антибаллистикалық қалқандар және олар үшін арнайы
жобаланған компоненттер;
с. Адам үшiн арнайы жобаланған аяқ кісендерi, қол кiсендерi,
шынжырлар мен электр азаптағыш белдеулер;
Бұған мыналар кiрмейдi:
Кiсендер, олардың тұйықталған күйiндегі ең жоғары мөлшерi 240
мм-нен аспайды;
d. Заттарды iстен шығаруға пайдаланылатын, тәртiпсiздiктерге
қарсы күреске арналған жылжымалы қондырғылар және оларға
арналған мамандандырылған компоненттер;
е. Су пушкалары және оларға арналған компоненттер;
f. Басып алу әрекетінен электрлiк қорғаумен жарақтау үшiн
арнайы жобаланған немесе модификацияланған тәртіпсiздiктерге
қарсы күреске арналған көлiк құралдары, осы мақсат үшiн арнайы
жобаланған немесе модификацияланған олар үшiн компоненттер;
g. Тәртiпсiздiктерге қарсы күреске немесе электрмен естен
тандыруға (электр шоқпарларын, электрмен естен тандыру
қалқандарын, инемен ататын, электрмен құрбандықты жоятын
разрядниктер мен мылтықты (тазерлер қоса алғанда) арналған
қолда ұстап жүретiн қондырғылар және осы мақсатқа арнайы
жобаланған немесе модификацияланған олар үшiн компоненттер.
ӘМ22 Технология бойынша жалпы ескертулерге сәйкес, ӘМ.7 және
ӘМ18-тармақтарға сәйкес бақыланатын "технологияларды
"қоспағанда, осы Тiзiмде көрсетiлген бұйымдарды "әзiрлеу",
"өндiру" немесе "қолдану" үшiн арнайы әзiрленген немесе
модификацияланған "технологиялар".