«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1306 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы деп белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім және ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;
3) кәсіпорынның құрылымында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін құруды;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
6. Осы қаулы кәсіпорын әділет органдарында тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1306 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
толықтырулар мен өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2009.20.07. № 1102 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсанындағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
«Республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын;
«Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
«14. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
4. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)