«Кәсiпорынддар мен ұйымдарға өз меншiгіндегі айналым қаржыларын
толықтыруға бөлiнген кредиттердi бөлу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 7 қаңтардағы
№ 19 қаулысы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өз меншiгіндегі айналым қаражатын және материалдық құндылықтарының өндiрiстiк қорларын толықтыруға арналған қосымша несие эмиссиясы туралы" 1992 жылғы 23 желтоқсандағы № 1801 қаулысын жүзеге асыру, 1993 жылы өнiм берiп тұруда өзара есеп айырысуды және сауда-экономикалық қатынастарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдарға өз меншiгіндегі айналым қаржыларын толықтыруға мақсатты мемлекеттік кредит берудiң тәртібі (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн.
2. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi облыстық қаржы басқармалары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкi облыстық басқармаларын қатыстыра отырып, бiр ай мерзiмде меншiк нысанына қарамастан айналым қаржыларын толықтыру үшiн кредитке мұқтаж кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесiн анықтап, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне өтiнiм тапсырсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне:
коммерциялық банктерге жылдық үш процентке мемлекеттік iшкi борыш пен бюджет тапшылығын жабуға және кәсiпорындар мен ұйымдарға өз меншiгіндегі айналым қаржыларын толықтыру үшiн жылдық жиырма бес процентке мақсатты мемлекеттік кредит беруге арналған кредит ресурстарын берудi қарастыру;
осы ретте берiлген кредиттi материалдық игiлiктер қоры мен өндiрiс шығындарын төлеуге, салааралық және мемлекетаралық есептер бойынша қарыз берешегiн, уақыты өткен қарыздары, сондай-ақ тауар-материалдық игiлiктерге берiлген қарыздар бойынша берешектi жабуға жұмсау тиiмдi екенiн ескерiп, айналым қаржыларын толықтыруға нысаналы кредит беру мен жабу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды тапсыру ұсынылсын. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң осы қаулысына сәйкес мемлекеттік кәсiпорындардың өз меншiгіндегі айналым қаржыларын толықтыруына бөлiнетiн кредиттер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кепiлдiгiне, ал меншiктiң мемлекеттік емес нысандағы кәсiпорындарға өз меншiгіндегі айналым қаржыларын толықтыруға арналған кредиттердi коммерциялық банктер кредит алған кәсiпорындардың тиiстi кепiлдiгi бойынша беретiн болады;
коммерциялық банктердiң өз меншiгіндегі айналым қаржылары мен мiндеттемелерiнiң арасындағы нақтылы ара салмағын анықтаған кезде осы қаулыға сәйкес бөлiнетiн мақсатты мемлекеттік кредиттердi есепке алмау ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкiмен меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың айналымдағы қаржыларын толықтыруға кредиттер беру үшiн арнаулы кредит желісін ашу туралы Келісім жасасын, онда жекелеген мемлекеттік кәсiпорындар белгiленген мерзiмде қарыздарын қайтармаған жағдайда бюджет қаржысы есебiнен кредиттiң орнын жабуға кепiлдiк беру көзделсiн;
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкiне 1993 жылы Ресей Федерациясының проценттiк саясаты өзгерген жағдайда қазiргi қолданылып жүргенi мен жеңiлдiктi процент ставкалары арасындағы айырманы өтеудiң көздерiн қарастырсын.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне кәсiпорындар мен ұйымдардың айналымдағы қаржыларын толықтыруға алған мақсатты мемлекеттік кредитiнiң орнын жабуының барысы туралы жарты жылда бiр реттен сиретпей мәлiмдеп тұратын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 7 қаңтардағы
№ 19 қаулысына
қосымша
Кәсiпорындар мен ұйымдарға айналым қаржыларын
толықтыру үшiн мақсатты кредит беру
ТӘРТІБІ
Кәсiпорындар мен ұйымдарға* меншiк нысанына қарамастан айналым қаржыларын толықтыру үшiн мақсатты кредит олардың қаржы жағдайын және қарызға алынған қаржының қайтарымдылығын ескере отырып берiледi.
Меншiктi айналым қаржыларын толықтыруға мұқтаж кәсiпорындардың тiзбесiн қаржы органдары Ұлттықмембанктiң облыстық басқармаларының келiсуi бойынша айналым қаржыларын толықтыруға арналған мемлекеттік кредиттегi қажеттiлiк анықтама-есеп негiзiнде жасайды және облыс әкiмдерiнiң қарауына табыс етiледi. Осы тiзбелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне 1993 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрмейтiн мерзiмде өтiнiмдер (тiзбелердi қосып) жiберiледi.
1992 жылғы 6 қаңтардағы жағдай бойынша жүргiзiлген материалдық игiлiктердi түгел бағалау сомасының бiр бөлiгiн қайтарып алу, сондай-ақ тұтынылатын материалдық ресурстар бағасының одан әрi қымбаттауы нәтижесiнде пайда болған айналымдағы жетiспейтiн қаржы кредиттеу объектiсi болып табылады.
Айналым қаржыларын толықтыруға арналған кредитке мұқтаждық 1992 жылдың басындағы бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша ағымдағы жылы бағалар мен тарифтердi көтеруге байланысты кредиттелмеген запастар мен шығындар құнына арттырылған, "Бағаны ырықтандыруға байланысты өнiмдер мен тауарларға қайта бағалау жүргiзу туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., № 1, 8-бап) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 3 қаңтардағы № 4 және "Энергия ресурстарының және өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерiнiң бағасын мемлекеттік реттеу туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., № 22, 349-бап) 1992 жылғы 1 маусымдағы № 484 қаулыларына сәйкес айналым қаржыларын толықтыруға арналған қаржы сомасына кемiтiлген сома ретiнде анықталады.
Кредиттi коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Үкiмет бөлетiн кредиттiк ресурстар есебiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкiсi арқылы екi жылдық мерзiмге бередi. Тiзбеге енгiзiлген кәсiпорындар бойынша айналым қаржыларын толықтыруға арналған кредиттiк ресурстарды бөлудi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң және оның аймақтық құрылымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкiсi жүзеге асырады және кредит ресурстарын беруге арнап бас, дербес коммерциялық банктермен жасалған шарт арқылы ресiмделедi. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi рұқсат еткен шеңберде бiрiншi кезекте мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдар кредиттiк ресурстармен қамтамасыз етiледi.
Мақсатты кредит кәсiпорынның анықтама-есебiнде анықталған мөлшерде (нысаны қоса берiлiп отыр) қызмет көрсететiн банк мекемелерi арқылы, кәсiпорын пайда мен басқа да меншiктi қаржыларын аталған кредиттi өтеуге жұмсау туралы мiндеттеме тапсырған жағдайда берiледi. Анықтама-есептi және кредиттi өтеуге арналып жұмсалатын меншiктi қаржы мөлшерiн кәсiпорын облыстық қаржы басқармасымен немесе оның тапсыруы бойынша басқа қаржы органдарымен алдын ала келiседi. Жекелеген кәсiпорындар бойынша аталған мәселелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсуге жатады. Мұндай кәсiпорындардың тiзбесiн Қаржы министрлігі анықтайды.
Айналым қаржыларын толықтыруға арналған кредиттi алу, оны өтеу шарттары, проценттiк ставка мөлшерi, сондай-ақ кепiл шарттары банкпен және кәсiпорынмен жасалған келісімде көзделедi.
Егер айналым қаржыларын толықтыруға арналып берiлген кредит толық өтелгенге дейiн мемлекеттік кәсiпорынды жекешелендiру туралы шешiм қабылданатын болса, онда банк мекемесi алынған кредиттi осы кәсiпорынның қаржысы есебiнен мерзiмiнен бұрын өтеу жөнiнде шаралар қолданады.
Банк мекемелерi ай сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне немесе облыстық қаржы басқармасына (кредит алуға арналған анықтама-есеп келісілген органға байланысты) өтеудi уақтылы қамтамасыз етпеген кәсiпорындарын бөлек көрсете отырып, мемлекеттік кәсiпорындардың кредиттi өтеу барысы туралы ақпарат табыс етедi.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салыстырмалы бағалау бойынша өткiзiлген өнiм (жұмыс, қызмет) көлемiнiң өсуiнен гөрi тұтыну қоры шығындарының басым өсуiне жол берген кәсiпорынның банк кредитiн мерзiмiнен бұрын өтеуi туралы шешiм қабылдай алады.
Келісімде белгiленген мерзiмдерде кредиттiң өтелуiн қамтамасыз етпеген кәсiпорынға қазiргi заңдарда көзделген мүлiктiк жауапкершiлiк шаралары қолданылады.
-------------------------------------------------------------
(кәсiпорынның толық атауы, оның бағыныстылығы, мекен-жайы)
--------------------------------------------------------------
(банкiсіндегі есеп айырысу шоты N_____)
АНЫҚТАМА-ЕСЕП
(мың. сом)
1. 1992 жылдың 1 қаңтарындағы кредиттелмеген материалдық-тауар запастары мен шығындар (бухгалтерлiк баланс, 170 жолдан төмендегi жолдарды азайтқаннан қалғаны: 130-болашақ кезеңдер шығындары, 171-жолда жүрген запастар мен тауарлар, 420-арзан бағалы және тез тозатын заттардың тозуы, 490-өткiзiлмеген тауарлар бойынша сауда үстемесi және 600-217 жол бойынша есепке алынған запастар мен шығындарға қатысты бөлiгіндегі қысқа мерзiмдi кредиттер).
2. 1992 жылдың 1 қаңтармен салыстырғанда есеп жасалған сәттегi негiзгi тұтынылатын материалдық ресурстарға қойылған баға индексi*.
Осы кәсiпорын үшiн жиынтық баға индексi статистика органдары жекелеген баға индекстерiн белгiлейтiн тауар-материалдық игiлiктер қалдықтарының топтамалық құрылымына және кәсiпорынның жалпы запасы көлеміндегі аталған запастар тобының үлес салмағына сүйене отырып анықталады. Статистика органдарында шикiзат пен материалдардың жекелеген түрлерiне қойылған бағалар индексi туралы деректер болмаған жағдайда, аталған индекс кәсiпорынның төлем құжаттарымен расталған баға өзгерiсi туралы деректер бойынша анықталуы мүмкiн.
3. Баға индексiн ескере отырып 1992 жылдың 1 қаңтарындағы тауар-материалдық игiлiктер мен шығындардың есептi запастары (1 жол х 2 жол).
4. Тауар-материалдық игiлiктер мен шығындардың индекстеу сомасы (3 жол - 1 жол).
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 3 қаңтардағы № 4 және 1992 жылғы 1 маусымдағы № 484 қаулыларына сәйкес меншiктi айналым қаржыларын толықтыруға жұмсалған тауар-материалдық игiлiктер мен шығындарды түгел бағалаудың нақты сомасы.
6. Айналым қаржыларын толықтыруға арналған қаражатқа деген мұқтаждық (4 жол - 5 жол).
7. Айналым қаржыларын толықтыруға жұмсалатын кәсiпорындардың меншiктi көздерi (ажыратылып көрсетiледi).
8. Қаражаттың жетiспеушiлiгi (6 жол - 7 жол).
9. Айналым қаржыларын толықтыруға арналып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң органдары бекiткен мақсатты мемлекеттік кредит мөлшерi (8 жолдан аспайды).
Кәсiпорын басшысы
Бас бухгалтер
Келісілген: облыстық қаржы басқармасының бастығы