43. Оқу жиынын өткізуге келген студенттер бөлiмшелер (топтар, экипаждар) бойынша бөлiнедi, олардан саны 25 адамнан тұратын оқу взводтары және құрамы 3-4 взводтан тұратын рота (батарея) құрылады.
Құрылған бөлiмшелер оқу жиыны болып табылады.
Студенттердiң оқу жиыны ұйымдастырылатын және өткiзiлетiн әскери бөлiм (құрам) командирiнiң орынбасарларының бірi оқу жиынының бастығы болып тағайындалады.
Оқу жиынының бастығы жиынның бүкiл жеке құрамының тiкелей бастығы болып табылады.
Студенттердiң оқу жиындарын өткізу кезеңiнде оқу жиыны өткiзiлетiн бөлiмдердiң офицерлерi немесе әскери кафедралардың офицер-оқытушылары курсанттар роталарының бастығы болып тағайындалады.
Взвод командирлерi, взвод командирлерiнiң орынбасарлары, бөлiмше (топ, экипаж) командирлерi осы қызмет мiндеттерiн орындау үшiн әскери кафедраларда алдын-ала даярланған студенттер қатарынан тағайындалады.
Студенттердiң оқу жиынын өткізу үшiн бөлiнген әскери бөлiмдердiң офицерлерi, прапорщиктерi (мичмандары) және сержанттары (старшиналары) бөлiм бойынша шығарылатын бұйрықта жарияланады және жиын өтiп жатқан кезең бойында штаттық лауазымдары бойынша қызметтiк мiндеттерiнен босатылады.
Оқу орындарының студенттерiмен оқу жиындарын өткізуге бөлiнген лауазымдық адамдарды ауыстыру, тек ерекше жағдайларда ғана жүргiзiледi.
44. Оқу жиындарына (тағлымдамаларына) жiберiлген оқу жиындарының студенттерi әскери бөлiмдерде оқу жиындарына шақырылған әскери қызметшiлер үшiн белгiленген нормалар мен тәртiп бойынша заттай мүлiк бұйымдарымен қамтамасыз етiледi.
Сынақшалар қабылдау мен курс бiтiру және
бiтiру емтихандарын өткізу
45. Әскери даярлықтан өтушi студенттер емтихандық сессия кезiнде сынақшалар мен емтихандарды тапсырады. Сынақшалар мен емтихандар саны бүкiл оқу кезеңiнiң бiтiру емтиханын қоса, 3 сынақша және 3 емтиханнан аспайтындай болып, әскери даярлық бағдарламасында белгiленедi.
46. Әскери бөлiмдердегi оқу жиыны аяқталғаннан кейiн студенттер емтихан тапсырады. Мамандығына байланысты емтихандар бөлiмдерде немесе жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында өткiзiледi.
Бiтiру емтиханын өткізу үшiн оқу взводына 3 күн берiледi (2 күн дайындыққа, 1 күн - емтихан тапсыруға).
47. Әскери кафедрада әскери даярлықтың толық курсын және әскери бөлiмдерде оқу жиынын (тағлымдамаларын) өткен студенттер бiтiру емтихандарына жiберiледi.
Емтихан билеттерi оқу бағдарламасы ауқымында әскери кафедраларда әзiрленедi және емтихандық комиссиялардың төрағалары бекiтедi.
48. Әскери даярлық бойынша бiтiру емтиханын тапсырмаған студенттер офицерлiк құрамға аттестацияланбайды.
Әскери даярлық бойынша бiтiру емтиханын қайта тапсыру оқу орнын бiтiргенге дейiн рұқсат етiледi.
49. Әскери даярлық бойынша студенттерден бiтiру емтиханын қабылдау үшiн әрбір жоғары оқу орында емтихан комиссиясы тағайындалады.
Студенттердi екi және одан да көп әскери мамандықтар бойынша даярлайтын әскери кафедраларда емтихандық комиссия әрбір әскери мамандық бойынша шағын комиссияларға бөлiнедi.
Әскери комиссия (шағын комиссия) төрағалары болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлiмдерiнiң (кемелерiнiң), құрамаларының командирлерi, оқу орталықтары мен әскери оқу орындарының офицерлерi тағайындалады. Әскери (күштерде) студенттерден бiтiру емтихандарын қабылдайтын емтихандық комиссияның (шағын комиссия) төрағалары болып студенттердiң оқу жиындары (тағлымдамалары) өткiзiлетiн бөлiмдердiң (кемелердiң) және құрамалардың командирлерi тағайындалады. Олардың құрамына жоғары әскери немесе жоғары арнайы әскери білімi бар және студенттердi әскери даярлау бағдарына сәйкес келетiн мамандығы бар осы әскери бөлiмдер мен әскери кафедралардың офицерлерi кiредi, бұған қоса осы комиссиялар құрамына жоғары оқу орындарының өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн.
Емтихан комиссиясының төрағалары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен тағайындалады.
Жоғары оқу орындарында бiтiру емтиханын өткізу кезiнде әскерлерден (күштерден) тағайындалған емтихан (шағын комиссияның) төрағалары мен мүшелерiне тәулiкақы мен пәтерақы, сондай-ақ барып, қайту жол ақылары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі есебiнен төленедi.
50. Бiтiру емтихандары аяқталғаннан кейiн емтихан комиссиясының төрағасы емтихан комиссиясының дербес құрамы, бiтiру емтиханына жiберiлген және әскери даярлық бойынша бiтiру емтиханын нақты тапсырған студенттер саны жайлы, емтихан қорытындылары, студенттердiң әскери даярлық бойынша оқу бағдарламасын меңгерудегi жақсы жақтары мен кемшiлiктерi көрсетiлген қорытынды есеп жасайды, студенттердi әскери оқытудың сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстар енгiзедi.
Қорытынды есептер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ұсынылады.
Студенттердi запас бойынша офицерлiк құрам
әскери атағын беруге аттестациялау
ҚР Үкіметінің 15.04.96 ж. № 443 қаулысымен 51-тармақ өзгертілді
51. Әскери даярлықтың толық курсы мен әскерде (Әскери-Теңiз Күштерiнде) оқу жиынын (тағлымдама) өткен және әскери даярлық жөнiнде бiтiру емтихандарын тапсырыс, денсаулығы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде офицерлiк лауазымдарда қызмет етуге жарамды деп танылған студент жiгiттер запастағы офицер әскери атағын беру үшiн аттестацияланады. Запастағы офицер әскери атағын беру үшiн аттестацияланатындар әскери комитеттермен келісілген мерзiмдерде медициналық куәландырудан өту үшiн тиiстi әскери-дәрiгерлiк комиссияларға жiберiледi. Медициналық куәландырудан белгiленген мерзiмде өтпеген немесе әскери-дәрiгерлiк комиссиялар әскери қызметке жарамсыз деп танылған студенттер запастағы офицер әскери атағын беру үшiн аттестацияланбайды.
Студент-қыздар оқу орнында әскери-медициналық (арнайы) дайындық курсын өткеннен және әскери медициналық (арнайы) дайындық курсы бойынша емтихан тапсырғаннан кейiн запас бойынша офицерлiк құрам әскери атағын беруге аттестацияланады.
VII. Әскери-патриоттық және бұқаралық-қорғаныс
жұмыстары
52. Әскери кафедралар жоғары оқу орнының қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отырып, студенттерге Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығын түсiндiру және олардың конституциялық парызға адалдығын, қырағылығын, патриоттығы мен интернационалдығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасын қорғауға әзiрлiгi жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және жүргiзедi.
53. Әскери кафедралар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери бөлiмдерiмен, кемелерiмен, әскери оқу орындарымен және әскери комиссариаттармен үнемi байланыста болады, жоғары оқу орындарында бұқаралық-қорғаныс жұмыстарын жүргiзуде қоғамдық ұйымдарға көмек көрсетедi.
VIII. Әскери кафедралардың оқу
материалдық-техникалық базасы
54. Оқу бағдарламаларына сәйкес белгiленген әскери мамандықтар бойынша студенттердiң сапалы даярлануын қамтамасыз етуге арналған материалдық және техникалық құралдар, ғимараттар мен құрылыстар кешенi әскери кафедраның оқу материалдық-техникалық базасын құрайды.
Оқу материалдық-техникалық база студенттермен барлық оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру мен өткізудiң материалдық негiзi болып табылады және ол қазiргi ғылым мен техниканың дамуына сәйкес келуi керек.
55. Әскери кафедралардың оқу материалдық-техникалық базасына: жаттығу қару-жарақтары мен әскери техника, лабораториялық жабдықтар, оқытудың оқу-жаттығу және басқа оқу техникалық құралдары, аспаптар, көрнектi құралдар, аудиториялар, кластар, лаборатория кабинеттерi, кiтапханалар, оқытушылар бөлмесi, лаборанттық, басқа да оқу және қосымша-оқу үй жайлары, жаттығу жүргiзiлетiн далалар, арнайы оқу-жаттығу кешендерi, жаттығу қалашықтары, әскери алаңдары, тирлер, оқу орталықтары (полигондар) мен жалпы әскери және арнайы даярлық мiндеттерiн жүргiзу және оқу жиындарын өткізуге арналған басқа да объектiлер, оқу шеберханалары, автомобиль гараждары, ангарлар, шынжыр табанды машиналарға арналған парктер, айлақтар, техникалық қызмет ету пункттерi, әскери техника, қару-жарақтар, аспаптарды, әскери-оқу және басқа мүлiктердi сақтауға арналған қоймалар, оқулықтар мен құралдары жатады.
Әскери кафедралардың офицерлiк құрамымен командирлiк даярлық жүргiзу үшiн және студенттермен әскери даярлық бағдарламасында көзделген тактикалық жауынгерлiк мiндеттердi пысықтау үшiн кафедралар қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери бөлiмдерi мен әскери оқу орындарының далалық оқу базаларын пайдаланады.
56. Әскери кафедраны жайғастыру оның жоғары оқу орнының басқа кафедралары мен бөлiмшелерiнен бөлек орналасуын және қолданыстағы әскери жарғылары талаптарына сәйкес iшкi тәртiптi ұйымдастыру мен сақтау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi керек. Әскери кафедраға бөлiнген оқу үй-жайлары оқыту бағдарламасының пәндерi (бөлiмдерi) бойынша жабдықталады және студенттердiң әскери даярлығы бойынша оқу сабақтары мен өз бетiмен орындайтын жұмыстары үшiн пайдаланылуы керек.
Әскери даярлық бойынша оқу сабақтарын өткізуге арналған аудиториялар, лабораториялар және басқа оқу үй-жайлары оқу техникалық құралдарымен, жаттығу қару-жарағы мен әскери техниканың табельдiк үлгiлерiмен, аспаптармен, агрегаттармен және макеттермен жабдықталады.
Әскери кафедраға бөлiнген оқу және қосымша оқу үй-жайларының саны мен сыйымдылығы студенттердiң әскери даярлығы бағдарламаларының толық игерiлуiн қамтамасыз етуi керек.
57. Әскери кафедраларды әскери жарғылармен, басшылыққа алынатын құжаттармен, тәлiмдемелермен, нұсқаулықтармен, топографиялық және теңiз қарталарымен, оқулықтармен және шетел әдебиетiмен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң үлес органдары тегiн қамтамасыз етедi.
Басқа оқу әдебиеттерi, көбейткiш, проекциялық аппараттар және есептеу техникасы (компьютерлер) оқу орнының есебiнен алынады.
58. Әскери кафедраларды жаттығу қару-жарағымен, әскери техникамен, әскери оқу мүлкiмен және басқа материалдық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі, сондай-ақ оларды сақтауды, пайдалануды, жөндеу мен есепке алуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Білім министрлігі, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар бірлесiп әзiрлеген нұсқаулықта белгiленедi.
59. Әскери кафедраларды жаттығу қару-жарағымен, әскери техникамен, әскери оқу мүлкi және басқа материалдық құралдармен қамтамасыз ету табельдерiн Қазақстан Республикасы Білім министрлігі және қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволармен бірлесе отырып, Қорғаныс министрлігі әзiрлейдi.
60. Студенттермен қару-жарақ, әскери техникамен және жаттығу жүргiзiлетiн далада практикалық оқу сабақтарын жүргiзу үшiн жоғары оқу орындары өздерi бағынатын министрлiктер мен ведомстволардың қорлары және қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң заттай мүлiктермен қамтамасыз ету органдары арқылы арнайы киім-кешектер алады.
Климаттық жағдайларға байланысты арнайы киім-кешек жинағына: керзi етiктер, пималар, мата күрткелер, мақта кеудеше, кең мақта шалбарлар, техникаға қызмет көрсетуге арналған мақта-мата шалбарлар мен күрткелер, құлақшын-бөркi, пилотка (берет), белдiк, жабық китель және балағы етiкке салынатын мақта-мата шалбарлар, мақта-мата плащ-палаткалар жатады.
Жоғары оқу орындары арнайы киім-кешектi әскери даярлыққа тартылған 10 студентке - 1 жинақ есебiнен 2 жылдық мерзiмге пайдалануға алады. Жоғары оқу орындары әскери даярлықтан кемiнде 250 студент өтiп жатқан әскери кафедраларға 30 арнайы киім-кешек жинағын алады.
61. Әскери кафедралар оқу кино және бейнефильмдерiмен, соның iшiнде құпия, өте құпияларымен, сондай-ақ қысқаша түсiнiктемесi жазылған кинофильмдер каталогтарымен оқу жылы басталғанға дейiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жауынгерлiк даярлық басқармасына жiберiлетiн әскери кафедралардың жылдық өтiнiм-жоспарлары бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң кинопрокат базаларымен қамтамасыз етiледi. Әскери даярлықтан өтiп жатқан студенттерге әскери оқу кинофильмдерiн көрсету, оларды көрсетудiң белгiленген тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады және студенттердi әскери оқыту бағдарламалары көлемiнде жүргiзiледi. Оқу кинофильмдерiн кинопрокат базаларынан әскери кафедраларға жiберу мен қайтарып алу шығындары әскерлердiң жауынгерлiк даярлығына бөлiнген қаржы есебiнен жүргiзiледi. Белгi қойылған кинофильмдер арнайы байланыс (фельдбайланыс) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң фельдегерлiк почта байланысы мекемелерi арқылы жiберiледi немесе құпия құжаттарды жеткізу үшiн белгiленген тәртiппен қолма-қол жеткiзiледi.
IX. Әскери кафедралардағы iшкi қызмет пен
iшкi тәртiп
62. Әскери кафедралардағы iшкi қызмет пен iшкi тәртiп әскери кафедраны орналастыру және оқу процесiн ұйымдастыру ерекшелiктерiн ескере отырып, қолданылып жүрген әскери жарғылардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Әскери кафедраның күн тәртібін әскери кафедра бастығы әзiрлеп, жоғары оқу орнының ректоры бекiтедi.
63. Әскери кафедрада iшкi тәртiптi сақтау үшiн төмендегi құрамда наряд тағайындалады:
а) кафедра бойынша офицерлер қатарына тағайындалатын кезекшi;
б) кафедра бойынша студенттер қатарынан тағайындалатын күндiзгi кезекшi;
в) оқу взводтары бойынша студенттер қатарынан тағайындалатын кезекшiлер;
г) парк бойынша кафедраның қосымша-оқу қызметкерлерi қатарынан тағайындалатын кезекшi.
Өз мiндеттерiн орындау кезiнде iшкi наряд кафедра бастығы бекiткен, қолданылып жүрген әскери жарғылар мен нұсқаулықтарды басшылыққа алады.
Кафедраның орналасу жағдайына, күзеттiң ұйымдастырылуына және жеке құрамның санына байланысты әскери кафедра бастығының бұйрығына сәйкес кафедра және парк бойынша кезекшiлер бір тәулiкке немесе оқу күнiнен тағайындалады.
X. Әскери кафедралардың қызмет iсiн бақылау
64. Әскери кафедралар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрi бекiткен жоспарға сәйкес жан-жақты тексеруден және жұмыстарының жекелеген мәселелерi бойынша тексеруден өтедi. Тексерулер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң комиссияларымен жүргiзiледi. Олардың құрамына қарауында тексерiлетiн жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн.
Әскери кафедраны жан-жақты тексеру 5 жылда бір рет жүргiзiледi. Қанағаттанарлықсыз баға алған кафедралар тексеру жүргiзiлген жылдан кейiнгi жылы қайта тексерiледi.
Әскери кафедраларды тексерудi жүргiзудiң әдiсi мен оларды нәтижелерi бойынша бағалау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әзiрлеген және бекiткен арнайы нұсқаулықпен анықталады.
XI. Құпиялылық режимi және құпия iс жүргiзу
65. Әскери кафедраларда құпия iс жүргiзу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери бөлiмi, ұйымдары мен мекемелерi үшiн белгiленген тәртiппен ұйымдастырылады және жүргiзiледi.
Құпиялық режимiн сақтаудың қажеттi жағдайларын жасауға жоғары оқу орны ректорлары мен әскери кафедралардың бастықтары жауапкершiлiкте болады.
66. Әскери кафедраларда құпия iс жүргiзу мен құпия материалдарды сақтау үшiн құпия бөлiмдер (кiтапханалар) құрылады немесе оқу орындарының құпия бөлiмдерiнен құпия материалдарды сақтауды, есепке алуды және берудi қамтамасыз ету жүктелген арнайы адамдар бөлiнедi.
Құпия бөлiмдердiң қызметкерлерi әскери кафедра бастығына, ал құпия iс жүргiзу бойынша - оқу орындарының құпия бөлiмдерi бастықтарына бағынады.
XII. Қызмет бабында хат алысу және
есептілік
67. Өз өкiлдiгi негiзiнде әскери кафедра бастығына әскери кафедра бланкiсiнде ресiмделетiн қызмет құжаттарына қол қою құқы берiледi. Әскери кафедра бастықтары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Білім министрлігі, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер және ведомстволармен қызмет бабында хат алысуды жүзеге асырады.
Әскери кафедраларды мөрлермен, бұрыштама штамптармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери бөлiмдерi, мекемелерi мен ұйымдары үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
68. Әскери бөлiмдерде жоғары оқу орындары студенттерiмен оқу жиындарын (тағлымдамаларын) және офицерлiк құраммен тағлымдамаларды өткізуге байланысты кезектi күнтiзбелiк жылға жасалған жоспарлар (өтiнiмдер) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн ұсынылады.
69. Әскери даярлық пен әскери бөлiмдерде студенттердiң оқу жиындарын (тағлымдамаларды) өткізу жөніндегі жыл сайынғы баяндамаларды жедел хабарламалар табелiне сәйкес әскери кафедра бастықтары ұсынады.
XIII. Әскери кафедралардың офицерлiк құрамын,
прапорщиктерiн тиiстi үлес түрлерiмен қамтамасыз ету
70. Әскери кафедралардың офицерлiк құрамына (прапорщиктерiне) ақшалай үлестi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң офицерлiк құрамы (прапорщиктерi) адамдары үшiн белгiленген мөлшер және тәртiп бойынша жоғары оқу орындары төлейдi.
Әскери кафедраларда әскери қызметiн атқарып жатқан офицерлiк құрамдағы адамдарға (прапорщиктерге), сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне әскери тасымал құжаттары (жүру жолына ақшалай қаражат) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде әскери тасымалдарды ресiмдеу және олармен есептесу жөніндегі басшылыққа алынатын құжатқа сәйкес жалпы негiзде берiледi.
Оқу орындарының қызметкерлерiне белгiленген тәртiп бойынша әскери кафедраның қосымша оқу қызметкерлерiне еңбек ақыны жоғары оқу орны төлейдi.
71. Әскери кафедраларда әскери қызметiн атқарып жатқан офицерлiк құрам, прапорщиктер мен мичмандар, оларды тиiстi заттай үлес түрлерiмен, тұрғын жаймен медициналық және санаторий-курорттық қызметпен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери бөлiмдерiне, әскери оқу орындары мен мекемелерiне бекітіледi.
Жоғары оқу орындары жанындағы
әскери кафедралар жөніндегі
Ереженiң 38-бабына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 12.08.03 ж. № 803 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
20_____ жылы әскери бөлiмдерде (кемелерде)
студенттердiң оқу жиындарын (тағлымдамаларын)
өткізу жөнiнде берiлетiн
Өтiнiм
┌──────────────┬────────────┬───────────┬────────────────────────────┬────────────────────────────┐
│Мамандық атауы¦Әскери-есеп │Студенттер │Жиындарды (тағылымдамаларды)│Студенттермен өткiзiлетiн │
│ │мамандығының│саны │өткізудiң мерзiмдерi │жиындарға (тағлымдамаларға) │
│ │нөмiрi │ ├─────────┬──────────────────┤жiберiлетiн оқытушылар саны │
│ │ │ │Басталуы │ Аяқталуы │ │
├──────────────┼────────────┼───────────┼─────────┼──────────────────┼────────────────────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │
└──────────────┴────────────┴───────────┴─────────┴──────────────────┴────────────────────────────┘
Барлығы:
Ректор (қолы)
Әскери кафедра бастығы (қолы)
Жоғары оқу орындары жанындағы
әскери кафедралар жөніндегі
Ереженiң 38-бабына
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 12.08.03 ж. № 803 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Бекiтемiн
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерi Бас штабының бастығы
"_____" ____________20___ж.
20____ жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінiң әскери бөлiмдерiнде жоғары оқу орындары
студенттерiнiң оқу жиындарын (тағлымдамаларын) өткізу
жөніндегі
Жоспар
Р/с NN | Оқу орнының атауы | Жиындарды өткізу орны | Жиындарды өткізуге жауапты | Жиындардың (дайындық- тың) түрі | Әскери-есеп есеп маман- дығының аты | Студент- тер саны | Өткiзiлу мерзiмi | Студенттермен жiберiлетiн оқытушылар саны |
| | | | | | | Баста- луы | Аяқта- луы | Ұзақ- тығы | |
| | | | | | | | | | |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң запастағы офицерлердi даярлауға жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң бастығы
"______" ________________20____жыл
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 3 қазандағы
№ 1094 қаулысымен
Бекiтiлген
Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын)
запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша
әскери даярлау туралы
Ереже
ҚР Үкіметінің 12.08.03 ж. № 803 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Күндiзгi (күндiзгi оқу) жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң тәртiптемесi бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлердi даярлау мақсатында ұйымдастырылады.
Бұдан былай: жоғары оқу орындарының студенттерiн
(курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша
(әскери даярлау - "әскери даярлық", жоғары оқу орындарының
студенттерi (курсанттары) - "студенттер", жоғары оқу
орындары - "жоғары оқу орындары" деп аталады.
2. Әскери даярлық Қазақстан Республикасы Білім министрлігінiң, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволардың келісімi бойынша Қорғаныс министрлігінiң ұсынуымен тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда жүргiзiледi.