Бастапқы әскери даярлау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1995 жылғы 14 қарашадағы № 2635 және "Бiлiм беру мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1995 жылғы 30 тамыздағы № 2441 Заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. 1996-1997 оқу жылынан бастап барлық үлгiдегi жалпы білім беретiн мектептерде, кәсiптiк-техникалық мектептер мен арнаулы орта оқу орындарында жасөспiрiмдердi бастапқы әскери даярлау "Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" деген курспен бiрiктiрiле жүргiзiлсiн. Бастапқы әскери даярлық жалпы білім беретiн мектептердiң 9-10-11 кластарында, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсiптiк-техникалық мектептерде, арнаулы оқу орындарының 1-3 курстарында оларды кейiн облыс, аудан (қала) әкiмдерiнiң басшылығымен ұйымдастырылған қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлеріндегі оқу-дала жиындарына қатыстыра отырып жүргiзiледi деп белгiленсiн.
Оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген, осы даярлық бойынша оларда аттестацияланбаған немесе қанағаттанғысыз қорытынды баға алған шақырылу жасындағы жасөспiрiмдер оны мерзiмдi әскери шақырылу алдында жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен құрылатын оқу пункттерiнде өтедi.
Облыс, қала, аудан әкiмдерi үш ай мерзiм iшiнде бастапқы әскери даярлық бойынша оқу пункттерiн құрсын, аталған пункттердi жергiлiктi бюджет есебiнен материалдық-техникалық, кадрмен және қаржымен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
2. Жастарды бастапқы әскери даярлау туралы Ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
3. Қарауында оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен мемлекеттік комитеттерi, сондай-ақ бағыныстығы мен меншiк нысанына қарамастан, оқу орындары көзделген қаржы шегiнде штаттарына бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы лауазымын енгiзсiн.
4. Қызметкерлердiң белгiленген штаттық саны шегiнде шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердi бастапқы әскери даярлықтан өткізудi үйлестiру мен бақылау үшiн:
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі - орталық аппаратта, облыстық, қалалық, аудандық білім беру органдарында, білім беру жүйесіндегі ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң білімiн жетiлдiру институттарында;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі - орталық аппаратта және әскери комиссариаттарда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген жалпы сан шегiнде мамандардың штаттық бiрлiктерiн қарастырсын.
Облыс әкiмдерi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген жалпы сан шегiнде атқарушы органдардың штатына шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен жұмыс жүргiзетiн маманның лауазымын, ал аудандық (қалалық) атқарушы органдардың штатына шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен жұмыс жүргiзетiн маманның - қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерi бастығының лауазымын енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушыларын даярлауды 1996 жылдан бастап, жыл сайын 100 адамнан қабылдай отырып, жоғары оқу орындарында: I. Жансүгiров атындағы Талдықорған университетi мен Е.Букетов атындағы Қарағанды университеттерiнiң штаттық саны шегiнде ұйымдастырсын. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі осы оқу орындарында қажеттi әскери-есеп мамандықтары бойынша запастағы офицерлердi даярлау үшiн әскери кафедралар құру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгiзсiн.
6. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен жүргiзу жөніндегі шығындар Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігіне, Денсаулық сақтау министрлігіне, мемлекеттік комитеттерiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды ұстауға бөлiнетiн бюджеттік қаржы шегiнде жүргiзiлуi тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 1 қарашадағы
№ 1340 қаулысымен
Бекiтiлген
Жастарды бастапқы әскери даярлау туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Бастапқы әскери даярлық Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, министрлiктер мен мемлекеттік комитеттердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың басшылығымен ұйымдастырылады және оқу орындарында, ұйымдарда және меншiк нысанына қарамастан басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде жүзеге асырылады.
Жастарды бастапқы әскери даярлау:
жастардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн, мемлекет қорғанысының негiздерiн зерделеу;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мiндетiн, олардың сипаты мен ерекшелiктерiн, әскери қызметтiң Қазақстан Республикасы азаматтарының ардақты мiндетi екендiгiн, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери анты мен жарғыларының негiзгi талаптарын түсiндiру;
әскери бөлiмдердiң қару-жарағы және әскери техникасымен, жеке құрамның орналасқан жерiмен және өмiрiмен танысу;
қажеттi әскери білім мен практикалық дағдыларды игеру;
төтенше жағдайларда адам өмiрiнiң қауiпсiздiк негiздерiн меңгеру мақсатында жүргiзiледi.
Әскери-патриоттық тәрбие бастапқы әскери даярлықпен тығыз байланыста болады және жастардың әскери iстi, төтенше жағдайларда қорғану құралдары мен тәсiлдерiн жақсы меңгеруiне мүмкiндiк туғызуы қажет.
2. Әскер қатарына шақыруға дейiнгi және әскерге шақырылу жасындағы оқушы жастарды бастапқы әскери даярлауды барлық үлгiдегi жалпы білім беретiн мектептерде, арнаулы орта оқу орындары және бағыныстығы мен меншiк нысанына қарамастан кәсiптiк-техникалық мектептерде (бұдан әрi - оқу орындары) штаттағы ұйымдастырушы-оқытушылар жүргiзедi.
Оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген жасөспiрiмдер оны әскерге шақырылар алдында қалалар мен аудандардың қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi базасында немесе кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен құрылған оқу пункттерiнде өтедi. Оқу пункттеріндегі сабақтар оқу пункттерiнiң штаттан тыс бастықтарымен, олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен және әскери комиссариаттар арқылы тартылған немесе кәсiпорындар мен мекемелерде жұмыс iстейтiн запастағы офицерлер, прапорщиктер (мичмандар), сержанттар (старшиналар) қатарынан алынған бастапқы әскери даярлықтың нұсқаушыларымен ұйымдастырылады және жүргiзiледi.
Мерзiмдi әскери қызметтен өткен, сондай-ақ оқу орнында немесе оқу пунктiнде бастапқы әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған адамдар басқа оқу орнына не кәсiпорынға ауысқан кезде қайтадан бастапқы әскери даярлыққа тартылмайды. Оқу орындарында аталған адамдар оқу сабақтарын өткізу үшiн бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларына көмекшi ретiнде тартылуы мүмкiн.
II. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру
және өткізу тәртібі
3. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру, өткізу және оның нәтижелерiне жалпы басшылық пен бақылау жасауды, бағдарламамен және әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
белгiленген есеп пен есептiлiктi жүргiзедi;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мүдделi басқармаларымен, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитетiмен, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі және Денсаулық сақтау министрлiктерiнiң басқармаларымен (бөлiмдерiмен), Жастар ісi, туризм және спорт жөніндегі министрлiкпен бiрлесе отырып, бұйрықтардың, директивалардың жобаларын, жастарды бастапқы әскери даярлаудың бағдарламаларын (бұдан әрi - Бағдарлама) табельдердi, нұсқаулықтарды, ережелердi, әдiстемелiк ұсынымдар мен нұсқауларды әзiрлейдi;
жастардың бастапқы әскери даярлығы мен әскери-патриоттық жұмысының жай-күйiн өз бетiнше және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi министрлiктерiмен бiрлесе отырып тексерудi ұйымдастырады және жүргiзедi;
бастапқы әскери даярлықты өткізудiң оң тәжiрибесiн жинақтайды және таратады;
бастапқы әскери даярлық жөнiнде Қазақстан Республикасының басқа министрлiктерi және басқармаларымен келісім жұмыстарын жүргiзедi.
4. Облыс, қала және аудан аумақтарында жастардың бастапқы әскери даярлығына басшылықты тиiстi әскери комиссариаттар жүзеге асырады.
Әскери комиссариаттар:
белгiленген есеп пен есептiлiктi жүргiзедi;
білім беру, денсаулық сақтау органдарымен, жастар iсi, туризм және спорт жөніндегі комитеттермен бiрлесе отырып, бастапқы әскери даярлықтың жылдық қорытындысы жөнiнде облыс, қала, аудан атқарушы органдары қаулыларының, өкiмдерiнiң (шешiмдерiнiң) жобаларын және жаңа оқу жылында өткiзiлетiн негiзгi шаралардың жоспарын әзiрлейдi;
оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларымен үш күндiк оқу-әдiстемелiк жиындар және бiр күндiк әдiстемелiк оқу сабақтарын, сондай-ақ кәсiпорындар мен мекемелердiң оқу пункттерi бастықтары мен нұсқаушыларының әдiстемелiк даярлықтарын, оқу орындары мен оқу пункттерiнде жастарды бастапқы әскери даярлаудың жай-күйiн мүдделi ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен немесе дербес (жекелеген мәселелер бойынша) тексерудi ұйымдастырады және өткiзедi;
гарнизон бастықтарымен, құрама, әскери бөлiм командирлерiмен, әскери-оқу орындарының бастықтарымен және білім беру органдарымен бiрлесе отырып, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде лагерь жиындарын өткізудi жоспарлайды және ұйымдастырады;
жастарға әскери-патриоттық тақырыпта ғылыми-танымдық, хроникалық-деректi кинофильмдер көрсетудi ұйымдастырады;
тиiстi бұйрықтар шығарады;
атқарушы органдарды жастардың бастапқы әскери даярлығы мен әскери-патриоттық жұмыстардың жағдайы туралы хабардар етедi;
оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары, оқу пункттерiнiң штаттан тыс бастықтары, олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және бастапқы әскери даярлық нұсқаушылары лауазымдарына үмiткерлер iрiктейдi;
білім беру органдарымен бiрлесе отырып педагогикалық институттардың бастапқы әскери даярлық пен дене тәрбиесi оқытушыларын дайындау үшiн кандидаттарды және белгiленген тәртiппен мөлшерде запастағы офицерлердi даярлау жөніндегі жиындарға жiберу үшiн запастағы сержанттар мен солдаттар қатарынан келешек әскери басшыларды iрiктеудi жүргiзудi;
оқу орындары директорларына, кәсiпорындар мен мекемелер басшыларына жастармен дала оқу-жаттығуларын (жиындарын) ұйымдастыру және өткізу кезiнде әскери бөлiмдермен, әскери-оқу орындарымен және жеке құрылымдармен шефтiк (демеушiлiк) байланыстар орнатуға көмек көрсетедi;
кәсiпорындар мен мекемелерде оқу пункттерiн ашуды (жабуды) ұйымдастыру жөнiнде қала, аудан Әкiмдерi шешiмдерiнiң жобаларын әзiрлейдi;
оқу пункттерiнде оқыту үшiн жасөспiрiмдердi iрiктеудi жүргiзедi, оқу пункттерi құрылатын кәсiпорындар мен мекемелер әкiмшiлiктерiмен бiрлесе отырып, оқу топтарын жинақтайды;
оқу пункттеріндегі оқу аяқталған соң жасөспiрiмдерден сынақшалар қабылдауды ұйымдастырады;
бастапқы әскери даярлықтың толық курсын бiтiрген шақырушылардың тiркеу куәлiктерiне тиiстi жазулар жазады.
5. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитетi:
жастардың адам өмiрiнiң қауiпсiздiк негiздерi мен медициналық-санитарлық даярлық жөніндегі оқуына басшылық жасауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі және Денсаулық сақтау министрлiктерiмен бiрлесе отырып, "Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсы бойынша Бағдарлама бөлiмiн, сондай-ақ оқу орындарын медициналық-санитарлық даярлық бойынша мүлiкпен жабдықтау Табелiн әзiрлейдi;
"Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" бөлiмi бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын, плакаттар, оқу кинофильмдерiн, диафильмдердi тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың осы мақсаттарға бөлген қаржысы есебiнен шығаруға қатысады.
6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі:
оқушыларды бастапқы әскери даярлау мен оларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады;
оқушыларды бастапқы әскери даярлау мен оларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етедi;
Табельдер, ережелер, нұсқаулықтар мен кепiлдемелердi дайындауға қатысады;
бастапқы әскери даярлық жөнiнде бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк және көрнекi құралдарды, оқу кинофильмдерi мен диафильмдердi дайындау мен шығару үшiн осы мақсаттарға тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың ақшаларын ала отырып ұйымдастырады;
жергiлiктi жерлердегi білім беру органдарына оқу орындарындағы оқушыларды бастапқы әскери даярлау мен оларға әскери-патриоттық тәрбие берудi ұйымдастыру мен өткізу, бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларын дайындау және оқу-материалдық базасын құру мәселелерi бойынша көмек көрсетедi және бақылау жасайды;
оқушылардың бастапқы әскери даярлығын өткізу мен оларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарының оң тәжiрибелерiн зерделейдi, жинақтайды және таратады;
білім беру жүйесіндегі ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң білімiн жетiлдiру институттары жанындағы курстарда бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының мамандығын көтерудi ұйымдастырады;
бастапқы әскери даярлық пен дене тәрбиесi ұйымдастырушы-оқытушыларын даярлауды ұйымдастыру үшiн қажеттi ұсынымдар мен оқу құралдарын әзiрлейдi.
7. Қарауында оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен Мемлекеттік комитеттерi, сондай-ақ бағыныстығы мен меншiк нысанына қарамастан оқу орындары, білім беру органдары:
оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық пен әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарына басшылық жасауды жүзеге асырады;
қажеттi оқу-материалдық базаны жасайды;
әскери комиссариаттармен бiрлесе отырып оқу орындары үшiн бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларын iрiктеудi қамтамасыз етедi және олардың әдiстемелiк даярлығын ұйымдастырады;
педагогикалық институттардың дене тәрбиесi факультеттерiнде бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi оқытушыларын дайындау үшiн кандидаттарды iрiктеудi жүргiзедi;
оқушылардың бастапқы әскери даярлығын өткізу мен оларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарының оң тәжiрибелерiн зерделейдi, жинақтайды және таратады;
жастардың бастапқы әскери даярлық бойынша оқу-сабақтарынан алған білімдерi мен дағдыларын бекіту мақсатында олармен дала оқу-сабақтарын (жиындарын) ұйымдастырады және өткiзедi.
8. Қарауында оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен Мемлекеттік комитеттерi, сондай-ақ бағыныстығы мен меншiк нысанына қарамастан оқу орындары:
оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларына еңбек ақы төлеуге, олардың бағдарлы және оқу-әдiстемелiк жиындарға, білімiн жетiлдiру жөніндегі курстарға, семинар оқу-сабақтарына барған iс-сапарларына кеткен шығындарын төлеуге, бастапқы әскери даярлықтың штаттан тыс мамандары мен мұғалiмдерiне (оқытушыларына) сағаттап ақы төлеуге;
оқу-материалдық базаны жабдықтау мен жетiлдiруге, сондай-ақ "Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсы мен медициналық-санитарлық даярлық жөнiнде оқулықтар, жарғылар, оқу құралдарын, плакаттар, әскери-оқу кинофильмдерiн, диафильмдердi, мүлiктердi және бастапқы әскери даярлық бойынша басқа да оқу құралдарын алуға қаржы бөледi.
9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитетiнiң оқу орындарын және ондағы оқушыларды медициналық-санитарлық даярлау жөніндегі мүлiкпен жабдықтау Бағдарламасы мен Табелiн әзiрлеу жұмысына қатысады;
ведомстволық қарасты органдары арқылы медициналық-санитарлық даярлық бойынша оқытушыларды iрiктеу мен даярлауды қамтамасыз етедi;
оқушылармен практикалық оқу-сабақтарын өткізу үшiн оқу орындарына емдеу мекемелерiн бекiтедi және олардың дайындалуына бақылау жүргiзедi.
10. Қазақстан Республикасының жастар iсi, туризм және спорт жөніндегі министрлігі облыстық комитеттер арқылы әскерге шақыруға және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердiң дене тәрбиесi даярлығына басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асырады.
11. Гарнизон бастықтары әскери комиссариаттармен бiрлесiп, әскери бөлiмдерге, әскери-оқу орындарына және жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына жастармен бастапқы әскери даярлық, әскери-патриоттық және қорғаныс-бұқаралық жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргiзуге шефтiк көмек көрсету үшiн оқу пункттерiн бекітіп бередi.
12. Әскери бөлiмдердiң командирлерi, жоғары оқу орны әскери кафедраларының, сондай-ақ тұрғындарды даярлау және үйрету орталықтарының бастықтары оқу орындары мен оқу пункттерiне жастарды бастапқы әскери даярлау мен әскери-патриоттық тәрбие беруде үнемi шефтiк көмек көрсетiп отырады; жауынгерлiк даярлық озаттарының жастармен кездесуiн ұйымдастырады; оларды жеке құрамның орналасқан жерiмен және өмiрiмен, бөлiмшенiң қару-жарағы және әскери техникасымен таныстырады. Шефтiк көмек ретiнде қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнде оқу-сабақтарын жүргiзу үшiн офицерлердi, прапорщиктер (мичмандар) мен сержанттарды (старшиналарды) белгiлейдi, әскери комиссариаттарға, білім беру органдарына оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларымен, кәсiпорын және мекеме оқу пункттерiнiң штаттан тыс бастықтарымен практикалық, нұсқаулық-әдiстемелiк және көрнектi оқу-сабақтарын өткізуге, сондай-ақ олардың бастапқы әскери даярлық, әскери-патриоттық және дене тәрбиесi бойынша оқу-материалдық базасын жетiлдiруге көмек көрсетедi.
III. Оқу орындары, кәсiпорын, мекеме және оқу
пункттерi лауазымды адамдарының мiндеттерi
13. Оқу орнының директоры, оқу пунктi құрылған кәсiпорын, мекеме басшысы жастарды бастапқы әскери даярлау мен оларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруға және оның жай-күйiне жауап бередi.
Ол:
оқу процесiнiң дер кезiнде жоспарлануын және ұйымдастырылуын, Бағдарламаның толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
бастапқы әскери даярлықтың практикалық жұмыстарын өтеу үшiн үй-жай, оқу алаңдары мен жұмыс орындарын бөлуге, осы Ережелер мен Бағдарламалардың талаптарына сай оқу-материалдық базаны үнемi жетiлдiру үшiн шаралар қолдануға;
жастардың сабақ үлгерiмiне деген жеке жауапкершiлiгiн көтеру жөнiнде жұмыс жүргiзуге, оқушыларды оқу-материалдық базаны құруға және жетiлдiруге тартуға;
ұйымдастырушы-оқытушыларға оқу-әдiстемелiк көмек көрсетуге, бастапқы әскери даярлықтың басқа пәндермен байланысын қамтамасыз етуге, үйiрмелiк жұмыстарды (факультеттердi) ұйымдастыруға және жүргiзуге;
ұйымдастырушы-оқытушының бастапқы әскери даярлық бойынша оқу-сабақтарын жүргiзуiн, жастардың өткен материалдарды игеру сапасын бақылауға, жастарды бастапқы әскери даярлау мен оларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарының жағдайын оқу жылы бойына кем дегенде бiр рет педагогикалық кеңестерде (мәжілістерде) талқылауға;
бастапқы әскери даярлық пен оқудың басталуы мен аяқталуы жөнiнде, взвод пен бөлiмше командирлерiн тағайындау жайлы бұйрықтар шығаруға;
қалалық, аудандық әскери комиссариаттарға және бағыныстығы бойынша жастардың бастапқы әскери даярлығы мен әскери-патриоттық жұмыстары жөнiнде есеп беруге мiндеттi.
14. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысы оқу орнының директорына бағынады және оқушылардың бастапқы әскери даярлығына, оқу-сабақтарын жүргiзу кезiнде белгiленген тәртiп пен қауiпсiздiк шараларының қатаң сақталуына тiкелей жауап бередi.
Ол:
оқу кезiнде және факультатив ретiнде (оқудан тыс уақытта) бастапқы әскери даярлық жөнiнде оқу-сабақтарын жеке өзi ұйымдастыруға және жүргiзуге, әскери iс негiздерiн зерделеу жөніндегі үйiрмелердi басқаруға;
өздерiнiң кәсiптiк және педагогтiк білімдерiн үнемi көтерiп отыруға, әдiстемелiк дағдыларды жетiлдiруге;
кабинеттi, мүлiктi сақтауға арналған бөлменi меңгеруге, бастапқы әскери даярлық бойынша оқу-материалдық базаны құруға және жетiлдiруге;
оқу орнының педагогикалық ұжымымен бiрлесе отырып, оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру жөнiнде жұмыстар жүргiзуге;
оқу орындарындағы әскери мiндеттiлердi есепке алуға;
әскерге шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердi медициналық тексеруден өткізудi ұйымдастыруға;
оқушылардың тәртiптi сақтауын қамтамасыз етуге;
әскери-оқу орындарына түсу үшiн жасөспiрiмдердi iрiктеу мен даярлау бойынша жұмыс жүргiзуге және әскери комиссариаттарға көмек көрсетуге мiндеттi.
Оқу орнындағы бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы өз жұмысын балалардың кластан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушымен (директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары) дене шынықтыру мұғалiмiмен (дене тәрбиесi жетекшiсi), класс жетекшiлерiмен (өндiрiстiк оқу шеберлерi) және педагогикалық ұжыммен байланыста жүргiзедi.
Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушының жұмысы оқу-сабақ кестесiмен, сабақтан тыс уақытта өткiзiлетiн шаралар жоспарымен және оқу орны директоры бекiткен өзiнiң жеке жоспарымен реттеледi.
Негiзгi мiндеттер мен бекітілген жоспарларда қаралмаған бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысының жұмысы кейбір жағдайларда оқу орны директорының келісімi бойынша орындалады. Ұйымдастырушы-оқытушылар басқа мұғалiмдер мен оқытушылар сияқты оқу орны бойынша кезекшiлiк атқаруға тартылады. Қолданылып жүрген заңдарда әскери жетекшiлерге қандай болса да әкiмшiлiк мiндеттер, сондай-ақ класс жетекшiлiк мiндет жүктеу қарастырылмаған.
Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысы:
бастапқы әскери даярлық және "Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсының ерекшелiгiн ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Заңдары мен басқа да нормативтi құжаттарды;
педагогика, психология негiздерiн;
оқушылардың өмiрi мен денсаулығын қорғау ережелерiн;
еңбек заңдарының негiздерiн;
еңбектi қорғау ережелерiн;
төтенше жағдайлардан алдын ала сақтандыру және iс-әрекет жүйесiн ұйымдастыру құрылымын;
тұрғындарды табиғи және экологиялық апаттар, iрi өндiрiстiк авариялар, опаттар кезiнде, сондай-ақ қазiргi кездегi ату құралдарынан қорғаудың негiзгi қағидалары мен әдiстерiн;
дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек көрсету әдiстерiн бiлуi керек.
15. Оқу пунктiнiң бастығы оқу пунктiнде оқып жатқан жастардың бастапқы әскери және дене даярлығы жөніндегі оқу-сабақтарының сапалы өтуiне, оқу құралдары мен мүлiктерiнiң сақталуына жауап бередi. Ол кәсiпорынның, мекеменiң азаматтық қорғаныс штабымен бiрлесiп, жастарды бастапқы әскери даярлау және олармен жүргiзiлетiн тәрбие жұмыстары бойынша оқу процесiн жоспарлауға және ұйымдастыруға; бастапқы әскери даярлық нұсқаушыларымен әдiстемелiк-нұсқаулық оқу-сабақтарын өткізуге, оқу-материалдық базаны жетiлдiруге; оқу-сабақтарын өткізу сапасы мен оқушылардың үлгерiмiне бақылау жасауға; кәсiпорын, мекеме басшыларына оқушылардың тәртібі, үлгерiмi, сабаққа қатысуы жөнiнде хабарлап отыруға мiндеттi.
IY. Жастарды бастапқы әскери даярлау жөніндегі
оқу-сабақтарын ұйымдастыру және өткізу