Инвестициялар туралы
Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 қаңтардағы № 373-II Заңы
(2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңын қараңыз (2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестацияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, Қазакстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жинақтауыштар - жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын және Кеден одағының Комиссиясы жасаған тауарлардың тиісті тізбесіне енгізілген құрамдас бөліктер;
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жұмыс бағдарламасы - инвестициялық келiсiмшартқа өндіріс пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн, сондай-ақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жобаның негізгі өндірістік көрсеткіштерін айқындайтын қосымша;
3) инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа), сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері;
4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) инвестициялық басым жоба - тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір қызметтің басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба;
5) инвестициялық дау - инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау;
6) инвестициялық жоба - концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған өндірісін қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi;
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) инвестициялық келiсiмшарт - инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт;
8) инвестициялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөнiндегi не кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi түзу немесе ұлғайту жөнiндегi, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері жөніндегі қызметi;
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) инвестициялық омбудсмен - Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам;
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) инвестициялық преференциялар - Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар;
10) инвестициялық стратегиялық жоба - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге енетін және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабілетті инвестициялық жоба;
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) инвестициялық субсидия - инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидия түрі;
11) инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) инвесторлар үшін «бір терезе» - инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуда уәкілетті орган тарапынан жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны;
12) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысумен құрылған заңды тұлға;
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) мемлекеттiк заттай гранттар - Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiлетін не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсынылатын мүлік;
14) миноритарлық инвестор - дауыс беретін акциялардың он пайызынан аз (қатысушылар дауысының жалпы санының он пайызынан аз) мөлшерде инвестицияларды жүзеге асырған инвестор;
15) модельдiк келiсiмшарт - Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн және инвестициялық келiсiмшарттар жасасқан кезде пайдаланылатын үлгi келiсiмшарт;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16) тармақша жаңа редакцияда
16) технологиялық жабдық - инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар.
2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік кұқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заң: мемлекеттік бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға;
коммерциялық емес ұйымдарға, оның ішінде білім беру, қайырымдылық, ғылыми немесе діни мақсаттар үшін капитал салуға байланысты қатынастарды реттемейді.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының қолданылатын аясына қатысты қатынастарға осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының осындай заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Инвестордың жасалған инвестициялық келісімшарт бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту заңнамасында реттеледі.
4. Егер Казақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Зандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Инвестициялық қызмет объектілері
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды коспағанда, инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің кез келген объектілері мен турлеріне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар.
Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің инвестициялар жүзеге асырылатын объектілері мен түрлеріне қатысты құқықтары мен міндеттері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және тиісті шарттарда белгіленеді.
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі негізге алына отырып, Қазақстан Республикасының заң актілерімен инвестициялық қызмет шектелетін немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлері және (немесе) аумақтар белгіленуі мүмкін.
2-тарау. Инвестициялардың құқықтық режимі
4-бап. Қазақстан Республикасының аумағына инвесторлар қызметін құқықтық қорғау кепілдіктері
1. Инвестордың құқықтары мен мүдделері толық және сөзсіз қорғалады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен камтамасыз етіледі.
2. Инвестордың мемлекеттік органдардыц Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмейтін актілер шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынан өзіне келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өткізуге құқығы бар.
3. Шарттарға өзгерістер тараптардың келісімі бойынша енгізілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепілдік береді.
Бұл кепілдіктер:
1) импорттың, өндірістің, акцизделетін тауарлар өткізудің тәртібі мен талаптарын өзгертетін Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерістерге және (немесе) Казақстан Республикасының халықаралық шарттарын күшіне енгізуге және (немесе) олардың өзгерістеріне;
2) ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтау мен имандылықты камтамасыз ету мақсатында Казақстан Республикасының заң актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қолданылмайды.
5-бап. Кірістерді пайдалану кепілдіктері
Инвесторлар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салыктарды және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдерді телегеннен кейін өзінің қызметінен алынған кірістерді өз қалауы бойынша пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде Кдзақстан Республикасының банктік және валюталық зандарына сәйкес ұлттық валютамен және (немесе) шетелдік валютамен банктік шоттар ашуға құқылы.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты қызметінің жариялылығы және инвесторлардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының инвесторлардың мүдделерін қозғайтын ресми хабарлары және нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланады.
2. Миноритарлық инвесторларды қоса алғанда, инвесторлардың заңды тұлғаларды тіркеу туралы, олардың жарғылары туралы, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу туралы, берілген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруымен байланысты коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген өзге де ақпаратқа еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-бап. Мемлекеттік органдардың инвесторлар қызметін бақылауды жүзеге асыруы
1. Инвесторлардың қызметін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2. Инвесторлардың қызметін бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
8-бап. Мемлекет меншігіне алу және реквизициялау кезіндегі инвесторлар құқықтарының кепілдіктері
1. Мемлекеттік мұқтаждар үшін инвестордың мүлкін мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет меншігіне алуға, реквизициялауға) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген ерекше жағдайларда жол беріледі.
2. Мемлекет меншігіне алынған кезде инвесторға Қазақстан Республикасы мемлекет меншігіне алу туралы Казақстан Республикасының заң актілерін шығару салдарынан оған келтірілген залалды толық көлемінде өтейді.
3. Инвестордың мүлкін реквизициялау оған мүліктің нарықтық құнын төлей отырып жүзеге асырылады.
Мүліктің нарықтық құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады.
4. Меншік иесіне реквизицияланған мүліктің құны өтелген бағаға ол сот тәртібімен дауласуы мүмкін.
5. Реквизициялаудың жүргізілуіне байланысты мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған кезде инвестор сақталған мүліктің қайтарылуын талап етуге құқылы, бірақ бұл ретте мүлік құнының төмендеуінен болған ысырапты ескере отырып, өзі алған өтем сомасын қайтаруға міндетті.
9-бап. Дауларды шешу
1. Инвестициялық даулар келіссөздер жолымен, оның ішінде сарапшыларды тарта отырып не дауларды шешудің тараптармен бұрын келісілген рәсіміне сәйкес шешілуі мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес инвестициялық дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда дауларды шешу Қазақстан Республикасынын халықаралық шарттары мен заң акгілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келісім-шарттарымен айқындалатын халықаралық төрелік соттарда жүргізіледі.
3. Инвестициялық дауларға жатпайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
10-бап. Инвестор құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы
Егер шет мемлекет немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты берілген кепілдік (сақтандыру шарты) бойынша инвестордың пайдасына төлем жүргізетін болса және аталған инвестицияларға инвестордың құқықтары осы шет мемлекетке не ол уәкілдік берген мемлекеттік органға ауысатын болса (талаптар берілетін болса), Қазақстан Республикасында құқықтардың осылай ауысуы (талаптардың берілуі) инвестор Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған және (немесе) ол белгілі бір шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда ғана заңды деп танылады.
3-тарау. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау
11-бап. Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты экономиканың дамуы үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың біліктiлiгiн арттыруға, соңдай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады.
2. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
12-бап. Уәкілетті орган
1. Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды Кдзақстан Республикасының үкіметі белгілейтін уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның өз құзыреті шегінде және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен сарапшылар тартуға құқығы бар.
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Уәкілетті орган инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторлармен инвесторлар үшін «бір терезе» жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы өзара іс-қимыл жасайды.
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Уәкілетті орган мүдделі заңды тұлғалар тарапынан кепілдендірілген тапсырысты қамтамасыз етуде уәкілетті орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвесторларға жәрдемдеседі.
3. Уәкілетті органның қызметі Кдзақстан Республикасының үкіметі бекітетін Ережемен реттеледі.
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бап. Инвестициялық омбудсмен
1. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық омбудсмен:
1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынымдар шығарады;
2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
2. Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды
12-2-бап. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде жәрдем көрсету
1. Инвесторлар үшін «бір терезе» жасау және оның жұмыс істеуі үшін уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдауға және олардың нәтижелерін инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға немесе олардың заңды өкілдеріне беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған арнайы бөлінген орынды ұйымдастырады.
Бұдан басқа уәкілетті орган инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға немесе олардың өкілдеріне қатысты:
1) бұрыннан бар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қабылдауды және консультация беруді;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қажетті құжаттарды дайындау мен ресімдеуге көмектесуді;
3) электрондық цифрлық қолтаңбаны, электрондық өтініштер мен басқа да құжаттарды ресімдеуге көмектесуді;
4) осы бапта айқындалған тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған кезде орталық және жергілікті атқарушы органдарда инвестициялық басым жобаны қолдауды жүзеге асырады.
2. Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және онда:
1) инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларды немесе олардың заңды өкілдерін қабылдауды және консультация беруді жүзеге асыру;
2) мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға немесе олардың заңды өкілдеріне беру;
3) уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар арасында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
4) уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны мемлекеттік органдарда қолдауы;
5) инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторлар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін мониторингілеу тәртібі көзделуге тиіс.
3. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықпен инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасау және уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны мемлекеттік органдарда қолдауы үшін жауапты тұлғаларды айқындайды.
4. Уәкілетті орган инвесторлар үшін «бір терезе» шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдар алдында инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвестордың өтінішін қарау туралы өтінішхат беруге және инвнсторлардың құжаттарын мемлекеттік органдарға енгізуге құқылы.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді; 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Инвестициялық преференциялардың түрлері
1. Инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:
1) кедендік баждарды салудан босату;
2) мемлекеттік заттай гранттар.
2. Инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері (бұдан әрі - инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар) беріледі:
1) салықтар бойынша преференциялар;
2) инвестициялық субсидия.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді; 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртібі
1. Инвестициялық преференцияларды алу үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкілетті органға инвестициялық преференциялар беруге өтінім және өтінім берушінің осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жібереді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Инвестициялық преференциялар уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келісімшарт негізінде беріледі.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары
1. Инвестициялық преференциялар:
1) инвестициялық жоба бойынша - Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;
2) инвестициялық басым жобаға - Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына беріледі.
Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшін мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік он екі айдан аспай жүзеге асырылса;
2) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырса;
3) инвестициялық басым жобаны іске асыру бір инвестициялық келісімшарт шеңберінде ғана жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы болып табылады.
2. Инвестициялық преференциялар заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру кезінде беріледі.
Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлері тізбесінің құрамында басым жобалардың тізбесі бекітіледі, ол Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес қалыптастырылады.
Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне мынадай қызмет түрлері енгізілуге жатпайды:
1) ойын бизнесі саласындағы қызмет;
2) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды шығаруды, жинауды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетін тауарлар шығару жөніндегі қызмет.
Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесін қоса алғанда, қызметтің басым түрлерінің тізбесі жылына бір реттен артық қайта қаралмайды.
3. Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымдарын;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге қолданыста болатын, айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыратын, инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге әрекет ететін Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылса;