5) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;
6) пробация қызметінің есебінде тұрған мүмкіндіктері шектеулі кәмелетке толмағандарды ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;
7) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және өзге де көмек көрсетеді.
5-тарау. ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
19-бап. Пробациялық бақылау
1. Пробациялық бақылау:
1) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған;
2) шартты түрде сотталған;
3) бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға қатысты жүзеге асырылады.
2. Пробациялық бақылаудың ұзақтығы сот үкімімен немесе қаулысымен айқындалады.
20-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктері
2016.30.12. № 39-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Пробация қызметі:
1) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған;
2) шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асырады.
Полиция:
1) бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 84-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағында белгіленген, өзіне сот тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шарасын тағайындаған кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асырады.
2. Пробация қызметі кәмелетке толмаған адамды есепке қою кезінде ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің, ал қажет болған кезде - педагогтің немесе психологтің қатысуымен осы Кодекстің 69, 169 және 174-баптарына сәйкес шаралар кешенін іске асырады.
3. Пробация қызметі осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген шаралармен қатар, кәмелетке толмағандарға қатысты:
1) іздестірудегі кәмелетке толмаған адам ұстап алынған кезде сұрақ қою және жазаларын өтеуден жалтаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау үшін ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін дереу шақыртады;
2) қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілдерімен бірлесіп, тоқсан сайын кәмелетке толмағандардың тұрғын үй жағдайларын зерттеп-қарауды акт жасай отырып, жүргізеді.
21-бап. Пробациялық бақылау шарттары
1. Өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адам әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек алудан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда, бас тарту актімен ресімделеді.
2. Өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адам:
1) сот үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап он тәулік ішінде есепке қою үшін пробация қызметіне келуге;
2) осы Кодексте белгіленген жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын өтеу шарттары мен тәртібін сақтауға;
3) профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін пробация қызметіне келіп тұруға;
4) жұмыс орнының және (немесе) тұрғылықты жерінің өзгергені туралы пробация қызметіне жазбаша хабар беруге міндетті.
3. Жазаның және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының мақсатына қол жеткізу үшін пробация қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
4. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адамға пробация қызметі әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді.
22-бап. Пробация қызметінің өкілеттіктері
Пробация қызметі:
1) өздеріне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адамдарды есепке алуды жүргізеді;
2) сот жүктеген міндеттерді орындау және оларды орындамағаны үшін жауаптылыққа тарту тәртібін түсіндіреді;
3) пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату және пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту тәртібі мен шарттарын түсіндіреді;
2016.30.12. № 39-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) әлеуметтік-құқықтық көмек беру және оны алудан бас тарту тәртібін түсіндіреді;
2016.30.12. № 39-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) адамның тұрғылықты жерін, оның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылуын, сондай-ақ оған әлеуметтік-құқықтық көмек беру көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23-бап. Пробациялық бақылау шарттарын сақтамау салдарлары
Адам пробациялық бақылау шарттарын сақтамаған жағдайда, пробация қызметі жазбаша ескертуден кейін сотқа ұсыну жібереді.
2-БӨЛІМ. ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАР. ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
6-тарау. ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАР. СОТТАЛҒАНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
24-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Айыппұл, сондай-ақ мүлікті тәркілеу түріндегі жазаларды мүліктің тұрған жері бойынша және сотталған адамның жұмыс орны бойынша әділет органдары орындайды.
2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны орындауды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі не бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау кезінде мекеме жүзеге асырады.
Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкiмiн сотталған адамның жұмыс орны бойынша ұйым әкiмшiлiгi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілі бір қызметпен айналысуға берілген рұқсатты қайтарып алуға құқығы бар органдар орындайды.
3. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру туралы сот үкімінің орындалуын уәкілетті мемлекеттік органдар бақылайды.
4. Қамаққа алу түріндегі жазаны ішкі істер органдары және әскери полиция органдары орындайды.
5. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы жазаны Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдары орындайды.
6. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан айыру бөлігінде сот үкiмiн атақты, сыныптық шендi, дипломатиялық дәреженi, бiлiктiлiк сыныбын берген лауазымды адам орындайды. Мемлекеттік наградаларды оларға қоса берілген құжаттармен бірге алып қоюды олар тұратын жердегі пробация қызметі жүргізеді.
7. Түзеу жұмыстары, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларды сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі пробация қызметі орындайды.
8. Өлiм жазасы түрiндегi жазаны мекемелер орындайды.
9. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны мекемелер, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған немесе жіберілген сотталғандарға қатысты тергеу изоляторлары орындайды.
10. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды олардың тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары жүзеге асырады.
11. Шартты түрде сотталған және бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар пробация қызметінің пробациялық бақылауында болады.
12. Жазасын орындау кейiнге қалдырылған жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелейтiн ерлер пробация қызметінің бақылауында болады.
13. Шартты түрде сотталған және бас бостандығын шектеуге сотталған кәмелетке толмағандар пробация қызметінің пробациялық бақылауында болады.
14. Пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі өзара іс-қимылы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлама
Жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның әкiмшiлiгi сотталған адамның жазаны өтеу орнына келгенi туралы сотталған адамның таңдауы бойынша оның жұбайына (зайыбына), туыстарының бiрiне не заңды өкiлiне екі жұмыс күні iшiнде жазбаша хабарлама жіберуге мiндеттi.
Шетелдіктің келгені туралы хабарлама көрсетілген мерзімде өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберіледі.
26-бап. Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
1. Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған, алкоголизмнен, нашақорлықтан және уытқұмарлықтан, сондай-ақ есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан (ауыруынан) зардап шегетін адамдарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
2. Бас бостандығынан айыруға сотталған, алкоголизмнен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға мекемелер сот үкімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданады.
3. Егер бас бостандығынан айыруды өтеу кезінде сотталған адамның осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген аурулардан зардап шегетіні анықталса, мекеме әкімшілігі сотқа оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұсыну жібереді.
4. Бас бостандығынан айыруға сотталған, емделудiң толық курсынан өтпеген туберкулезбен немесе инфекциялық аурумен ауыратын адамдарға мекеме медициналық комиссияның шешiмi бойынша мiндеттi ем қолданады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты мекеме әкімшілігі оларда психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділіктің бар (жоқ) екендігі туралы мәселені шешу үшін жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін сотқа материалдарды жібереді. Осы бөліктің ережелері сотталған адамдардың есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуының анықталуына байланысты соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын сотталғандарға қолданылмайды.
Мекеме әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелерді шешу үшін сотқа ұсыну жібереді.
Мекеме әкімшілігі соттың қаулысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау үшін жібереді.
Өзіне қатысты соттың шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамның мекемелерден босатылғаны туралы хабарлама босатылғанға дейін бес жұмыс күні бұрын тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына және ішкі істер органына жіберіледі.
7-тарау. ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ
27-бап. Сот бақылауы
1. Сот жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiне ауыстыру, сотталған адамның ауруына байланысты жазадан босату, жүктi әйелдердің және жас балалары бар әйелдердiң, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелейтiн ерлердің жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру, сондай-ақ мекеменiң түрiн өзгерту туралы мәселелердi шешу кезiнде жазалардың орындалуын бақылайды.
2. Сот сотталғандар мен өзге де адамдардың жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар әкімшілігінің әрекеттерiне немесе әрекетсіздігіне шағымдарын қарайды.
3. Жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар екі жұмыс күні ішінде үкім шығарған сотқа сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды, түзеу жұмыстарын, бас бостандығын шектеуді, қамаққа алуды, бас бостандығынан айыруды өтеуінің басталғаны және орны туралы және белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру, мүлкiн тәркiлеу, өлiм жазасы түрiндегi жазалардың орындалуы туралы хабарлама жібереді.
28-бап. Ведомстволық бақылау
Жазаларды орындайтын мекемелер мен органдардың қызметiне жоғары тұрған басқару органдары мен олардың лауазымды адамдары тарапынан ведомстволық бақылау жүзеге асырылады. Ведомстволық бақылауды жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау
Жазаларды орындайтын мекемелер мен органдардың қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын қадағалау
Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.
31-бап. Қоғамдық бақылау
1. Қоғамдық байқау комиссиялары және ұлттық алдын алу тетігі қызметі нысанындағы қоғамдық бақылау осы Кодекстің 8 және 9-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мыналар қоғамдық бақылау қағидаттары болып табылады:
1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
2) заңдылық;
3) объективтілік;
4) азаматтардың қатысу еріктілігі;
5) жазаны орындау жағдайларын ескере отырып, іс-шаралар мен нәтижелердің ашықтығы мен айқындылығы;
6) кезеңділік пен жеделдік;
7) нәтижелерді жазбаша құжаттау міндеттілігі;
8) мемлекеттік билік органының қоғамдық бақылаудың нәтижелері бойынша жазбаша қорытынды ұсынуға ден қою міндеттілігі;
9) азаматтың қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қатысуына байланысты оны қудалауға тыйым салу.
3. Мыналар қоғамдық бақылаудың міндеттері болып табылады:
1) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындаудың және өтеудің нормативтік құқықтық актілері мен құқық қолдану практикасын жетілдіру кезінде қоғамдық мүдделерді ескеруге жәрдемдесу;
2) жазаны орындайтын мекемелер мен органдар қызметінің жұртшылық үшін айқындылық деңгейін арттыру;
3) сотталғандардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін арттыру;
4) сотталғандардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал ететін себептерді және жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану;
5) жазаны орындайтын мекемелер мен органдар, сондай-ақ олардың жоғары тұрған органдары қызметінің тиімділігін бағалауға қатысу.
32-бап. Мекемелерге бару
1. Мекемелерге арнайы рұқсатсыз:
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттары, сондай-ақ тиiстi әкімшілік-аумақтық бірлік шегiндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерi;
2) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;
3) нақты істер бойынша іс жүргізу барысында судьялар;
4) қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының қызметкерлерi;
5) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл;
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруына байланысты ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары;
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баруға құқылы.
2. Қоғамдық байқау комиссияларының мүшелері осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемелерге барады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнің, діни бірлестіктердің дін қызметшілерінің және өзге де адамдардың мекемелерге осы мекемелер әкiмшiлiгiнiң не олардың жоғары тұрған органдарының арнайы рұқсаты бойынша ғана баруға құқығы бар.
4. Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгi мен күзетiн қамтамасыз ететін объектiлерде кино-, фото- және бейнетүсiру жүргізу мекемелер әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жүзеге асырылады.
5. Сотталғандарды кино-, фото- және бейнетүсiру, олармен сұхбат жүргiзу, оның iшiнде аудио-, бейнетехника құралдарын пайдалана отырып жүргiзу олардың келiсiмiмен жүзеге асырылады.
6. Мекемелерге бару қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
8-тарау. ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫ
33-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің негіздері
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық байқау комиссиясы жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, оларды ұстау жағдайлары, медициналық-санитариялық қамтамасыз ету, еңбегін, оқуын және бос уақытын ұйымдастыру бөлігінде қоғамдық мониторинг жүргізу үшін құрылады.
2. Қоғамдық байқау комиссиясы заңды тұлға болып табылмайды.
34-бап. Қоғамдық байқау комиссиясын құру тәртібі
1. Қоғамдық байқау комиссиясы азаматтардың немесе қоғамдық бірлестіктердің бастамасы бойынша құрылады.
Қоғамдық бірлестіктер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әрбір қоғамдық байқау комиссиясына бір кандидаттан ұсынуға құқылы.
2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өз қызметін әкімшілік-аумақтық құрылым шегінде жүзеге асыратын бір қоғамдық байқау комиссиясы құрылады.
3. Қоғамдық байқау комиссиясы үштен тоғыз адамға дейінгі құрамда күнтізбелік екі жыл мерзімге құрылады.
Қоғамдық байқау комиссиясының жұмыс кезеңінде оның мүшелерінің ауыстырылуы жүргізілуі мүмкін, бұл отырыс хаттамасында тіркеледі.
4. Қоғамдық байқау комиссиясы жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарға алты ай бойы бармаған жағдайда, оның қызметі тоқтатылды деп есептеледі.
5. Қоғамдық байқау комиссиясын оның мүшелерінен көпшілік дауыспен сайланатын, оның қызметіне басшылықты жүзеге асыратын төраға басқарады.
6. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың жоғары тұрған органдарына қоғамдық байқау комиссиясының дербес құрамы бекітілетін және оның төрағасы сайланатын өзінің бірінші отырысының хаттамасын беру қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің басталуы болып табылады.
7. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, оның төрағасы он күн ішінде тиісті құжаттарды беру мерзімдері мен тәртібін көрсете отырып, бос орынға конкурс туралы жариялайды.
35-бап. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелеріне қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа толған азаматы қоғамдық байқау комиссиясының мүшесі бола алады.
2. Мыналар:
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікті немесе айыпталушы;
3) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;
5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұрған адамдар қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері бола алмайды.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9) - 12) тармақтары және 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, терiс себептер бойынша мемлекеттiк немесе әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттiк органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған, адвокаттық қызметпен айналысуға берiлген лицензиядан айырылған адамдар да қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi бола алмайды.
4. Нақ бір адам бір мезгілде бірнеше қоғамдық байқау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
36-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің құқықтары мен міндеттері
1. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшесі:
1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен, құрылған топ құрамында жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарға баруға;
2) жазаларды орындайтын мекемелер мен органдардың лауазымды адамдарымен кездесуге, олардан қоғамдық байқау комиссиясының қызметіне қатысты мәселелер бойынша ақпарат алуға;
3) осы Кодекстің 38-бабы үшінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандармен куәларсыз, жеке немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы әңгімелесуді жүргізуге, олардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу мәселелері бойынша өтініштер қабылдауға;
4) сотталған адамның жазбаша келісімімен оның өтініш жасауына байланысты материалдармен танысуға;
5) жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша олардың әкімшілігіне, жоғары тұрған органдарға, прокуратура органдарына өтініш жасауға;
6) қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің аясына жататын мәселелерді қарау кезінде сот отырыстарына қатысуға;
7) жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігіне өз қызметінің нәтижелері туралы жазбаша нысанда хабар беруге құқылы. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган анықталған кемшіліктерді жоймаған жағдайда, бұл жөнінде олардың жоғары тұрған органдарына және (немесе) прокуратура органдарына хабар беруге;
8) прокуратура органдарымен келісу бойынша олар жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жүргізетін тексерулерге қатысуға құқылы.
2. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері өз өкілеттіктерін орындау кезінде жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға, олардың әкімшілігінің заңды талаптарына бағынуға міндетті.
3. Жазаны орындайтын мекемеге не органға бару жөніндегі топқа кіретін қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің бейтараптығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол оған қатысудан бас тартуға міндетті.
37-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату
1. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктері оның жұмыс істеу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ:
1) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;