ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 9-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) мазмұны алып тасталсын;
2) 12-баптың 29) тармақшасы алып тасталсын;
3) 14-баптың 1-тармағының 13-1) тармақшасы алып тасталсын;
4) 16-бапта:
1-тармақтың 10-1) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 5-1) тармақшасы алып тасталсын;
5) 23-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шаруа немесе фермер қожалығын, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бақ шаруашылығы және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде меншiк құқығы, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 66-бабының нормаларына сәйкес иелiктен шығарылуға немесе қайта ресiмделуге жатады.»;
6) 24-бапта:
1-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды.»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының қатысушылары (акционерлері, мүшелері) құрамына шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, шетелдік заңды тұлға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кірген кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығы, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес иеліктен шығарылуға жатады.
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының қатысушысы (акционері, мүшесі) болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығы, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес иеліктен шығарылуға жатады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде азаматтығы тоқтатылған кезден бастап үш ай ішінде жер учаскесі иеліктен шығарылуға не жергілікті атқарушы органның келісуімен осы учаскенің мемлекеттен (меншік иесінен) сатып алынған жер учаскесі бағасы төлене отырып, мемлекеттік меншiкке қайтарылуға тиіс.»;
6-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
7) 37-баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін - Қазақстан Республикасының азаматтарына он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;
2) ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін - шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;»;
8) 46-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы және саяжай құрылысы үшін жер учаскелерін беру уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
9) 48-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
10) 50-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде:
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке меншiк құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн;
уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн.»;
төртінші абзац алып тасталсын;
11) 97-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
12) 100-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі «, сондай-ақ қандастардың» деген сөздер алып тасталсын;
13) 103-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Шартты жер үлесінің иесі болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде, оның жер үлесіне құқықтары тоқтатылды деп есептеледі.»;
14) 128-баптың 4-тармағының бірінші абзацындағы «жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 171-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға жалдау шарттарымен 2016 жылғы 1 шілдеге дейін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығы жалдау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады және жаңа мерзімге ұзартылуға жатпайды немесе осы Кодексте көзделген уақытша жер пайдалану құқығын тоқтату үшін өзге де негіздер басталғанға дейін қолданылады.».
2. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
34-бапта:
«азамат» деген сөз «адамның» деген сөзбен ауыстырылсын;
«азаматтығынан шыққан» деген сөздер «азаматтығы тоқтатылған» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
23-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы, саяжай құрылысы үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріледі.».
4. «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 24-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда жеке меншік құқығымен беріледі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру осы Кодекстің 9 және 48-баптарында белгіленген ережелер ескеріле отырып, ақылы негізде сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.»;
5) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5) 37-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:»;
алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтар алып тасталсын;
10) тармақшада:
төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына:»;
жетінші абзацтағы «пайдалануға;» деген сөз «пайдалануға беріледі.» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзац алып тасталсын;
11) тармақшаның екінші абзацындағы «, оралмандарға - уақытша жер пайдалану құқығымен жиырма бес жылға дейінгі мерзімге» деген сөздер алып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 24-баптың 2, 3 және 4-тармақтарының, 97-баптың 6-тармағы 1) тармақшасының;»;
3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргізу және оқыту мақсаттары, қосалқы ауыл шаруашылығын, бау-бақша шаруашылығын және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жер пайдалануға беріледі.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 13 мамыр
№ 39-VII