Сапа: «Байқоңыр» ғарыш айлағы жер үсті инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша басқару шешімдерін қабылдау және ғарыштық бағдарламаларды іске асыру үшін ақпараттық негіз алу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»29 мамырдағы
№ 438 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
406-6-қосымша
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
008 - «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12045 мың теңге (он екі миллион қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақ ССР-і Үкіметінің қарамағына көшуі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 31 тамыздағы № 410 Жарлығы; «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1994 жылғы 14 шілдедегі Келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 14 шілдедегі қаулысы; «Заңды тұлғаларға бекітілмеген мемлекеттік мүлікті бекіту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 61 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 563 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр« кешені мүлкінің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы Үкіметі жалға алған «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерінің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі | Қазақстан Республи- касының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешені объектілері- нің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру мақсатында штат саны 15 адам мемлекеттік мекемені ұстау. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі, «Байқоңыр- баланс» мемлекеттік мекеме |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ресей Федерациясының Үкіметі жалға алған және Федералдық ғарыштық агенттіктің қарамағындағы «Байқоңыр» кешенінің мүлкін есепке алу және бухгалтерлік есеп жүргізу, жылжымалы мүлкінің есебі.
Соңғы нәтиже: «Байқоңыр» кешені мүлкінің сақталуы.
Қаржы-экономикалық тиімділік: мемлекеттік мекеменің бір қызметкерін қаржы-шаруашылық ұстау жылына 718,1 мың теңгені құрайды.
Уақытылығы: «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес.
Сапа: бухгалтерлік есепті жетілдіру және «Байқоңыр» кешені мүлкін талан-таражға салудың алдын алу.