2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 101-11-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
101-11-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы осы тарауда белгіленген тәртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдары санатына жататын қызметкерлерге қызметтік тұрғынжай беру немесе жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Осы баптың 5 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Ішкі істер органдарының қызметкері не оның зайыбы (жұбайы) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайларда, тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғынжай алаңы осы Заңда белгіленген нормаға сай келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, оның жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдері аударылады, олар тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады.
Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнын тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады. Тұрғынжай алаңы ішкі істер органы қызметкерінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдары санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Тұрғын үй төлемдері ішкі істер органы қызметкерінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына аудару арқылы ай сайынғы негізде жүргізіледі.
Ішкі істер органының әрбір қызметкері жеке арнайы шотты өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.
3. Тұрғын үй төлемдерін ішкі істер органдарының мемлекеттік мекемесі олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.
4. Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген ішкі істер органдары қызметкерлерінің осы тұрғынжайда тұру және осы Заңда белгіленген тәртіппен оны жекешелендіру құқығы сақталады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер ішкі істер органдарының қызметкерлері не олардың зайыбы (жұбайы):
1) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
2) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса;
3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса, төленбейді.
6. Ішкі істер органдарында қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органы қызметкерінің отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғынжай берілмей, тұрып жатқан тұрғынжайынан шығарылмайды.
Ішкі істер органдарының қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) және оның осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған жағдайда жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Бұл ретте тұрғын үй төлемдерінің мөлшері ішкі істер органдары қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) кезде алатын тағайындалған тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен төмен болмайды.
Қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің, егер ішкі істер органдары қызметкерінің қаза табуы (қайтыс болуы):
1) өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық күйді туындататын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан;
4) қызметтен жалтару мақсатында қасақана өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесін зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан;
5) қызметкердің ішкі істер органдарында қызмет өткеру шарттарын бұзған әрекеттерінің салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, тұрғын үй төлемдеріне құқықтары болмайды.
7. Шетелге қызмет өткеру үшін жіберілген ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрып жатқан тұрғынжайлары және (немесе) тағайындалған тұрғын үй төлемдері шетелде болатын барлық уақытына сақталады.
8. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы бір рет жүзеге асырылады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен сақталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы ішкі істер органдарының қызметкері құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтынуы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, төленбейді.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 14-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйді пайдалану құқығын тоқтату және олардан шығару
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 102-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
102-бап. Жалдаушының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуы
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушы (қосымша жалдаушы) кез келген уақытта (кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен) жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуға құқылы.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жалдаушы (қосымша жалдаушы) мен отбасы мүшелері тұрақты тұру үшін басқа жаққа көшіп кеткен жағдайда тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылды деп есептеледі.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 103-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
103-бап. Жалға берушінің талап етуі бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзу және жалдаушыны (қосымша жалдаушыны) тұрғын үйден шығару
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты жалға берушінің талап етуімен осы Заңда белгіленген негіздер бойынша ғана бұзылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерден және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығаруға жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылған реттерде, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа негіздер бойынша жол беріледі.
3. Мемлекеттік тұрғын үй және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан басқа жарамды тұрғын үй берместен ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды шығаруға жол берілмейді.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 104-бап өзгертілді
104-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы шығару
1. Азаматтар осы Заңның 107-бабында, 108-бабының 1-тармағында, 111 және 114-баптарында көзделгенiнен басқа реттерде мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiлiп шығарылады.
2. Осы Заңның 91-бабының 1-тармағында және 103-бабының 3-тармағында көрсетiлген реттерде тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй-жай берiледi.
3. Үйден шығару туралы талап етушi заңды тұлға басқа тұрғын үй берiлуiн қамтамасыз етедi.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 105-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
105-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беру арқылы үйден шығару негiздерi
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мына реттерде:
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) егер көппәтерлі тұрғын үй жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты бұзылуға жататын болса;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) егер көппәтерлі тұрғын үй одан әрі тұру (болу) үшін жарамсыздығына байланысты қайта жабдықтауға жататын болса;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) егер көппәтерлі тұрғын үй авариялық деп танылса;
4) тұрғын үйдi күрделi жөндеудiң нәтижесiнде тұру жағдайы айтарлықтай өзгерсе (осы Заңның 91-бабының 2 және 3-тармақтары);
5) тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылуы, ал жалдаушы (қосымша жалдаушы) тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріліп шығарылуы мүмкін.
2. Босатылған үйдiң орнына берiлетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының, 106-бабындағы 2, 3, 4-тармақтардың талаптары мен ережелерiне сай келуге тиiс.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 106-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
106-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығарылуына байланысты азаматтарға берiлетiн тұрғын үй
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығарылуына байланысты азаматтарға берiлетiн басқа тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының талаптарына сай келуге және шығарылған адамдар тұрған бұрынғы тұрғын үйдiң көлемiнен кем болмауға тиiс.
2. Егер жалдаушы (қосымша жалдаушы) бұрын бiр бөлмеден артық алаңда тұрған болса, оған сонша бөлмелер санынан тұратын жеке тұрғын үй берiлуге тиiс.
3. Егер жалдаушыда (қосымша жалдаушыда) артық алаң болса, тұрғын үй осы Заңның 75-бабындағы 1-тармақта көзделген нормаларға сәйкес берiледi, ал қосымша алаңға құқығы бар жалдаушыға (қосымша жалдаушыға) немесе онымен бiрге тұратын адамға - қосымша алаңға құқығы ескерiле отырып берiледi.
4. Бұзылатын үйде кемiнде он бес жыл тұратын азаматтарға олардың қалауы бойынша басқа жайлы тұрғын үй бұзылған құрылыстың орнына немесе соған жақын жерден салынған тұрғын үйлерден берiледi. Бұл азаматтар осындай тұрғын үй берiлгенге дейiн осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес келетiн уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Тұру үшiн жарамды тұрғынжай осы елдi мекен шегiнде болуға әрі санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келуге тиiс.
Көшiп-қону азаматтың тұрғын үй жағдайының, осы Заңның 69-бабында көрсетiлгенiндей, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаждыққа әкелiп соқтырмауға тиiс. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) осы Заңның 105-бабындағы 1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда көшiп-қонуға байланысты шығындарын жалға берушi өтеуге тиiс.
6. Осы Заңның 105-бабында көзделген негiздер бойынша азаматтарды шығаруға байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.
Осы Заңның 108-бабындағы 2-тармақта көзделген жағдайдан басқа реттерде, жалға алушыны шығару туралы сот шешiмiнде шығарылған адамға берiлетiн тұрғын үй, осы тұрғын үй орналасқан мекен-жай көрсетiле отырып жүргiзiлуге тиiс.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 107-бап өзгертілді
107-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден басқа тұрғын үй берiлмей шығару негiздерi
Жалдаушыны, (қосымша жалдаушыны) оның отбасы мүшелерiн немесе онымен бiрге тұратын басқа адамдарды басқа тұрғын үй бермей шығаруға, егер:
1) олар тұрғын үйдi үнемi қиратса немесе бүлдiрсе;
2) олар тұрған үйдi осы Заңның 4-бабының талаптарын бұза отырып пайдаланса;
3) олар жатақхана ережелерiн үнемi бұзу арқылы басқалардың өздерiмен бiр бөлмеде немесе бiр тұрғын үйдi тұруына мүмкiндiк бермейтiн болса;
4) олар дәлелдi себептерсiз тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден қатарынан алты ай бойы жалтарса;
5) адамдар ата-аналық құқығынан айырылған болса және олардың ата-аналық құқықтарынан айырылуына байланысты балаларымен бiрге тұруы мүмкiн емес деп танылса;
6) адам тұрғын үйге өз бетiмен басып кiрiп алса;
7) тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабындағы 1-тармақта көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп танылса;
8) олар меншiк құқығымен орналасқан жерiне қарамастан өзге тұрғын үйдi сатып алған болса;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) олар тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу арқылы сол елді мекенде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерді меншікке сатып алған болса;
9) Осы Заңның 111 (101-баптың 3-тармағында, 109-баптың 2-тармағында көзделген реттердi қоспағанда) және 114-баптарында көзделген негiздер пайда болса, басқа тұрғын үй берiлместен шығаруға жол берiледi.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 108-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
108-бап. Тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) шартын жарамсыз деп танудың салдары
1. Шарт жасасып, тұрғын үй алған адамдардың қасақана заңсыз әрекеттерінің салдарынан тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) шарты жарамсыз деп танылған жағдайда олар басқа тұрғын үй берілместен шығарылуға тиіс.
2. Егер тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) шарты осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, шартта аталған азаматтар өздерінің бұрын тұрып келген тұрғын үйі немесе басқа жайлы тұрғын үй беріп шығарылуға тиіс. Басқа тұрғын үй беру міндеті шартты жарамсыз деп тануға әрекеті негіз болған заңды тұлғаға жүктеледі. Бұл жағдайда соттың шешімінде берілетін тұрғын үйдің мекен-жайы көрсетілмеуі мүмкін.
3. Жалдау (қосымша жалдау) шартын жасасу кезінде заңсыз әрекетке жол берген лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
15-тарау. Қызметтiк тұрғын үйлердi және мемлекеттік
тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын бөлмелердi пайдалану
2004.20.12 № 13-III Заңымен 109-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 109-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
109-бап. Қызметтiк тұрғын үйлер
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қызметтік тұрғынжайлар өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиісті Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды жалдау шарты бойынша қоныстандыруға арналады.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелердің жұмыскерлері мен судьялар, егер олар мемлекеттiк қызметте, бюджеттiк ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттiк сайланбалы лауазымда болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл (жиынтығында) жұмыс iстесе, сондай-ақ еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Қызметтiк тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғынжай берілген Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар, егер олар қызметтік тұрғынжайда кемінде бес жыл тұрса, өздері тұратын қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен он және одан көп жыл болған әскери қызметшілер немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды (жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан қызметтік тұрғынжайларды қоспағанда) қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды (жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан қызметтік тұрғынжайларды қоспағанда) өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, осы тармақта аталған, қызметтік тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;
3. Қызметтiк тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 2 немесе 2-1-тармақтарында белгіленген негіздер болған кезде тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарады. Бұл тұрғын үйді жалдаушының кейіннен жекешелендіруі үшін ол коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылады.
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 110-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
110-бап. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және оны пайдалану
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы азаматтарын еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде, оның ішінде ротациялау тәртібімен лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру және оны пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды пайдалануға осы Заңның 90, 93 және 95-баптарының қағидалары қолданылмайды.
Лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге ротациялау орны бойынша қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда олардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңіне ротациялық төлемдер төленеді.
Ротациялық төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге берілетін ротациялық төлемдердің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.