халықты, әсiресе селолық жерлерде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң арнаулы бағдарламасын жасау және жүзеге асыру;
iшкi еңбек рыногын қорғау және шетел жұмысшылары мен мамандарының еңбегiн пайдалануды шектеу, экономикалық даму бағдарламалары мен шетелдiк фирмалардың қатысуымен жасалған контрактiлердi жергiлiктi халықты жұмыспен қамтамасыз ету және оны қаржыландыру тұрғысында сараптамалау;
бiрыңғай тарифтiк кесте параметрлерiн диапазондарды жоғары маман қызметкерлер санатының пайдасына арттыру жолымен одан әрi жетiлдiру және "ақыл-ойлардың кетуi" процесiн тежеу мақсатында өзектi ғылыми-зерттеу жұмыстарына iрiктелген қолдау көрсету;
алыс және таяу шетелге жұмысшы күшiн экспорттаудың контрактiлiк жүйесiн республикалық еңбек нарығындағы жоғары маман кадрларға деген қажеттiлiктi ескере отырып дамытуға жәрдемдесу;
орналастыру аймақтарының экономикалық мүмкiндiктерi мен жағдайларының негiзiнде иммигранттардың санын квоталау;
ұжымдық шарттар мен келісімдердiң шеңберiнде пәрмендi әлеуметтiк әрiптестiктi заңдық қамтамасыз ету болуы керек.
Орта мерзiмдiк келешектен сыртқарыда орынды құрылымдық алға басушылық себепшi болған жұмысшы күшiнiң экономиканың бiр саласынан екiншiсiне ауысуының негiзiнде жұмыспен қамту құрылымын сапалық өзгертуге жәрдемдесетiн шаралар басым болады.
Жұмыспен қамту саясаты аймақтық, жергiлiктi ерекшелiктерге сай ескерiлiп жүзеге асырылуы қажет.
Жұмыспен аз қамтылған облыстар тобында қосымша жұмыс орындарын құруды, көп еңбектi керек қылатын өндiрiстердi және ауыл шаруашылығынiкiн қоса есептегенде шикiзатты терең өңдеудi орналастыруды қолдайтын саясат басымдықта болады. Еңбек қорларын олардың тұрғылықты жерi бойынша пайдалану, бұл аймақтарда олардың жұмысшы күшiне сұранысы жоғары аудандарға қайта топтасуымен сай келуi керек, ол үшiн жұмысшы күшiн қайта бөлудiң ұйымдасқан аймақтық нысанын жаңғыртқан жөн.
Жұмыспен орташа және жоғары қамтылған облыстар тобында қол жеткен жұмыспен қамту деңгейiн сақтауға, оның тиiмдiлiгiн көтеруге, жұмысшы күшiнiң көзiн iздестiруге, оны басқа жақтардан тартуға, көп еңбектiлiктi төмендетуге бағытталған саясат орынды.
Селолық жерлерде адам ресурстарын бүтiндей алғандағы жұмысшы күшi басым аграрлық секторлардан агроөнеркәсiптiк кешеннiң шеңберiнде құрылмақ экономиканың ауыл шаруашылық емес жаңа секторларына босату саясаты өзектi.
Қалалық жерлерде жұмыспен қамту саясаты үлкен қалаларда бiршама жоғары деңгейдегi жұмыспен қамтуға қолдау көрсетуге, шағын, орташа қалаларда және болашағы бар жұмысшы поселкелерде жұмыспен қамтудың төмендеуi тенденцияларын жеңiп шығуға бағытталуы керек. Көп өндiрiстi қалаларда жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алу инвестициялық белсендiлiктi ынталандырудың, қала құрушы кәсiпорындар өндiрiсiн жаңартудың, жетiлдiрудiң және қайта бейiмдеудiң шағын, орта бизнестi дамыту жолымен бұл аймақтарды көп салалы кешендi дамыту мүдделерiн ескерiп қызмет саласын кеңейтудiң, халықтың өзiн-өзi жұмыспен қамтуы үшiн жағдай туғызудың, сондай-ақ бос еңбек ресурстарын дамушы қалалар, жаңа аймақтар бағытына қайта бөлудiң негiзiнде жұмыспен қамту құрылымын орнықтырумен байланысты болады.
5.2. Жұмыспен қамтылмаған тұрғындарды және жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау
Нарықтық экономиканың жұмыс iстеуi қоғамдық өндiрiстiң барлық қатысушылары үшiн жұмысты жоғалту қаупi - жұмыссыздықпен тығыз байланысты. Жұмыспен қамтылмаған тұрғындар мен жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау мемлекет тарапынан профилактикалық та, реттеушi де сипаты бар белсендi және баяу шаралар жүргiзу жолымен жүзеге асырылады. Оларға: еңбекке орналасуға жәрдемдесу, қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, жұмыссыздық жөнiнде жәрдемақы беру және басқа да әлеуметтiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету жатады.
Еңбекке орналастыруға жәрдемдесу қосымша жұмыс орындарын құруды, толық емес қамтылатын уақытша және маусымдық жұмыстарда қаржылық мүмкiндiктердi ескерiп жұмыс орнын кеңейтудi мемлекет тарапынан қаржыландыруды және ынталандыруды көздейдi.
Кадрларды кәсiби оқыту және қайта даярлау елдi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың, экономика мен аймақтардың маңызды секторларының басымдылығына сүйенiп, білім берудiң түрлi жүйелерiнiң (мемлекеттік, мемлекеттік емес) және мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ әлеуметтiк әрiптестiктiң дамыған жүйесiнiң үйлестiрiлген қызметтерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Құрылымдық-инвестициялық саясаттың белсендiлiгiн арттыру жастарды кәсiби даярлау мен ересек халықты қайта оқытуды ұйымдастыруға тиiстi тәсiлдi талап етедi. Алдын ала оқыту және қайта оқыту жұмыссыздық ауқымының артуын тежеуге ықпал етедi. Осы мақсатта кәсiптiк-техникалық білім беру жүйесiн сақтау және қолдау көрсету, сондай-ақ арнаулы орта және жоғары оқу орындарының мүмкiндiктерiн жұмылдыру өзiн-өзi ақтайды.
Өндiрiсте кәсiби даярлықты ынталандыру басты бағыт болуы қажет. Бұл мақсаттарда өндiрiсте қалыптасқан кадрларды кәсiби оқыту жүйесiн қоюға жол берiлмеу керек. Оны қолдау жұмыс берушiлердiң кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі қызметiн қаржыландыратын арнаулы мақсаттық қорлар құру жолымен жүзеге асырылады.
Қоғамдық жұмыстар жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылады. Қоғамдық жұмыстарды тiкелей ұйымдастырушылар атқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдары болуы керек. Экономикалық құлдырау аймақтарында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үлкен маңызға ие болады. Мұнда қоғамдық жұмыстарды көп еңбектi қажет ететiн жобалары жасалуы керек. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының (бұдан әрi - Қор) және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан, сондай-ақ коммерциялық құрылымдар мен қайырымдылық ұйымдарының жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуын ынталандыруға да, оларға материалдық қолдау көрсетуге де бағытталған қаражаттарын тарту жолымен жүзеге асырылуы қажет.
Тұжырымдама мөлшерi басқа әлеуметтiк нормативтер мен кепiлдiктердiң белгiлi арақатынасында белгiленетiн және өзгеретiн жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны төлеудiң қолданылып жүрген принципiн белгiлi бiр уақытқа сақтаудың ақылға қонымдылығы негiзiнде жасалды. Бұл жағдайда жұмыссыздардың жұмыс iздеудегi белсендiлiгiн, оның кәсiби және аумақтық ұтқырлығын арттыру мақсатында жұмыссыздық жөнiнде жәрдемақы төлеудiң мөлшерi саралануы қажет. Жас адамдарға, олардың жаңа мамандықтар алуға бағдарлануын және әзiрлiгiн ескерiп жұмыссыздық жөнiнде жәрдемақы алу құқығына өлшем белгiлеу тетiгi айрықша өзектiлiкке ие болады.
Алдағы уақытта экономикалық өсу және өмiр сүру деңгейiнiң арту мөлшерi бойынша жәрдемақы мөлшерi қызметкерлердiң жұмыссыздық жөніндегі сақтандыру қорына төлейтiн жарнасына тiкелей байланысты болуына сәйкес ыңғай жүзеге асырылуы мүмкiн.
Жұмыспен қамту саясаты халықтың әлеуметтiк-әлсiз топтарына қатысты алғашқы кезеңде қолданылып жүрген нормативтердi (жұмысқа қабылдау бойынша квота) олардың төмендету жағына қайта қарауды, сонан соң экономикалық өсу мөлшерi бойынша - оларды арттыруды көздейдi. Мүгедектердiң қоғамдық ұйымдарына және олардың кәсiпорындарына, олардың көмегiмен қосымша жұмыс орындарын құру, мүгедектерге әлеуметтiк және еңбектiк оңалту жүргiзу мақсатында мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады, жұмыс орындарын квоттау жөнiнде нормативтер белгiлеу жөнiнде тетiк жетiлдiрiлетiн болады.
5.3. Мемлекеттік институттар және олардың жұмыспен қамту саласындағы өзара iс-қимылы
Жұмыспен қамту саясаты кәсiподақтардың қатысуымен өкiметтiң заң шығарушы, атқарушы органдарының, жұмыс берушiлердiң бiрлескен күш-жiгерiмен қалыптастырылады және жүзеге асырылады.
Үкiмет, оның экономикалық, қаржы, білім беру органдары және салалық министрлiктер жұмыспен қамту саласында ортақ экономикалық саясатты жүргiзедi және жүзеге асырады. Еңбек рыногында өзара әрекет етушi тараптар мүдделерiнiң келісілуi тәртібін белгiлейдi, оны реттеудiң тетiгiн нормативтiк актiлермен айқындау арқылы сұраным және ұсыныс балансын ұстап тұруға жәрдемдеседi.
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі мен Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi басқа да мемлекеттік өкiмет органдарымен, жұмыс берушiлермен және қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылда жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қолдау мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігінде осы мақсатта аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық және демографиялық дамытудағы аймақтық ерекшелiктердi, жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейiнiң саралануын ескеретiн және аймақтық және жеке еңбек нарығындағы шиеленiскен жағдайлар кезiнде қордың қаражаттарын қайта бөлудiң қажеттiлiгiн көздейтiн, республика халқын жұмыспен қамтуға көмектесетiн бағдарламалық шаралар жасалуда.
Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметiн, оның аймақтық және жергiлiктi органдарын онан әрi дамыту бұл мiндеттердi жүзеге асыруға қажеттi шарт болып табылады. Еңбек нарығындағы жағдайлардың өзгеруiн ұқсас және жедел реттеу оның материалдық базасын нығайту, компьютерлендiру және технологиялық жарақтандыру, статистикалық және ақпараттық-анықтамалық жүйелердiң қалыптасуы, еңбек нарығының мониторингi негiзіндегі жұмыспен қамту қызметiнiң белсендi қызметiмен қамтамасыз етiледi. Жұмыс күшiне сұраныс (бос орындар) туралы ақпараттар және халықты хабарландыру және жұмыс берушiлердiң бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұсыныстары жөніндегі жұмыстар күшейтiлуде. Үкiметке, оның экономикалық, қаржы, білім беру органдарына жұмыспен қамту саласы мен республиканың еңбек нарығындағы жағдайлар және оларды реттеу жөніндегі қолданылған шаралар туралы үнемi ақпарат ұсынылады.
Жұмыспен қамту қызметi жұмысының тиiмдiлiгiнiң өлшемi оның еңбек нарығын қалыптастырудағы және реттеудегi ролiнiң артуы, жұмыспен қамтылудың өсуiне және жұмыссыздықты қысқартуға жәрдемдесу дәрежесiнiң жоғарылауы болып табылады. Аймақтық жұмыспен қамту қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың еңбекпен қамтылмаған тұрғындарды еңбекпен қамту қызметi арқылы еңбекке орналастыру коэффициентi, жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы, ұзақ мерзiмдiк жұмыссыздықтың деңгейi, еңбекпен қамту саясатын жүзеге асыру кезіндегі белсендi және баяу шаралардың арақатынасы, бiр жұмыссызға жұмсалатын қаржы шығыны, жұмыспен қамту қызметi қызметкерiне жүктелетiн ауқымы және басқалар сияқты қызмет индикаторларына негiзделген жүйесi енгiзiлетiн болады.
Республиканың барлық облыстарының аумақтарында халықты жұмыспен қамтудың үлгiлiк орталықтарын құрған жөн.
Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi кезең-кезеңмен мемлекеттік бюджеттiң есебiнен қаржыландыруға көшiрiледi.
Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жұмыспен қамтылу факторын ескерiп әлеуметтiк-экономикалық қайта өзгерту жүргiзiледi, жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын жасайды және жүзеге асырады, нашар қорғалған санаттарды жұмысқа қабылдаудың квоталарын белгiлейдi, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
Кәсiпорын меншiк нысанына қарамастан жұмыс орындарын құру негiзiнде жұмыспен қамту саясатының жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, еңбекпен қамту қорын құруға қатысады, кадрларға деген сұранысты жарнамалайды.
5.4. Заңдық, әдiстемелiк қамтамасыз ету
Тұжырымдаманың ережелерi Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерiнiң негiзiнде жұмыспен қамту және жұмыссыздық салаларында заңдылықты жетiлдiрудiң қажеттiлiгiне және мақсаттылығына сүйенiп жасалды. Бұл бiрiншi кезекте еңбек туралы заңдар кодексiне, "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақ ССР-iнiң Заңына қатысты.
"Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақ КСР-i Заңын жетiлдiрудiң мүмкiн болатын бағыттары:
жұмыссызды анықтаудың "еңбекке қабiлеттi жас" өлшемi ескерiлген неғұрлым нақты тәсiлi;
жұмыс iздеудегi белсендi позиция тұрғысында жұмыссызға қатаң талап;
жұмыссыздарды тiркеудiң және жұмыссыздық жөнiнде жәрдемақы есептеудiң жүйесiн жеңiлдету;
еңбек тәртібін бұзғаны үшiн, өз еркi бойынша бұрын жұмыстан шығарылған жұмыссыздар үшiн жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны төлеу мерзiмiне шектеудi бәсеңдету;
жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдау жүйесiн жасау өлшемдерiн анықтау;
жұмыссыздарға жәрдемақы мен стипендиялар есептеу базасын өзгерту;
жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдауға сараланған қадам жасауды (еңбек стажының өлшемдерiн ескерiп жәрдемақы және стипендия есептеу) қамтамасыз ету;
жұмыс берушiлерге олардың мемлекеттік жұмыспен қамтамасыз ету қызметiне бос жұмыс орындары (бос орындар) туралы ақпараттар беру тұрғысында талапты қатайту.
Мынадай жаңа заң жобаларын әзiрлеу қажет:
ерiктi қоныс аудару туралы, қоғамдық жұмыстар туралы, шағын және орта бизнес туралы, жұмыс орындарын квоталау туралы, кәсiптiк оқу туралы, шетел жұмысшы күшiн пайдалану туралы.
Мынадай жаңа әдiстемелер әзiрлегенi орынды:
еңбек нарқындағы жағдайға баға беру және болжамдау жөнiнде;
жұмыссыздықтың табиғи деңгейiн айқындау жөнiнде;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен мемлекеттік жұмыспен қамту қызметiнiң тиiмдiлiгiн айқындаудың аймақтық бағдарламаларын жасау жөнiнде;
болашақта мамандарды кәсiптiк даярлау қажеттiлiгiн айқындау тетiгi жөнiнде.
Реформалау мен экономикалық өсу мiндеттерiн шешудiң негiзгi iс-қимылын шаруашылық жүргiзудiң аймақтық деңгейiне көшiру жұмыспен қамту қорының қаражатын белгiлi бiр (нормативтiк) арақатынаста республикалық және аймақтық (облыстық) қорларға бөлудiң объективтi қажеттiлiгiн тудырады. Бұл жұмыспен қамту саясаты мен жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдауды жүзеге асыру жергiлiктi өкiмет органдарының жауапкершiлiгiн арттыруға мүмкiншiлiк бередi. Сондай-ақ мұнда халықты жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейіндегі аймақтық айырмашылықтардың тiгiсiн жатқызу мақсатында жұмыспен қамту қорының қаражатын белгiлi бiр қайта бөлу мүмкiншiлiгi сақталады.
6. Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына
көшу
Жұмыспен қамту мен жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекеттік жүйесiн Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) белгiлi Конвенциясынан туындайтын халықаралық стандарттар мен өлшемдерге көшiру қажет. Дегенмен мұндай көшiру бiр-ақ сәтте жүзеге асырылуы мүмкiн емес, өйткенi елде тиiстi статистикалық байқау ұйымдастыру, зерттеулердiң нәтижелерiн жедел өңдеп, олардың ай сайындық және тоқсан сайындық жүйесiн жолға қою үшiн белгiлi бiр уақыт талап етiледi.
Тұжырымдама халықаралық стандарттарға кезең-кезеңмен көшуге негiзделедi. Бiрiншi кезеңде, тұжырымдаманы қабылданғаннан бастап ХЕҰ қабылдаған санаттар мен ұғымдарға тез көшкен орынды, оларды айқындау мен есептеуге қол жеткізу, заңдар мен әдiстемелерге тиiстi өзгерістер енгізу қолданылып жүрген статистиканың негiзiнде мүмкiн. Атап айтқанда, қолданылып жүрген "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақ ССР-iнiң Заңына жұмыспен қамту саясатының айналысы мен тетiгiне экономикалық белсендi халық (жұмыс күшi), жұмыспен толық қамтылу, жұмыспен толық емес қамтылу, жұмыссыздар, жұмыссыздықтың табиғи деңгейi, еңбек нарқындағы шиеленiс коэффициентi және жаңа жағдайларда халықты жұмыспен тұрақты қамтуға қатысты қамтамасыз етудiң проблемаларын зерттеу мен шешудiң ыңғайларын жүзеге асыру мүмкiн емес басқа да санаттарды, ұғымдар мен терминдердi енгiзiп азаматтар мен жұмыссыздықтардың жұмыспен қамтылуын айқындауды нақтылайтын өзгертулер енгізу қажет. Кейiн екiншi кезеңде еңбек нарқындағы үнемi өзгерiп тұратын жағдайда тиiсiнше көрсетуге қабiлеттi жаңа статистикалық инфрақұрылым құру шамасына қарай деректердi ХЕҰ стандарттарына сәйкес келтiре отырып оларды жинау, өңдеу және есептеудiң әдiстемесi мен практикасын нақтылау мүмкiн болады.
Жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі тиiстi заңдар мен басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлеудi көздейдi. Оларды қабылдау мен жүзеге асыру өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға, республиканы әлеуметтiк-экономикалық дамыту мен реформаларды жүргiзудiң жалпы бағытын жүзеге асыру саласында стратегиялық мақсаттарға сәйкес халықты жұмыспен қамту проблемаларын мақсатты, жүйелi және кешендi жүзеге асыруға мүмкiншiлiк бередi.