ғарыш кемелерiне арналған құтқару парашюттерi;
6. Жақындату үшiн пайдаланылатын парашюттер және тежегіштi
қондыру парашюттерi;
7. Әскери мақсаттағы басқа да парашюттер;
і. Парашюттерде жүктердi тастау үшiн ұшырудың автоматты жүйесi;
оттегілiк жабдықты қоса алғанда, кез келген биiктiкте
парашюттердi басқарылатын ашумен секiру үшiн әскери мақсатқа
арнайы құрастырылған немесе модификацияланған жабдық.
ӘМ11 Бақылануы осы Тiзiмде көзделмеген, әскери мақсат үшiн арнайы
құрастырылған электронды жабдық және олар үшiн арнайы
құрастырылған компоненттер.
ӘМ12 Жоғары жылдамдықты кинетикалық энергияны пайдаланатын төменде
санамаланған қару-жарақтар жүйесi, iлеспе жабдық пен олар үшiн
арнайы құрастырылған компоненттер:
а. Кинетикалық энергияны пайдаланатын, нысананы атып түсiруге
немесе оның тапсырманы орындауына кедергілер жасау үшiн оған
әсер етуге арнайы құрастырылған қару-жарақтар жүйесi;
b. Арнайы құрастырылған сынақ жасау және тест өткізу құралдары,
сондай-ақ кинетикалық энергияны пайдаланатын снарядтар мен
жүйелердiң динамикалық сынақтарын жүргізуге арналған
диагностикалық жабдық пен мақсаттарды қоса алғанда сынақ
модельдерi.
Ерекше ескерту: калибрлi оқ-дәрілер немесе тек химиялық
ракеталық отын пайдаланылатын қару-жарақтар
жүйесiне, сондай-ақ оларға оқ-дәрiлерге
қатысты. ӘМ1-нен ӘМ4-ке дейiнгi тармақтарды
қараңыз.
ӘМ13 Төменде санамаланған бронды немесе қорғанышты жабдық
конструкциялар мен компоненттер:
а. Мынадай бронды пластиндер:
1. Әскери стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес
әзiрленген; немесе
2. Әскери мақсатқа жарамды;
b. Металлдан немесе металл емес материалдардан жасалған әскери
жүйелердi баллистикалық қамтамасыз ету үшiн арнайы
құрастырылған конструкциялар немесе олардың комбинациялары;
с. Әскери каскалар;
мыналардан басқа:
а. модификацияланбаған жабдықталмаған және оларға қандай да
бiр болмасын құрылғылар орнатуға арналмаған кәдiмгі болат
каскалар;
b. Әскери стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес
әзiрленген, немесе баламды бронкеудешелер мен қабатты
қорғаныштық костюмдер, немесе олар үшiн арнайы
құрастырылған компоненттер, бұған мыналар кiрмейдi:
жеке қорғануға арналған костюмдер немесе бронкеудешелер
және азаматтық тұтынушылар пайдаланатын оларға аксессуарлар.
ӘМ.13.1 ӘМ13.а., ӘМ13.d. және ӘМ13.с. тармақтарда көрсетiлген "тауарлар"
үшiн арнайы құрастырылған компоненттер.
ӘМ14 Әскери даярлыққа арналған немесе әскери сценарийлердi
имитациялауға арналған мамандандырылған жабдық және ол үшiн
арнайы құрастырылған компоненттер мен аксессуарлар.
ӘМ.14.1. ӘМ14-тармақта көрсетiлгеннен басқа, ӘМ1, ӘМ.1.2. немесе ӘМ
2-тармақтарда көрсетiлген кез келген қару-жарақты немесе атыс
қаруын пайдалануда имитациялық аппаратура, ол үшiн арнайы
құрастырылған компоненттер мен аксессуарлар;
ӘМ15 Әскери мақсатқа арнайы құрастырылған көру ақпаратын немесе қарсы
әрекеттi алуға арналған аппаратура және ол үшiн арнайы
құрастырылған компоненттер мен аксессуарлар:
а. Бейнелердi өңдеуге арналған жазатын құрылғылар мен аппаратура;
с. Камералар, фотографиялық жабдық пен таспаларды өңдеуге
арналған жабдық;
d. Электр оптикалық түрлендiргiштер;
е. Инфрақызыл немесе жылулық көрiнулер аппаратурасы;
f. Радиолокациялық станциялар мен комплекстер;
g. ML15.а. - ML.15.е.-тармақтарына сәйкес бақылануға жататын
жабдық үшiн радиолық қарсы әрекет және радиолық қарсы
әрекетпен күрес жабдығы.
Бұған мыналар кiрмейдi:
"бiрiншi буынның электронды-оптикалық түрлендiргіштерi" немесе
тек "бiрiншi буынның электронды-оптикалық түрлендiргiштерi" бар
немесе оны ұстауға қабiлеттi болатындай етiп арнайы құрастырылған
жабдықтар.
Ерекше ескерту: "бiрiншi буынның электронды-оптикалық
түрлендiргiштерiмен" жарақтандырылған қару
нысаналарына қатысты, ӘМ1, ӘМ2, ӘМ3-тармақтарды
қараңыз.
ӘМ16 Шыңдамалар, құймалар және басқалар, iшiнара өңделген өнiмдер,
пайдалануға жататын бұйымдарда пайдалануында материалының
құрамы, геометриясы немесе функциясы бойынша орнатылуы мүмкiн,
осы Тiзiмнiң ӘМ1 - ӘМ4, ӘМ6, ӘМ9, ӘМ10, ӘМ12 немесе ӘМ9
-тармақтарға сәйкес бақылануға жататын қандай да бiр болмасын
бұйымдар үшiн арнайы әзiрленген.
ӘМ.16.1. ӘМ4.1. немесе ӘМ.1.2. - тармақтарға сәйкес бақылануға жататын
бұйымдар үшiн арнайы жобаланып әзiрленген поковкалар, құймалар
және басқа да iшiнара өңделген өнiмдер.
ӘМ17 Төменде санамаланған түрлi жабдықтар, материалдар, кiтапханалар
және олар үшiн арнайы құрастырылған компоненттер:
а. Суда сүңгу жұмыстары мен су астында жүзеге арналған мынадай
дербес аппараттар:
1. Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған (мысалы, магниттi
еместерден әзiрленген) тұйық немесе жартылай тұйық тізбектi
тыныс алу аппараттары (ауаны қайтадан пайдаланатын);
2. Әскери мақсат үшiн тұйық тiзбектi аппараттарды қайта
бейiмдеу мақсатында пайдалануға арналған арнайы
құрастырылған компоненттер;
3. Тек суға сүңгу жұмыстары және су астында жүзуге
арналған дербес аппараттармен әскери мақсат үшiн арналған
бұйымдар;
b. Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған құрылыс жабдығы;
с. Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған, бүркенiшсiздік
белгiлерiн басып тастауға арналған арматура, жабын және
құралдар;
d. Ұрыс қимылдары аймағында пайдалану үшiн арнайы құрастырылған
саперлiк жабдық;
е. Мынадай сипаттамалардың кез келгенiне ие "роботтар",
"роботтардың" контролерлерi және "роботтардың"
"манипуляторлары":
1. Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған;
2. Сырттан баллистикалық жарықшақтардың тесуiнен
гидравликалық желiлердi қорғау құралдарымен жарақталған
0
(мысалы, өзi тартатын желiлер) және 839 К (566 С) астам
тұтану температурасы бар гидравликалық сұйықтарды
пайдалану үшiн арналған; немесе
3. Импульстiк электр магнитті өрiс жағдайындағы жұмысқа
арнайы құрастырылған немесе есептелген;
f. Осы Тiзiммен бақыланатын жабдықпен бiрлесiп әскери пайдалану
үшін арнайы құрастырылған кітапхана (техникалық
параметрлердiң деректерi базасы);
g. "Ядролық реакторларды" қоса алғанда, әскери мақсат үшiн
арнайы құрастырылған ядролық энергетикалық қондырғылар
немесе атомдық күш қондырғылары және олар үшiн әскери
мақсатқа арнайы құрастырылған немесе модификацияланған
компоненттер;
h. Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған, осы Тiзiмде
көрсетiлмеген тән сипаттарды басып тастауға арналған
жабылған немесе арнайы өңделген "тауарлар" немесе
материалдар;
і. Әскери "ядролық реакторлар" үшiн арнайы құрастырылған
тренажерлер;
j. Әскери техникаға қызмет көрсету үшiн арнайы құрастырылған
ұтқыр жөндеу шеберханалары;
k. Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған далалық генераторлар;
және
l. Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған контейнерлер.
Техникалық ескерту:
ӘМ17 - тармағындағы "кiтапхана" терминi (техникалық
параметрлердiң деректер базасы) пайдаланылуы әскери жабдықтың
немесе жүйелердiң пайдаланылу сипаттарын жақсарта алатын
әскери мақсаттағы техникалық ақпараттардың жиынтығы ұғынылады.
ӘМ.17.1 Әскери мақсат үшiн арнайы жобаланған немесе модификацияланған
көпiрлер, понтондар және салдар және олар үшiн әскери мақсат
үшiн арнайы жобаланған немесе модификацияланған компоненттер.
ӘМ18 Осы Тiзiмде көрсетiлген өнiмдер өндiруге арналған жабдық және
"технологиялар" (конструкциялауды, тексерудi, дайындауды, тест
жүргізудi және сынақтан өткізудi қоса алғанда);
а. Осы Тiзiмде көрсетiлген бұйымдарды "өндiру" үшiн арнайы
құрастырылған немесе модификацияланған "өндiрiстік", "жабдық"
және олар үшiн арнайы құрастырылған компоненттер;
b. Қоршаған ортаны бақылаудың арнайы құрастырылған техникалық
құралдары және осы үшiн арнайы құрастырылған осы Тiзiмге
сәйкес бақылануға жататын бұйымдарды сертификаттауға,
сыныптауға немесе тест жүргiзуге арналған жабдық;
с. Нақты "өндiрiстiк" "технология", егер осындай "технология"
пайдаланылуы тиiс жағдайдың өзiнде, бақылануға жатпайды;
d. Компоненттердi жобалауға, жинауға арналған "технологиялар",
егер тiптi компоненттердiң өзi бақылануға жатпаса да, осы
Тiзiмге сәйкес бақылануға жататын бұйымдарды өндiруге арналған
бүкiл "өндiрiстiк" жабдықты пайдалану, техникалық қызмет
көрсету және жөндеу.
ӘМ18.1. Осы Бөлiмге сәйкес бақылануға жататын әскери мақсаттағы
"тауарларды" "әзiрлеу" немесе "қолдану" үшін арнайы
құрастырылған немесе модификацияланған жабдық және сынақ
моделдерi.
ӘМ19 Бағытталған энергетикалық шоқтарды пайдаланатын төменде
санамаланған қару-жарақтар жүйесi, iлеспе жабдық, қарсы әрекет
жабдығы, эксперименталды моделдер және оларға арналған арнайы
құрастырылған компоненттер:
а. Нысананы жою немесе оған оның тапсырмасын орындауына
кедергі жасауға әсер ету үшiн арнайы құрастырылған
лазерлiк жүйелер;
b. Бөлшектердiң ағынын пайдаланатын, нысананы жоюға немесе оған
оның тапсырмасын орындауына кедергі жасауға әсер етуге
қабiлетті жүйелер;
с. Нысананы жоюға немесе оған оның тапсырмасын орындауына кедергi
жасауға әсер етуге қабiлетті жоғары қуатты радиожиiлiктегі
жүйелер;
d. ӘМ19.а., ӘМ19.b., ӘМ19.с. тармақтарға сәйкес жүйелердi
табу, бiрдейлендiру немесе одан қорғау үшiн арнайы
құрастырылған жабдық;
е. ӘМ19-тармаққа сәйкес бақылануға жататын жүйелердi, жабдықтар
мен компоненттер үшiн физикалық қасиеттердi сынауға және
тиiстi сынақтардың нәтижелерiне арналған моделдер.
ӘМ20 Төменде санамаланған криогендi және "аса өткiзгiш" жабдық,
және ол үшiн арнайы құрастырылған компоненттер мен аксессуарлар:
а. Жер бетiндегі, теңiздегi, әуе немесе ғарыш көлiгi құралында
орнатуға арнайы құрастырылған немесе конфигурацияланған,
қозғалыс уақытында жұмыс iстеуге қабiлетті және 103 К (-170 С)
төмен температура жасауға немесе ұстап тұруға қабiлетті жабдық;
b. Әскери мақсаттағы жер бетiндегі, теңiздегі, әуе немесе ғарыш
көлігі құралында орнатуға арнайы құрастырылған немесе
конфигурацияланған, қозғалыс уақытында жұмыс істеуге
қабiлеттi "аса өткiзгіш" электр жабдығы (айналдыру тетiктерi
мен трансформаторлар);
бұған мыналар кiрмейдi:
орамалар генераторлардағы жалғыз аса өткiзгіш компоненттер
болуы шартымен аса өткiзгіш орамалармен генерацияланатын
магниттік өрiсте айналатын қалыпты бiр белдеулi металл зәкiрi
бар тұрақты тоқтың будан униполярлы генераторлары.
ӘМ21 Төменде санамаланған "бағдарламалық қамтамасыз ету":
а. Осы Тiзiмге сәйкес бақылануға жататын жабдықтарды немесе
материалдарды "әзiрлеу", "өндiру" немесе "пайдалану" үшiн
арнайы құрастырылған немесе модификацияланған "бағдарламалық
қамтамасыз ету";
b. Мынадай "бағдарламалық қамтамасыз ету":
1. Мыналар үшiн арнайы құрастырылған "қамтамасыз ету":
а. Қару-жарақ жүйелерiн моделдеу, имитациялау немесе
бағалау;
b. Қару-жарақ жүйелерiнiң бiр бөлiгi болып табылатын
"бағдарламалық қамтамасыз етудi" "әзiрлеу", мониторингi,
техникалық қызмет көрсету немесе жаңалау;
с. ӘМ14-тармақта көрсетiлмеген әскери операцияларды жүргізу
сценарийлерiн моделдеу немесе имитациялау;
d. Басқару, байланыс, бақылау және барлау жүйелерiнде
пайдалану;
2. Кәдiмгі, химиялық және биологиялық қару-жарақтардың
пәрмендiлiгін айқындауға арналған "бағдарламалық қамтамасыз
ету".
ӘМ21.1. Мынадай басқа әскери "тауарлар" және әскерилендiрiлген полиция
күштерiне арналған "тауарлар":
а. Тәртiпсiздiктерге қарсы күреске жарамды ретінде дайындаушы
және/немесе берiмшi ерекшелендiрiп жасаған акустикалық
қондырғы және оларға арналған мамандандырылған компоненттер;
b. Шерулердi қуып тарқатуға арналған қалқандар және