге шектеу көзделген мемлекеттердің азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында сондай шектеу белгіленуі мүмкін.
26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету
1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес рұқсат беруге құқылы.
7-тарау. Қорытынды ережелер
27-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
1. Архив ісі жөніндегі заңдарды бұзуға кінәлі болған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Ұлттық архив қорына келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтелуге тиіс.
Қазақстан Республикасының