ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын
энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 10 тамыздағы № 119-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
35-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Электр энергиясын нетто-тұтынушы болып табылатын жеке тұлға Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объект өндірген электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын өндіру немесе электр энергиясын сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруына байланысты дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.».
2. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
32-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«32-2) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі - нетто-тұтынушы) - жаңартылатын энергия көздерінің аралас қондырғыларын қоса алғанда, таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объектіден электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;»;
50) тармақшадағы «электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясының нетто-тұтынушылары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес нетто-тұтынушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді қамтамасыз ету;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды бюджет қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын кредиттеуді;»;
2-тармақтың 3) тармақшасы 2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;»;
4) 12-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «Электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушылар мен электр энергиясын нетто-тұтынушыларды» деген сөздер «Нетто-тұтынушыларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 13-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын жиынтық белгіленген қуаты 10 мегаваттан аспайтын, өздерінің қызмет көрсету аймағында орналасқан, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген және 2023 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу мен сатудың ұзақ мерзімді шарттары болмаған гидроэлектр станцияларынан осы Заңның 12-1-бабына сәйкес белгіленген электр энергиясына шекті тариф бойынша басым тәртіппен сатып алады.
Бұл ретте электр энергиясын осы гидроэлектр станцияларынан 2023 жылғы 1 шілдеге белгіленген қуат деңгейінде сатып алуға жол беріледі.»;
6) 14-баптың 6-тармағындағы «мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды орындаған жағдайда оларды электр және жылу жүйелеріне» деген сөздер «, нетто-тұтынушылар мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды орындаған жағдайда оларды электр және жылу желілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 15-9-бапта:
1 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты республикалық маңызы бар қалалардағы, құрамында электр станциялары жұмыс істейтін, соның ішінде жылу және электр энергиясын аралас өндіруді жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) энергия өндіруші ұйымдармен ғана жасалады.»;
«5. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламалар нарық кеңесі қарайтын кезеңде өзгертілуге жатпайды.
Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйыммен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім жасасу (жасасудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған кезеңде энергия өндіруші ұйым тиісті инвестициялық бағдарламаға іс-шараның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгергендігін растайтын құжаттар негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы.
Бұл ретте энергия өндіруші ұйымдар отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне нарық кеңесінің және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қайтадан алуға міндетті.»;
9-тармақтың 3) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тиісті инвестициялық қарыздар бойынша төленетін сыйақыны қоса алғанда, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарлама шеңберінде жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты инвестицияларды қайтару ескеріле отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі (айлармен) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі есепке алынып, жылдар бойынша ауыспалы шама ретіндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тариф қамтылады.».
3. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объект (бұдан әрі - ауқымы шағын объект) - жалпы белгіленген қуаты екі жүз киловатқа дейінгі (қоса алғанда), жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ауқымы шағын объектіні пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;»;
5) тармақша «энергия өндіруші ұйым -» деген сөздерден кейін «нетто-тұтынушыларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
9), 9-1) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі - нетто-тұтынушы) - жаңартылатын энергия көздерінің аралас қондырғыларын қоса алғанда, таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі ауқымы шағын объектіден электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 3-баптың 2-тармағының 1-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) нетто-тұтынушыларға қолдау шараларын ұсынуды;»;
3) 4-бапта:
тақырыптағы «негізгі бағыттары» деген сөздер «міндеттері мен қағидаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері болып табылады:»;
5) тармақшадағы «бағыттары бойынша жүзеге асырылады» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Мыналар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің қағидаттары болып табылады:
1) энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік;
2) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау;
3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы субъектілер мүдделерінің теңгерімі;
4) генерация құрылымында жаңартылатын энергия көздерінің үлесін дамыту жөніндегі міндеттемелерге қол жеткізу;
5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың инвестициялық тартымдылығы.»;
4) 6-бапта:
5-1), 5-2), 5-5), 5-7) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
3-тармақтың 4) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші абзацтары 2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) ауқымы шағын объектілерді электр желілеріне қосу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7-2) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;»;
8), 9-1), 9-2), 10), 10-1), 10-3), 10-6), 10-7) және 10-8) тармақшалар алып тасталсын;
3-тармақтың 4) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 10-9) тармақшамен толықтырылсын:
«10-9) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату тәртібін айқындайды;»;
3-тармақтың 7) тармақшасы 2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
5) 7-баптың 3-2) тармақшасы алып тасталсын;
6) 9-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы «тұтынушыларға» деген сөзден кейін «және шекті тарифтер бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
бірінші бөлік «энергия өндіруші ұйымдарға» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ нетто-тұтынушыларға» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «(гидроэлектр станциялары)» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ нетто-тұтынушылар» деген сөздермен толықтырылсын;
9, 10 және 11-тармақтар алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Нетто-тұтынушыларды энергия беруші ұйымдардың желілеріне қосу және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын сату шарттары
1. Энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушы энергия беруші ұйымның желілеріне тұтынушы ретінде қосылған кезде онымен электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын жасасуға міндетті.
2. Энергия беруші ұйым нетто-тұтынушыға тиесілі ауқымы шағын объектінің шекараларын бөлгенге дейін өзінің жағындағы нүктеде энергия беруші ұйымның электр желісіне нетто-тұтынушының кедергісіз қосылуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Нетто-тұтынушы өзіне қызмет көрсететін энергиямен жабдықтаушы ұйымға оның қолданыстағы тарифі бойынша электр желісінен есепті кезең ішінде өзі тұтынған электр энергиясының көлеміне, нақ сол кезең ішінде электр желісіне өзі берген көлемді шегере отырып, ақы төлейді.
Электр желісіне есепті кезең ішінде нетто-тұтынушы берген электр энергиясының көлемі электр желісінен нақ сол кезең ішінде өзі тұтынған электр энергиясының көлемінен асып кеткен жағдайда, қызмет көрсететін энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушыға жоғарыда аталған асып кету көлеміне оның шекті бағасы бойынша (тұтынушылар топтары бойынша сараламай) ақы төлейді.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымның нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатуы нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
8) 10-баптың 5-тармағы «жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін» деген сөздерден кейін «, соның ішінде ауқымы шағын объектілерді» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 3-тармағы 4) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші абзацтарын және 7) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 19 маусым
№ 96-VIII ҚРЗ