11. Жауапты мемлекеттiк лауазымдар атқаратын лауазымды адамдардың кірістерінің мөлшерi және көздерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттiк лауазымға ұсынылған кезiнде кандидаттардың кірістері туралы мәлiметтер заңнамада белгiленген тәртiппен жариялануы мүмкiн.
12. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және оларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелер заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылады.
13. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмде, мемлекеттiк меншiкке байланысты мүлiктiк сипаттағы барлық мәмiлелер мен қаржы қызметi туралы есептi мемлекеттiк мүлiкке қатысты меншiк иесi құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органға ұсынады.
14. Мемлекеттiк кiрiс органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпияны құрайды. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан шығаруға әкеп соғады. Бұл мәліметтер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, әскери полиция органдарының, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің сұрау салуы бойынша, сондай-ақ заңда белгіленген сот тәртібімен ғана ұсынылады.
Қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген мақсаттарда және тәртiппен қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер ұсынылады.
15. Осы бапта көзделген қаржылық бақылау шаралары Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй салу үшiн құрылыс материалдарын меншiкке сатып алуға байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй салу үшiн құрылыс материалдарын сатып алу кезiндегi қаржылық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 18-і.
№ 410-V