Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне және штаттық жасырын қызметкерлерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын арнаулы мемлекеттік органдардың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшылары бекітеді.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы баптың 1-тармағының жетінші бөлігінде көзделген ерекше тәртіппен жүзеге асырылатын тұрғын үй төлемдерін қоспағанда, тұрғын үй төлемдері арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі қызметкерінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына аудару арқылы ай сайынғы негізде жүргізіледі.
Жеке арнайы шотты тұрғын үй төлемдерін алушы өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тұрғын үй төлемдерін арнаулы мемлекеттік орган немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды осы Заңда белгіленген тәртіппен жекешелендіруге құқығы бар.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқартылуына байланысты, қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша, өздеріне қатысты келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда немесе отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығарылған кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдері үшін:
1) бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдері;
2) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бұрын берілген немесе әрбір қызмет өткеру орны бойынша меншік құқығындағы тұрғынжайда тұру кезеңдері шегеріле отырып, арнаулы мемлекеттік органдарға, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қызметке кірген күннен бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін, ал олар көрсетілген күннен кейін Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған жағдайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үй төлемдерін алады.
Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды.
Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрған арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқартылуына байланысты, қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша, өздеріне қатысты келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда немесе отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығарылған кезде тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған кезеңдері үшін осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың күші арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, егер олар не олардың зайыбы (жұбайы):
1) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
2) осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде, осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы Заңның 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
3) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындаса;
4) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайды қоспағанда, осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болса, қолданылмайды.
Бұл ретте арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжай құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Егер арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін қызметтен шығаруға қызмет өткеру кезеңінде алған, әскери-дәрігерлік комиссия қызметкерді есептен шығара отырып, қызметке жарамсыз деп таныған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себеп болса, оған тұрғын үй төлемдері біржолғы ақшалай өтемақы түрінде аударылады.
Біржолғы ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, қызметкердің өзін қоса алғанда, оны қызметтен шығару кезіндегі отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы алаң нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сәйкес қызметкер қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжай сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер:
1) мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы арнаулы мемлекеттік органның қызметкері құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтыну немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе;
2) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, қызметкер не оның зайыбы (жұбайы) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
3) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін қызметкермен не оның зайыбымен (жұбайымен) жасалған шарт бойынша міндеттеме орындалса;
4) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттеме орындалмаған жағдайларды қоспағанда, қызметкердің не оның зайыбының (жұбайының) осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болса;
5) қызметкер не оның зайыбы (жұбайы) өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
6) қызметкер не оның зайыбы (жұбайы) осы баптың 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, осы тармақтың бірінші бөлігінде немесе осы Заңның 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін алса, төленбейді.
Бұл ретте арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжай құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы немесе жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер арнаулы мемлекеттік органның қызметкері не оның зайыбы (жұбайы):
1) осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы Заңның 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
2) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса;
3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса, төленбейді.
8. Шетелге қызмет өткеру үшін жіберілген арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрып жатқан тұрғынжайлары және (немесе) тағайындалған тұрғын үй төлемдері шетелде болатын барлық уақытына сақталады.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Арнаулы мемлекеттік органдар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы бір рет жүзеге асырылады.
101-2-бап. Әскери қызметшілердің тұрғынжай құқығын іске асыруы
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, әскери қызметшілердің (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) тұрғынжай құқығын іске асыруы осы тарауда белгіленген тәртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтік тұрғынжай беру немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы, жүзеге асырылады.
Осы баптың 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және тиісті жеке арнайы шотқа тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайларда, тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғынжай алаңы осы Заңда белгіленген нормаға сай келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, тиісті жеке арнайы шотқа тұрғын үй төлемдері аударылады, олар тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады.
Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнын тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады. Тұрғынжай алаңы әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жасырын құрамының әскери қызметшілеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, ал Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген ерекше тәртіппен жүзеге асырылатын тұрғын үй төлемдерін қоспағанда, тұрғын үй төлемдері әскери қызметшінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына аудару арқылы ай сайынғы негізде жүргізіледі.
Жеке арнайы шотты тұрғын үй төлемдерін алушы өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.
3. Тұрғын үй төлемдерін әскери қызметші әскери қызмет өткеретін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесі олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Әскери қызметшілердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды осы Заңда белгіленген тәртіппен жекешелендіруге құқығы бар.
Әскери қызметте 2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл болған, әскери қызмет мерзімі күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған және жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тұрғын үй төлемдері түрінде өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
Осы тармақта көзделген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы, егер әскери қызметшінің не оның зайыбының (жұбайының):
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болса, төленбейді, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды;
2) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
3) осы Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы баптың 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
4) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзіне тиесілі тұрғынжайды соңғы бес жыл ішінде иеліктен шығаруды жүргізсе, төленбейді.
Бұл ретте әскери қызметшіге осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжай құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.
Өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, республика бойынша орташа алғанда жаңа тұрғынжай сатудың бір шаршы метрінің құнын әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаңнан есептелетін тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады.
Өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы төленген адамдар қызметтік тұрғынжайды ақшалай өтемақы төленген кезден бастап үш айдан кешіктірмей белгіленген тәртіппен тапсырады.
Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметші болып табылса, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы олардың таңдауы бойынша ерлі-зайыптылардың біреуіне төленеді.
Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді.
Осы тармақта көзделген жеңілдіктер бір рет қолданылады.
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Әскери қызметшілер әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқартылуына байланысты, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша, өздеріне қатысты келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда немесе отбасы жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдері үшін:
1) бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдері;
2) бұрын Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген немесе әрбір қызмет өткеру орны бойынша меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрған кезеңдері шегеріле отырып, арнаулы мемлекеттік органдарға, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қызметке кірген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үй төлемдерін алады.
Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды.
Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрған әскери қызметшілерге әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқартылуына байланысты, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша, өздеріне қатысты келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда немесе отбасы жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған кезеңдері үшін осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың күші әскери қызметшілерге, егер олар не олардың зайыбы (жұбайы):
1) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
2) осы Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде, осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
3) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындаса;
4) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттеме орындалмаған жағдайларды қоспағанда, осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болса, қолданылмайды.
Бұл ретте әскери қызметшіге осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжай құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде алған, әскери-дәрігерлік комиссия әскери қызметшіні әскери есептен шығара отырып әскери қызметке жарамсыз деп таныған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен әскери қызметтен шығарылған кезде тұрғын үй төлемдері біржолғы ақшалай өтемақы түрінде аударылады. Біржолғы ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, оны қызметтен шығару кезіндегі отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы алаң нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сәйкес, әскери қызметші әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжай сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер:
1) мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы әскери қызметші құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтыну немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе;
2) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
3) әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
4) әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) осы Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы баптың 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін алса;
5) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін әскери қызметшімен не оның зайыбымен (жұбайымен) жасалған шарт бойынша міндеттеме орындалса;
6) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттеме орындалмаған жағдайларды қоспағанда, әскери қызметшінің не оның зайыбының (жұбайының) осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болса, төленбейді.
Бұл ретте әскери қызметшіге осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжай құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы немесе жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.