|____________|________|____________________________| |
| | |жалпы |оның ішінде | |
| | |жылына м3| | |
|____________|________|_________|__________________|____________________|
| | | |cуық су |ыстық су | |
| | | |жылына |жылына | |
| | | |м3 |м3 | |
|____________|________|_________|________|_________|____________________|
|Жалпы білім |бір |4,4 |2,6 |1,8 |4,4 |
|беретін |оқушыға | | | | |
|мектеп /1- | | | | | |
|ескерту/ | | | | | |
|____________|________|_________|________|_________|____________________|
|Балабақша- |бір | | | | |
|ясли /2-ес- |балаға |7,9 |3,7 |4,2 |7,9 |
|керту | | | | | |
|____________|________|_________|________|_________|____________________|
|Емхана |бір |5,5 | | | |
| |келуге | |3,3 |2,2 |5,5 |
|____________|________|_________|________|_________|____________________|
|Инфекциялық |бір төс.|87,7 |47,5 |40,2 |87,7 |
|аурухана |екке | | | | |
|____________|________|_________|________|_________|____________________|
|Басқару |бір |4,9 |2,8 |2,1 |4,9 |
|органдарының|қызмет- | | | | |
|ғимараты, |керге | | | | |
|(әкімшілік | | | | | |
|ғимараттар) | | | | | |
|____________|________|_________|________|_________|____________________|
Ескерту:
1. Мектеп-интернаттар үшін шығыстар 3,5 коэффициенті бойынша анықталады.
2. Тәулік бойы жұмыс істейтін балабақша-яслилер үшін шығыстар 1,81 коэффициенті бойынша анықталады.
3. Ортақ ваннасы және душтары бар инфекциялық емес ауруханалар үшін тұтыну 0,47 коэффициенті бойынша анықталады, санитарлық торабы бар, палаталарға жақындатылған, инфекциялық емес ауруханалар үшін тұтыну 0,83 коэффициенті бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
2 қарашадағы
№ 1118 қаулысымен
бекітілген
Жетілдірілген төсеніштерді және жасыл екпелерді, объектілердің
аумағын суаруға арналған шығыс нормалары (жылына м3)
_________________________________________________________________________
|№ |Облыстар |Балабақ- |Мектеп |Емхана |Аурухана |Басқару ор-|
| | |ша-ясли, |1 оқушыға |1 келушіге|орынға |гандарының |
| | |1 орынға | | | |ғимараты, 1|
| | | | | | |қызметкерге|
|_ |_____________|__________|_________ |__________|___________|___________|
| | |тө- |жасыл|төсе-|жа- |төсе-|жа- |төсе-|жа- |төсе|жасыл |
| | |се- |екпе |ніш |сыл |ніш |сыл |ніш |сыл |ніш |екпе |
| | |ніш | | |ек- | |ек- | |ек- | | |
| | | | | |пе | |пе | |пе | | |
|_ |_____________|____|_____|_____|___ |_____|____|_____|_____|____|______|
|1 |Ақмола |0,73|1,74 |0,44 |1,04|0,21 |0,50|4,17 |9,93 |0,92|2,19 |
|_ |_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
|2 |Ақтөбе |0,79|1,89 |0,48 |1,13|0,23 |0,54|4,54 |0,80 |1,00|2,34 |
|_ |_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
|3 |Алматы |1,00|2,32 |0,59 |1,39|0,28 |0,66|5,57 |13,27|1,23|2,92 |
|_ |_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
|4 |Атырау |0,92|2,18 |0,55 |1,31|0,26 |0,62|5,24 |12,24|1,15|2,74 |
|_ |_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
|5 |Шығыс |0,87|2,07 |0,52 |1,24|0,25 |0,59|4,96 |11,80|1,09|2,60 |
| |Қазақстан | | | | | | | | | | |
|_ |_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
|6 |Жамбыл |1,00|2,32 |0,59 |1,39|0,28 |0,66|5,57 |13,27|1,23|2,92 |
|_ |_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
|7 |Батыс |0,83|1,97 |0,50 |1,18|0,24 |0,56|4,73 |11,27|1,04|2,48 |
| |Қазақстан | | | | | | | | | | |
|_ |_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
|8 |Маңғыстау |1,01|2,41 |0,61 |1,45|0,29 |0,69|5,80 |13,80|1,28|3,04 |
|_ |_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
|9 |Қарағанды |0,75|1,79 |0,45 |1,07|0,21 |0,51|4,28 |10,20|0,94|2,24 |
|_ |_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
|10|Қызылорда |0,92|2,18 |0,55 |1,31|0,26 |0,62|5,24 |12,47|1,15|2,74 |
|__|_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
|11|Қостанай |0,75|1,79 |0,45 |1,07|0,21 |0,51|4,28 |10,20|0,94|2,24 |
|__|_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
|12|Павлодар |0,77|1,83 |0,46 |1,10|0,22 |0,52|4,34 |10,47|0,97|2,30 |
|__|_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
|13|Солтүстік |0,92|2,18 |0,55 |1,31|0,26 |0,62|5,24 |11,16|1,15|2,74 |
| |Қазақстан | | | | | | | | | | |
|__|_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
|14|Оңтүстік |1,05|2,50 |0,63 |1,50|0,30 |0,71|5,99 |14,27|1,32|3,14 |
| |Қазақстан | | | | | | | | | | |
|__|_____________|____|_____|_____|____|_____|____|_____|_____|____|______|
Ескерту:
1. Объектілердің аумақтары "Қала құрылысы. Қалалық және селолық елді мекендерді жоспарлау және салу" ҚН және Пу2.07.01-89 бойынша анықталған.
2. Су шығысы бір суаруға "Ғимараттардың ішкі сі құбыры мен канализациясы" ҚН және Пу2.04.01-85 бойынша анықталған.
3. Тәулігіне суару саны "Сумен жабдықтау. Сыртқы жүйелер және құрылыс" ҚН және Пу2.04.02-84 бойынша анықталған.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
2 қарашадағы
№ 1118 қаулысымен
бекітілген
Ғимараттарды ағымдағы жөндеу кезінде
орындалатын жұмыстардың тізбесі
Іргетас пен үйасты жайы
1. Жапсар, жік, жарықтарды бүтіндеу, бітеу, ішінара іргетас қабырғаларының бетін қалпына келтіру.
2. Қабырғаларды қайта қалау арқылы бүлінген тұстарын жөндеу.
3. Үйасты үй жайларының жекелеген гидроизоляциялық бөліктерін қалпына келтіру.
4. Саңылау, ұя, жылға тесу (бітеу).
5. Іргетасты құрал-жабдықтарға лайықтап нығайту (орнату), (желдеткіш, насос).
6. Қабырғалары әр түрлі материалдардан қаланған үйдің таспалық, бағаналық іргетасының жекелеген учаскелерін ауыстыру.
7. Желдеткіш тесіктер, қуыстар жасау (бітеу).
8. Үйасты жайының тік жолдарын, кіреберісін жөндеу.
9. Ғимарат бойынша жекелеген арқа бөліктерін ауыстыру.
10. Үйасты мен еден астындағы техникалық желілерді бекіту.
11. Қабырғаларға бүліну жағдайын бақылайтын маяк орнату.
12. Үйасты жайларын тазалау және дезинфекциялау.
Қабырғалар
1. Жарықты, жікті бүтіндеу, қабырға қаптауын қалпына келтіру.
2. Құрастырмалы үйдің жапсар элементтерін бекіту және блоктар мен панельдердің ойықтары мен жарықтарын бүтіндеу.
3. Саңылау, ұя, жылға тесу (бітеу).
4. Қаңқаның жекелеген тіреулерін, элементтерін ауыстыру, саңылау қиыстарын бекіту, қымтау, паздар жасау, ағаш қабырғалардың қаптауларын ауыстыру.
5. Жекелеген аралық қабырғаларды, мойындықты, ернеуді қалпына келтіру.
6. Түсіп қалған тастарды қайта қалау.
7. Жекелеген үй-жайлардың тоңазыған қабырға бөліктерін қымтау.
8. Желдеткіш арналар мен сорғы қондырғыларын тазалау және жөндеу.
Жабын
1. Жабынды уақытша бекіту.
2. Ағаш жабындардың жекелеген элементтерін ауыстыру немесе нығайту (арқалық аралық төбе учаскелерін, тақтай жалғауларын, жекелеген арқалықтарды). Төсеніш пен майлауды қалпына келтіру. Ағашты антисептикалық өңдеу және өрт қаупінен сақтау.
3. Жинамалы темірбетон жабын жапсарындағы жікті бітеу.
4. Темір-бетон конструкцияларындағы шұңқыр мен жарықты бітеу.
5. Шатырдағы болат арқалықтардың үстіңгі қабатын қымтау және оларды бояу.
6. Шатыр жабындарын төсеніш арқылы қосымша қымтау.
Шатырлар
1. Жекелеген итарқа ақтарын, таған, таяныш, арқа учаскелерін, көлденең шабақ ағаш, мауэрлат және керені ауыстыруды қоса алғанда ағаш итарқа жүйесі элементтерін нығайту.
2. Ағаш конструкцияларды антисептикалық және өрт қаупінен қорғау.
3. Бұзылған болат, асбест-цемент және басқа жақтау жабыны конструкциясына қабысу торабын, құбыр үстіндегі қалқа, күрке, басқа да шатыр арқылы өтетін орындарды, таған, таяныш, т.б. қоса алғанда бөлшек материалдардан (жабынды тұтас ауыстырудан басқа) жасалатын жөндеудің барлық түрлері.
4. Суағар құбырлар мен маңдайдың (қасбеттің) ұсақ жабындық сәулеттік элементтерін нығайту және ауыстыру.
5. Орама төсеніштің кей тұстарын ауыстыру.
6. Кесінді жамылғының жекелеген бөліктерін ауыстыру (қалпына келтіру).
7. Жақтау торын, өрт сатыларын, баспалдақтарды, науаларды, қоршауларды, қалқаларды, электр сымын жерге қосу қондырғыларын, анкерлерді бекіту, ауыстыру, теле-радио антенналарын бекіту т.б.
8. Орама және кесінді төсеніштердің қорғау-өңдеу қабатын салу немесе қалпына келтіру.
9. Шатырға шығу жолдарын, төбе терезелері мен арнайы люктерді ауыстыру және жөндеу.
10. Шатырды қар, мұздан тазарту.
Терезе және есік толтырғыштар, жарық өткізгіш конструкциялар
1. Жекелеген элементтерді алмастыру, қалпына келтіру, есіктерде, айна және көрмелік толтырғыштарын ішінара (ағаш, темір, т.б.) ауыстыру.
2. Серіппе, тіреуіш, т.б. орнату.
3. Терезе және есік құралдарын алмастыру.
4. Сынған әйнекті, әйнек блоктарын ауыстыру.
5. Терезеде ашпалы көз орнату.
Шымылдық
1. Ағаш шымылдықтардың жекелеген бөліктерін нығайту, күшейту, ауыстыру.
2. Тақта шымылдықтардың жарықтарын бітеу, олардың жекелеген бөліктерін қайта қалау.
3. Шымылдықтардың шу өткізбейтін қасиетін жақсарту (аралас конструкциямен кедергіні күшейту, т.б.).
Саты, балкон, кіреберіс, шатырша, сыртқы есік
аузындағы, жоғарғы қабат балконы үстіндегі қалқа
1. Баспалдақ және алаңқайдың шұңқырларын, жарықтарын бүтіндеу.
2. Жекелеген саты, баспалдақ, табанды ауыстыру.
3. Темір сүйеніштерді, балкон торын, балкон мен лоджия қалқандарын ішінара ауыстыру және нығайту.
4. Ағаш саты элементтерін ауыстыру.
5. Бетон және темір-бетон балкон тақталарының шұңқырлары мен жарықтарын бүтіндеу.
6. Едендердің гидроизоляциясын және балкон тақталарының мырыш ернеулерін қалпына келтіру, кіреберіс қалқасын, шатыршаларды бітеу, тақтай төсемді қаңылтыр қаптамамен ауыстыру.
7. Кіре берістің жекелеген элементтерін қалпына келтіру немесе ауыстыру, сыртқы есік аузындағы, үй асты есігіндегі және жоғарғы қабат балконының үстіндегі қалқаны қалпына келтіру немесе орнату.
8. Саты және балкон қоршауының тұтқаларын ішінара немесе толықтай ауыстыру.
9. Кіреберіс дәлізін (кіре беріс блогы, тамбур) жыл сайын жөндеу.
Едендер
1. Еден төсенішінің жекелеген бөлігін ауыстыру.
2. Жекелеген санитарлық тораптарындағы төсенішті толық ауыстыру арқылы еден гидроизоляциясын ауыстыру (орнату).
3. Цемент, бетон, асфальт едендер мен еденасты төсеніштерінің шұңқыр, жарықтарын бітеу.
4. Ағаш едендерді мықтау.
Пеш пен ошақ
1. Пеш пен асүй ошақтарының ақауларын жою жөніндегі жұмыстың барлық түрі.
2. Түтін мұржаларының, құдықтың, кемейдің жекелеген тұстарын қайта қалау.
Ішкі әрлеу
1. Қабырға мен төбенің жекелеген бөліктерінің сылағын қалпына келтіру.
2. Керамикалық және басқа тақталы қабырға бетінің кей тұстарын қалпына келтіру.
3. Жапсырма қуыстар мен розетканы, ернеулерді қалпына келтіру және бекіту.
4. Барлық үй-жайдағы сылау-сырлау жұмыстарының барлық түрі.
Сыртқы өңдеу
1. Қасбетті құм себу арқылы тазалау, жуу, сырлау.
2. Сылақ және тақта қабаттары учаскелерін қалпына келтіру.
3. Қасбеттен құлағалы тұрған сәулеттік бөлшектерді, жылтыр тақталарды жеке кірпіштерді бекіту немесе алып тастау, жапсырма бөлшектерді бекіту.
4. Терезе, есік, балкон қоршауларын, қалқан тор көздерін, суағар құбырларын, іргетас үстін сырлау.
5. Үй белгілері мен көше атауларының белгілерін қалпына келтіру.
Орталық жылу жүйесі
1. Құбыр желілерінің, секциялардың, жылыту құралдарының, ілмекті және реттегіш шегендердің жекелеген бөліктерін ауыстыру.
2. Аспалы кран орнату (қажет болған жағдайда).
3. Құбырларды, құралдарды, кеңейткіш бактарды т.б. қымтау.
4. Қазандықты, үрме арналарының, көмейдің түтіндік мұржа қымтауын қайта қалау (қазандықта).
5. Шойын қазандардың жекелеген секцияларын, арматураны, бақылау-өлшеу құралдарын, желтарқыштарды ауыстыру.
6. Күші шағын насостардың жекелеген электрлік моторларын ауыстыру.
7. Бүлінген жылу изоляциясын қалпына келтіру.
8. Жүйені гидравликалық тексеру және жуу.
9. Жылыту құралдарын және тұтас жылыту жүйесін жуу (құбыр торабы бойынша).
10. Жылыту жүйесін реттеу және іске қосу.
11. Жылытуды есептеу құралдарын реттеу және баптау.
Желдеткіш
1. Желдеткіш қораптарының, шахталарының, бөлмелерінің, жел үрлегіштердің босаңдарын бекіту және жекелеген тұстарын ауыстыру.
2. Желдеткіштерді, аспалы қақпақтарды және басқа құрал-жабдықтарды ауыстыру.
3. Дефлокторларды, құбыр балағын жөндеу және ауыстыру.
4. Автоматты өрт сөндіргіш, түтін сейілткіш жүйелерді жөндеу және баптау.
Су құбыры және канализация,
ыстық сумен жабдықтау (үй іші қабырғалары)
1. Жалғауларды нығыздау, тесіктерді, бітеу, құбыр желілерін қымтап, бекіту, құбырлардың жекелеген учаскелерін, қалыпты бөліктерді, сифонды басқышты, ревизияларды ауыстыру, құбыр желілерінің бүлінген жылу орамаларын қалпына келтіру, жүйені гидравликалық сынау, бітелген қоқысты жою, аула канализациясын, кәрізді тазалау.
2. Жекелеген су айырғыш шүмектерді, қоспалауыштарды, су бүрікпелерін, ілмек арматураны ауыстыру.
3. Шатыр астындағы су қысымы бактарының арматурасын қымтау және ауыстыру.
4. Аула мен көшені ылғалдандыратын су құбырының кей тұстарын ауыстыру және ұзарту.
5. Ішкі өрт сөндіргіш крандарды ауыстыру.
6. Жекелеген шағын қуатты насостар мен электрлі моторларды жөндеу және ауыстыру.
7. Жекелеген ванна тораптарын немесе су қыздыру құралдарын ауыстыру, түтін шығаратын құдықтарды мықтау және ауыстыру, су қыздыру аспаптарын, ирек түтіктерді қақ, шөгінділерден тазарту.
8. Аула канализациясын, дренажды тазалау.
9. Тоттануға қарсы жабу, таңбалау.
10. Реттеуіш арматураны жөндеу немесе ауыстыру.
11. Су желісі, канализация және жылумен жабдықтау жүйесін жуу.
12. Бақылау-өлшеу құралдарын ауыстыру.
13. Су есептеу құралдарын реттеу және іске қосу.
Электротехникалық және әлсіз токты қондырғылар
1. Үйдегі электр жүйесінің бүлінген учаскелерін ауыстыру, сондай-ақ жаңаларын орнату.
2. Стационарлық электр пештерді топтық қуат желілерінің зақымданған бөліктерін ауыстыру.
3. Істен шыққан электр шырағдандарды, сондай-ақ қорғауыш оттарды және мерекелік жарқырауықтарды ауыстыру.
4. Сақтандырғыштарды, автоматты сөндіргіштерді, қосып-таратқыш қондырғылардың пакетті ажыратып-қосқыштарын, қалдықтарды, электр пештерін ауыстыру.
5. Фотосөндіргіштерді, уақыт релесі және үйді жарықтандыруды автоматты немесе қашықтықтан басқарудың басқа да қондырғыларын ауыстыру.
6. Электр двигательдерді және жекелеген техникалық құрылымдардың электр қондырғыларын ауыстыру.
7. Істен шыққан пеш қақпақтарын, ауыстырып қосқыштарды, от шкафтарының қыздырғыштарын және өзге стационарлық электр пештердің ауыспалы элементтерін жаңалау.
8. Есеп құралдарын ауыстыру.
9. Орталық жылыту жүйесі үйішілік желілерінің және сигнализацияның, КИП және т.б. жұмыстарын автоматты бақылау қондырғыларын ауыстыру немесе орнату.
10. Диспетчер үйлеріне техникалық қондырғылар қосу.
11. Орталық жылытудың ішкі жүйелерінің сумен жабдықтау арналары мен металл құбырларын тоттанудан қорғайтын электр қондырғыларын жөндеу.
12. Радио, телефон, телеантенна жүйелерін жөндеу және орнату.
13. Токты жерге жіберу желісін қалпына келтіру.
14. Істен шыққан есептеуіштерді, өрт сөндіру және күзет сигнализациясы желілері мен құрал-жабдықтарын ауыстыру.
Сыртқы көркейту
1. Бүлінген тротуар, көлік жолы, соқпақ, алаңқайларды қалпына келтіру.