35-тарау. Негізгі ережелер
682-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар)
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:
1) мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың судьялары;
2) кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;
3) осы Кодексте уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қарайды.
Ескертпе. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
683-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) құзыретiнiң аражiгiн ажырату
1. Судьялар осы Кодекспен өздерiнiң жүргізуіне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстiң 684-бабында көрсетiлген iстердi қоспағанда, iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк жазалар қолданады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әкімшілік жаза түрлерінің бірі ретінде әкімшілік қамаққа алу, шетелдіктерді не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберу, әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған заттарды тәркілеу, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтерді), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу, нақты адамға берілетін арнайы құқықтан айыру (оның ішінде көлік құралын жүргізу құқығы), заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді судья қарайды.
4. Осы Кодекстiң 24-бабына сәйкес, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiліп жатқан адамның жазбаша арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi, егер бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қарауға дейін берілсе, судья қарайды.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып табылатын: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның немесе жәбірленушінің заңды өкілінің жазбаша арызы бойынша не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арызы бойынша іс мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттарда, мұндай болмаған кезде - жалпы юрисдикциядағы соттарда қаралуы мүмкін.
36-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң ведомстволығы, лауазымды адамдардың iстердi қарау және әкiмшiлiк жазаларды қолдану жөнiндегi құзыретi
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 684-бапқа енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 684-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
684-бап. Соттар
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 73, 73-1, 73-2, 73-3, 74, 76, 77, 78, 80 (2-2 және төртінші бөліктерінде), 80-1 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 81 (екінші бөлігінде), 82 (екінші бөлігінде), 82-1, 85, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екінші бөлігінде), 145, 149, 150, 151 (екінші бөлігінде), 154, 156-1, 158, 159 (бірінші, екінші, үшінші, 3-1 және төртінші бөліктерінде), 160 (екінші бөлігінде), 169 (екінші, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 174 (екінші бөлігінде), 175, 175-1, 176, 182, 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 193 (екінші және үшінші бөліктерінде), 200, 214, 234-1, 245, 246, 247 (7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктерінде), 251, 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 283-1, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (екінші бөлігінде), 312 (екінші бөлігінде), 313, 314, 316 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде), 319, 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірінші бөлігінде), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктерінде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екінші бөлігінде), 389, 392 (үшінші бөлігінде), 395 (екінші бөлігінде), 396 (екінші бөлігінде), 397 (төртінші бөлігінде), 398, 400 (екінші бөлігінде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлігінде), 407 (екінші және үшінші бөліктерінде), 409 (жетінші, 7-1 және 7-8-бөліктерінде), 415 (екінші бөлігінде), 415-1 (екінші бөлігінде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екінші бөлігінде), 423, 423-1, 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 424-1, 425 (екінші бөлігінде), 426 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 427, 433 (екінші бөлігінде), 434, 436, 439, 440 (үшінші бөлігінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 445-1, 446, 449 (екінші және үшінші бөліктерінде), 450 (екінші бөлігінде), 451 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 452 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 453, 456-1, 461, 462, 463, 465, 476, 477, 478, 479, 480 (екінші бөлігінде), 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екінші бөлігінде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 498, 506, 507, 508, 510 (төртінші бөлігінде), 512 (екінші бөлігінде), 513 (екінші бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (1-1-бөлігінде), 532 (екінші бөлігінде), 543 (1-1, үшінші және төртінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екінші бөлігінде), 549, 550, 552 (екінші бөлігінде), 563 (екінші бөлігінде), 564 (бесінші бөлігінде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 590 (төртінші бөлігінде), 596 (үшінші бөлігінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 606 (екінші бөлігінде), 607 (екінші бөлігінде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 612 (үшінші және 4-1-бөліктерінде), 613 (үшінші, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртінші бөлігінде), 618, 621 (үшінші бөлігінде), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екінші бөлігінде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:
1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстің 435, 436 (үшінші бөлігінде), 438 (үшінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;
2) осы Кодекстің 127, 127-1, 128, 129, 130, 131, 133, 134, 135, 430 (екінші бөлігінде), 663-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
3. Жоғарғы Соттың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары осы Кодекстің 653-бабында көзделген, сот талқылауы барысында белгіленген, процеске қатысып отырған тұлғаның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерді қарайды.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 685-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
685-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Ішкі істер органдары осы Кодекстің 132, 146, 147, 190 (бірінші бөлігінде), 191, 192, 196, 197, 198, 204, 204-1, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 420, 421, 422, 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 434-2, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441, 441-1, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 450 (бірінші бөлігінде), 458, 464, 469, 470, 480 (бірінші бөлігінде), 484, 485, 485-1, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлігінде), 505, 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 571 (екінші және үшінші бөліктерінде), 572 (екінші бөлігінде), 573, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (бірінші, 3-1, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Ішкі істер органдарының атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің ішкі істер органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша - Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары мен департаменттерінің бастықтары, аумақтық ішкі істер органдарының, әкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастықтары, олардың орынбасарлары;
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) осы Кодекстің 132, 147, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204-1, 359, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 420, 421, 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 434-2, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441-1, 444 (екінші бөлігінде), 458, 464, 469, 470, 480 (бірінші бөлігінде), 484, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлігінде), 505 (екінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 562, 571 (үшінші бөлігінде), 590 (үшінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 591 (екінші бөлігінде), 592 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 593, 594 (төртінші бөлігінде), 595 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 597 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 598 (екінші бөлігінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші бөлігінде), 601 (екінші бөлігінде), 602 (екінші бөлігінде), 603 (үшінші бөлігінде), 612 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (бірінші және он үшінші бөлігінде), 614, 615 (үшінші бөлігінде), 617, 619, 619-1, 621 (екінші бөлігінде), 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, әкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
3) осы Кодекстің 196, 197, 420, 444 (екінші бөлігінде), 458, 484 (бірінші және екінші бөліктерінде), 492, 496 (бірінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 625 (теміржол көлігінде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін), 630 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - ішкі істер органдары полициясының желілік бөлімдерінің, бөлімшелерінің, пункттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
4) осы Кодекстің 146, 204, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 408, 434-2, 437 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 492, 493, 494, 505 (бірінші бөлігінде), 571 (екінші бөлігінде), 572 (екінші бөлігінде), 573 (төртінші бөлігінде), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 591 (бірінші бөлігінде), 592 (бірінші және екінші бөліктерінде), 593, 594 (бірінші және екінші бөліктерінде), 595 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 596 (бірінші және екінші бөліктерінде), 597 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1 және 4-2-бөліктерінде), 598 (бірінші бөлігінде), 599 (бірінші бөлігінде), 600 (бірінші бөлігінде), 601 (бірінші бөлігінде), 602 (бірінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші және екінші бөліктерінде), 613 (он екінші бөлігінде), 615 (бірінші және екінші бөліктерінде), 620, 621 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 622, 630 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - ішкі істер органдарының (полицияның) арнаулы атақтары бар қызметкерлері;
5) осы Кодекстің 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - ішкі істер органдарының балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған полиция бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.
686-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы Кодекстің 336, 359, 367, 410, 410-1, 411, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 589-баптарында көзделген өрт қауіпсіздігі саласындағы;
2) 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстiң 412 және 643-баптарында көзделген азаматтық қорғаныс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының атынан iстердi қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бес жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегізге дейiнгi, лауазымды және заңды тұлғаларға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елу беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыс беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 686-1-баппен толықтырылды
686-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган
1. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 643-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 687-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
687-бап. Жер қойнауын зерттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 349, 350, 352, 353, 354, 355, 356 (бірінші бөлігінде), 391-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық аға мемлекеттік пен аумақтық мемлекеттік инспекторлар - айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары - айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттік инспекторлар - айлық есептік көрсеткіштің бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
4) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары - айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 687-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
687-1-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган
1. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 346, 349, 353-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның басшылары және оған уәкілетті лауазымды тұлғалары құқылы.
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 688-бапқа енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 688-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 688-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 688-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
688-бап. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 281 (жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 345, 348, 349, 350, 353, 356 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 635 (үшінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 688-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
688-1-бап. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган
1. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 345, 346, 349, 350, 353-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға уран өндіру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 689-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
689-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган осы Кодекстің 289, 292, 293, 296-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
690-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстің 172 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясын қоспағанда), 300 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясының тұтынушыларын қоспағанда), 300-1, 301 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 301-1, 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 302, 303 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу энергиясын қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін қоспағанда)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.