40) 127-бапта:
екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Ақшалай өндіріп алу қолданылған адам жазбаша келісім берген жағдайда сот ұйғарымның қарар бөлігін шығарады, ол оған дереу табыс етіледі.»;
алтыншы, жетінші, сегізінші жəне тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Республикалық бюджет кірісіне өндіріп алынатын ақшалай өндіріп алуды төлеу ұйғарым заңды күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылады.
7. Ақшалай өндіріп алу қолданылған адам тиісті ұйғарым табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақшалай өндіріп алудың мөлшерін азайту, ұйғарымның орындалуын кейінге қалдыру, бөліп төлеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге құқылы.
Өтінішхат сот отырысында арыз иесін шақырта отырып қаралады.
Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу туралы өтінішхатты қарау кезінде сот ақшалай өндіріп алу туралы ұйғарымның орындалуын екі айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуді беруге құқылы.
8. Ақшалай өндіріп алудың мөлшерін азайту, ұйғарымның орындалуын кейінге қалдыру, бөліп төлеу туралы өтінішхатты сот өтінішхат сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды жəне шешеді.
9. Сот актісі немесе осы баптың үшінші жəне төртінші бөліктерінде көрсетілген сот талабы орындалмаған кезде сот он айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылған мөлшерде жаңа ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.»;
41) 129-баптың екінші бөлігі 4) тармақшасындағы «жауапкер көтереді.» деген сөздер «жауапкер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қою бойынша - дау айтылатын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уəкілетті орган, лауазымды адам көтереді.»;
42) 131-баптың бірінші бөлігінде:
екінші абзацта орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
үшінші абзац мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығына дау айту туралы талап қою.»;
43) мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын:
«135-1-бап. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қою
Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қою бойынша талап қоюшы заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні заңға (Қазақстан Республикасының Конституциясынан басқа) толық немесе оның жекелеген бөлігінде қайшы келеді деп тануды талап ете алады.»;
44) 136-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қою осы актімен талап қоюшының Қазақстан Республикасының Конституциясында жəне Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны жəне (немесе) ықтимал бұзылуы туралы өзіне белгілі болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа беріледі.»;
бесінші бөліктегі «, бірақ ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей» деген сөздер алып тасталсын;
45) 138-баптың екінші бөлігінде:
3) тармақшадағы «арызды» деген сөз «талап қоюды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «арызға» деген сөз «талап қоюға» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 142-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «жəне» деген сөз «жəне (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 155-баптың екiншi бөлiгiндегі «осы өкілеттіктің» деген сөздер «əкімшілік органның, лауазымды адамның əкімшілік актіні қабылдау немесе əрекетті жасау жөніндегі осы өкілеттігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) мынадай мазмұндағы 159-1-баппен толықтырылсын:
«159-1-бап. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қою бойынша шешім
1. Сот заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қоюды негізді деп тани отырып, талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Шешімде дау айтылатын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің қандай заңдарға (Қазақстан Республикасының Конституциясынан басқа) жəне қай бөлігінде қайшы келетіні жəне заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген бөлігінде акт қабылданған кезден бастап жарамсыз деп тану көрсетіледі.
2. Соттың заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні (оның ережелерін) заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабар оны қабылдаған (шығарған) органның қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. Жариялау сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.»;
49) 162-бап «өзге де» деген сөздерден кейін «аккредиттелген» деген сөзбен толықтырылсын;
50) мынадай мазмұндағы 26-1-тараумен толықтырылсын:
«26-1-тарау. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы əкімшілік істер бойынша іс жүргізу
167-1-бап. Талап қоюды беру
1. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің күші қолданылатын, қабылданған заңға тəуелді нормативтік құқықтық актімен (оның ережесімен) Қазақстан Республикасының Конституциясында жəне Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен заңды мүдделері бұзылады жəне (немесе) бұзылуы мүмкін деп есептейтін азамат немесе заңды тұлға заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
Заңсыз заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уəкілетті орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған уəкілетті орган немесе лауазымды адам заңға сəйкес келмейтін заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіге наразылықты қабылдамаған жағдайда прокурор заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.
2. Талап қою осы Кодекстің 131-бабында көзделген талаптарға сəйкес келуге жəне дау айтылатын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні (оның ережелерін) қабылдаған уəкілетті органның, лауазымды адамның атауы, ол қабылданған күн, осы заңға тəуелді нормативтік құқықтық актімен (оның ережелерімен) азаматтың немесе заңды тұлғаның қандай құқықтары, бостандықтары жəне заңмен қорғалатын мүдделері бұзылатыны жəне (немесе) бұзылуы мүмкін, дау айтылатын заңға тəуелді нормативтік құқықтық акт (оның ережелері) Қазақстан Республикасы заңдарының (Қазақстан Республикасы Конституциясынан басқа) қандай баптарына немесе ережелеріне қайшы келетіні туралы деректерді қосымша қамтуға тиіс.
3. Талап қоюға дау айтылатын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) көшірмесі қоса тігіледі. Бұл ретте заңға тəуелді нормативтік құқықтық акт ресми жарияланған жағдайда талап қоюда оның жарияланған күні көрсетіледі.
4. Прокурор наразылық білдірілген заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні (оның ережелерін) сот қарағанға дейін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінген жағдайлардан басқа, сотқа талап қоюды беру заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) қолданысын тоқтата тұрмайды.
167-2-бап. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы əкімшілік істі қарау
1. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығына дау айту туралы талап қоюмен сотқа жүгінген азамат немесе заңды тұлға, прокурор сондай-ақ заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уəкілетті орган, лауазымды адам сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.
2. Сот əкімшілік істі бір ай мерзімде қарайды.
3. Сот отырысында сот заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уəкілетті органның, лауазымды адамның құзыретінің болуын, бүкіл заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкестігін тексереді.
4. Сотқа жүгінген адамның өз талабынан бас тартуы əкімшілік істі қарамау үшін негіз болып табылмайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уəкілетті органның, лауазымды адамның талапты тануы сот үшін міндетті емес.
167-3-бап. Соттың шешімі жəне оны орындау
1. Сот талап қоюды негізсіз деп танып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
2. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген ережелерін заңға (Қазақстан Республикасының Конституциясынан басқа) сəйкес келмейді жəне жарамсыз деп таныған сот шешімі осы заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уəкілетті орган немесе лауазымды адам үшін міндетті. Шешім дау айтылған заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) күші өздерінің құқықтары мен бостандықтарына, заңды мүдделеріне қолданылған айқындалмаған тұлғалар тобы үшін міндетті.
3. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына басқа азаматтар немесе заңды тұлғалар оның бұрын сот тəртібімен тексерілмеген бөлігінде ғана қайта дау айта алады.
4. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні (оның ережелерін) заңсыз деп тану туралы сот шешімі осы Кодекстің 159-1-бабында белгіленген қағидаларды сақтай отырып қабылданады.»;
51) 169-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды күшіне енген, оның ішінде татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рəсім тəртібінде реттеу тəртібімен аяқталған əкімшілік істер бойынша сот актілері əкімшілік процеске қатысушылардың кассациялық шағымдары, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, Бас əскери прокурордың, Бас көлік прокурорының өз бастамасы бойынша да, əкімшілік процеске қатысушылардың осы Кодекстің 31-бабында көзделген əкімшілік істер бойынша берген өтінішхаттары бойынша да келтірілген наразылықтары бойынша апелляциялық сатыдағы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде кассациялық тəртіппен қайта қаралуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 жəне жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«3-1. Жергілікті жəне басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тəртібі сақталмаған жағдайда осы баптың жетінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өз бастамасы бойынша да, əкімшілік процеске қатысушылардың осы Кодекстің 31-бабында көзделген əкімшілік істер бойынша берген өтінішхаттары бойынша да келтірілген наразылығы бойынша кассациялық тəртіппен қайта қаралуы мүмкін.»;
«7. Осы баптың 3-1-бөлігінде көрсетілген заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарауға мыналар негіз болып табылады:
1) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін ауыр орны толмас салдарларға əкелуі мүмкін жағдайлар;
2) қабылданған қаулы айқындалмаған тұлғалар тобының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын жағдайлар;
3) қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі жəне қолдануындағы біркелкілікті бұзатын жағдайлар.»;
3-тармағы 52) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
52) 175-баптың 2-1-бөлігі алып тасталсын.
4. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «əділет аттестаттау комиссиясында» деген сөздер алып тасталсын;
2) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1-бап. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау
1. Тағылымдамадан өткен жəне нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың аумақтық əділет органдарына өтініш беру арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге жəне практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге кешенді компьютерлік тестілеу нысанында аттестаттаудан өтеді.
2. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар жəне өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны жəне заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариустар аттестаттаудан өтуден босатылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда үміткер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға қайта өтініш берген кезде аттестаттаудан өтуге міндетті.
3. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудың негізгі міндеті нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету болып табылады.
4. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауды жəне байқау түрінде аттестаттауды өткізудің тəртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі айқындайды.
5. Егер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмесе, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.
6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам өз таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.
7. Аттестаттау қорытындысы бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамды аттестаттау не аттестаттамау туралы уəжді шешім шығарылады.
Аттестаттау не аттестаттамау туралы уəжді шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.
8. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау туралы шешім ол шығарылған уақыттан бастап үш жыл ішінде жарамды болады.
9. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатында нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар байқау түрінде аттестаттаудан өтуге құқылы.»;
3) 7-2-бап алып тасталсын;
4) 8-баптың 6-тармағы алып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай, туристік қызметтерді көрсетуі лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.»;
2) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлардың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай, туристік қызметтерді көрсетуі лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Бір жыл ішінде қайталап жасалған, келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлардың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай, туристік қызметтерді көрсетуі лицензиядан айыру үшін негіз болып табылады.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру не лицензиядан айыру туралы шешімді уəкілетті орган қабылдайды.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айды құрайды.»;
3) 26-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Туроператорлардың уəкілетті органға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органға, мүдделі мемлекеттік органдарға жəне туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпаратты бермеуі немесе уақтылы бермеуі лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Бір жыл ішінде қайталап жасалған, туроператорлардың уəкілетті органға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органға, мүдделі мемлекеттік органдарға жəне туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпаратты бермеуі немесе уақтылы бермеуі лицензиядан айыру үшін негіз болып табылады.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру не лицензиядан айыру туралы шешімді уəкілетті орган қабылдайды.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айды құрайды.».
6-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 2-1 жəне 2-2-тармақтарындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын» деген сөздер «мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми қолдап отыруды жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Атқарушылық iс жүргiзу жəне сот орындаушыларының мəртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 68-баптың 3-тармағындағы «əкімшілік сот ісін жүргізу туралы» деген сөздер «азаматтық процестік» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 141-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«141-бап. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау
1. Тағылымдамадан өткен жəне жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдар Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы заңнамасын білуге жəне практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге кешенді компьютерлік тестілеу нысанында аттестаттаудан өтеді.
Тағылымдамадан өткен жəне жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестат- таудың тəртібі мен шарттарын уəкілетті орган айқындайды.
2. Егер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам осы Заңда белгіленген талаптарға сəйкес келмесе, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың аумақтық əділет органдары аттестаттауға жіберуден бас тартады.
Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы уəжді шешім өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамға жіберіледі.
3. Аттестаттауға жіберуден бас тарту жəне (немесе) аттестаттамау туралы уəжді шешімге Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексінде белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.
4. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау айына бір реттен сиретпей өткізіледі.
5. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттау туралы шешім шығарылған күнінен бастап үш жыл ішінде жарамды болады.»;
3) 141-1-бап алып тасталсын.
8-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
134-баптың 2-тармағының 7-3) тармақшасы «сараптаманы» деген сөзден кейін «жəне нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы» деген сөздермен толықтырылсын.
9. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
88-бапта:
14-тармақ төртінші абзацындағы «қорғалуын қамтамасыз етеді.» деген сөздер «қорғалуын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«техникалық қарап тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге арналған шарт негізінде ұсынылуын қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 15 жəне 16-тармақтармен толықтырылсын:
«15. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы мыналардан:
механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мəліметтерді ұсынбаудан;
техникалық қарап тексеру орталығы орналасқан жердің өзгергені туралы хабардар етпеуден не уақтылы хабардар етпеуден;
қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы халыққа хабар бермеуден;
көлік жəне коммуникациялар саласындағы уəкілетті орган бекіткен нысанға сəйкес келмейтін техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасын жасаудан жəне беруден көрінетін, осы Заңның талаптарын бұза отырып, көлік құралын техникалық қарап тексеруден өткізу фактісі анықталған кезде техникалық қарап тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуіне жол бермейді.
16. Осы баптың 15-тармағында көрсетілген талаптардың анықталған бұзушылықтарын жою кезінде техникалық қарап тексеру операторы
механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторына бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты береді.
Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растағаннан кейін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген техникалық қарап тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтері көрсетіледі.».
10-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеу»;
2) 30-бапта:
тақырыптағы «сараптаманың міндеттері» деген сөздер «сараптама жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7, 8, 9 жəне 10-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Заң жобасы ғылыми құқықтық сараптаманың объектісі болып табылады, оған осы Заңда көзделген жағдайларда консультативтік құжат жəне оны іске асыру үшін қажетті заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса берілуге тиіс.
6. Қазақстан Республикасы Парламентінің жəне оның Палаталарының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған ұсынымдарды əзірлеу мақсатында жүргізіледі.
7. Ғылыми лингвистикалық сараптама заңнамалық актілердің жобалары бойынша қазақ жəне орыс тілдеріндегі мəтіндерінің теңтүпнұсқалығы бөлігінде жүргізіледі.
8. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптаманы қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғылыми мекемелер, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уəкілетті ұйым, сарапшылар жүргізеді. Сараптаманы жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкін.
9. Жоба бойынша мамандықтары əртүрлі сарапшылардың кешенді сараптамасы немесе алуан түрлі дербес сараптамалар, ал қажет болғанда қайталама сараптама жүргізілуі мүмкін.
10. Сарапшылар ретінде жобаны дайындауға тікелей қатыспаған ғалымдар мен мамандар тартылады, сондай-ақ басқа мемлекеттерден жəне халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін.
Ғылыми сараптама жүргізу үшін жоба шетелдік жəне халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.»;
3) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеу
Мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уəкілетті ұйым жүзеге асырады жəне мыналарды:
1) заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді;