Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу
туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы № 78-1 Заңы
(ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 02.03.01 ж. № 162-1;
11.07.01 ж. № 237-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 05.05.03 ж. № 409-II;
16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР 02.07.03 ж. № 461-II Заңымен күші жойылды
Бұрынғы ред. қара
I тарау. Жалпы ережелер (1 - 2 баптар)
II тарау. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау (3 - 5 баптар)
III тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың (6 - 11 баптар)
тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызмет
IV тарау. Кастодиандық қызмет (12 - 15 баптар)
V тарау. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi (16 - 18 баптар)
тiркеу жөніндегі делдал-дилерлердiң қызметi
VI тарау. Орталық депозитарий (19 - 24 баптар)
VII тарау. Бағалы қағаздармен жасалған (25 - 28 баптар)
мәмiлелердi тiркеу тәртібі
Осы заң бағалы қағаздар иелерiнiң мүлiктiк құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асырушы бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн реттейдi.
I тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi
тiркеу туралы заңдар
Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және бағалы қағаздар шығару және олардың айналысы саласындағы қатынастарды реттейтiн мемлекеттік органның (бұдан былай - уәкiлеттi органның) нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен 2-бап толықтырылды; ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
2-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу
орнының бiрлiгi принципi
1. Уақыттың нақты бiр сәтiнде бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi оларды тiркеу орны бойынша бағалы қағаздар рыногына мына кәсiпқой қатысушылардың бiрi: делдал-дилер, кастодиан, орталық депозитарий немесе тiркеушi жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарға құқықтардың бiр тұлғадан басқа тұлғаға өтуiне байланысты бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу - клиенттердiң шоттары бойынша нақтылы ұстаушының немесе бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiміндегі жеке шоттар бойынша тiркеушiнiң жазбалар енгiзулерi арқылы мәмiленiң жасалу фактiсiн бекітуi.
Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен мiндеттi тiркеуге жатады.
2. Бағалы қағаздарға құқықтарды растауды осы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеушi адам жүзеге асырады.
II тарау. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 3-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
3-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау
1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау - нақтылы ұстаушы мен оның клиентi арасында олардың арасында жасасқан бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарттың негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген, соларға сәйкес нақтылы ұстаушы клиенттiң мүддесiне орай немесе нақтылы ұстауды жүзеге асыратын өзге тұлғалар мүддесiнде бағалы қағаздарды өзiнiң иеленуiне, пайдалануына немесе билiк етуiне берiлген басқаруды өз атынан жүзеге асыруға мiндеттенетiн өзге де негiздер бойынша туындайтын қатынастар.
Нақтылы ұстаушының клиенттерiне тиесiлi немесе нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздар осы нақтылы ұстаушы кредиторларының пайдасына өндiрiп алынбауға тиiс.
Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау шартына тиiсiнше Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты туралы ережелер қолданылады.
2. Нақтылы ұстаушының бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi.
3. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылардың бiрiнiң бағалы қағаздар ұстаушылары арасындағы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер тiркеушiде немесе нақтылы ұстаушы өз клиентi болып табылатын орталық депозитарийде көрсетiлмейдi.
4. Тiркеушiнiң талап етуi бойынша меншiк иелерiнiң бағалы қағаздарға байланысты құқықтарын жүзеге асыру үшiн нақтылы ұстаушы өз белгiлi бiр күнге дейiн нақтылы ұстаушысы болып табылатын бағалы қағаздардың тiркелген ұстаушыларының тiзiмiн беруге мiндеттi. Нақтылы ұстаушыға аталған ақпаратты ашу құқығын бермеген бағалы қағаздар ұстаушылары тiзiмге енгiзiлмейдi.
Заң актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етуімен оның бақылау және қадағалау қызметін іске асыру мақсатында акцияның нақтылы ұстаушысы өзі белгілі бір күнге дейін акцияның нақтылы ұстаушысы болып табылатын барлық тіркелген акция ұстаушылардың тізімін беруге міндетті.
Аталған тiзiмдердi тiркеушiге, эмитентке немесе орталық депозитарийге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруден негiзсiз бас тартқан жағдайда бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. алынып тасталды
6. Нақтылы ұстаушы өзiнiң бағалы қағаздары мен клиенттердiң бағалы қағаздарына оқшау есеп жүргiзедi. Бағалы қағаздар бойынша есеп жүргiзудiң әдiстемесi мен ережелерi заңдарда белгiленген тәртiппен айқындалады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 4-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
4-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар
1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар мыналар бола алады:
1) орталық депозитарий;
2) кастодиандар;
3) уәкiлеттi органның бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыруға берген лицензиясы бар делдал-дилерлер.
2. Орталық депозитарийдiң клиенттерi делдал-дилерлер мен кастодиандар болып табылады.
Нақтылы ұстаушылар ретiнде делдал-дилерлер мен кастодиандардың клиенттерi инвесторлар болып табылады.
3. Бағалы қағаздарға құқықтарды нақтылы ұстаушының растауы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 5-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
5-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының мiндеттерi
Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) әрбiр клиентке шот ашу арқылы клиенттердiң бағалы қағаздарына есеп жүргiзу;
2) клиенттердiң бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi және олардың қиындау фактілерін тiркеу;
3) клиенттердiң бағалы қағаздарына құқықтарды растау;
4) клиенттердiң бағалы қағаздарының болуын және аталған бағалы қағаздармен мәмiлелердi жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;
5) төлем агентiнiң мiндеттерiн орындау;
6) клиенттердiң нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты ақпарат алуын қамтамасыз ету;
7) бағалы қағаздарды нақтылы ұстауға жасалған шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттер.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Нақтылы ұстау туралы шарт
1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарт жасасар алдында нақтылы ұстаушы клиенттi өзiнiң нақтылы ұстаушы ретіндегі қызметтi орындау шартымен таныстыруға мiндеттi.
2. Нақтылы ұстау туралы шарт:
1) шарттың нысанасын;
2) нақтылы ұстаушының клиенттiң шоттары туралы коммерциялық құпияны сақтау жөніндегі мiндеттемесiн қоса алғанда, тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;
3) нақтылы ұстаушының қызмет көрсетуiне ақы төлеу мөлшерi мен тәртібін;
4) нақтылы ұстаушының клиент алдындағы есеп беруiнiң нысаны мен кезеңдiлiгiн;
5) тараптардың шарттың талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершiлiгiн;
6) бағалы қағаздар бойынша табыстар алу және оларды клиенттiң (пайда табушының) шотына есепке алу шарттары мен тәртібін қамтуға тиiс.
Жоғарыда тiзiп көрсетiлген ережелерден бөлек, шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар болады.";
III тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың
тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызмет
6-бап. Тiркеушiнiң қызметi
Тiркеушiнiң қызметi бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiнде қызмет көрсету мен бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу болып табылады және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiн құрайтын деректердi жинау, тiркеу, өңдеу, сақтау және беру арқылы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен 7-бап толықтырылды; ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
7-бап. Тiркеушi
1. Эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызмет бағалы қағаздар рыногындағы айрықша қызмет түрi болып табылады және осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге заң актілерімен белгiленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң өзге түрлерiмен қоса атқарылмайды.
2. Уәкiлеттi орган тiркеушiнiң эмитент пен бағалы қағаздар ұстаушыларға көрсеткен қызметiне ақы төлеудiң ең жоғары мөлшерiн, тәртібі мен принциптерiн белгiлеуге құқылы.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 8-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
8-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi - тiзiлiм жүргiзу жүйесiнiң бағалы қағаздарды ұстаушылардың ресми тiзiмi болып табылатын, белгiлi бiр күнге жасалған және осы ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесiлi бағалы қағаздардың түрiн және санын теңестiруге мүмкiндiк беретiн бiр бөлiгi.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жүйесi - бағалы қағаздардың тiркелген ұстаушылары мен бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудiң толық сәйкес келуiн белгiлi бiр күнге қамтамасыз ететiн эмитент, бағалы қағаздар шығарылымы және бағалы қағаздардың ұстаушылары туралы мәлiметтердiң жиынтығы.
2. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың әрбiр тiзiлiмiнде меншiк иелерi мен эмитенттiң бiрдей құқықтары мен мiндеттерiн куәландыратын бағалы қағаздардың бiр түрi бойынша есеп жүргiзiледi. Бағалы қағаздардың бiр түрiне есеп жүргiзудi әртүрлi тiзiлiмдерде жүзеге асыруға болмайды.
3. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi қағаздағы немесе электронды жазба түрiнде жүзеге асырылуы мүмкiн және Қазақстан Республикасының заңдарында тiзiлiмдi жүргiзу мен сақтауға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.
4. Эмитенттер бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiнiң жасалуын бағалы қағаздар шығарылымы уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеуден өткен сәттен бастап бiр айдан кешiктiрмей қамтамасыз етуге тиiс және ақпараттың тiзiлiмде дәл көрсетiлуi үшiн жауапты болады.
5. Тiзiлiмдi жасау және сақтау шарттары мен тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Тiркеушiнiң мiндеттерi
1. Тiркеушiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi және бағалы қағаздардың қиындау фактілерін тiркеу;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың бағалы қағаздарға құқықтарын растау;
3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жинауды, жүргiзудi және сақтауды белгiлi бiр күнге нақтылау;
4) тiзiлiмде тiркелген бағалы қағаз ұстаушыларға эмитенттiң тапсыруы бойынша құлақтандыру мен ақпараттық хабарлар жiберу;
5) айналыстағы бағалы қағаздар көлемiнiң шығарылымның тiркелген өлшемдерiне сәйкес келуiне бақылауды жүзеге асыру;
6) эмитентпен жасалған шартта көзделген және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн қызметтер көрсету;
7) банк қызметі туралы заң актілеріне сәйкес банктің дауыс беруші акцияларымен жасалатын барлық мәмілелер жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлау.
2. Эмитенттiң талап етуi бойынша тiркеушi тiзiлiм жасауға және оны эмитентке талап етiлгеннен кейiн жиырма күн iшiнде жiберуге мiндеттi.
Заң актілерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етуімен оның бақылау және қадағалау қызметін іске асыру мақсатында, тіркеуші акция меншігі иелерінің тізімін жасайды және талап етілгеннен кейін жиырма күн ішінде оны Ұлттық Банкке жібереді.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 10-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
10-бап. Тiзiлiм жүргiзуге арналған шарт
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге эмитент пен тiркеушi арасында жасалған шарт негiзiнде эмитент тiркеушiге бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тапсыратын шарт болып табылады.
2. Эмитенттер тiркеушiлердi таңдауға ерiктi, ал тiркеушiлер өздерi қызмет көрсетуге қабылдайтын эмитенттердi Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа таңдауға ерiктi. Эмитент тек бiр тiркеушiмен ғана шарт жасасуға құқылы.
3. Эмитент тiркеушiге тiзiлiм жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты беруге мiндеттi және тiзiлiмде көрсетiлген ақпараттың дұрыстығына бақылау жасаудан басқа жағдайларда, оның қызметiне араласуға құқылы емес.
4. Тiркеушi тiзiлiм жүргiзу жөніндегі өз мiндеттерiн басқа бiреуге беруге құқылы емес.
5. Тiркеушiге сыйақы тараптар өздерi арасында жасалған шартта белгiлеген тәртiп, мерзiмдер және шарттар бойынша және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес төленедi.
6. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарттың күшi тiркеушiнiң лицензиясы керi қайтарылып алынған жағдайда және шарт пен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарттың күшiн тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
7. Шарт бұзылғаннан кейiн тiркеушi он бес күн iшiнде эмитентке немесе жаңа тiркеушiге тiзiлiмде бар ақпаратты түгел тапсыруға мiндеттi.
8. Эмитент жаңа тiркеушiнiң тағайындалғаны туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және ол туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 11-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
11-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн
жүргiзу жөніндегі қызметтi лицензиялау
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызмет уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн тiкелей жүргiзудi тiркеушiлерден тиiстi қызмет түрлерiне уәкiлеттi орган берген біліктiлiк куәлiгi бар тұлғалар жүзеге асырады.
3. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарттары мен тәртібі және керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызметтiң жүзеге асырылуын бақылауды уәкiлеттi орган жүргiзедi.
4. Тiркеушi лицензия алу үшiн оларға табыс етiлген құжаттарға өзi енгiзген барлық өзгерістер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
IV тарау. Кастодиандық қызмет
12-бап. Кастодиандардың бағалы қағаздармен жасалған
мәмiлелердi тiркеу жөніндегі қызметi
Кастодиандардың бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөніндегі қызметi олардың нақтылы ұстаушылар мiндеттерiн атқару болып табылады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 13-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
13-бап. Кастодиандардың мiндеттерi
Кастодиан мынадай мiндеттердi жүзеге асырады:
1) клиенттердiң бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелердiң орындалуын бақылау;
2) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тiркеу мен оның есебiн жүргiзудi, құжатты бағалы қағаздарды сақтауды және клиенттердiң ақшаларына есеп жүргiзудi қамтамасыз ету;
3) бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы ретіндегі қызметтi;
4) клиенттердiң бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелер жөніндегі төлем агентi мiндеттерiн орындау;
5) клиентпен жасалған шартта көзделген және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де қызметтер көрсету.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 14-бап өзгертiлдi
14-бап. Кастодиандық шарт
1. Кастодиандық шарт жасасу жөніндегі ұсынысты клиент бағалы қағаздар және бағалы қағаздармен мәмiле жасауға арналған ақшасы бойынша кастодианда шоттар ашу жөніндегі жазбаша өтiнiш түрiнде жасайды. Кастодиан клиенттi оның бағалы қағаздары мен мәмiле жасасуға арналған ақшасын сақтау мен оған есеп жүргiзу жөніндегі қызмет тәртiптерiмен шарт жасалғанға дейiн таныстыруға мiндеттi.
2. Кастодиан клиенттiң сенiм бiлдiрген өкiлi болмауға тиiс.
3. Кастодиандық шарт жасасу кезiнде клиенттен шотқа қандай да болсын бағалы қағаздарды немесе ақшаны дереу салу талап етiлмейдi.
4. Кастодиан мен оның клиентi арасында жасалған кастодиандық шарттар мыналар болуға тиiс:
1) кастодиан мен клиенттiң реквизиттерi;
2) шарттың пәнi: клиенттiң бағалы қағаздары мен мәмiле жасасуға арналған ақшаны сақтау мен оларға есеп жүргiзу жөнiнде қызметтер көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң шоттары туралы коммерциялық құпияны сақтау жөніндегі кастодиан мiндеттемелерiн қоса, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
4) кастодианның нақтылы ұстаушы ретіндегі қызметтi орындауы туралы деректер;
5) кастодианның қызметiне ақы төлеудiң мөлшерi мен тәртібі;
6) кастодианның клиент алдында есеп беруінiң нысаны мен мерзiмдiлiгi;
7) шарттың талаптарын бұзғандығы үшiн тараптардың жауапкершiлiгi;
8) бағалы қағаздар бойынша кiрiстер алудың және оларды клиенттердiң шоттарына қосудың, сондай-ақ клиенттердiң бұйрықтары бойынша ақшаны төлеудiң шарттары мен тәртібі.
Кастодиандық шартта жоғарыда аталған ережелерге қоса Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа шарттардың да болуы мүмкiн.
5. Кастодиандық шарт жазбаша түрде жасалады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 15-бап өзгертiлдi (бұрынғы ред. қара)
15-бап. Кастодиандық қызметтi лицензиялау
1. алынып тасталды
2. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарттары мен тәртібі және оны керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
Кастодиандық қызметтiң жүзеге асырылуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Кастодиан лицензия алу үшiн оларға табыс етiлген құжаттарға өзi енгiзген барлық өзгерістер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
V тарау. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi
тiркеу жөніндегі делдал-дилерлердiң қызметi
16-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу
жөніндегі делдал-дилерлердiң қызметi
Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөніндегі делдал-дилерлердiң қызметi нақтылы ұстаушының мiндеттерiн олардың атқаруы болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 17-бап өзгертiлдi
17-бап. Делдалдық шарт
1. Клиент бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарт жасасу жөніндегі ұсынысты делдал-дилерде бағалы қағаздар бойынша шоттар ашу жөніндегі жазбаша өтiнiш түрiнде жасайды. Делдал-дилер клиентi нақтылы ұстаушы ретіндегі өз қызметiнiң қалай орындалатынымен таныстыруға мiндеттi.
Шарт жасасу кезiнде клиенттен шотқа қандай да болсын бағалы қағаздарды дереу қосу талап етiлмейдi.
Делдал-дилер мен оның клиентi арасында жасалған шартта мыналар болуы керек:
а) шарт пәнi: клиенттiң тапсыруы бойынша делдал-дилердiң нақтылы ұстаушы ретіндегі қызметтi жүзеге асыруы;
б) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң шоттары туралы коммерциялық құпияны сақтау жөніндегі делдал-дилердiң мiндеттемелерiн қоса, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
в) делдал-дилер қызметiне ақы төлеу мөлшерi мен тәртібі;
г) делдал-дилердiң клиент алдында есеп беруiнiң нысаны мен мерзiмдiлiгi;
д) шарт талаптарын бұзғандығы үшiн тараптардың жауапкершiлiгi;
е) бағалы қағаздар бойынша кiрiстер алудың және оларды клиенттердiң шоттарына қосудың, сондай-ақ клиенттердiң бұйрықтары бойынша ақшаны төлеудiң шарттары мен тәртібі.
Шартта жоғарыда көрсетiлген ережелерге қоса, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа шарттардың да болуы мүмкiн.
2. Делдал-дилердiң шарты жазбаша түрде жасалады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 18-бап өзгертiлдi (бұрынғы ред. қара)
18-бап. Делдал-дилерлердiң бағалы қағаздармен жасалған
мәмiлелердi тiркеу жөніндегі қызметiн лицензиялау
1. Делдал-дилерлер бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу құқығымен делдалдық және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар болған жағдайда нақтылы ұстаушы бола алады.
2. Делдалдық және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарты мен тәртібі және керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
Брокер - дилер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарға өзi енгiзген барлық өзгерістер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
3. Делдал-дилерлер қызметiнiң жүзеге асырылуын уәкiлеттi орган бақылайды.
VI тарау. Орталық депозитарий
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi
19-бап. Орталық депозитарий
1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары мен халықаралық қаржы ұйымдары акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарий алған кiрiс оның акционерлерi арасында бөлiнбейдi және оның техникалық дамуына жұмсалады.
2. Кастодиандар, нақтылы ұстаушылар болып табылатын брокер дилерлер депозитарийдiң депоненттерi болып табылады.
3. Депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарттары мен тәртібі, және оны керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
4. Орталық депозитарийдiң қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен 20-бап толықтырылды; ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 20-бап өзгертiлдi (бұрынғы ред. қара)
20-бап. Орталық депозитарийдiң мiндеттерi
Орталық депозитарий мынадай мiндеттердi жүзеге асырады:
1) депоненттердiң - кастодиандар мен делдал-дилерлердiң бағалы қағаздарын нақтылы ұстаушы мiндеттерi;
2) депоненттердiң бағалы қағаздарымен жасалған мәмiлелердi тiркеу, оның iшiнде бағалы қағаздарды төлеу мен оларға деген құқықтарды растау кепiлдiгi болады;
3) бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылармен өзара iс-қимыл жасау;
4) бағалы қағаздарды өз клиенттерi арасында, соның iшiнде тiркеушiлерге және тiркеушiлерде ашылған өз есеп-шоттары арқылы тiркеушiлерден өз клиенттерiне ойыстыру;
5) бағалы қағаздарды материалсыздандыру;
6) клирингтiк қызмет;
7) трансфер-агенттер құру және олардың қызметтерiнiң процедуралары мен ережелерiн бекіту;
8) төлем агентiнiң мiндеттерiн атқару;
9) депонентпен келісім бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн консультациялық, ақпараттық және басқа да қызмет түрлерi.
Орталық депозитарийдiң акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызметтi осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға құқығы бар.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 21-бап өзгертiлдi
21-бап. Орталық депозитарийдің клирингтiк қызметi
1. Клирингтiк қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясына сәйкес және Қазақстан Республикасының банктер туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Ақшалай есеп айырысу депоненттердiң шоттарынан ақшаны есептен шығару және қосу туралы есеп айырысу ұйымына депозитарийдiң тапсырмасы негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды орталық депозитарий дербес жүзеге асырады.