2. Басқарушыға төленетiн сыйақының жылдық ең жоғары мөлшерi осы төленген дивидендтердi қоса есептегенде, инвестициялық қордың таза активтерiнiң жылдық орташа құнының бес процентiнен аспауға тиiс.
3. Инвестициялық қордың бағалы қағаздар топтамасын басқару жөніндегі басқарушының шығыстары басқарушының сыйақысына қосылады.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен 19-бап өзгертiлдi
19-бап. Инвестициялық қордың аффилиицияланған адамдары
Инвестициялық қордың аффилиицияланған адамдары мыналар танылады:
а) оның басқарушысы және басқарушының аффилиицияланған адамдары;
б) инвестициялық қордың лауазымды адамдары;
в) құрылтайшылар және инвестициялық қордың барлық акцияларының бес процентiнен астамын иеленетiн акционер;
Басқарушының лауазымды адамдары мен қатысушылары, сондай-ақ бағалы қағаздар портфелi басқарушының басқаруында болатын өзге де субъектiлер басқарушының аффилиицияланған адамдары болып табылады.
IV тарау. Инвестициялық қорлар мен олардың
басқарушылары қызметiне мемлекеттік
бақылау жасау
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1; 16.05.03 ж. № 416-11 Заңымен 20-бап өзгертiлдi
20-бап. Инвестициялық қорлар мен олардың басқарушылары қызметiн мемлекеттік бақылау
1. Инвестициялық қорлар мен олардың басқарушылары қызметiне мемлекеттік бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік бақылау инвестициялық қорларды құру мен олардың және оларды инвестициялық қорлардың және олардың басқарушыларының қызметiн заңдар негiзiнде жүзеге асырылатын нормативтiк тұрғыдан реттеудi, оның iшiнде инвестициялық қор акцияларының шығарылымдарын мемлекеттік тiркеудi, басқарушылардың қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ инвестициялық қордың, оның басқарушысының және инвестициялық қордың жұмысына қызмет көрсететiн бағалы қағаздар рыногына басқа да кәсiпқой қатысушылардың қызметiн жүзеге асыру процесiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын орындау жөніндегі бақылау шараларын жүзеге асыруды қамтиды.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен 21-бап өзгертiлдi және толықтырылды
21-бап. Инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау
1. Инвестициялық қор инвестициялық қор ретiнде жұмыс iстеуге Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген тәртiппен және шарттарда уәкiлеттi органның лицензиясын алуы тиiс.
Инвестициялық қордың қызметiн уәкiлеттi органның лицензиялауы инвестициялық қорлардың қызметiне мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн инвестициялық қорлардың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асыру мақсатында берiледi.
2. Лицензиялауға ұсынылған құжаттардағы кез келген өзгерістер мен толықтырулар туралы инвестициялық қор тиiстi шешiм қабылданған кезден бастап он күн iшiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес уәкiлеттi органнан лицензия алмаған инвестициялық қорлардың инвестициялық қорлар ретіндегі қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
4. Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызмет субъектiсi ретiнде қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияны қайтарып алу инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға немесе таратуға әкеп соғады.
22-бап. Инвестициялық қордың қызметi туралы есеп беру
1. Инвестициялық қор уәкiлеттi органға өз қызметiнiң нәтижелерi туралы тоқсан сайын ақпарат берiп отыруға және мiндеттi түрде акционерлер мен инвесторлардың осы ақпаратты еркiн пайдалануын қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл ақпарат уәкiлеттi органға есеп берiлiп отырған кезеңнен кейiнгi айдың жиырмасынан кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
Аталған ақпаратты беру және оны жариялау тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Инвестициялық қорлар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша қор қызметiне қатысты құжаттардың сақталуын жүзеге асырады.
3. Тiркеушiмен, кастодианмен және басқарушымен жасалған шарт мазмұнына елеулi өзгерістер енгiзiлген жағдайда, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының аталған кәсiпқой қатысушылары ауыстырылған жағдайда инвестициялық қор уәкiлеттi органға аталған өзгерістер туралы отыз күн iшiнде ресми түрде хабарлауға мiндеттi.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен 23-бап өзгертiлдi
23-бап. Уәкiлеттi органның инвестициялық қордың қызметiне бақылау жасау жөніндегі өкiлеттiгi
1. Уәкiлеттi орган инвестициялық қордың қаржылық құжаттары мен бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен мазмұнының дұрыстығына, сондай-ақ инвестициялық қор мен оның басқарушысы қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына, инвестициялық қордың жарғысы мен инвестициялық декларацияға сәйкестiгiн тексеру жүргiзедi.
2. Уәкiлеттi орган инвестициялық қордың қызметiн мынадай себептер бойынша:
а) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының үнемi (бiрiнен кейiн бiрi келетiн он екi күнтiзбелiк ай iшiнде үш және одан да көп рет) бұзылуы;
б) оның басқарушысының, кастодианының немесе тiркеушiсiнiң лицензиясын тоқтата тұру немесе қайтарып алу;
в) өзара қордың өз акцияларын сатып алуды жүзеге асыруға қабiлетсiз болуы себептi тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Аталған себептердiң алты айдан асатын мерзiмде жойылмауы сол инвестициялық қордың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына әкеп соғады.
3. Инвестициялық қор мен оның басқарушысы уәкiлеттi органның iс-әрекетi жөнiнде сотқа шағымдануға құқылы.
V тарау. Басқа да ережелер
24-бап. Терiс ақпарат жариялауға тыйым салу
1. Инвестициялық қорлардың қызметi туралы терiс ақпарат жариялауды жүзеге асыруға тыйым салынады.
2. Кез келген адамның инвестициялық қордың қызметi туралы ақпаратты оның қызметiне уәкiлеттi органнан лицензия алғанға дейiн жариялауына тыйым салынады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 25-бап өзгертiлдi
25-бап. Инвестициялық қордың кастодианы
1. Инвестициялық қор басқармасы инвестициялық қордың атынан кастодианмен шарт жасасады, инвестициялық қор осы шарт негiзiнде инвестициялық қорға тиесiлi ақша мен бағалы қағаздарын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен кастодианға бередi.
2. Инвестициялық қор бiр ғана кастодианы болуға құқылы.
3. Инвестициялық қордың аффилиицияланған тұлғасын оның кастодианы тағайындай алмайды.
26-бап. Инвестициялық қордың аудиторы
1. Инвестициялық қордың қаржы құжаттамалары мен есеп беруiне мезгiл-мезгiл тексеру жүргiзу үшiн инвестициялық қор аудит тартады.
2. Инвестициялық қордың аффилиирлендiрiлген адамын оның аудиторы тағайындай алмайды.
27-бап. Инвестициялық қорды тiркеушi
1. Инвестициялық қор акционерлерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қызметiн тiркеушi жүзеге асырады.
2. Инвестициялық қордың аффилиицияланған адамын оның тiркеушiсi тағайындай алмайды.
Қазақстан Республикасының