4) осы Кодекстің 287-бабының 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға;
5) осы Кодекстің 296-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға;
6) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге негіз болған мәміленің талаптары орындалмауы себебінен, соның ішінде саны, сапасы, сипаттамасы немесе қаптамасы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін болса, осы Кодекстің 320-бабының 2-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі қолданылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына;
7) осы Кодекстің 320-бабының 2-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда, егер тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге негіз болған мәміленің талаптары орындалмауы себебінен, оның ішінде саны, сапасы, сипаттамасы немесе қаптамасы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан көрсетілген тауарлар әкетілетін болса, оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгендерге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылған, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты қолданылады.
3. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген, кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесін жоғалтады.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген:
1) осы Кодекстің 264-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін осы Кодекстің 256-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға;
2) Комиссия айқындайтын жағдайларда арнаулы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға;
3) осы Кодекстің 359-бабының 7-тармағына сәйкес халықаралық тасымалдау көлік құралдарына;
4) осы Кодекстің 386-бабының 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты кері экспорт кедендік рәсімін қолдануға жол беріледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарлар, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелместен, кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.
320-бап. Тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
1. Осы Кодекстің 319-бабының 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау;
2) кедендік және (немесе) өзге де құжаттарды не осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсынумен расталатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелудің, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетудің мән-жайлары туралы мәліметтерді кеден органына ұсыну болып табылады.
2. Осы Кодекстің 319-бабының 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған күннен кейінгі күннен бастап бір жыл бойы оларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру;
2) кедендік және (немесе) өзге құжаттарды не осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсынумен расталатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің мән-жайлары, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге негіз болған мәміле талаптарының орындалмауы, осы тауарлардың ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылуы, осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғаннан кейін пайдалану туралы мәліметтерді кеден органына ұсыну болып табылады. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан өткізуге негіз болған мәміле талаптарының орындалмауын растау мақсаттары үшін кеден органына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымдар беретін құжаттар ұсынылуы мүмкін;
3) тауарларды пайдалану тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге алып келген ақауларды немесе өзге де мән-жайларды анықтау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында пайдаланбау және оларды жөндеуді жүргізбеу;
4) кеден органының тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі;
5) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау болып табылады.
321-бап. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен жасалатын іс-қимылдар
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) үшін кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар:
1) осы Кодекстің 319-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген тауарларды;
2) порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағынан әкетілетін және осындай тауарлардың әкетілу орны осындай порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА-ға іргелес жатқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін орын болып табылатын тауарларды;
3) Комиссия айқындайтын тауарлардың өзге де санаттарын қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылады.
2. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінген тауарларды қоспағанда, осындай тауарлар осындай кедендік рәсіммен орналастырылған күннен кейінгі күннен бастап төрт айдан аспайтын мерзімде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуге тиіс.
3. Шетелдік тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде осындай тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмаған не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген жағдайда олар уақытша сақтауға қойылуға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген кезде, олардың аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу жағдайларын қоспағанда, кері экспорт кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылады, ал кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес мұндай шетелдік тауарларды кідіртеді.
322-бап. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Декларантта кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеті кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Декларанттың кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеті мынадай:
1) осы Кодекстің 159-бабына сәйкес Комиссия айқындаған тәртіппен әкету орнының кеден органы растаған шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкету;
2) оларға қатысты кері экспорт кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру;
3) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуы және (немесе) оларды осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес есептеу және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
4) осы Кодекске сәйкес осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін мұндай шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан шетелдік тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
5) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - кері экспорт кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту;
6) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияның кері қайтарып алынуы және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымын тоқтату;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарларды тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
8) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес тауарларды кеден органының кідіртуі;
9) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастыру мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Осы Кодекстің 321-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген жағдайда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет орындауға жатады.
Көрсетілген мән-жай басталған кезде тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
4. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жай басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар мен жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген, тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
5. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жай осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты басталған жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолдануға байланысты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару кезінде төленбеген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары мөлшерінде төлеуге жатады. Көрсетілген тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатпайды.
6. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жай кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың қайта өңдеу өнімдеріне қатысты басталған жағдайда, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және қайта өңдеу өнімдерін шығару нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төлеуге жататын кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомаларының мөлшерінде төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін - кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге, ал шығарылуы оларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты - тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілген жағдайда мұндай қайта есептеу осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
7. Осы баптың 6-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасынан көрсетілген сомаларға қатысты тауарлар кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылғандай пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
Егер осы Кодекстің 253-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда осы тармақта көзделген пайыздар кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатыла тұрған кезең үшін есептелмейді және төленбейді.
8. Шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан Комиссия айқындайтын тәртіппен кеден органы растаған әкету орнына іс жүзінде әкетілген не осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес осындай тауарлар шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған не осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес осындай тауарларды кеден органдары кідірткен жағдайда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндет орындалғаннан кейін осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес қайтаруға жатады.
9. Декларантта кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша міндет туындамайды.
323-бап. Кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын есепке жатқызу (қайтару)
1. Осы Кодекстің 319-бабының 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген, кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарын бұзып және (немесе) осындай жеңілдіктерді қолдануға байланысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді бұзып іс-қимылдар жасауға байланысты төленген (өндіріп алынған) жағдайды қоспағанда, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қолдануға байланысты төленген (өндіріп алынған) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
35-тарау. БАЖСЫЗ САУДА КЕДЕНДІК РӘСІМІ
324-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің мазмұны мен қолданылуы
1. Бажсыз сауда кедендік рәсімі шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде осындай тауарлар бажсыз сауда дүкендерінде болады және шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, бөлшек саудада өткізіледі.
2. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кететін жеке тұлғаларға;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келетін жеке тұлғаларға;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекетке кететін жеке тұлғаларға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекетке келетін жеке тұлғаларға;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға немесе олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персоналының мүшелеріне, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналына (жұмыскерлеріне, лауазымды адамдарына) өткізіледі.
3. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін орындарда жұмыс істейтін бажсыз сауда дүкендерінде өткізіледі.
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе және су көлігі түрлерімен тауарлар өткізілетін орындарда, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін өзге де орындарда және шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін ЕЭА аумағында жұмыс істейтін бажсыз сауда дүкендерінде өткізуге жол беріледі.
5. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе көлігі түрлерімен тауарлар өткізілетін орындарда жұмыс істейтін бажсыз сауда дүкендерінде өткізуге жол беріледі.
6. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға уәкілетті органмен келісу бойынша сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган айқындаған бажсыз сауда дүкендерінде өткізіледі.
7. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғаларға өткізілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесін жоғалтады.
Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған, осы баптың 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға өткізілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды.
Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған, осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға өткізілген шетелдік тауарлар осындай өткізуден кейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін иеленеді.
8. Бажсыз сауда кедендік рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымына тыйым салынған тауарларға қатысты қолданылмайды.
Комиссия оларға қатысты бажсыз сауда кедендік рәсімі қолданылмайтын өзге де тауарлардың тізбесін айқындауға құқылы.
9. Бажсыз сауда дүкендерінде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылмай осы бажсыз сауда дүкендерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.
325-бап. Тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыру мен осындай кедендік рәсімге сәйкес оларды пайдалану шарттары
1. Тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыру шарты осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау болып табылады.
2. Осы тауарлар болатын және өткізілетін бажсыз сауда дүкенінің иесі болып табылатын тұлға ғана бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанты болып әрекет ете алады.
3. Тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары:
1) тауарлардың бажсыз сауда дүкендерінде болуы;
2) тауарларды бажсыз сауда дүкендерінде осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағында аталған тұлғаларға өткізу;
3) осы Кодекстің 326-бабында көзделген бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың жекелеген санаттарын өткізу шарттарын сақтау болып табылады.
326-бап. Бажсыз сауда дүкендерінде бажсыз сауданың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың жекелеген санаттарын өткізу шарты
Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған алкогольдік ішімдіктер мен сыра, темекі және темекі өнімдері сияқты тауарлар бажсыз сауда дүкендерінде осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғаларға сандық нормалармен өткізіледі, олардың шегінде жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінеді.
Уәкілетті орган шектері кедендік бақылау мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін ЕЭА аумағында орналасқан бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу кезінде ақпараттық жүйені пайдалана отырып тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін белгілеуі мүмкін.
327-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы және тоқтатылуы
1. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы, шетелдік тауарларды осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғаларға өткізуді қоспағанда, осы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды бажсыз сауда дүкендерінде осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға өткізумен аяқталады.
2. Бажсыз сауда дүкендерінде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғаларға өткізу кезінде бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы осы шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне оларды орналастыру үшін бажсыз сауда дүкенінің иесі осы тауарлар өткізілген айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
Тауарларды шығарудан бас тартылған кезде көрсетілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен оларды орналастыру үшін бажсыз сауда дүкенінің иесі тауарларды шығарудан бас тартылған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
4. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы:
1) осы Кодексте көзделген шарттармен тауарларды шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырумен;
2) осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес әуе немесе су кемелерінің борттарында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде пайдалану үшін тауарларды шығарумен аяқталуы мүмкін.
5. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы:
1) тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен;
2) осындай тауарлар декларантының өтініші негізінде тауарларды бажсыз сауда дүкенінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкетумен аяқталуы мүмкін.
6. Бажсыз сауда дүкені жұмыс істеуін тоқтатқан жағдайда, көрсетілген бажсыз сауда дүкені жұмыс істеуін тоқтатқан күннен кейінгі күннен бастап үш ай ішінде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар - шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылуға, ал Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары - экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуға немесе бажсыз сауда дүкенінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкетуге жатады.