Қазақстан Республикасының Жер кодексі
(2022.08.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 3 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен Кодекстің мазмұны алып тасталды
І бөлiм. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры
2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру
3-бап. Жерге меншiк
4-бап. Жер заңдарының принциптерi
5-бап. Жер заңдарының мiндеттерi
6-бап. Жер заңдары
7-бап. Халықаралық шарттар
8-бап. Жердi аймақтарға бөлу
9-бап. Жер үшiн төленетiн төлемдер
10-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны
11-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi
12-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреті
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
14-бап. Орталық уәкілетті органның, орталық уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті
14-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыреті
15-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi
16-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті
17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi
18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті
19-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң құзыретi
19-1-бап. Алып тасталды
2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар
3-тарау. Жерге меншік құқығы
20-бап. Жерге меншiк құқығының түрлерi
21-бап. Меншiк құқығының мазмұны
22-бап. Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы
23-бап. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiне меншiгi
24-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншiк құқығы
25-бап. Жеке меншiк құқығын iске асыру
26-бап. Жерге мемлекеттік меншiк
27-бап. Мемлекеттік меншiк құқығын iске асыру
4-тарау. Жер пайдалану құқығы
28-бап. Жер пайдалану құқығының режимі
29-бап. Жер пайдалану құқығының түрлерi
30-бап. Жер пайдалану құқығының субъектiлерi
31-бап. Жер пайдалану құқығының туындауы
32-бап. Жер пайдалану құқығын табыстау
33-бап. Жер пайдалану құқығын беру
34-бап. Тұрақты жер пайдалану құқығы
35-бап. Уақытша жер пайдалану құқығы
36-бап. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы
37-бап. Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы
38-бап. Кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығы
39-бап. Мемлекеттік жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
40-бап. Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы
41-бап. Қызметтiк жер телiмi
5-тарау. Жер учаскесі - меншік құқығының,
жер пайдалану құқығының және өзге де заттық құқықтардың объектісі ретінде
42-бап. Жер учаскесiне құқық шектерi
43-бап. Жер учаскесiне құқық беру тәртібі
43-1-бап. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру ерекшеліктері
44-бап. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру
44-1-бап. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру
45-бап. Құрылысқа байланысты емес жер учаскелерiн беру
46-бап. Қандастарға жер учаскелерiн беру
47-бап. Мемлекеттік меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар алу
48-бап. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (аукциондарда) алу
49-бап. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезiнде оларға құқықтар алу
49-1-бап. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі
49-2-бап. Жерді резервте қалдыру
50-бап. Жер учаскелерiн беру нормалары
51-бап. Бөлiнетiн және бөлiнбейтiн жер учаскелерi
52-бап. Жер учаскесiне құқық және онда орналасқан үйге (құрылысқа, ғимаратқа) құқық
53-бап. Жер учаскесiне ортақ меншiк немесе ортақ жер пайдалану
54-бап. Ортақ меншiктегi немесе ортақ жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн пайдалану тәртібі
55-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер үлестерiмен жасалатын мәмiлелер
56-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi немесе ортақ үлестiк жер пайдаланудағы жер үлесiн айқындау тәртібі
57-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi (ортақ үлестiк жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлісу және одан үлестi бөлiп шығару
58-бап. Ортақ бiрлескен меншiктегi (ортақ бiрлескен жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлiсу
59-бап. Бөлiнбейтiн деп танылған жер учаскесiн бөлуге жол берiлмейтiндiгi
60-бап. Жер учаскесiне ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi
61-бап. Ортақ жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы
62-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдiң жер учаскесіне және кондоминиумның басқа да объектiлерiндегi жер учаскелерiне құқық
63-бап. Жеке меншiктегi жер учаскесiнен және жер пайдалану құқығынан өндіріп алу
6-тарау. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану кезіндегі құқықтары мен міндеттері
64-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалануға құқықтары
65-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану жөніндегі мiндеттерi
66-бап. Осы Кодекске орай жер учаскесiне құқықтар тиесiлi болмайтын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi
7-тарау. Сервитуттар
67-бап. Сервитут туындауының негiздерi
68-бап. Жеке тұлғаның бөтен жер учаскелерiнде болу және солар арқылы өту құқығы
69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы
70-бап. Уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдары
71-бап. Жер учаскелерiн iздестiру жұмыстары үшiн пайдалану
71-1-бап. Жер учаскелерін пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу үшін пайдалану
72-бап. Басқа да сервитуттар
73-бап. Жер учаскесiне құқық ауысқан кезде сервитуттың сақталуы
74-бап. Сервитуттың тоқтатылуы
75-бап. Сервитутты тiркеу
8-тарау. Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын кепілге салу
76-бап. Кепiлдiң мәнi
77-бап. Жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салуды шектеу
78-бап. Үйлер (құрылыстар, ғимараттар) бар жер учаскесiн немесе сондай жер учаскесiне жер пайдалану құқығын кепiлге салу
79-бап. Жер учаскелерiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салу тәртібі
80-бап. Жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге салуды тiркеу
9-тарау. Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
81-бап. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негiздерi
82-бап. Жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту
83-бап. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу
84-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері
85-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару
86-бап. Меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі құқықтары
87-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде оның құнын өтеу
88-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сот шешімі бойынша мәжбүрлеп иеліктен шығару
89-бап. Мемлекет мұқтажы үшiн мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қою
90-бап. Жекелеген санаттардағы жерлердi алып қоюды шектеу
91-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскесiн уақытша алып қою
92-бап. Мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою
93-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою
94-бап. Мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою тәртібі
95-бап. Тәркiлеу
96-бап. Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесiн бағалау
96-1-бап. Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімі
3-бөлiм. Жер санаттары
10-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
97-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ұғымы және оның құрамы
98-бап. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру тәртібі
99-бап. Инженерлiк тұрғыда әзiрленген суармалы жердi пайдалану
100-бап. Арнайы жер қоры
101-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзуге арналған жер учаскелерi
102-бап. Жеке қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа, саяжай құрылысына және бау-бақша шаруашылығына арналған жер учаскелерi
103-бап. Жекешелендiрiлетiн мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының жер учаскесiн бөлiсу
104-бап. Ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдау жолдары
105-бап. Ауыл шаруашылығы өндiрiсіндегі шығасының орнын толтыру
106-бап. Ауыл шаруашылығы өндiрiсіндегі шығасыны өтеу тәртібі
11-тарау. Елді мекендер жері
107-бап. Елдi мекендер жерi ұғымы мен оның құрамы
108-бап. Елдi мекендердiң шекарасын (шегiн) белгiлеу және өзгерту
109-бап. Елдi мекендердiң жерiн пайдалану
110-бап. Қала маңындағы аймақтар
12-тарау. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
111-бап. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерi, ғарыш қызметі мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер ұғымы және оның құрамы
112-бап. Өнеркәсiп жерi
113-бап. Көлiк жерi
114-бап. Темір жол көлiгiнiң жерi
115-бап. Автомобиль көлiгiнiң жерi
116-бап. Теңiз және iшкi су көлiгiнiң жерi
117-бап. Әуе көлiгiнiң жерi
118-бап. Құбыр көлігінің жерлері
119-бап. Байланыс және энергетика жерi
119-1-бап. Ғарыш қызметі мұқтажына арналған жер
119-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың жерлері
120-бап. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жер
121-бап. Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары
13-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер
122-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi
123-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарының жерлерi
124-бап. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызу
125-бап. Сауықтыру мақсатындағы жер
126-бап. Рекреациялық мақсаттағы жер
127-бап. Тарихи-мәдени мақсаттағы жер
14-тарау. Орман қорының жері
128-бап. Орман қорының жерi ұғымы және оның құрамы
129-бап. Ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін және құрылыс объектілерін салу үшін жер пайдалануға мемлекеттік орман қорының жерлерін беру
130-бап. Орман қорының жерiн жердiң басқа санаттарына ауыстырудағы шектеулер
131-бап. Орман шаруашылығы өндiрiсіндегі шығасыны өтеу
15-тарау. Су қорының жері
132-бап. Су қорының жерi ұғымы және оның құрамы
133-бап. Су қорының жерiне меншiк құқығы
134-бап. Су айдындары жағалауынан су қорғау аймақтары мен белдеулерiне жер бөлiп шығару
135-бап. Су қоры жерiнiң құрамынан жер учаскелерiн беру
136-бап. Су қорының жерiн пайдалану тәртібі
136-1-бап. Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру тәртібі
16-тарау. Босалқы жер
137-бап. Босалқы жер құрамы
138-бап. Босалқы жерді беру
4-бөлiм. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры
17-тарау. Жерді қорғау
139-бап. Жердi қорғаудың мақсаттары мен мiндеттерi
140-бап. Жердi қорғау
141-бап. Топырақта зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының нормативтерi
142-бап. Жердiң жай-күйiне әсер ететiн үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектiлердi жобалау мен пайдалануға беруге қойылатын экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптар
143-бап. Радиоактивтi ластануға ұшыраған және ядролық қару сынақтары өткiзiлген жер
18-тарау. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау
144-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың мiндеттерi
145-бап. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібi
146-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
147-бап. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның, орталық уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің функциялары
148-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi
19-тарау. Жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі
149-бап. Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны
150-бап. Жерге орналастыруды жүргiзу
151-бап. Жерге орналастыру процесi
152-бап. Мемлекеттік жер кадастры
153-бап. Мемлекеттiк жер кадастрының және оны жүргізуге технологиялық байланысты қызметтің мазмұны
154-бап. Жер учаскелерiн тiркеу мақсаты үшiн есепке алу
155-бап. Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу
156-бап. Жер-кадастр құжаттамасы
157-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу тәртібі
158-бап. Мемлекеттік жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану
159-бап. Жер мониторингi
160-бап. Жер мониторингiнiң мiндеттерi
161-бап. Жер мониторингiн жүргiзу
162-бап. Жер мониторингi ақпаратын алу мен пайдалану әдiстерi
163-бап. Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру
5-бөлiм. Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету және қорытынды ережелер
20-тарау. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және шығынды өтеу
164-бап. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау
164-1-бап. Жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтаруды талап ету
165-бап. Меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген шығынды өтеудiң негiздерi
166-бап. Шығынды өтеу тәртібі
167-бап. Жер даулары
168-бап. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
21-тарау. Қорытынды ережелер
169-бап. Осы Кодекстiң қолданылу тәртібі
170-бап. Алып тасталды
171-бап. Өтпелі ережелер
2007 жылғы 6 шілдедегі № 279-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша»мемлекеттік қажеттіктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылды; «шаруа (фермер) қожалығын», «Шаруа (фермер) қожалығын», « шаруа (фермер) қожалығы», «шаруа (фермер) қожалығының» деген сөздер тиісінше «шаруа немесе фермер қожалығын», «Шаруа немесе фермер қожалығын», «шаруа немесе фермер қожалығы», «шаруа немесе фермер қожалығының» деген сөздермен ауыстырылды; 2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)», «(республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)», «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)», «облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «(облыстық маңызы бар қалалардың)», «(облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздер тиісінше «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың», «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «, облыстық маңызы бар қалалардың», «, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «ауылдар (селолар)», «ауылдардың (селолардың)», «ауылдың (селоның)», «ауылда (селода)»,» «Селодағы», «ауылдарды, селолар», «село», «селолық» деген сөздер тиісінше «ауыл», «ауылдық», «ауылдар», «ауылдардың», «ауылдың», «ауылда», «Ауылдағы», «ауылдар», «ауыл», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:
«тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін», «Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін», «тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісінің» деген сөздер тиісінше «ауыл шаруашылығы өндірісін», «Ауыл шаруашылығы өндірісін», «ауыл шаруашылығы өндірісінің» деген сөздермен ауыстырылды, «комиссияға», «Комиссияның», «Комиссия», «комиссияның» деген сөздер тиісінше «жер комиссиясына», «Жер комиссиясының», «Жер комиссиясының», «жер комиссиясының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оралмандарға», «Оралмандарға» және «оралмандардың» деген сөздер тиісінше «қандастарға», «Қандастарға» және «қандастардың» деген сөздермен ауыстырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)», «сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар)», «сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға)», «сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда)», «сауда-саттықты (конкурсты, аукционды)», «сауда-саттық (конкурстар, аукциондар)», «Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар)», «сауда-саттықтардың (конкурстардың, аукциондардың)» деген сөздер тиісінше «сауда-саттықты (аукциондарды)», «сауда-саттығын (аукциондарын)», «сауда-саттыққа (аукциондарға)», «сауда-саттықта (аукциондарда)», «сауда-саттықты (аукционды)», «сауда-саттық (аукциондар)», «Сауда-саттық (аукциондар)», «сауда-саттықтың (аукциондардың)» деген сөздермен ауыстырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
І бөлiм. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры
1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жерi;
6) су қорының жерi;
7) босалқы жер.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған жер белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады. Жердiң құқықтық режимi оның қай санатқа тиесiлiлiгiне және жердi (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негiзделiп айқындалады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi:
1) орманды дала;
2) дала;
3) қуаң дала;
4) шөлейттi;
5) шөлдi;
6) тау етегi-шөлдi-далалық;
7) субтропикалық шөлдi;
8) субтропикалық-тау етегi-шөлдi;
9) орта азиялық таулы;
10) оңтүстiк-сiбiр таулы аймақтар.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру
Жердi осы Кодекстiң 1-бабында аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жердi оның нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты бiр санаттан басқасына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген, жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөніндегі өз құзыретi шегiнде жүргiзедi.
3-бап. Жерге меншiк
Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншiкте болады. Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
4-бап. Жер заңдарының принциптерi
Қазақстан Республикасының жер заңдары:
1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi;
2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;
3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану;
4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
5) жердi нысаналы пайдалану;
6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы;
7) жердiң жай-күйi және оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
8) жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі iс-шараларды мемлекеттік қолдау;
9) жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
10) жердi ақылы пайдалану принциптерiне негiзделедi.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Жер заңнамасының мiндеттерi
Қазақстан Республикасы жер заңнамасының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды, климаттың өзгеруіне бейімделуді қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлiк нарығын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
6-бап. Жер заңдары
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасындағы жер заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының осыған сәйкес қабылданатын нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Қазақстан Республикасы жер қоры жерлерінің жекелеген санаттарын құқықтық реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
2. Жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
3. Жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи ресурс ретіндегі жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрмеуге тиiс.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Егер Қазақстан Республикасының жер, экология, орман, су заңдарында жер қойнауы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету, сондай-ақ олармен мәмiле жасасу бойынша мүлiктiк қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және заңды тұлғалардың жер қатынастары саласындағы құқықтарын шектеуге болмайды.
6. Егер осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар жер құқығы қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады.
7. Басқа мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумағында жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындайды.
7-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң актiсiн шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар жер қатынастарына тiкелей қолданылады.