ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ КОДЕКСІ
(2018.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Кодекске өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
ҚР 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 41-VI Заңын қараңыз (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
МАЗМҰНЫ
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) мазмұны өзгертілді
ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЗАҢНАМАСЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының кеңістік пен уақыт тұрғысынан қолданылуы
3-бап. Осы Кодексте қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру
2-тарау. ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
4-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары мен міндеттері
5-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының қағидаттары
6-бап. Жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау негіздері
7-бап. Сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары
8-бап. Сотталғандарды түзеуге жұртшылықтың қатысуы
3-тарау. СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
9-бап. Сотталғандардың құқықтық жағдайының негіздері
10-бап.Сотталғандардың негізгі құқықтары
11-бап. Сотталғандардың негізгі мiндеттерi
12-бап. Жеке бастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
13-бап. Сотталғандардың ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету
14-бап. Сотталғандардың шағыным жасауы
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
16-бап. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
17-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелердің құзыреті
18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
5-тарау. ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
19-бап. Пробациялық бақылау
20-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктері
21-бап. Пробациялық бақылау шарттары
22-бап. Пробация қызметінің өкілеттіктері
23-бап. Пробациялық бақылау шарттарын сақтамау салдарлары
2-БӨЛІМ. ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАР. ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
6-тарау. ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАР. СОТТАЛҒАНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
24-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар
25-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлама
26-бап. Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
7-тарау. ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ
27-бап. Сот бақылауы
28-бап. Ведомстволық бақылау
29-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау
30-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын қадағалау
31-бап. Қоғамдық бақылау
32-бап. Мекемелерге бару
8-тарау. ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫ
33-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің негіздері
34-бап. Қоғамдық байқау комиссиясын құру тәртібі
35-бап. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелеріне қойылатын талаптар
36-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің құқықтары мен міндеттері
37-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату
38-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің нысандары
9-тарау. ҰЛТТЫҚ АЛДЫН АЛУ ТЕТIГI
39-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi
40-бап. Үйлестіру кеңесі
41-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
42-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
43-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
44-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
45-бап. Алдын ала барудың түрлері мен кезеңділігі
46-бап. Алдын ала бару тәртібі
47-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
48-бап. Құпиялылық
49-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
ЕРЕКШЕ БӨЛІК
3-БӨЛІМ. СОТТАЛҒАН АДАМДЫ ҚОҒАМНАН ОҚШАУЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАУ
10-тарау. АЙЫППҰЛ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
50-бап. Айыппұл түрiндегi жазаны орындау тәртiбi мен шарттары
51-бап. Сотталған адамның айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
11-тарау. ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
52-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны орындау тәртiбi
53-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу шарттары
54-бап. Сотталған адамның түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
55-бап. Пробация қызметінің түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері
56-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің міндеттері
12-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
57-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны орындау тәртiбi
58-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза мерзiмiн есептеу
59-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеу шарттары
60-бап. Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
61-бап. Пробация қызметінің қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері
62-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері
13-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
63-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны орындау тәртібі
64-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу мерзiмiн есептеу
65-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамды жазаны өтеу орнына жiберу
66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары
67-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу
68-бап. Сотталған адамның бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
69-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарды пробациялық бақылау
14-тарау. ЖАЗАЛАРДЫҢ ҚОСЫМША ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ
70-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі
71-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру түріндегі жазаны орындау тәртібі
71-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру түріндегі жазаны орындау тәртібі
72-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаны орындау тәртібі
73-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаны орындау мерзімдерін есептеу
74-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаны өтеу шарттары
75-бап. Ұйымдар әкімшілігінің белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру түріндегі жаза туралы сот үкімін орындау жөніндегі міндеттері
76-бап. Белгiлi бiр қызметпен айналысуға берiлген рұқсатты кері қайтарып алуға құқығы бар органдардың мiндеттерi
77-бап. Мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмiн орындау тәртiбi
78-бап. Тәркiлеуге жататын мүлiк
79-бап. Сот орындаушысының мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмiн орындау жөнiндегi әрекеттерi
80-бап. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру
81-бап. Үшiншi тұлғалардың тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты мiндеттерi
82-бап. Сот үкімі орындалғаннан кейiн анықталған мүлiктi тәркiлеу
4-БӨЛІМ. СОТТАЛҒАНДАРДЫ ҚОҒАМНАН ОҚШАУЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАУ
15-тарау. ҚАМАҚҚА АЛУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
83-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу орындары
84-бап. Қамаққа алуға сотталғандарды жазасын өтеу үшін жіберу
85-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны орындау тәртібі
86-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу жағдайлары
87-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
16-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
88-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын жерлер
89-бап. Мекемелер түрлерi
90-бап. Сотталғандарды жазасын өтеу үшін жiберу
91-бап. Сотталғандардың орнын ауыстыру
92-бап. Сотталғандарды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру және толық қауіпсіз мекемеге жіберу
93-бап. Сотталғандарды мекемелерге қабылдау
94-бап. Сотталғандарды мекемелерде бөлек ұстау
95-бап. Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау
96-бап. Мекеме түрін өзгерту
17-тарау. МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ РЕЖИМІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ
97-бап. Жазаны өтеу режимінiң негiзгi талаптары
98-бап. Жете тексеру мен тінту жүргізу
99-бап. Қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдары
100-бап. Мекемелердегi жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу іс-қимылдары
101-бап. Ерекше жағдайлар режимi
102-бап. Қауіпсіздік шаралары және оларды қолдану негіздері
18-тарау. МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ. СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
103-бап. Жазаны өтеу жағдайлары
104-бап. Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері
105-бап. Тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу
106-бап. Кездесулер
107-бап. Сауқаттар, сәлемдемелер және бандерольдер алу және жіберу
108-бап. Хат жазысу, ақшалай аударымдарды жiберу және алу
109-бап. Телефон арқылы сөйлесу
110-бап. Жазу керек-жарақтарын, әдебиетті, мерзімді басылымдарды сатып алу және сақтау
111-бап. Сейілдеулер
112-бап. Радиохабарлар тыңдау және телехабарлар көру
113-бап. Мекеме шегінен тыс жерге шығу
114-бап. Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк, зейнетақымен қамсыздандыру
115-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
116-бап. Сотталған жүктi әйелдердi, бала емiзетін аналарды және балалары бар әйелдердi материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету ерекшелiктерi
117-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
118-бап. Материалдық жауаптылық
19-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ, ОЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ
119-бап. Еңбекке тарту
120-бап. Еңбек жағдайлары және оған ақы төлеу
121-бап. Мекемені абаттандыру және онда тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарға тарту
122-бап. Жалақыдан, зейнетақыдан, жәрдемақылардан және өзге де кірістерден ұстап қалу
123-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру
20-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА ТӘРБИЕЛІК ЫҚПАЛ ЕТУ
124-бап. Тәрбие жұмысы
125-бап. Әлеуметтік бейімдеу және психологиялық көмек жөніндегі жұмыс
126-бап. Сотталғандардың ерікті ұйымдары
127-бап. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм алуды ұйымдастыру
21-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨТЕРМЕЛЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
128-бап. Көтермелеу шаралары
129-бап. Көтермелеу шараларын қолдану тәртiбi
130-бап. Жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзу
131-бап. Жазалау шаралары
132-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртiбi
133-бап. Мекемелердің көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын лауазымды адамдары
134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары
22-тарау. ӘРТҮРЛІ ТҮРДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
135-бап. Орташа қауіпсіз мекемелер
136-бап. Орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
137-бап. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер
138-бап. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
139-бап. Төтенше қауіпсіз мекемелер
140-бап. Төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
141-бап. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген сотталғандарға арналған төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
142-бап. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер
143-бап. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
144-бап. Толық қауіпсіз мекемелер
145-бап. Толық қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
23-тарау. КАМЕРАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ҰСТАУМЕН БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
146-бап. Сотталғандарды камералық жағдайда ұстау мекемесі
147-бап. Камералық ұстаудың негізгі жағдайлары
148-бап. Камералық ұстау мекемелерінде сотталғандармен тәрбие жұмысы
149-бап. Камералық ұстау жағдайларындағы сотталғандардың еңбегі
24-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
150-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу тәртібі
151-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
152-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде қолданылатын көтермелеу шаралары
153-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде көтермелеу шараларын қолдану ерекшеліктері
154-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазалау шараларын қолдану тәртібі
155-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде кәмелеттік жасқа толған бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қалдыру
156-бап. Сотталғандарды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден басқа мекемелерге ауыстыру
157-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
5-БӨЛІМ. ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
25-тарау. ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
158-бап. Жалпы ережелер
159-бап. Өлiм жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы
160-бап. Өлiм жазасын орындау тәртiбi
6-БӨЛІМ. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ. ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛҒАН СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ. ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
26-тарау. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ
161-бап. Жазаны өтеуден босату негіздері
162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi
163-бап. Жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелейтiн ерлерге жазаны орындауды кейiнге қалдыру
164-бап. Жазаны орындауды кейінге қалдыру шарттарын сақтамау салдарлары
165-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртiбi
27-тарау. ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛАТЫН СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ
166-бап. Мекеме әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына жәрдемдесу жөніндегі мiндеттерi
167-бап. Жазасын өтеуден босатылатын адамдарға көмек көрсету
168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету
169-бап. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын пробациялық бақылау
170-бап. Жазасын өтеуден ауруына байланысты босатылған адамның денсаулық жағдайын бақылау
171-бап. Жазасын өтеген адамдарды әкiмшiлiк қадағалау
172-бап. Өздеріне қатысты ішкi iстер органдарының әкiмшiлiк қадағалауын белгiлеу қажет адамдарға материалдарды дайындау және ресiмдеу
173-бап. Жазасын өтеуден босатылған, туберкулезбен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп ем қолдану тәртiбi
28-тарау. ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАН АДАМДАРҒА ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
174-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi
175-бап. Пробациялық бақылау мерзiмiн есептеу
176-бап. Шартты түрде сотталған адамның жауаптылығы
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
177-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі Қосымша. Сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiк тізбесі
ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЗАҢНАМАСЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негізделеді және осы Кодекстен, жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу тәртібі мен шарттарын белгілейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу тәртібі мен шарттарын белгілейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеулер, егер заңда бұл көзделмеген болса, белгілене алмайды.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың осы Кодекстің алдында басымдығы бар және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының кеңiстiк пен уақыт тұрғысынан қолданылуы
1. Өздеріне қатысты жазалар немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын сотталғандарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы қолданылады.
2. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу, сотталғандарға түзеу құралдарын қолдану, сондай-ақ босатылатын сотталғандарға көмек көрсету оларды орындау кезінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап. Осы Кодексте қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру
Осы Кодексте қамтылатын ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:
1) жазаны орындайтын органдар - қамаққа алу түріндегі жазаны, сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар;
2) жазаны өтеу режимі - осы Кодексте және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген жазаларды орындау және өтеу тәртібі;
3) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган - қылмыстық-атқару қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі (бұдан әрі - қылмыстық-атқару жүйесі) - қылмыстық жазалардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және өкiмдік функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер, сондай-ақ көрсетілген органдар мен мекемелердiң жұмыс істеуін қамтамасыз ететiн ұйымдар жүйесi;
5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесі (бұдан әрі - мекеме) - бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға, сондай-ақ өлім жазасына сотталғандарды ұстауға арналған мемлекеттік мекеме;
6) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы (бұдан әрі - қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы) - қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның өзінің құзыреті шегінде бақылау және (немесе) іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы;
2016.30.12. № 39-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) пробация - санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі;
2016.30.12. № 39-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) пробация қызметі - қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы;
2016.30.12. № 39-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) пробациялық бақылау - пробация қызметінің есебінде тұратын адамдардың өздеріне заңмен және сотпен жүктелген міндеттерін орындауына уәкілетті органдардың бақылауын жүзеге асыру жөніндегі қызметі;
10) сотталған адамды түзеу - сотталған адамның құқыққа бағынушылық мінез-құлқын, жеке басқа, қоғамға, еңбекке, қоғамдағы мінез-құлық нормаларына, қағидаларына және әдебіне жағымды көзқарасын қалыптастыру;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) тергеу изоляторларының оқшауланған учаскелері - бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, сондай-ақ қамаққа алуға сотталғандарды ұстауға арналған камералары бар тергеу изоляторларының үй-жайлары.
2-тарау. ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
4-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да және өзге адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу болып табылады.
2. Көрсетілген мақсаттарға сәйкес:
1) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындаудың және өтеудің тәртібі мен шарттарын реттеу;
2) сотталғандарды түзеу құралдарын айқындау;
3) сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
4) сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының міндеттері болып табылады.
3. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау тән зардабын шектіруді немесе адами қадір-қасиетті қорлауды мақсат етпейді.
5-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының қағидаттары
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы:
1) адам және азамат құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау;
2) заңдылық;
3) ізгілік;
4) жазаларды орындау шарттарын саралау;
5) жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындауды даралау;
6) мәжбүрлеу шараларын ұтымды қолдану;
7) түзелуге ықпал етумен жазаны сабақтастыру;
8) сотталғандардың құқыққа бағынушылық және белсенді, қоғамға пайдалы мінез-құлқын ынталандыру қағидаттарына негізделеді.
6-бап. Жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау негіздері
Заңды күшіне енген сот үкімі немесе қаулысы, рақымшылық жасау және оны қолдану туралы акт, кешірім жасау туралы акт жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындауға негіз болып табылады.
7-бап. Сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары
1. Мыналар:
1) жазаны өтеу режимі;
2) тәрбиелік ықпал ету;
3) жағымды әлеуметтік байланыстарды сақтап тұру;
4) қоғамға пайдалы еңбек;
5) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуы;
6) қоғамдық ықпал ету сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары болып табылады.
2. Сотталғандарды түзеу құралдары жазаның түрi, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты, қоғамға қауiптiлiк дәрежесi, кiнә нысаны мен уәждерi, сотталған адамның жеке басы және жазаны өтеу кезіндегі оның мінез-құлқы ескеріле отырып қолданылады.
8-бап. Сотталғандарды түзеуге жұртшылықтың қатысуы
1. Сотталғандарды түзеуге қамқоршылық кеңестер мен қоғамдық байқау кеңестері, сотталғандардың ата-аналар комитеттері, кәсіптік одақтар, еңбек ұжымдары, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, қоғамдық қорлар мен қайырымдылық қорлары, саяси партиялар, басқа да ұйымдар, сондай-ақ азаматтар: