47. Аудандық (қалалық) атқарушы органдар қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнiң оқу-тәрбие, шаруашылық және қаржылық қызметтерiне тiкелей басшылық жасайды. Олар лагерлердiң ұйымдастырылуына, жабдықтармен, керек-жарақтармен, оқу құралдарымен, басқа да мүлiктермен, сондай-ақ автокөлiкпен қамтамасыз етiлуiне және жасөспiрiмдерге оқу-дала жиындарының сапалы өткiзiлуiне жауапты болады, олардағы iшкi тәртiп ережесін әзiрлейдi және бекiтедi; қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi қызметкерлерiн iрiктеудi және тағайындауды жүргiзедi; оқу-дала жиындары басталар алдында взвод, бөлiмше командирлерiмен, дене шынықтыру және жүзу нұсқаушыларымен бiр күндiк әдiстемелiк оқу-сабақтарын өткізу уақытын белгiлейдi; оқу-дала жиындарына тартылған жастарды киiм нысанымен, олардың денсаулықтарының сақталуы мен нығаюын, жаттығу қару-жарақтарының, шағын калибрлi винтовка мен оның патрондарының, жабдықтардың, керек-жарақтардың, оқу құралдарының, басқа да мүлiктердiң және азық-түлiктiң сақтауын қамтамасыз етедi; кемiнде бiр рет оқу-дала жиындары кезiнде мүдделi органдар өкiлдерiнiң қатысуымен құрылған комиссия оқу-дала жиындарындағы оқу-тәрбие процесiнiң жағдайын тексередi.
48. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде жасөспiрiмдермен оқу-дала жиындарын ұйымдастыру мен өткізудi аталған лагерлер бастықтары, олардың оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары және есеппен 75-100 адамға тағайындалған рота командирiмен, дене шынықтыру және жүзу нұсқаушылары; 25 адамға - взвод командирi, ал әрбiр взводқа 3-тен тағайындалған бөлiмше командирлерi жүргiзедi.
49. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң бастығы лагерге күнделiктi басшылық жасайды. Ол оқу және тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы мен жай-күйiне, лагердiң жеке құрамының тәртібіне, моральдiк-психологиялық жағдайына; тамақтандыру, шаруашылық және қаржы қызметiн ұйымдастыруға, күн тәртібін, еңбек туралы заңдарды сақтауға; оқу-материалдық базаның, жаттығу қару-жарақтарының, шағын калибрлi винтовка мен оның патрондарының сақталуына, жай-күйiне және пайдаланылуына; жастардың денсаулық жағдайына; қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң өрт қауiпсiздiгiне толық жауапты болады.
50. Жастар iсi, туризм және спорт жөніндегі комитет қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiн ұйымдастыруға және оның жұмысына тiкелей қатысады, олардың қызметкерлерiне әскери-патриоттық тәрбие беруде, сондай-ақ жастардың дене тәрбиесiне, спорттың әр түрi бойынша нұсқаушыларды iрiктеуге көмек көрсетедi; әскери комиссариаттармен бiрлесе отырып бiр күндiк әдiстемелiк оқу-сабақтарын өткiзедi, жарыстар ұйымдастырады.
51. Әскери комиссариаттар осы лагерлердегi оқу-дала жиындарындағы бастапқы әскери даярлықты оқу орындарында өтпеген шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығына оқу-әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады; жиындар басталар алдында аталған санаттағы жасөспiрiмдермен бастапқы әскери даярлықты, сондай-ақ жасөспiрiмдермен автоматтан соғыс патрондарымен атып-үйренудi өткізу үшiн тағайындалған взвод және бөлiмше командирлерiмен оқу-әдiстемелiк сабақтарын өткiзедi; шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен оқу-дала жиындарын жоспарлау мен ұйымдастыруға көмек көрсетедi.
52. Лауазымдарға:
а) қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң оқу iсi жөніндегі орынбасары және рота командирiне:
оқу-дала жиындарына оқушы-жасөспiрiмдердiң 2 немесе одан көп взводы тартылатын оқу орындарының бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары қатарынан запастағы офицерлер;
б) взвод командирлерiне:
оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтушi жасөспiрiмдермен оқу-дала жиындарында - бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысы, сондай-ақ тиiстi әскери даярлығы бар әскери мiндеттiлер қатарынан оқу орындарының мұғалiмдерi, оқытушылары, өндiрiстiк оқу шеберлерi, сондай-ақ жастарды оқыту мен тәрбиелеуде тәжiрибесi бар запастағы офицерлер, прапорщиктер, мичмандар;
оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен өткiзiлетiн оқу-дала жиындарында - әдетте, оқу-дала жиындарына бастапқы әскери даярлықтан өту үшiн тартылатын жасөспiрiмдерi бар кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс iстейтiн запастағы офицерлер қатарынан әскери мiндеттiлер, сондай-ақ білім беру органдарының келісімi бойынша оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырушы-оқытушылары тағайындалады.
Бұдан басқа, жоғары оқу орындары ректорларының келісімi бойынша взвод командирлерiне педагогикалық практика кезiнде "Бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi" мамандығы бойынша оқып жатқан 4 курс студенттерi стажер ретiнде көмекке жiберiлуi мүмкiн.
в) бөлiмше командирлерiне:
әдетте, жастармен жұмыс жасау тәжiрибесi және әскери тәжiрибесi бар запастағы әскери мiндеттiлер тағайындалады.
53. ҚССЛ-дегi оқу-дала жиындарында жасөспiрiмдермен оқу-сабақтарын жүргiзу үшiн взвод, бөлiмше командирлерiн, дене шынықтыру нұсқаушыларын даярлау оқу-дала жиындары басталар алдында өткiзiлетiн бiр күндiк оқу-әдiстемелiк сабақтарда және оқу-дала жиындары кезіндегі нұсқаулық-әдiстемелiк оқу-сабақтарында жүзеге асырылады.
54. Жергiлiктi жерлердегi білім беру органдары, оқу орындары, кәсiпорын, мекеме, ұйым басшылары жасөспiрiмдердi оқу-дала жиындарына әзiрлеудi жүргiзедi және олардың қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiне оқу-дала жиындарынан өту үшiн белгiленген мерзiмде келуiн қамтамасыз етедi, осы лагерлердегi жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығына бақылау жасайды.
55. Оқу-дала жиындары кезiнде қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлеріндегі жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлық жұмыстарын үйлестiру, взвод, бөлiмше командирлерi мен дене шынықтыру нұсқаушыларына әдiстемелiк көмек көрсету үшiн оқу-әдiстемелiк кеңес құрылады. Оның құрамына қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнiң бастықтары, оның орынбасарлары, рота командирлерi мен медицина қызметкерлерi кiредi.
Оқу-дала жиындарын ұйымдастыру
56. ҚССЛ-дегi бастапқы әскери даярлыққа:
10 класс (II курс) оқушыларының 6 күндiк жиындарына - 48 сағат;
оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердiң 10 күндiк оқу-дала жиындарына - 60 сағат берiледi.
Аталған санаттағы жасөспiрiмдермен өткiзiлетiн оқу-дала жиындары кезiнде қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң бастығы аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардың келісімi бойынша жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығын және оларға әскери-патриоттық тәрбие беру, взвод және бөлiмше командирлерiмен әдiстемелiк жұмыс жүргiзу жоспарын әзiрлейдi және оны аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар бекiтедi.
Әрбiр рота жеке ауысымға оқу-сабақтарының кестесi, ал взводта - оқу-сабақтарының конспект-жоспарлары жасалады.
57. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiне оқу-дала жиындарынан өту үшiн жасөспiрiмдер оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысының (мұғалiмдер, оқытушылар, өндiрiстiк оқу шеберлерi), өздерi жұмыс iстейтiн кәсiпорын, мекеме, ұйым өкiлдерiнiң, ал жұмыс iстемейтiн жасөспiрiмдер әскери комиссариат өкiлiнiң басқаруымен келедi.
58. Оқу-дала жиындары кезiнде жасөспiрiмдер қатарынан саны 25 адамнан аспайтын взводтар (үш бөлiмше) жасақталады. 3-4 взводтан рота құрылады.
59. Жасөспiрiмдердi қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiне орналастыру, күнделiктi тәртiп пен уақытты бөлу, сондай-ақ қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлеріндегі iшкi наряд қызметi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi iшкi қызметi Жарғысының тиiстi ережелерiне үйлестiрiле әзiрленген Ережесiне сәйкес қарастырылады. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнiң бастығы бекiткен күн тәртібінде:
таңертеңгi дене шынықтыруға және жуынып-шайынуға, хабарламаға, сапта тұру мен дене жаттығуына, 6 оқу сағаты оқу сабақтарын өткізуiне;
тамақтануға және түстен кейiн 30 минут демалуға, қару-жарағын тазалауға және оқу сабағында қолданылатын мүлiктер мен құралдарды қалпына келтiруiне;
өз бетiнше даярлануға, қаhармандық-патриоттық және бұқаралық-спорт жұмыстарына;
жасөспiрiмдердiң жеке қажеттiлiктерiне, кешкi серуенi мен тексерулерiне және ұйықтауларына 8 сағаттан кем емес уақыт қарастырылады.
Оқу-дала жиындарының әрбiр ауысымы соңында ҚССЛ бастығының басшылығымен жастар iсi, туризм және спорт жөніндегі комитетiнiң, соғыс және еңбек ардагерлерiнiң, шефтiк әскери бөлiм жауынгерлерiнiң, әскери-оқу орындарының қатысуымен спорттың әскери-қолданбалы түрлерi бойынша қорғаныс-спорттық мерекелерi өткiзiледi.
60. Оқу-дала жиындарында жасөспiрiмдермен бастапқы әскери даярлық сабақтарын взвод командирлерi мен дене шынықтыру нұсқаушылары жүргiзедi. Бұдан басқа, жасөспiрiмдердi төзiмдiлiкке, күштiлiкке, шапшаңдық пен ептiлiкке шыңдауға бағытталған бұқаралық-спорт жұмыстары ұйымдастырылады және өткiзiледi.
Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде жасөспiрiмдердiң автоматтан атуын ұйымдастыру мен жүргiзу әскери машиналар мен танкiлерден, атыс қаруынан ату Курсына сәйкес жүзеге асырылады.
61. Бiтiрушi кластармен өткiзiлген 6 күндiк оқу-дала жиындарының соңында оқу-дала жиындарынан өткендiгi үшiн қорытынды баға қойылады.
Оқушы жастардың осы бағалары класс журналының "Оқу-дала жиындары үшiн" деген белгiсi бар жерiне қойылады және оларға бастапқы әскери даярлық бойынша қорытынды баға қою кезiнде ескерiледi.
Шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердiң ҚССЛ-дегi оқу дала жиындарында және бiтiрушi кластарда бақылау сабақтарынан алған бағалары негiзiнде бастапқы әскери даярлық бойынша қорытынды баға қойылады. Әскери комиссариаттар шақырылушының есеп карточкасына және шақыру учаскелерiне тiркеу туралы куәлiгiне бастапқы әскери даярлықтың толық курсынан өткендiгi жөнiнде тиiстi жазулар жазады.
Қауiпсiздiк шаралары, жасөспiрiмдердiң өмiрi мен
денсаулығын сақтау
62. ҚССЛ бастығы, оның орынбасарлары, рота, взвод және бөлiмше командирлерi, дене шынықтыру нұсқаушылары, медицина қызметкерлерi лагердегi оқушылардың өмiрi мен денсаулығына жауапты болады. Олар күн тәртібінiң талаптарын қатаң орындауға, жасөспiрiмдердiң лагерь қызметкерлерiнiң жетегiнсiз лагерь аумағынан кетулерiне жол бермеуге мiндеттi.
63. Жасөспiрiмдердiң 10 адамнан аспайтын бөлiмшелер болып бiр мезгiлде тек бассейнде немесе арнайы жабдықталған суаттарда суға шомылуына (қажет болғанда жүзу әдiсiн үйренуiне) ҚССЛ бастығы рұқсат бередi және оны взвод, бөлiмше командирлерi мен дәрiгердiң (медбикенiң) қатысуымен дене шынықтыру және жүзу нұсқаушылары жүргiзедi. Жасөспiрiмдер суға шомылатын жерлерде қажеттi құтқару құралдары мен арнайы әзiрлiгi бар сүңгуiр құтқарушылар дайын тұрулары керек.
64. Жасөспiрiмдердi көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалдау үшiн жауапкершiлiк аудандық (қалалық) әкiмшiлiк органдары мен қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң бастығына жүктеледi. Жастарды тасымалдау кезiнде көлiктiң техникалық жағдайына, жүргiзушiлер мен машиналардың әзiрлiгiне, қозғалыс кезiнде қауiпсiздiк шараларының сақталуына ерекше назар аударылады. Жасөспiрiмдердi үстi ашық жүк тасымалдау көлiктерiмен және түнгi уақытта жүруге тыйым салынады.
65. ҚССЛ-де найзағайдан қорғану құралы болуы керек, үй-жайды өрт сөндiрудiң бастапқы жабдықтарымен, кедергiсiз өтетiн және шығатын жолдармен қамтамасыз етуi қажет. Шатырларға орналасқан кезде онда темекi шегуге, жылыту құралдарын қондыруға, керосинмен жанатын және электрлiк қыздырғыш приборларды пайдалануға, от жағуға тыйым салынады. Лагерде: өрт қауiпсiздiгiнiң шаралары туралы нұсқаулық, өрт және табиғат апаттары кезiнде адамдарды қоныс аудару жоспары әзiрленуi керек. Взвод командирлерi қатарынан тағайындалған лагерь кезекшiсi, рота бойынша кезекшiлер мен iшкi наряд өрт қауiпсiздiгi шараларының сақталуына жауап бередi.
Оқу-материалдық база
66. Оқу-дала жиындарын өткізу үшiн ҚССЛ-нiң оқу-материалдық базасын мынадай объектiлер: жаттығу қару-жарақтары мен шағын калибрлi винтовкаларды сақтау үшiн арнайы жабдықталған бөлме; бiр мезгiлде екi взводпен бiрдей оқу-сабақтарын өткізудi қамтамасыз ететiн тактикалық алаң; қаhармандық-патриоттық жұмыстар жүргiзуге арналған бөлме (қалқа); 200 метрлiк атыс алаңы (тир); 25-30 метрлiк тир; бiр ауысым жасөспiрiмдерiнiң бiр мезгiлде сапқа тұруын және екi взводпен бiрдей саптық әзiрлiк жүргiзудi қамтамасыз ететiн сапқа тұру алаңы; екi взводқа бiр класс (қалқа) есебiмен кластар (қалқалар); жүгiруге арналған жолдары бар спорт қалашығы; футбол алаңы; гимнастикалық қалашық; екi бағытқа бағытталған бiрыңғай кедергiлер алаңы; волейбол, баскетбол, қол добы, стол теннисi алаңдары; табиғи суаттардағы ашық немесе "ОСВОД" үлгiсіндегі жиналмалы-құрастырмалы бассейн; сақшы мiндеттерiн практикалық зерделеуге арналған алаң; рота бойынша кезекшiнiң қызметiн нақты атқаруы үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi iшкi қызметiнiң Жарғысына сәйкес жабдықталған орын құрайды.
ҚССЛ-iн құрал-саймандармен, керек-жарақтармен, оқу құралдары және басқа мүлiктермен қамтамасыз етудi Бағдарламаға қосымша Типтiк тiзiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
Макеттердi - Калашников автоматының көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арқылы ақы төлеп алады.
67. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі оқу-дала жиындарында бастапқы әскери даярлық оқу-сабақтарын жүргiзу үшiн ҚССЛ-iн жаттығу қару-жарағымен, шағын калибрлi винтовка және оның патрондарымен, инженерлiк қару-жарақ құралдары және жеке қорғану құралдарымен, радиациялық және химиялық барлау приборларымен Бағдарламаға қосымша Табель бойынша тегiн қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң үлес берушi органдары қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiне жаттығу қару-жарақтары мен шағын калибрлi винтовкалар мен патрондарды әскери комиссариаттар арқылы бередi. Оларды алу, беру, әскери комиссариаттарға дейiн тасымалдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң құрамаларында, бөлiмдерi мен мекемелерiнде атыс қарулары мен оқ-дәрiлердi есепке алуды ұйымдастыру, сақтау және беру жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң 1994 жылғы 9 тамыздағы № 151 бұйрығы).
68. ҚССЛ-дiң табельдiк жаттығу қару-жарақтары мен техникасы оқу-дала жиындарынан бос уақытта әскери комиссариаттарға сақтау үшiн тапсырылады. Әскери комиссариаттарға қару-жарақ пен техниканы жеткізу тәртібін аудан (қала) Әкімі белгiлейдi. Жаттығу қару-жарақтарын, шағын калибрлi винтовкалар мен оның патрондарын есепке алу, сақтау, сондай-ақ оларды ҚССЛ-дегi өтетiн оқу-сабақтарына беру "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң құрамаларында, бөлiмдерi мен мекемелерiнде атыс қарулары мен оқ-дәрiлердi есепке алуды ұйымдастыру, сақтау және беру жөніндегі Нұсқаулыққа" (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 1994 жылғы 9 тамыздағы № 151 бұйрығы) сәйкес қатаң жүргiзiледi.
ҚССЛ-iн қаржыландыру және қызметкерлерге
еңбек ақы төлеу
69. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiн қамтамасыз етуге кеткен шығындар аудан (қала) Әкімінiң осы мақсаттарға бөлген қаражаты есебiнен алдағы жылға бекiткен сметасы бойынша жүргiзiледi.
70. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу жалпы білім беретiн мектептердегi жоғары класс оқушыларының мектеп, сауықтыру, қорғаныс-спорттық, еңбек және демалыс лагерлерiнiң қызметкерлерiне көзделген тәртiп пен шарт бойынша жүргiзiледi.
Сонымен қызметтiк еңбек ақы:
қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң бастығына - лагерь бастығының жалақысы мөлшерi деңгейiнде белгiленедi;
әкiмшiлiктiң басқа қызметкерлерiне берiлетiн жалақы мөлшерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң барлық бюджеттік салаға белгiленген тәртібімен реттеледi.
Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi бастығының, оның орынбасарларының, взвод және бөлiмше командирлерiнiң лагерде атқаратын қызметi бойынша лауазымдық жалақысы негiзгi жұмыс орны бойынша алатын еңбек ақысынан төмен болған жағдайда, негiзгi жұмыс орнындағы еңбек ақысы 50 проценттiк үстеме ақымен сақталады.
Белгiленген жұмыс уақытынан тыс артық iстеген еңбегi үшiн оларға айлық жалақысының (лауазымдық жалақысының) 15 процентi мөлшерiнде қосымша ақы төленедi.
ҚССЛ-де жасөспiрiмдермен бастапқы әскери даярлық сабақтарын өткізу үшiн тартылған штаттан тыс мамандарға еңбек ақы взвод командирiне берiлетiн жалақы мөлшерi есебiнен педагогикалық жұмыстың нақты көлемiне төленедi.
71. ҚССЛ-дегi оқу-дала жиындарына тартылған жасөспiрiмдердi тамақтандыру тегiн жүргiзiледi. Олар республикалық әскери мектеп-интернаттарының оқушылары үшiн белгiленген тамақтандыру шығындарының ақшалай есеп нормасын пайдаланады.
ҚССЛ-дегi есепке алу және есептiлiк жұмыстары
72. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзiледi және есептiлiк жасалады.
Аудан (қала) Әкімі азық-түлiктiң келiп түсуiн, сақталуын және дұрыс жұмсалуын, жабдықтардың, керек-жарақтардың, оқу құралдары мен басқа да мүлiктердiң, жаттығу қару-жарағының, шағын калибрлi винтовканың, инженерлiк қару-жарақ құралдары мен жеке қорғану құралдарының нақты қанша екендiгiн, есебiн, есеп құжаттарының жағдайын үнемi тексерудi қамтамасыз етедi.
73. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң жұмысы аяқталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы органның комиссиясы материалдық құндылықтардың, жаттығу қару-жарақтарының, шағын калибрлi винтовкалар мен оның патрондарының, инженерлiк қару-жарақ құралдары мен жеке қорғану құралдарының барлық түрлерiн мiндеттi түрде түгендей отырып, оның қаржылық-шаруашылық қызметiне құжаттық тексеру жүргiзедi.
IХ. Жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығын
материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
74. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бастапқы әскери даярлықты жүргiзу үшiн оқу орындары мен ҚССЛ-iн табель және норма бойынша жаттығу миналарымен, гранаталарымен, кiшкене жол күректерiмен және жеке қорғану құралдарымен, радиациялық және химиялық барлау мен дозиметриялық тексеру аспаптарымен өтеусiз қамтамасыз етедi. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ҚССЛ-iн жаттығу қару-жарағымен, шағын калибрлi винтовка және оның патрондарымен қамтамасыз етедi.
75. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң үлес берушi органдары қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiне жаттығу қару-жарақтарын, техника мен шағын калибрлi винтовкалар мен патрондарды әскери комиссариаттар арқылы бередi.
76. Әскери комиссариаттардың жаттығу қару-жарақтарын, оқу құралдары мен техникаларын сұратып алуы Қорғаныс министрлігінiң үлес берушi органдарына жыл сайын 1 қазанда ұсынатын оқу мүлiктерi мен техникаларының әрбiр түрi бойынша жеке-жеке жылдық есеп-тапсырыс жөніндегі Табельде көзделген мөлшер мен мерзiмге сәйкес жүргiзiледi.
77. Әскери комиссариаттардың әскери бөлiмдер қоймаларынан жаттығу қару-жарақтарын, оқу құралдары мен техникаларын беру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі үлес берушi органдарының наряды (жүк беру құжаттамасы) бойынша жүргiзiледi. Оқу құралдары мен техника жинақталған түрде техникалық құжатпен бiрге (суреттермен, сызбамен, нұсқаулықтармен және т.б.) берiледi.
78. Жаттығу қару-жарақтарын, оқу құралдары мен техниканы алуды әскери комиссариат өкiлдерi өздерiнiң жеке басын куәландыратын сенiмхат пен құжаттарды (паспорт, жеке куәлiгi) көрсеткен соң жүзеге асырады.
79. Жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығын өткізуге арналған жаттығу қару-жарақтарын, оқу құралдары мен техниканы тасымалдау әскери тасымалдау үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Тасымалдау төлемi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң сметасы баптарының кредиттерi есебiнен жүргiзiледi.
Әскери комиссариаттардан ҚССЛ үшiн жаттығу қару-жарақтарын, оқу құралдары мен техниканы жеткізу әкiмшiлiк органдарының күшi мен қаражаты арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң үлес берушi органдары мен әскери бөлiмдерi қоймаларынан оқу мүлiктерi мен техниканы жiберу оларды әскери комиссариаттар өкiлдерi қабылдап алғаннан кейiн немесе өкiлдердiң қабылдануынсыз алушының жазбаша келісімi бойынша жүргiзiледi.
Жаттығу қару-жарақтары мен техникасын тасымалдауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі үлес берушi органдарының өтiнiмi бойынша әскери қатынас қызметiнiң бастығы жоспарлайды.
80. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi оқу орындары мен ҚССЛ-iн олардың өтiнiмдерi бойынша азаматтық қорғаныс мүлiктерiмен білім беру және атқарушы органдардың қаржысы есебiнен қамтамасыз етедi.
81. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі оқу орындары мен ҚССЛ-iн өтiнiмдерi бойынша медициналық-санитарлық даярлық жөніндегі табельдiк медициналық мүлiктермен өздерi қарауына жататын министрлiктер мен ведомстволар қаражаты есебiнен бағынысындағы денсаулық сақтау органдары арқылы қамтамасыз етедi.
82. Оқу орындарында бастапқы әскери даярлық Бағдарламасына сәйкес оқу-материалдық база құрылады және ол үнемi жетiлдiрiлiп отырылады. Оған: бастапқы әскери даярлық кабинетi (класы); бастапқы әскери даярлық, өмiр қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныс бойынша арнаулы мүлiктердi сақтау бөлмесi; саптық әзiрлiк оқу-сабақтарын өткізу алаңы, кезекшi мiндеттерiн практикалық зерделеу орны, дене тәрбиесi сабағына арналған орын, оқу-көрнекi құралдары мен оқытудың техникалық жабдықтары жатады.
Х. Жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығына
бақылау жасау
83. Жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығына бақылау жасауды:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігімен, Жастар iсi, туризм және спорт министрлiктермен бiрге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жоспарлары бойынша;
атқарушы органдардың жоспарлары бойынша;
төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалармен, білім беру және денсаулық сақтау органдарымен бiрге жастар iсi, туризм және спорт комитетi өкiлдерiнiң қатысуымен әскери комиссариаттар (жеке мәселелер бойынша дербес) жүзеге асырады.
Қарауында оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар, сондай-ақ жергiлiктi жерлердегi оларға бағынатын органдар жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығына бақылау жасауды өз жоспарлары бойынша жүзеге асырады.
84. Оқу орындарында жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлық жағдайы, сондай-ақ қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде жасөспiрiмдердiң оқу-дала жиындарының ұйымдастырылуы мен өткiзiлуi қажет болған жағдайда тексерiледi.
Жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығының жағдайы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған оқу орындары бiр жылдан кейiн қайта тексерiледi. Оқу орындарында жасөспiрiмдердiң Бағдарламаны меңгеру сапасы мен оқу-материалдық базасының жағдайы тексерiледi. Бұдан басқа мынадай мәселелер:
Бағдарламаның орындалуы;
бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының әдiстемелiк даярлығы мен оқу орны директоры тарапынан бастапқы әскери даярлыққа басшылық жасаудың жағдайы зерделенедi.
85. Оқу-орындарындағы жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығының жағдайына жалпы баға беру жасөспiрiмдердiң Бағдарламаны меңгеру сапасына және осы даярлықты өткізу үшiн оқу-материалдық базасының жай-күйiне берiлген бағадан шығарылады.
Осы мәселелердi тексеру және баға беру негiзiнде, бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының оқу Бағдарламасын орындауын, оқу сабақтарын сапалы өткізуiн есепке ала отырып, мектеп директоры тарапынан бастапқы әскери даярлыққа басшылық жасау деңгейi, бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысының кәсiптiк және әдiстемелiк даярлығы жөнiнде қорытынды жасалады.
86. 10, 11 кластардағы (2-3 курстардағы), кем дегенде бiр взводты (20-25 адам) құрайтын жасөспiрiмдердiң Бағдарламаның өткен материалдарын меңгеру сапасы, әдетте жеке баға қоюмен тексерiледi.