32-бап. Судьяның ант беруi
1. Судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған адам мынадай мазмұнда ант бередi:
«Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн».
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының отырысында ант бередi.
3. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Облыстық соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы мен судьясы, аудандық соттың төрағасы мен судьясы қызметіне алғаш рет тағайындалған адамдар облыстық соттың жалпы отырысында ант береді.
Судья төраға не сот алқасының төрағасы немесе басқа соттың судьясы болып тағайындалған кезде қайтадан ант бермейді.
33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру
1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:
1) судья Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихатының депутаттығына кандидат болып тiркелсе;
2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;
3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келісім берiлсе;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1) тармақша жаңа редакцияда
3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судьяның өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы Сот жюриінің шешiмi болса;
3-2) 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) басқа жұмысқа ауысса;
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берсе, тоқтатыла тұрады.
2. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұруды:
Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Қазақстан Республикасының Президентi;
Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылы
2-1. Судьяның өкілеттігі тоқтатыла тұрған кезде оның тиісті соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымындағы өкілеттігі тоқтатыла тұрады.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылы
2-2. Судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берген кезде оның өкілеттігі осы өтініш берілген күннен бастап бір ай өткен соң тоқтатыла тұрады.
3. Егер судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға негiз болған мән-жай жойылса, судьяның өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.
2006.11.12. № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 34-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату
1. Төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның өкiлеттiктерін тоқтату негiздері:
1) судьяның орнынан түсуі;
2) судьяның өз тілегі бойынша лауазымынан босауы;
3) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы;
4) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмiнің заңды күшiне енуі;
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы;
6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;
7) судьяның қайтыс болуы немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнің заңды күшiне енуі;
2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяның басқа лауазымға тағайындалуы, сайлануы және оның басқа жұмысқа ауысуы;
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, егер судья басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда судьяның басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы;
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, өкiлеттiк мерзiмiнің аяқталуы, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келiсiм бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда сот төрағасының, сот алқасы төрағасының басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы;
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) кәсiби жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешiмi;
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі;
12) зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толуы.
2. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының өкiлеттiктерi оның өз тілегі бойынша, не олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған кезде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
3. Судья лауазымынан босату туралы шешiм:
1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен;
2) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті және басқа соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Судья лауазымынан босату бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.
Осы Конституциялық заңның 31-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымынан оның өз еркі бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң аяқталуы бойынша босату оны осы соттың судьясы лауазымынан босатуға әкеп соқпайды.
Тиісті сотта судьяның бос лауазымы болмаған жағдайда төраға немесе сот алқасының төрағасы оның келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Судьялардың өкілеттіктерін тоқтатудың осы баптың 1-тармағының 5), 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздері теріс уәждер деп танылады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 34-1-баппен толықтырылды; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 34-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-1-бап. Судья лауазымында болудың шекті жасы
1. Судья Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде оның шекті жасқа толғанға дейін судья лауазымында одан әрі болуына Жоғары Сот Кеңесінің келісімімен Жоғарғы Соттың Төрағасы рұқсат етеді.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Судья лауазымында болуға оның шекті жасқа - алпыс бес жасқа толуына дейін жол беріледі, бұл айрықша жағдайларда осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
35-бап. Судьяның орнынан түсуi
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мiнсiз беделi, кемiнде жиырма жыл судьялық жұмыс өтiлi бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығына жататынын, жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiн және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерiн сақтай отырып, лауазымынан құрметпен кету нысанында судья өкiлеттiктерінің тоқтатылуы отставка болып табылады.
Судьяны орнынан түсу нысанында қызметтен босату судьяның орнынан түсу туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Отставкаға шыққан кезде судьяға жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде бiржолғы шығу жәрдемақысы төленедi.
2015.31.07. № 341-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Отставка тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайлардан басқа кезде, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судьяға судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының елу пайызы мөлшерінде салық салынбайтын өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төленеді.
Жиырма жылдан асатын судьялық жұмыс өтілінің әрбір жылы үшін, ал 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судьяларға - он бес жылдан асатын судьялық жұмыс өтілінің әрбір жылы үшін отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының бір пайызына ұлғайтылады.
Отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының ең жоғары мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының алпыс бес пайызынан және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз тоғыз еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымның мөлшері көрсетілген қамтылымды төлеуге өтініш берілген күнге қолданыста болатын, судьялар үшін еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес соңғы атқарған лауазымы бойынша есептеледі.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен судьялардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері арттырылған кезде тиісінше өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды қайта есептеу жүргізіледі.
Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Отставкадағы судьяның өз жеке зейнетақы шотында қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-2. Оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға байланысты лауазымды қоспағанда, отставкадағы судья Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымға орналасқан жағдайда, оған өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тоқтатыла тұрады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымда болуы тоқтатылған жағдайда, судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қайта басталады.
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Судьяның орнынан түсуі:
ол қылмыс жасаған немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасаған;
өз тiлегi бойынша;
Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
ол қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда тоқтатылады.
Судьяның отставкасын тоқтату үшін негіздер қаралғанға дейін судьяның отставкасы тоқтатыла тұрады.
Судьяның орнынан түсуін тоқтата тұруды Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.
Егер судьяның орнынан түсуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға негіз болған мән-жайлар жойылса, судьяның орнынан түсуі қалпына келтіріледі.
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Судья орнынан түсуі тоқтатылған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігінен және осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктерден айырылады.
Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігі мен осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктердің қолданылуы да тоқтатыла тұрады.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Орнынан түсуді тоқтату судьяны орнынан түсуіне байланысты лауазымнан босатудың сол тәртібімен жүзеге асырылады.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Отставкадағы және судья лауазымында болудың шекті жасына толмаған судьялар, олардың келісімі болған кезде судьяның уақытша болмауы кезеңінде, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге сот төрелігін іске асыруға тартылуы мүмкін.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 35-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)
35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру
1. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2015.31.07. № 341-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Судья теріс себептер бойынша лауаымынан босатылған кезде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған қосымша міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджетке алынады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 36-бап жаңа редакцияда
36-бап. Жоғары Сот Кеңесi
Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және оның жұмысын ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
37-бап. Судьялар қоғамдастығы мен оның органдары
1. Судьялар қоғамдастығының ортақ мүдделерiн iске асыру мен қорғау мақсатында судьялардың қоғамдық бiрлестiктер құруға құқығы бар.
2. Судьялық бiрлестiктер қажет болған жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiппен өз мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiредi, қорғайды және сот төрелiгiнiң iске асырылуына ықпал етуге құқылы емес, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздемеуге тиiс.
38-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 38-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 38-1-бап жаңа редакцияда
38-1-бап. Сот жюриі
1. Жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби қызметін бағалау, судьяның отставкаға құқығын және оны тоқтатуды растау, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді, тәртіптік істерді қозғау туралы мәселені қарау үшін Сот жюриі құрылады.
Сот жюриі біліктілік және тәртіптік комиссиялардан тұрады.
Біліктілік комиссиясы жеті мүшеден - облыстық соттардың екі судьясынан, Жоғарғы Соттың екі судьясынан және отставкадағы үш судьядан тұрады.
Тәртіптік комиссия тоғыз мүшеден - аудандық соттардың үш судьясынан, облыстық соттардың үш судьясынан және Жоғарғы Соттың үш судьясынан тұрады.
2. Облыстық соттың және Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының шешімдері судьяға қатысты материалдарды Сот жюриінің тәртіптік комиссиясының қарауы үшін негіз болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалар судьяның әрекеттеріне шағым жасаудың барлық өзге де қолда бар тәсілдерін пайдаланған болса, олардың өтініштері де судьяға қатысты материалдарды Сот жюриінің қарауы үшін негіз болып табылады.
3. Сот жюриi мен оның комиссияларын қалыптастыру және олардың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ Сот жюриінің материалдарды, тәртiптiк iстердi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 38-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
38-2-бап. Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясы
Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясы (бұдан әрі - Академия) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Жоғарғы Сот Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
Академияны құруды, оның мәртебесін және жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
2-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘРТIПТIК ЖАУАПКЕРШIЛIГI
39-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Судья тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Қызметтік міндеттерін атқару не қызметтен тыс кездегі кінәлі әрекет (әрекетсіздік) салдарынан осы Конституциялық заңның және (немесе) Судья әдебі кодексінің ережелері бұзылып, бұл сот билігі беделін түсіруге және судьяның беделіне нұқсан келтіруге алып келген тәртіптік теріс қылық болып табылады.
Судья тәртiптiк жауаптылыққа:
1) сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты өрескел бұзғаны үшiн;
2) судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшiн;
3) еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн тартылуы мүмкін.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сот төрағалары және соттардың сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңда көзделген лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшін тәртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Судьялық қате, сондай-ақ сот актiсiнiң күшiн жою немесе оны өзгерту, егер бұл ретте жоғары тұрған сот сатысының сот актiсiнде көрсетiлген, заңды өрескел бұзушылықтарға жол берiлмеген болса, судьяның жауаптылығына алып келмейді.
Судьяның кінәлі әрекеттеріне байланысты емес, материалдық немесе процестік құқық нормаларын дұрыс түсіндірмеуге және қолданбауға алып келген іс-әрекет судьялық қате деп танылады.
40-бап. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалардың түрлерi
1. Судьяларға тәртiптiк жазаның мына түрлерi қолданылуы мүмкiн:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметiнен босату;
5) осы Конституциялық заңда көзделген негiздер бойынша судья қызметiнен босату.
2. Әрбiр тәртiп бұзушылық үшiн тәртiптiк терiс қылықтың сипаты, судьяның жеке басы туралы деректер және оның кiнәсiнiң дәрежесi ескерiле отырып, тек бiр тәртiптiк жаза қолданылады.
41-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
42-бап. Тәртiптiк iс қозғау және қарау мерзiмдерi
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргізу, жеке тұлғалардың өтініші бойынша тәртіптік іс жүргізуді қозғауды қоспағанда, қызметтiк тексеру мен судьяның дәлелдi себеппен жұмыста болмаған уақытын есепке алмағанда, терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей және терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей қозғалуы мүмкiн.
Жоғарғы тұрған сот инстанциясының заңдылықтың бұзылу фактiсi анықталған сот актiсi заңды күшiне енгiзiлген күн судьяның сот iсiн қарау кезiнде заңдылықты бұзуына байланысты тәртiптiк терiс қылықтың анықталған күнi болып есептеледi, ал заңсыз сот актiсi шығарылған күн осындай терiс қылықтың жасалған күнi болып есептеледi.
Жеке тұлғалардың өтініші бойынша судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргізу қызметтiк тексеру мен судьяның дәлелдi себеппен жұмыста болмаған уақытын есепке алмағанда, өтініш келіп түскен күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қозғалуы мүмкiн.
2. Тәртiптiк iс қозғалған күнiнен бастап екi ай мерзiм iшiнде қаралуға тиiс.
43-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.11.12. № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 44-бап өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 44-бап жаңа редакцияда
44-бап. Сот жюриінің шешімдері
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін бағалау туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) атқаратын лауазымына сай деп тану;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным жасау;
3) жоғары тұрған лауазымға (жоғары тұрған сот сатысына) кадр резервіне қоюға ұсыным жасау;
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы;
5) кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным беруден бас тарту.
Сот жюриі біліктілік комиссиясының осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген шешімдері ұсынымдық сипатта болады.