Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінiң
геология және жер қойнауын қорғау комитетi туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1785
қаулысы
ҚР Үкіметінің 13.08.99 ж. № 1158 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығын жүзеге асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1551 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi туралы ереже;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң (заңды тұлға құқығындағы) құрылымы;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң қарауындағы мекемелер мен ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінiң Геология, жер қойнауын қорғау және пайдалану комитетi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 шiлдедегi № 1124 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 33, 299-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1785 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар
министрлігінiң Геология және жер қойнауын
қорғау комитетi туралы ереже
Миссиясы
Қазақстан Республикасының теңгерiмдi минералдық-шикiзат базасын құру
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi (бұдан әрi Комитет) жер қойнауын геологиялық зерделеу, қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органы болып табылады. Комитет арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiру мен мемлекеттік басқарудың iшкi саласына басшылықты дербес жүзеге асырады.
2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігін ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
4. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, фирмалық бланкi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi болады.
II. Тапсырмалары
5. Комитеттiң өз қызметiнiң саласындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, қорғау және пайдалану жөніндегі қатынастарды мемлекеттік реттеу;
жер қойнауын қорғауды тұрақты жақсартуды және оны теңгерiмдi пайдалануды қамтамасыз ету;
мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық ресурстарды ұтымды және кешендi пайдалану және жер қойнауын қорғау бағдарламаларының негiзгi бағыттарының ұсыныстарын әзiрлеу;
Комитет құзыретiнiң шегiнде жер қойнауының жай-күйi мен мониторингiне және жер қойнауын пайдалануға бақылау жасауды қамтамасыз ету;
салааралық үйлестiру мен мемлекеттік басқарудың iшкi саласына басшылықты жүзеге асыру.
III. Функциялары
6. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүргiзедi және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
мемлекеттік және аумақтық геологиялық бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады және оның орындалу барысын бақылайды;
жер қойнауын пайдаланудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды қоса алғанда, мемлекеттiң мұқтажы үшiн геологиялық зерделеулер жүргiзуге мемлекеттік тапсырысшының функцияларын және оларды жүзеге асыру кезiнде бақылау функцияларын жүзеге асырады;
жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеудi, жер қойнауының мониторингiн, жер қойнауын қорғауды жүзеге асыру және Үкiмет белгiлейтiн басқа да мақсаттар үшiн қажеттi мемлекеттік бюджеттік қаражаттың көлемiн негiздейдi;
жер қойнауының, жер қойнауын пайдаланудың мониторингiн жүзеге асырады;
жер қойнауы туралы республикалық және аумақтық геологиялық ақпарат қорларының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы сандық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн құрады және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
белгiленген тәртiппен геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, геоэкологиялық мазмұндағы мемлекеттік карталарды жасау, шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
белгiленген тәртiппен пайдалы қазбалардың қорларына, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық және экономикалық ақпаратқа, жер қойнауын геологиялық зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық сметалық құжаттамаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асырады;
пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын, кен орындары мен пайдалы қазбалар көрiнiстерiнiң, зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрын жасауды және жүргiзудi ұйымдастырады, қорларды мемлекеттік балансқа қоюдың, сондай-ақ оларды есептен шығарудың тәртібін белгiлейдi;
заңдарға сәйкес жер қойнаулары туралы геологиялық ақпаратты алудың және пайдаланудың тәртібін айқындайды және ұйымдастырады;
пайдалы қазбаларды алғашқы ашушылыққа байланысты мәселелердi қарайды;
өз қызметiнiң саласында заңдарды қолданудың практикасын талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi, заң және өзге де нормативтiк актiлердiң жобаларын дайындауға қатысады, оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзедi;
өз өкiлеттiктерiнiң шеңберiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға атқарылуы мiндеттi тапсырмалар бередi;
өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық ұйымдарда республиканың мүддесiн бiлдiредi, халықаралық шарттар мен келісімдердiң жобаларын дайындауға қатысады;
комитетке заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
IV. Құқықтары
7. Комитеттiң:
өз құзыретiнiң шегiнде барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың орындауы мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
белгiленген тәртiппен жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалану және қорғау ережелерiнiң бұзылуын жою жөнiнде шаралар қабылдауға;
заңдарда белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзудi тоқтатуға, тоқтата тұруға немесе шектеуге;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тәртiп бұзушыларды жауаптылыққа тарту және айыппұлдар салу арқылы атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың заңдар мен оларды қорғау және ұтымды пайдалану бөлiгiнде жердi пайдаланудың белгiленген тәртібінiң талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдардан, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жер қойнауын пайдалану қатысты құжаттар, қорытындылар, анықтамалар және барлық қажеттi материалдар мен ақпараттарды сұратуға және алуға;
өзiне белгiленген тәртiппен берiлген өкiлеттiктерге сәйкес мемлекеттік меншiгіндегі мүлiкке иелiк етудi, пайдалануды жүзеге асыруға; өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы мен басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргiзуге және келісімдер жасасуға;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асыруға;
мемлекеттік кәсiпорындар құру, оларды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныс енгiзуге, оларға қатысты мемлекеттік құқық субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға;
заңдарда көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
V. Мiндеттерi
8. Қазақстан Республикасының жер қойнауын қорғау саласындағы заңдарын бұзушыларға тиiстi ықпал ету шараларын қолдану.
9. Жер қойнауын қорғау бөлiгiнде Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарының сақталуын қамтамасыз ету.
10. Елдiң минералдық-шикiзат базасының жай-күйi объективтi бағалауды қамтамасыз ету және Министрлiктiң басшылығын осы мәселелер жөнiнде хабардар ету.
11. Елдiң аумағын жоспарлы түрде геологиялық зерделеудi қамтамасыз ету.
12. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саясатын әзiрлеу.
VI. Жауапкершiлiгi
13. Жер қойнауын қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың ақиқаттығы үшiн.
14. Елдiң аумағын мемлекеттік геологиялық зерделеудiң толықтығы мен жер қойнауларындағы пайдалы қазбалардың бекітілген қорларының анықтығы үшiн.
15. Мемлекеттік геологиялық зерделеуге бөлiнген қаражаттардың ұтымды пайдаланылуы үшiн.
16. Пайдалы қазбалар қорларының объективтi сараптамасы үшiн.
VII. Қызметiнiң ұйымдастырылуы
17. Комитеттi Экология және табиғи ресурстар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
18. Комитет ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдарға, мекемелер мен ұйымдарға басшылықты жүзеге асырады.
19. Комитеттiң штат кестесiн, сондай-ақ лауазымдарды иелену тәртібін Министр бекiтедi.
20. Комитеттiң төрағасы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауаптылықта болады.
21. Төраға өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Комитеттiң қызметiн ұйымдастырады:
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауаптылық дәрежелерiн белгiлейдi;
барлық мемлекеттік органдарда Комитеттiң мүддесiн бiлдiредi, шарттар жасасады, банктерде есеп айырысу және басқа да шоттар ашады;
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
бекітілген сметаның шегiнде үстемақылардың, қосымша ақылардың, сыйақылардың және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдердiң мөлшерлерiн дербес белгiлейдi;
Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
22. Комитеттi қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1785 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи
ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын
қорғау комитетiнiң (заңды тұлға құқығындағы)
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Минералдық-шикiзат базасын талдау, болжау, биологиялық зерделеу
және дамыту басқармасы
Жер қойнауын қорғау басқармасы
Ұйымдастыру-құқықтық сектор
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1785 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи
ресурстар министрлігі Геология және жер
қойнауын қорғау комитетiнiң қарауындағы
мекемелер мен ұйымдардың
ТIЗБЕСI
Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия (ҚМК)
"Қазмемжерқойнауы" минералдық ресурстарының бас басқармасы
Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі аумақтық басқарма
Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі облыстық
инспекциялар
Мамандандырылған гравиметрикалық кәсiпорын