Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы
23 мамырдағы № 875 Қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 1997.12.11. № 1552; 1998.03.07. № 634; 2005.09.02. № 124
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының жүйесiн реформалау жөніндегі кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3377 Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 10, 69-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінiң 1997.12.11. № 1552 қаулысымен 1-тармақтың 2-абзацы күшiн жойды
1. ҚР Үкіметінiң 1998.03.07. № 634 қаулысымен 1-тармақ күшiн жойды
2. ҚР Үкіметінiң 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. ҚР Үкіметінiң 1997.12.11. № 1552 қаулысымен 3-тармақ күшiн жойды
4. ҚР Үкіметінiң 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат);
аталған қаулының 1-қосымшасына:
реттiк нөмiрi 6 жолдағы, 2 бағандағы "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі" деген сөз "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысының бақылау агенттiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 7 жолдағы, 2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі" деген сөз "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 14-жолдағы, 2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетi" деген сөз "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі агенттiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат);
"Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі";
бөлiм, реттiк нөмiрi 30а мынадай жолдармен толықтырылсын:
"30 а Қазақжарылысөнеркәсiбi Алматы қаласы";
"Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi";
"Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі агенттiгi";
бөлiм, реттiк нөмiрi 368-ден 389-ды қоса 8-қосымшаға сәйкес мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
368 нөмiрлi жол 390 нөмiрлi жол болып есептелсiн.
6. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылдаған актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң қабылдаған актілерін осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
7. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 6 қыркүйектегi № 999 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 наурыздағы № 234 қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 8, 90-құжат);
"Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң Патент ведомствосы туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 ақпандағы № 175 қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 23 мамырдағы
№ 875 қаулысына
8-қосымша
____________________________________________________________________
№ | Кәсiпорындардың атауы | Мекен-жайы
р/с | |
_____|______________________________________________|_______________
| |
368 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Ақмола қаласы
|орталығы" Ақмола мемлекеттік кәсiпорны |
| |
369 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Ақтөбе қаласы
|орталығы" Ақтөбе мемлекеттік кәсiпорны |
| |
370 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Алматы қаласы
|орталығы" Алматы мемлекеттік кәсiпорны |
| |
371 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Арқалық қаласы
|орталығы" Арқалық мемлекеттік кәсiпорны |
| |
372 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Атырау қаласы
|орталығы" Атырау мемлекеттік кәсiпорны |
| |
373 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Өскемен қаласы
|орталығы" Шығыс Қазақстан мемлекеттік |
|кәсiпорны |
| |
374 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Тараз қаласы
|орталығы" Жамбыл мемлекеттік кәсiпорны |
| |
375 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Жезқазған
|орталығы" Жезқазған мемлекеттік кәсiпорны |қаласы
| |
376 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Орал қаласы
|орталығы" Батыс Қазақстан мемлекеттік |
|кәсiпорны |
| |
377 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Қарағанды
|орталығы" Қарағанды мемлекеттік кәсiпорны |қаласы
| |
378 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Қызылорда
|орталығы" Қызылорда мемлекеттік кәсiпорны |қаласы
| |
379 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Көкшетау
|орталығы" Көкшетау мемлекеттік кәсiпорны |қаласы
| |
380 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Қостанай
|орталығы" Қостанай мемлекеттік кәсiпорны |қаласы
| |
381 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Ақтау қаласы
|орталығы" Маңғыстау мемлекеттік кәсiпорны |
| |
382 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Павлодар
|орталығы" Павлодар мемлекеттік кәсiпорны |қаласы
| |
383 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Петропавл
|орталығы" Солтүстiк Қазақстан мемлекеттік |қаласы
|кәсiпорны |
| |
384 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Семей қаласы
|орталығы" Семей мемлекеттік кәсiпорны |
| |
385 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Талдықорған
|орталығы" Талдықорған мемлекеттік кәсiпорны |қаласы
| |
386 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау |Шымкент
|орталығы" Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік |қаласы
|кәсiпорны |
| |
387 |Стандарттар мен стандарттық үлгiлердiң |Алматы қаласы
|мемлекеттік ақпараттық орталығы |
| |
388 |Алкогольдi өнiм өндiрушiлердiң мемлекеттік |Алматы қаласы
|тексеру орталығы |
| |
389 |"КАЗСЕРТИКО" мемлекеттік ғылыми-практикалық |Алматы қаласы
|орталығы |
| |