«1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1766 Қаулысы
«1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға:
шығыстар 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен 3474300 мың теңгеге көбейтiлсiн;
1997 жылдың 15 қаңтарына дейiн шығыстардың түрлерi бойынша бюджеттік тағайындамалар нақтылансын, олар ведомстволық бағыныстағы ұйымдар бойынша бөлiнсiн және ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынылсын.
2. Облыстар мен Алматы қаласының бюджеттерiне қаржы 13685200 мың теңге сомасында бөлiнсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1997 жылдың 15 қаңтарына дейiн облыстар мен Алматы қаласы бюджеттерiнiң арасында осы қаржының атаулы бөлiнуiн жүзеге асырсын;
республикалық бюджеттен облыстардың әкiмдерiне бұрын берiлген қарыздары 2-қосымшаға сәйкес аталған соманың есебiне есептелсiн.
Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi бөлiнген қаржыны жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттік мекемелердiң тұтынылған электр және жылу энергиясы және басқа да шығыстары үшiн берешектерiн өтеуге бағыттасын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1997 жылдың 25 қаңтарына дейiн бюджет қаражатының есебiнен ұсталатын мүдделi министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен, өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп толық пайдаланылмаған қаржыны ескере отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасындағы олар көрсеткен қызмет үшiн борыштарды өтеудi соңғыларының республикалық бюджеттiң алдындағы мiндеттi төлемдерi мен басқа да қаржылық мiндеттемелерi бойынша берешектерiн өтеудiң есебiне өтеудi жүзеге асырсын. Аталған борыштарды өтеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 339-бабына сәйкес несие берушi құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы тәртібін пайдалана отырып шарттық келісімдерге орай жүргiзiлiне алады;
үстiмiздегi жылдың 5 ақпанына дейiн осы мәселе бойынша атқарылған жұмыстың қорытындылары туралы Үкiметке баяндалсын.
4. Бюджеттік мекемелердiң 1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бар берешектерiн толықтай жоюды қамтамасыз ету мақсатында облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне бюджеттік борыштарды өтеу жөнiнде осы секiлдi жұмыс жүргiзу ұсынылсын. Қорытындылары туралы 1997 жылдың 10 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне баяндасын.
5. «1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы № 53 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«487 1996 жылы мемлекеттік бюджеттiң тапшылығына алынған мемлекеттік iшкi борыш пен несиелерге қызмет көрсету нолдiк ставка бойынша жүзеге асырылады деп белгiленсiн»;
аталған қаулыға 1-қосымшада:
«Кiрiстер» бөлiгiнде:
«Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар» деген I бөлiмде:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнен және екiншi сатыдағы банктерден бюджетке алынатын түсiмдер, барлығы» деген жолдар бойынша «4983800» деген сан «824300» деген санмен ауыстырылсын;
«үстiмiздегi жылдың пайдасынан» деген жол бойынша «4159500» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
«алымдар және салыққа жатпайтын түрлi кiрiстер, барлығы» деген жол бойынша «17772400» деген сан «21931900» деген санмен ауыстырылсын;
«өзге де түсiмдер» деген жол бойынша «9607400» деген сан «13766900» деген санмен ауыстырылсын;
«Шығыстар» бөлiгiнде:
«Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар» деген 1 бөлiмде:
«Халық шаруашылығын қаржыландыру, барлығы» деген жол бойынша:
«халық шаруашылығын» деген сөз «экономиканы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«35151717» деген сан «31651717» деген санмен ауыстырылсын;
«Материалдық резервтер жөніндегі комитет, барлығы» деген жол бойынша «4754437» деген сан «1254437» деген санмен ауыстырылсын;
«Кешендерге кiрмегендер бойынша жиынтығы» деген жол бойынша «19202904» деген сан «15702904» деген санмен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қажетiне жұмсалатын шығындар» деген жол бойынша «13168340» деген сан «8168340» деген санмен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік iшкi қарызға қызмет көрсету жөніндегі шығындар, барлығы» деген жол бойынша «8064750» деген сан «3905250» деген санмен ауыстырылсын;
«Бюджет тапшылығы үшiн кредитке проценттер төлеу» деген жол бойынша «1067000» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Iшкi қарыз бойынша проценттер төлеу жөніндегі шығыстар» деген жол бойынша «3092500» деген сан «0» санмен ауыстырылсын;
«1 бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы» деген жол бойынша «153534799» деген сан «158034799» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«14. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге, өзге де мемлекеттік органдарға, сондай-ақ облыстар мен Алматы қаласының бюджеттерiне қаржы - 17159500»;
«Сыртқы экономикалық қызмет» деген III бөлiмде:
«Елшiлiктер, өкiлдiктер қажетiне және басқа да мақсаттарға валюта сатып алуға, барлығы» деген жол бойынша «28584479» деген сан «24084479» деген санмен ауыстырылсын;
«сыртқы займдар мен мiндеттемелердi өтеуге жұмсалатын шығыстар» деген жол бойынша «22046458» деген сан «17546458» деген санмен ауыстырылсын;
«III бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы» деген жол бойынша «36749479» деген сан «32249479» деген санмен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары | |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1766 қаулысына
1-қосымша
Шығыстары көбейтiлетiн, республикалық бюджеттiң қаражатынан
қаржыландырылатын министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң,
өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың
ТIЗБЕСI
мың теңге
| Сомасы |
Iшкi iстер министрлігі Бiлiм министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі Әдiлет министрлігі Өнеркәсiп және сауда министрлігі (Кентау «Водоотлив» коммуналдық мемлекеттік кәсiпорны) Көлiк және коммуникациялар министрлігі Президенттiң Шаруашылық Басқармасы Гидрометеорология жөніндегі бас басқарма Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара күзетi жөніндегі мемлекеттік комитетi Президент Iс Басқармасының Медицина орталығы Қорғаныс министрлігі Бас прокуратура «Алматыметроқұрылыс» АҚ Орталық мемлекеттік архив Мемлекеттік тергеу комитетi Республикалық ұлан Президенттiң Күзет қызметi ЖИЫНЫ | 1227351 131371 66202 169 31652 620000 392877 2025 8254 61510 3300 456408 69000 49578 795 300000 13108 40700 3474300 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1766 қаулысына
2-қосымша
Республикалық бюджеттен тыс облыс әкiмдерiне
берiлген қарыздар
мың теңге
Облыстар | Сомасы |
Ақмола Ақтөбе Шығыс Қазақстан Жезқазған Жамбыл Қарағанды Қостанай Маңғыстау Павлодар Оңтүстiк Қазақстан ЖИЫНЫ | 180000 165000 116286 60000 120000 550000 1148589 20000 530000 767000 3656875 |