Егер мұндай іс-қимылдар көрсетілген мерзімде жасалмаған жағдайда бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы осы мерзім өткен соң тоқтатылады, ал тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кеден органдары кідіртеді.
328-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет декларантта кеден органының тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
2. Декларанттың бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеті мынадай мән-жайлар басталған:
1) осы тауарлар осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында аталған тұлғаларға өткізілген;
2) осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғаларға өткізілген осы тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған;
3) осы тауарлар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылған, оның ішінде осы тауарлар осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін кедендік рәсімдермен орналастырылған және (немесе) олар осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес әуе немесе су кемелерінің борттарында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде пайдалану үшін шығарылған;
4) осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылған, оларға қатысты бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған тауарлар;
5) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет орындалған және (немесе) олар осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынған;
6) осы Кодекске сәйкес осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін мұндай шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан шетелдік тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органы таныған;
7) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - бажсыз сауда кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылған;
8) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация қайтарып алынған және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы тоқтатылған;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленген немесе мемлекет меншігіне айналдырылған;
10) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кеден органы тауарларды кідірткен;
11) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларды қайтару туралы оларға қатысты шешім қабылданған тауарлар уақытша сақтауға қойылған немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырылған кезде тоқтатылады.
3. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет орындауға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) бажсыз сауда кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттары бұзылған жағдайда - тауарларды пайдаланудың белгіленген шарттарын бұзатын әрекеттер жасалған күн, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарлар бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, шетелдік тауарлар жоғалған жағдайда - тауарлар жоғалған күн, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарлар бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
3) егер осы Кодекстің 327-бабының 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға өткізілген шетелдік тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілмеген жағдайда - осы Кодекстің 327-бабының 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің соңғы күні;
4) егер осы Кодекстің 327-бабының 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға өткізілген шетелдік тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілмеген жағдайда - осы Кодекстің 327-бабының 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің соңғы күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар мен жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларынан, көрсетілген сомаларға қатысты тауарлар бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі өткен күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылғандай пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
7. Тауарлар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылған және (немесе) осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес олар су немесе әуе кемелерінің борттарында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде пайдалану үшін шығарылған жағдайда, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндет орындалғаннан кейін осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) жатады.
36-тарау. ЖОЮ КЕДЕНДІК РӘСІМІ
329-бап. Жою кедендік рәсімінің мазмұны мен қолданылуы
1. Жою кедендік рәсімі шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде осындай тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей жойылады.
Тауарларды жою деп тауарлар ішінара немесе толығымен жойылатын не өзінің тұтынушылық және (немесе) өзге де қасиеттерін жоғалтатын және экономикалық жағынан тиімді тәсілмен бастапқы қалпына келтіру мүмкін емес күйге келтіру түсініледі.
2. Жою кедендік рәсімі мынадай тауарларға:
1) мәдени, археологиялық, тарихи құндылықтарға;
2) індеттердің, эпизоотиялардың және карантиндік объектілер таралуының жолын кесу мақсатында оларды жою талап етілетін жағдайдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қорғалатын түрлерге жататын жануарлар мен өсімдіктерге, олардың бөліктері мен дериваттарына;
3) кепіл қатынастары тоқтатылғанға дейін кеден органдары кепілзат ретінде қабылдаған тауарларға;
4) алып қойылған тауарларға немесе тыйым салынған, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заттай дәлелдемелер болып табылатын тауарларға қатысты қолданылмайды.
3. Комиссия осы баптың 2-тармағында көзделгендерге қарағанда, оларға қатысты жою кедендік рәсімі қолданылмайтын өзге де тауарлардың тізбесін айқындауға құқылы.
4. Егер тауарларды жою:
1) қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін болса немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;
2) тауарларды әдеттегі мақсатына сәйкес тұтыну арқылы жүргізілсе;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін шығыстарға алып келуі мүмкін болса, жою кедендік рәсімі қолданылмайды.
330-бап. Жою кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру шарттары
Жою кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру шарттары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы, онда жоюдың тәсілі мен орны көрсетіледі. Жою кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тауарлар аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан қайтарымсыз жоғалған жағдайларда мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы талап етілмейді. Жою кедендік рәсімімен осындай тауарларды орналастыру үшін аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс;
2) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау болып табылады.
331-бап. Жою кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері
1. Жою кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды жою осы тауарларды іс жүзінде жою үшін қажетті уақыт, оларды жою тәсілі мен орны негізге алына отырып, сондай-ақ мұндай мерзімдер болған кезде тауарларды жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында көрсетілген мерзімдер есепке алына отырып, кеден органы белгілеген мерзімдерде жүргізіледі.
2. Тауарларды жою жою кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты есебінен жүргізіледі.
3. Жою тауардың жою кедендік рәсімімен орналастырылуын бақылауды жүзеге асыратын кеден органының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдерінен кеден органы құратын комиссияның көзінше және декларанттың қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда жою кедендік рәсімімен тауардың орналастырылуын бақылауды жүзеге асыратын кеден органы өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Жою:
1) нәтижесінде тауарлар толығымен жойылатын термиялық, химиялық, механикалық не өзге де әсер ету (өртеу, бұзу, көму және басқа) жолымен жүргізіледі. Тауарларды жою тәсілі оларды қалпына келтіру, мақсаты бойынша пайдалану үшін бастапқы күйіне келтіру мүмкіндігін болғызбауды қамтамасыз етуге тиіс;
2) мұндай зақымдаулар тауарларды кейіннен қалпына келтіруді және оларды пайдалану мүмкіндігін болғызбайтындай етіп тесіп тастауды, жарықтар салуды, өзге де тәсілдермен зақымдауды қоса алғанда, бөлшектеу, бұзу, механикалық зақымдау жолымен жүргізіледі.
Сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін, технологиялық себептерге байланысты сақталу орындарынан алынуы және пайдаланылуы мүмкін болмайтын тауарларға қатысты жою комиссияның тауарларды сақталу орындарынан алудың және оларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігі туралы актісі негізінде жүргізілген болып есептеледі.
4. Тауарлар іс жүзінде жойылғаннан кейін мынадай негізгі мәліметтер:
тауарларды жою күні мен орны;
жою кедендік рәсімін мәлімдеген тұлға туралы мәліметтер;
жою кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
жойылатын тауарлардың атаулары, олардың өлшем бірлігіндегі саны;
тауарларды жою тәсілі;
жойылғаннан кейінгі қалдықтардың болуы және саны, оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігі;
уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес өзге де мәліметтер қамтылатын, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жою актісі жасалады.
5. Жою актісі комиссияның барлық мүшелерінің және қатысқан адамдардың қолымен расталады, үш данада ресімделеді: бірінші данасы кеден органында сақталады; екінші данасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беріледі; үшінші данасы декларантта қалады.
6. Тауарларды жою фактісі фото және (немесе) бейнетүсірілімдер қолданыла отырып тіркеледі, оның нәтижелері кеден органында сақталатын жою актісіне қоса тіркеледі.
332-бап. Жою кедендік рәсімінің аяқталуы
1. Жою кедендік рәсімі осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 331-бабының 4-тармағында көзделген жою актісінің негізінде тауарларды іс жүзінде жоюмен аяқталады.
2. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтар шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады.
3. Пайда болған қалдықтар оларды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көмуге, залалсыздандыруға немесе өзге тәсілмен кәдеге жаратуға немесе жойылуға жататын жағдайларды қоспағанда, тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтар осы Кодексте көзделген жағдайларда шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
Жою нәтижесінде пайда болған қалдықтар декларант таңдаған кедендік рәсіммен орналастырылған кезде сол күйінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар ретінде қаралады.
4. Кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын, жою нәтижесінде пайда болған қалдықтар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен пайда болған қалдықтар оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған күннен бастап не көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жойылу фактісін не оларды осындай операциялар жасау үшін беру фактісін растайтын құжаттар кеден органына берілген күннен бастап кедендік бақылауда емес деп есептеледі.
37-тарау. МЕМЛЕКЕТ ПАЙДАСЫНА БАС ТАРТУДЫҢ КЕДЕНДІК РӘСІМІ
333-бап. Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімінің мазмұны мен қолданылуы
1. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімі шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде осындай тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, мемлекет меншігіне өтеусіз беріледі.
2. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесіне ие болады.
3. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімі мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымына тыйым салынған;
2) жарамдылық (тұтыну, өткізу) мерзімі өткен тауарларға қатысты қолданылмайды.
4. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімін қолдану тәртібі осы Кодекстің 335-бабына сәйкес белгіленеді.
334-бап. Тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
Тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау;
көрсетілген кедендік рәсімді қолдану нәтижесінде кеден органдары үшін қандай да бір шығыстардың болмауы;
осы Кодекстің 335-бабында белгіленген талаптардың сақталуы болып табылады.
335-бап. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімінің аяқталуы және тауарлардан мемлекет пайдасына бас тарту тәртібі
1. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімі декларанттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына беруімен аяқталады. Бұл ретте қабылдап алу-тапсыру актісі жасалады, оның көшірмесі кедендік декларацияға қоса тіркеледі. Көрсетілген кедендік рәсімді кедендік декларациялау аяқталғаннан кейін өзгертуге жол берілмейді.
Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кедендік декларациялау аяқталғаннан кейін осындай тауарлар осы Кодекстің 20-тарауына сәйкес мемлекет меншігіне айналады.
38-тарау. АРНАУЛЫ КЕДЕНДІК РӘСІМ
336-бап. Арнаулы кедендік рәсімнің мазмұны мен қолданылуы
1. Арнаулы кедендік рәсім шетелдік тауарлардың жекелеген санаттарына және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және (немесе) оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде осындай тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде болады және (немесе) пайдаланылады.
2. Арнаулы кедендік рәсім тауарлардың мынадай санаттарына қатысты:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін, дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінен тыс жерде орналасқан халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған тауарларға;
2) құрметті консулдық лауазымды адамдар басқаратын консулдық мекемелерді қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан димпломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің ресми пайдалануына арналған тауарларға;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, құрметті консулдық лауазымды адамдар басқаратын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан консулдық мекемелердің ресми пайдалануына арналған, консулдық мекемелер өкілдік білдіретін мемлекеттен немесе өкілдік білдіретін мемлекеттің талабы бойынша алатын мемлекеттік елтаңбаларға, туларға, маңдайшаларға, мөрлер мен мөртабандарға, кітаптарға, ресми баспа материалдарға, кеңсе жиһазына, кеңсе жабдығы мен басқа да ұқсас тауарларға;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату көзделген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, халықаралық ұйымдардың жанындағы өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан өкілдіктерінің ресми түрде пайдалануына арналған тауарларға;
5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату көзделген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, өзге де ұйымдардың немесе олардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өкілдіктерінің ресми пайдалануына арналған тауарларға қолданылады. Комиссия осы тауарлар санатына жатпайтын тауарларды айқындауға құқылы;
6) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында және (немесе) оның шегінен тыс орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әскери бөлімдерінің (мекемелерінің, құралымдарының) әскери даярлығына қолдау көрсету, қойылған міндеттерді орындау үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын қару-жараққа, әскери техникаға, оқ-дәрілер мен өзге де материалдық құралдарға;
7) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер қарулы күштерінің (басқа да әскерлерінің және әскери құралымдарының, уәкілетті ұйымдарының) бірлескен (халықаралық) оқу-жаттығуларға, жарыстарға, сондай-ақ шерулер мен өзге де салтанатты іс-шараларға қатысуы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қару-жараққа, әскери техникаға, оқ-дәрілер мен өзге де материалдық құралдарға;
8) алкоголь өнімдерін (этил спиртінен басқа), сыраны, темекі өнімін, бағалы металдар мен асыл тастарды, сондай-ақ олардан жасалатын бұйымдарды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, табиғи зілзалалар мен өзге де төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жоюға арналған тауарлар мен көлік құралдарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген ұйымдардың төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен адамдарға тегін таратуына арналған тауарларға, сондай-ақ авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу және құзыретіне төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық зардаптарын жою, медициналық эвакуациялауды қоса алғанда, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету саласындағы мәселелерді шешу кіретін авариялық-құтқару құралымдарының, медициналық қызметтер мен ұйымдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар мен көлік құралдарына;
9) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мүддесінде Арктика мен Антарктикада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер тұлғаларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерциялық емес негізде жүргізуіне, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарды жүргізу үшін ұйымдастырылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ғылыми-зерттеу экспедицияларының қызметін қамтамасыз етуге арналған тауарларға;
10) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін допинг-бақылау мақсаттарына арналған тауарларға қолданылады. Комиссия тауарлардың осы санатына жататын тауарларды айқындайды;
11) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мүддесінде спорт түрлері бойынша ұлттық және құрама командаларға кандидаттарға, мұндай командалардың мүшелеріне қатысты емдеу және қалпына келтіру іс-шараларын коммерциялық емес негізде өткізуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер министрліктері қатысатын жоғары (биік) жетістікті спорт саласындағы ғылыми-зерттеу топтарының қызметін қамтамасыз етуге арналған шетелдік тауарларға (дәрілік препараттарға (дәрілік заттарға), арнайы спорт тағамына, тамаққа биологиялық белсенді қоспаларға);
12) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін (өткізілген) спорт жарақтары мен жабдығы, ресми халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу немесе жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде оған дайындалу кезінде пайдалануға ғана арналған өзге де тауарларға қолданылады. Комиссия тауарлардың осы санатына жататын тауарларды айқындайды;
13) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде орналасқан, оларға қатысты Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар немесе өзге объектілер салуға (жасауға, тұрғызуға), олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған шетелдік тауарларға қолданылады. Комиссия тауарлардың осы санатына жатпайтын тауарларды айқындайды;
14) ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану, соның ішінде ғарыш аппараттарын ұшыру бойынша қызметтер көрсету саласында халықаралық ынтымақтастық шеңберінде пайдалануға арналған тауарларға қолданылады. Комиссия тауарлардың осы санатына жататын тауарларды айқындайды;
15) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, Комиссия сипаттамаларын айқындайтын, ресми халықаралық көрмелерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған шетелдік тауарларға қолданылады. Комиссия тауарлардың осы санатына жатпайтын тауарларды айқындайды.
3. Комиссия тауарлардың осы санатына жататын немесе жатпайтын тауарларды қоса алғанда, оларға қатысты арнаулы кедендік рәсім қолданылатын тауарлардың өзге де санаттарын айқындауға құқылы.
337-бап. Арнаулы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары және арнаулы кедендік рәсім қолданылатын тауарлардың санаттарына қарай оны қолдану тәртібі
Арнаулы кедендік рәсім қолданылатын тауарлардың санаттарына қарай Комиссия және Комиссия көздеген жағдайларда Қазақстан Републикасының Үкіметі тауарларды арнаулы кедендік рәсіммен орналастыру, оның ішінде тарифтік емес реттеу, техникалық реттеу шараларын, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану шарттары және мыналарды: