2. Жекелеген қоршау және балалардың ойын, спорт алаңдары, ауладағы шаруашылық, қоқыс жәшіктері, жинамалы қоқыс контейнерлеріне арналған орындардың учаскелерін жөндеу, нығайту, ауыстыру.
Басқа жұмыстар
1. Үйасты жайларын, терезелерді қоршаған металл торларды, төлеге кіре беріс үстіндегі қалқаларды бекіту және орнату.
2. Шатыр астындағы орталық жылыту жүйесі құбырлары, желдету қораптары т.б. арқылы жаңа өткелді қалпына келтіру және орнату.
3. Үй белгілерін, ту тұғырларын бекіту және орнату.
4. Объектіге іргелес аумақта орындықтарды орнату және жөндеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
2 қарашадағы
№ 1118 қаулысымен
бекітілген
Ғимараттарды күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың
ТІЗБЕСІ
1. Ғимараттарды зерттеу және жоба-сметалық құжаттарды даярлау (жөндеу жұмыстарының жүргізілу кезеңіне қарамай).
2. Ғимараттың тозған элементтерін қалпына келтіру немесе ауыстыру жөніндегі жөндеу-құрылыс жұмыстары.
3. Жер сілкінісі қаупі басым аудандардағы ғимараттардың беріктігін арттыру.
4. Күрделі жөндеуге тозған барлық конструкциялар мен бөлшектердің ақауларын жою, оларды қалпына келтіру және жөнделетін ғимараттың пайдаланылу көрсеткіштерін жақсартатындай неғұрлым ұзақ мерзімді және тиімді ауыстыру кіреді (қабырғалар мен қаңқаның тас және бетон іргетасын толық ауыстырудан басқа).
Мұнда ғимараттың немесе объектінің экономикалық тұрғыдан ұтқыр қайта жаңғыртылуы: жоспарлануын жақсарту, қызмет көрсетулердің саны мен сапасын арттыру, жетіспейтін инженерлік құрал-жабдық түрлерімен жарақтандыру, қоршаған аумақты көркейту жүзеге асырылуы мүмкін.
Сейсмикалық жағынан қауіпті аудандарда күрделі жөндеу мен қайта жаңғыртуды орындаумен қатар ғимараттың жер сілкінісіне қарсы элементтерін нығайту шаралары атқарылуы керек.
5. Ғимараттарды жылылау (қоршау конструкцияларының жылу сақтағыш қасиеттерін күшейту жөніндегі жұмыстар)
6. Меншік иесінің балансындағы инженерлік- жүйелерді ауыстыру.
7. Желдетілмейтін біріккен шатырларды желдетілетін етіп қайта орнату.
8. Ғимараттардың күрделі жөнделуі мен қайта жаңғыртылуын авторлық қадағалау.
9. Жобалық-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу.
10. Мемлекет қарауындағы ескерткіштерге жөндеу-қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу.
11. Ғимараттардағы жапсарлас үй-жайларды жөндеу.
12. Ғимараттар мен құрылыс иесінің күрделі жөндеу мен қайта жаңғырту жұмысын техникалық қадағалау.
Ескертулер:
1. Күрделі жөндеу кезінде 6-қосымшаға сәйкес жұмыстар жүргізілуі мүмкін.
2. Ағымдағы жөндеу шығыстары тапсырысшы дайындаған бағалау тізімі бойынша анықталады.
3. Күрделі жөндеу шығыстары белгіленген тәртіп бойынша әзірленіп, бекітілген жоба-сметалық құжаттамалар бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
2 қарашадағы
№ 1118 қаулысымен
бекітілген
Ғимараттарды пайдаланудың есептелген мерзімдері
Ғимараттарды пайдаланудың есептелген мерзімдері есептік қызмет мерзімі Қазақстан Республикасының ҚН.В.3.2-3-98 "Тұрғын үйлер мен коммуналдық және арнайы-мәдени мақсаттағы объектілерде қайта құру, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен жүргізу" құрылыс нормаларының нұсқауларына сәйкес пайдаланылуы шартымен белгіленген.
Қазіргі нормаларды әзірлеу кезеңінде Қазақстан Республикасы мен Ресейдің құрылыс жөніндегі қолданып жүрген нормативтік құжаттамада ғимараттарды пайдаланудың есептелген мерзімі туралы мәліметтер жоқ.
Ғимараттарды пайдаланудың есептелген мерзімі төмендегі кестеде, "КСРО халық шаруашылығының негізгі қорларын толық қалпына келтіруге біртұтас амортизациялық бөлу нормалары туралы" КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 22 қазандағы № 1072 қаулысының негізінде келтірілген. /шифрі 10000-10006/
________________________________________________________________________
| Ғимараттар | Пайдаланудың |
| |есептелген мерзімі (жыл) |
|__________________________________________|_____________________________|
|Биік ғимараттар/25 қабаттан астам, айырықша| |
|ірі, қаңқа-монолитті, аса берік іргетасы -| |
|бағаналы негіздегі монолитті плита, | 250 |
|қабырғалары-тоттануға төзімді, алюминий | |
|панель, жабыны-табиғи тас стилобатымен | |
|беттелген темір-бетон | |
|__________________________________________|_____________________________|
|Көп қабатты ғимараттар/ екі қабаттан | |
|астам/, темір-бетонды және металл қаңқалы,| |
|еден аумағы 5000 шаршы метрден асатын | 100 |
|қабырғалары тастан, ірі блоктар мен темір-| |
|бетон, металл панельдерден қаланған бір | |
|қабатты ғимараттар | |
|__________________________________________|_____________________________|
|Барлық мақсаттағы екі қабатты үйлер, ағаш | |
|үйлердің барлық түрлерінен басқа, еден | |
|аумағы 5000 шаршы метрге дейін, қабырға- | 83 |
|лары тастан, ірі блоктар мен темірбетон, | |
|металл панельдерден қаланған бір қабатты | |
|ғимараттар | |
|__________________________________________|_____________________________|
|Қабырғалары тас өріммен, темірбетон, | |
|кірпіш және ағаш бағанамен, темірбетон, | |
|ағаш және басқа жабын түрлерімен қапталған| 40 |
|бір қабатты ағаш үйлер, кеспе немесе қырлы| |
|бөрене | |
|__________________________________________|_____________________________|
|ағаш қабырғалы бір, екі және одан көп | |
|қабатты ғимараттар | |
|__________________________________________|_____________________________|
|Ағаш қаңқалы және қалқанды, контейнерлері,| |
|ағаш-металды, қаңқа-қаптамалы және панель-| 20 |
|ді екі қабаттан астам қабатты үйлер, бал- | |
|шықтан, шикізаттан, саманнан, қамыстан | |
|қаланған және осыларға ұқсас ғимараттар | |
|__________________________________________|_____________________________|