Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк өнертабыстар, пайдалы
модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерi жөніндегі ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 11 тамыз 1994 ж. № 896 қаулысы
(1996.09.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 258 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында, ұйымдары мен мекемелерiнде қызметтiк өнертабыстарды, пайдалы модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерiн жасау жөніндегі қатынастарды ретке келтiру, сол сияқты қызметкердiң, жұмыс берушi мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерi туралы берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
2. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, концерндер, ассоциациялар, бiрлестiктер, кәсiпорындар, ұйымдар мен республиканың басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi 1995 жылдың 1 қаңтарына дейiн қызметтiк өнертабыстарды, пайдалы модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерiн жасау, құқықтық қорғау және пайдалану бойынша қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы бұрын жасалған еңбек шарттарын (контрактыларын) аталған Ереженiң талаптарына сәйкестендiретiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 11 тамыздағы
№ 896 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк
өнертабыстар, пайдалы модельдер мен
өнеркәсiп үлгiлерi туралы
Ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Патент заңына сәйкес әзiрленiп, қызметтiк өнертабыстардың, пайдалы модельдер мен өнеркәсiптiк үлгiлердi (бұдан әрi - қызметтiк өнертабыстар) пайдалану тәртібін айқындайды және өнертабыстықты ынталандыруға, өнеркәсiп меншiгіндегі тиiстi объектiлердiң қызметкер-авторларының, оларға жұмыс берушiлер мен қоғамның мүдделер теңдiгiн қамтамасыз етуге бағытталған.
1. Қазақстан Республикасы Патент заңының 9-бабына сәйкес қызметкерлердiң өз қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты орындалған немесе қызметкердiң кәсiпорын ерекшелiгiне қатысты техникалық білімдердi немесе құралдар көмегiмен жүзеге асырылған өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiлерiне алдын ала патент және пайдалы модельге патент алу құқы - егер оларға құқық берiлуi еңбекке жалдау шартында көзделсе және басқадай ештеңе қарастырылмаған болса, жұмыс берушiге тиесiлi.
2. Барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындар қызметкерлерiнiң, ұйымдар, мекемелер қызметшiлерiнiң (мұның iшiнде әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдары және ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң) өздерiнiң қызметтiк және еңбек мiндеттерiн, сондай-ақ жұмыс iстеушiнiң жұмыс берушiден алған өндiрiстiк, ғылыми-зерттеу, көркем-графикалық және басқа да сипаттағы тапсырмаларын орындау процесіндегі шығармашылық еңбегiмен жасалған өнертабыстары қызметтiк деп танылады.
3. Осы Ереже мағынасында жұмыс берушiнi тiзiмдiк құрамында негiзгi жұмыс орны немесе қызметi ретiнде қызметкерлерi бар және жұмыс саласында қызметтiк өнертабыстар жасалынатын және (немесе) пайдаланылатын кез-келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар, ұйымдар, әскери бөлiмдер, мекемелер деп түсiну керек.
Осыған орай осы Ереженiң мәнiнде қызметкер ретiнде жұмыс берушiдегi жұмысы негiзгi болып саналатын және қызметi тарифтiк-біліктiлiк сипаттарымен, қызметтiк бұйрықтары және қызметтiк нұсқауларымен өнертабыс жасау үшiн жұмыс берушiнiң тәжiрибесiн, ақпаратын, құрал-жабдықтарын, материалдарын, техникалық және басқа да құралдарын пайдалануға мүмкiндiк беретiн жұмыс берушiнiң негiзгi ғылыми немесе өндiрiстiк қызметiне тiкелей байланысты жеке адам танылады.
4. Аталмыш Ереже азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсiп үлгiсiн жасаған тапсырыс берушi мен орындаушының өзара қарым-қатынасына қолданылмайды.
5. Қызметтiк өнертабыстың меншiк құқына қарамастан қызметкерге мерзiмсiз қорғалатын, ажырағысыз жеке авторлық құқық тиесiлi.
6. Еңбекке жалдау шартына қызметтiк өнертабысты пайдалану жағдайын талап етудi енгізу немесе ол жөнiнде шартты толықтыратын жеке келісім жасау талабы қызметкердiң де, сондай-ақ жұмыс берушiнiң де тарапынан туындауы мүмкiн.
7. Еңбекке жалдау шарты немесе осы шартты толықтырушы жеке келісімде қызметтiк өнертабыстарға қатысты тараптардың құқықтарына байланысты пәтуәлар болмаған жағдайда жұмыс берушiде жұмыс iстеген кезеңде қызметкер жасаған қызметтiк өнертабыстарға алдын ала патент және патент алу құқы қызметкерге тиесiлi болады.
8. Қызметтiк өнертабыстар хақындағы тараптардың құқыларына қатысты бұрын жасалған еңбекке жалдау шартына тиiстi қосымшалар енгізу жөніндегі жұмыс берушiнiң ұсынысынан қызметкердiң бас тартуы еңбек заңдарында және iшкi еңбек тәртібінiң ережелерiнде қарастырылған еңбекке жалдау шартын бұзуға дейiнгi тәртiптiк ықпал ету шараларын қолдануға негiз бола алады.
Еңбек шартына тиiстi қосымша жәйттер енгізу жөніндегі жұмыс берушiнiң ұсынысын алғанға дейiнгi қызметкер жасаған өнертабысқа деген барлық құқық қызметкерге тиесiлi.
9. Осы Ереженiң 1, 6-тармақтарында көрсетiлген шарт немесе келісім маңызды тармақтар есебiнде оның тараптары, шарттың жасалған уақыты мен орны, қолданылу мерзiмi, қызметкердiң қызмет аясына қатысты ғылым мен техника салалары, оның лауазымы, өнертабыстық еңбекке ақы төлеу шарттары жөнiнде мәлiметтер болуы тиiс. Қызметкер мен жұмыс берушi арасында аталған жағдайлар бойынша келісімге қол жеткiзбейiнше шарт жасалмаған болып саналады.
Егер өнертабыстар қызметкердiң бұрынғы қызмет аясына қатысты болса және оларды жасау кезiнде кәсiпорынның ерекшелiгiн құрайтын техникалық білімдер немесе құралдар пайдаланылса, жұмыс берушiмен еңбек қатынастарын тоқтатқаннан кейiнгi бiр жыл iшіндегі қызметкердiң қызметтiк өнертабысына деген құқы шартта немесе келісімде жұмыс берушiде сақталуы қарастырылуы мүмкiн.
Шартта басқа да жағдайлар қатарында ерекше жеке жұмыс тәртібі, материалдармен, қаржымен және көмекшiлермен қамтамасыз етiлуi, әлеуметтiк сипаттағы қосымша кепiлдiктер жөнiнде де нұсқаулар болуы мүмкiн.
10. Қызметкер - қызметтiк өнертабыс авторы оны жасағаннан кейiн бiр ай iшiнде бұл жайында жұмыс берушiнi хабардар етедi немесе жұмыс берушi белгiлеген тәртiппен өнертабысты тiркеуден өткiзедi.
Егер қызметтiк өнертабысты бiрнеше автор жасаған болса, онда олар жұмыс берушiге бiрлескен мәлiмдеме жолдайды.
11. Қызметтiк өнертабыс жасалғаны жөнiнде автордың жұмыс берушiге мәліметінде:
автордың (авторлардың) фамилиясы, аты, әкесiнiң аты және атқаратын қызметi;
қызметтiк өнертабыстың атауы;
оны жасаған жағдай мен жердiң атауы, қолданылмақ саласы;
өнертабыстың мәнiн, санатын айқындап және жұмыс берушiнiң қызметiне жарамдылығын бағамдап көрсеткен толық, жеткiлiктi дәрежеде жазылған сипаттамасы болуы тиiс.
Егер сипаттама толық болмаған жағдайда жұмыс берушiнiң қызметкерден қызметтiк өнертабыс жөнiнде қосымша материалдар талап етуге құқы бар, ол қосымша материалдарды сұрау салған күннен бастап бiр ай iшiнде табыс етедi.
12. Жұмыс берушi он күн мерзiм iшiнде қызметкерге мәлiмдеменi алғаны жөнiнде жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi және жасалған қызметтiк өнертабыс жөнiнде мәлiмдеме алған күннен бастап төрт ай iшiнде оны пайдалану тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосына (бұдан әрi - Қазпатент) өтiнiш беру арқылы құқылық қорғалуын патент алу құқын өзге адамға беруi немесе оны құпия ұстау жөнiнде шешiм қабылдауды айқындайды.
Егер қызметкер жұмыс берушiнiң тиiстi қызметтiк өнертабыс жасағаны жөнiнде хабардар етпесе, онда осы тармақта көрсетiлген төрт айлық мерзiм жұмыс берушiге өнертабыс туралы мәлiм болған күннен басталады.
Қызметтiк өнертабысқа қатысты өздерiнiң құқықтарын қамтамасыз ету үшiн тараптардың ешқайсысы бұл жөнiнде өзге тарапты хабардар етпей тұрып, Қазпатентке өтiнiм бермеуi тиiс.
13. Қызметтiк өнертабыстың жасалуы жөнiнде мәлiмдеме жасау тәртібін бұзған қызметкер бұл үшiн шарт жағдайларында қарастырылған жауапкершiлiкке (тәртiптiк, материалдық) тартылады.
Аталған жауапкершiлiкке тарту қызметкердi мәлiмдеу тәртібін бұзу нәтижесiнде жұмыс берушiге келтiрген шығындарды азаматтық-құқық тәртiппен орнын толтырудан босатпайды.
14. Егер жұмыс берушi қызметтiк өнертабыстан бас тартса, бұл турасында он күн iшiнде қызметкерге жазбаша түрде мәлiмдесе немесе қызметкерi жасаған өнертабыс жөнiнде мәлiмдеген күннен бастап төрт ай iшiнде Қазпатентке өтiнiм жасамаса, өтiнiм беру құқын өзге адамға бермесе әрi қызметкерге объектiнi құпия сақтау жөнiнде хабарламаса, онда қызметкер өтiнiмдi өзi берiп, патенттi (алдын ала патенттi) өз атына алуға немесе жасалынған шарт негiзiнде оның құқын үшiншi бiр адамға беруге қақысы бар.
Қызметтiк өнертабыс құқы қызметкерге бұлайша өткен жағдайда жұмыс берушi тиiстi қызметтiк өнертабысты өз өндiрiсiнде лицензиялық келісім негiзiнде пайдалануға құқылы.
15. Қызметкер қажеттi декларацияларға, мәлiмдемелер мен өзге де талап етiлетiн құжаттарға қол қоюды қоса алғанда, өнертабысқа өтiнiм жасау материалдарын рәсiмдеуге қатыса отырып, жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының алдын ала патентiн (патентiн) және басқа да елдердiң қорғау құжаттарын алу бойынша барлық қажеттi iс-әрекеттердi жүзеге асыруға мiндеттi.
Жұмыс берушi қарауға қабылданған өтiнiм бойынша iстiң жүру барысы жөнiнде қызметкерге хабарлайды, сондай-ақ еңбекақысын сақтап, оны негiзгi жұмысынан толық немесе iшiнара босатып, оның қызметтiк өнертабысты пайдалануға әзiрлiк жұмысына қатысуына мүмкiншiлiк бередi.
16. Қызметкерге жасаған қызметтiк өнертабысына сыйақы төлеу осы Ереженiң 1, 6, 9-тармақтарында қарастырылған шарт негiзiнде айқындалған шарттар мен мөлшерде, сондай-ақ жұмыс берушi мен нақты қызметтiк өнертабыс жасауға шығармашылық тапсырма алған кезде қызметкердiң арасында жасалған жеке шартпен белгiленедi. Мұндай жағдайда аталған шарттарда сыйақының екi түрi - қызметтiк өнертабысты жасағанына ынталандыру және осы өнертабысты пайдаланғаны үшiн негiзгi сыйақылар төлеу қарастырылуы тиiс.
17. Жұмыс берушi жұмыс берушiнiң өндiрiс бейiмi немесе оның ғылым мен техниканың бағыттарына байланысты өнертапқыштардың шығармашылық ерекшелiгiн ескеретiн қызметтiк өнертабыстарына сыйақы төлеу жөніндегі Ереженi бекiте алады. Мұндай жағдайларда осы ереженiң 1, 6, 16-тармақтарында қарастырылған шарттарда аталмыш кәсiпорындарда, ұйымдарда бекітілген сыйақы төлеу жағдайымен немесе олардан басқаша төлем ақы шарттарымен өнертапқыштардың келісімi туралы тармақ болуы тиiс.
ҚР Үкіметінiң 1996.09.08. № 987 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді
18. Қызметкерге ынталандыру сыйақысы қызметтiк өнертабысты жасағанына берiледi және бұл қызметкердiң өзiне қабылдаған мiндеттемелерi мен жұмыс берушiнiң нұсқауларын дер кезiнде орындауына, өнертабысты жасау кезіндегі қызметкердiң біліктiлiгi мен күш-жiгерiне, мұндай объектiнi жасауға жұмыс берушiнiң және үшiншi жақтың қосқан үлесiнiң дәрежесiне байланысты болады. Ынталандыру сыйақысының мөлшерi жұмыс берушiнiң қызметтiк өнертабысты құқылық қорғау, оны пайдалану немесе пайдаланудан бас тартуға шешiм қабылдаған күніндегі Қазақстан Республикасында белгiленген есептiк көрсеткiштен кем болмауы тиiс.
19. Қызметтiк өнертабысты жұмыс берушi өндiрiсте пайдаланған немесе өнертабысқа лицензияны үшiншi бiреуге сатқан жағдайда немесе қызметтiк өнертабысты пайдаланудан нақты табыс тапқан жағдайларда қызметкер жұмыс берушiнiң алған пайдасымен мөлшерлес сыйақы алуға құқылы. Сыйақы мөлшерi бұрын төленген ынталандыру сыйақысын, жұмыс берушiнiң ақыл-кеңес жолымен өнертабысты жасауға қосқан үлесiн, жұмыс берушiнiң жұмысынан тыс қызметкер үшiн қол жетпейтiн ақпараттарды, материалдық, қаржылық және техникалық құралдардың берiлуi ескерiлген келісіммен айқындалады.
20. Қазақстан Республикасы Патент заңының 33-бабына сәйкес осы Ереженiң 1, 6, 16, 19-тармақтарында қарастырылған шарттар жасасу кезiнде қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында пайда болған сыйақы төлеу жөніндегі дауларды Қазақстан Республикасының тиiстi соттары қарайды.
21. Егер қызметтiк өнертабысты одан әрi пайдалану кезiнде ақы төлеудiң бұрын белгiленген мөлшерiне ықпал ететiн елеулi өзгерістер туған жағдайда оның мөлшерi қызметкердiң немесе жұмыс берушiнiң талабы бойынша өзгертiледi.
Мұндай жағдайда сыйақының бұрын белгiленген мөлшерi негiзiнде алынған соманы қызметкер қайтарып беруi мiндеттi емес.
Қызметкерге сыйақы барлық тиесiлi соманы бiр жолғы төлеу немесе мерзiмдi төлемдер арқылы жүзеге асырылады.
22. Қызметкер қызметтiк өнертабысты тиiмдi пайдалануға қажеттi, сондай-ақ оған енгiзiлген барлық жетiлдiрулер жөнiнде жұмыс берушiге барлық мәлiметтi хабарлауға мiндеттi.
Қызметкер мен жұмыс берушi қызметтiк өнертабыстар жөніндегі кез-келген мәлiметтi жария етпеуге мiндеттi.
23. Жұмыс берушi қызметтiк өнертабысқа патенттiң (алдын ала патенттi) қолданылуын тоқтату жөнiнде шешiм қабылдаған жағдайда ол қызметкерге дер кезiнде аталмыш патент (алдын ала патент) құқығын алу үшiн шарт жасасуға ұсыныс жасауға мiндеттi.
24. Мемлекеттік кәсiпорындар, ұйымдар жекешелендiрiлген жағдайда немесе мемлекеттік емес кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiк иесi өзгерген жағдайда қызметтiк өнертабыстар жөніндегі барлық құқықтар мен мiндеттер олардың заңды мұрагерлерiне көшедi.