ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 153-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 105-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 17-бапта:
тақырыптағы «тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ақылы түрлерін өткізу» деген сөздер «тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «ақылы негізде өткізуге» деген сөздер «өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Мемлекеттік архивтер өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ақылы» деген сөздер «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18-баптың 2-тармағында:
2-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-6) мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 2-9) тармақшамен толықтырылсын:
«2-9) мемлекеттік архивтер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу;»;
3) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру
Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.».
2. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 105-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 46-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 108-құжат):
1) 1-бапта:
1-1), 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) басылымның міндетті тегін данасы - редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар және осы Заңда айқындалатын мәдениет ұйымдарына өтеусіз негізде берілуге жататын қағаз жеткізгіштегі және (немесе) электрондық нысандағы басылым (мәтіндік, ноталық, картографиялық, бейнелеу басылымы) данасы;»;
«2-1) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы - Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;
2-2) Қазақстан Республикасының баспасөз архиві (бұдан әрі - баспасөз архиві) - Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қорындағы баспа өнімінің жиынтығы;
2-3) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы - ұрпақтан ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсініктердің және пайымдардың нысандары, білім мен дағдылар, сондай-ақ олармен байланысты құралдар, заттар;»;
мынадай мазмұндағы 2-4) және 3-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогы - Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;»;
«3-6) мәдени-бұқаралық іс-шара - халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге, оның рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған мәдени іс-шара;»;
13-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара - ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған орындарда өткізілетін және осы іс-шарада екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін мәдени-бұқаралық іс-шара;»;
2) 7-бапта:
9-1) және 9-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
9-2) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді және оны іріктеу өлшемшарттарын белгілейді;»;
9-3) тармақша алып тасталсын;
15-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:
«15-2) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілейді;»;
20-2) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«20-2) Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қолжетімділікті ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«28) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 35-8), 35-9) және 35-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«35-8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35-9) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35-10) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) өңірлік көркемдік кеңестер құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;»;
4) 9-1-баптың 5-тармағының 4) тармақшасындағы «орналастыруға міндетті.» деген сөздер «орналастыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған мораль мен имандылық нормаларына қайшы келетін контентті пайдаланбауға;
6) әртістермен жасалған шарттар негізінде ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізгенге дейін және оларды өткізу уақытында көрермендермен қарым-қатынас кезінде олардың тиісті мінез-құлқын, оның ішінде нормативтік емес лексикадан, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынудан көрінуі мүмкін олардың аморалдық, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеуін қамтамасыз етуге;
7) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу уақытында музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға міндетті.»;
5) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Шығармашылық бастамаларды қолдау қорлары
Шығармашылық одақтарды, шығармашылық қызметкерлерін, талантты жастарды қолдау және ілгерілету мақсатында шығармашылық бастамаларды қолдау қорлары құрылуы мүмкін.»;
6) 19-1 және 19-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1-бап. Көркемдік кеңестер
1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында уәкілетті орган консультативтік-кеңесші органдар - театр, музыкалық және концерттік қызмет, цирк өнері, кітапхана ісі, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн, әдебиет және кітап басып шығару жөнінде салалық көркемдік кеңестер құрады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары консультативтік-кеңесші органдар - музей-кітапхана ісі, театр-цирк өнері, музыкалық-концерттік қызмет жөнінде өңірлік көркемдік кеңестер құрады.
Салалық және өңірлік көркемдік кеңестер құрамына мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, мамандар, шығармашылық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
2. Салалық көркемдік кеңестердің негізгі функциясы мәдениет пен өнердің жоғары көркем туындыларын - бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау мақсатында мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Өңірлік көркемдік кеңестердің негізгі функциясы мемлекеттік коммуналдық театрлардың, цирктердің, музейлердің, кітапханалардың және концерттік ұйымның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ережені уәкілетті орган бекітеді.
19-2-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу
1. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін уәкілетті орган қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу үшін әдебиетті қабылдап алуды жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органға келіп түскен әдебиет оның көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ сатып алудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеу және ол бойынша қорытынды дайындау үшін уәкілетті орган құратын Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі - Сараптама комиссиясы) қарауына енгізіледі. Сараптама комиссиясы туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді.
3. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған әдебиет қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында, уәкілетті орган жанынан құрылатын Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) қарауына енгізіледі. Ведомствоаралық комиссия туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді.
4. Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу үшін негіз болып табылады.
5. Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін уәкілетті орган белгілейді.»;
7) мынадай мазмұндағы 19-3-баппен толықтырылсын:
«19-3-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару
1. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдер қабылдауды және алдын ала іріктеуді жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында алдын ала іріктеуден өткен әдебиетті уәкілетті орган оның көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ басып шығарудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеу және ол бойынша қорытынды дайындау үшін Сараптама комиссиясының қарауына енгізеді.
3. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған әдебиет қоғамдық маңызы бар әдебиет ретінде басып шығару жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізіледі.
4. Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару үшін негіз болып табылады.
5. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын шарттарда айқындалады.»;
8) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары және мемлекет жүз пайыз қатысатын мәдениет ұйымдары иеліктен шығаруға жатпайды.»;
9) 24-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктегі «Мемлекеттік кітапханалар», «тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуге» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар», «тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Мемлекеттік кітапханалар» деген сөздер «Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 24-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдер қабылдауды және алдын ала іріктеуді;
4-2) баспа ісін қолдау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды және өткізуді;»;
11) 24-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-2-бап. Басылымның міндетті тегін даналары
Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында қағаз жеткізгіште басылымның міндетті тегін даналарын бірінші басылып шығарылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына, бірінші басылып шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жібереді.»;
12) мынадай мазмұндағы 24-3-баппен толықтырылсын:
«24-3-бап. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы
1. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында құрылады.
2. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының міндеттері:
Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасына енгізу үшін құжаттарды іріктеу;
Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының кітапханалар қорларында бар объектілерінің жиынтығын қалыптастыру;
пайдаланушылардың Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз ететін шарттар негізінде жасалған:
мерзімді басылымдардың міндетті тегін даналарын қоспағанда, баспа өнімінің;
жеке алғанда немесе коллекцияда ерекше құндылығы бар (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби) сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың, құжаттар мен басылымдардың;
мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шығарылған қоғамдық маңызы бар әдебиеттер мен басылымдардың;
басылымның міндетті тегін даналарының;
ғылыми-зерттеу жұмыстары есептерінің, авторефераттардың, диссертациялардың;
өлкетану әдебиеттерінің;
зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы басылымдардың;
Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасымен қорғалатын құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы қорының объектілері болып табылады.
4. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының қорларына - Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы және бірыңғай электрондық оқырман билеті арқылы, Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасымен қорғалатын құжаттарға биллинг жүйесі қолданыла отырып қолжетімділікті қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Ескертпе. Осы баптың мақсатында биллинг жүйесі деп пайдаланушыларға ұсынылатын қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар ұсынуға арналған жүйе түсініледі.»;
13) 25-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын, ақы төлеу міндетті сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге құқылы.
Мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.»;
5-тармақтың бірінші абзацындағы «Мемлекеттік музейлер мен қорық-музейлердің» деген сөздер «Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қызметі
1. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қызметі, оның ішінде гастрольдік қызмет шарт негізінде жүзеге асырылады.
2. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар:
1) іс-шара өткізгенге дейін және өткізу уақытында көрермендермен қарым-қатынас кезінде нормативтік емес лексикадан, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынудан көрінуі мүмкін аморалдық, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеуге;
2) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға;
3) осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының 5) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауға міндетті.»;
15) 31-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Шығармашылық одақтарды қаржыландыру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ филантроптық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет есебінен жүзеге асырылады.
2-2. Шығармашылық бастамаларды қолдау қорларын қаржыландыру, мемлекеттік бюджет қаражатын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған қаражат есебінен жүзеге асырылады.».
3. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 14, 68-құжат):
214-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкін мүлікті «Мәдениет туралы» және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия және ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі жөніндегі сараптама комиссиясы қарайды.»
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 2 қараша
№ 370-VІ ҚРЗ