Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы
(2016.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 8 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2015 жылғы 12 қарашадағы № 391-V Заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасы
3-бап. Ұлттық палатаның мақсаты, міндеттері және жүйесі
4-бап. Ұлттық палата қызметінің қағидаттары
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІМЕН, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН, ҚАУЫМДАСТЫҚТАРМЕН (ОДАҚТАРМЕН), ҰЛТТЫҚ ПАЛАТА ҚҰРЫЛТАЙШЫ РЕТІНДЕ ҚАТЫСАТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ
5-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
6-бап. Ұлттық палатаның қауымдастықтармен (одақтармен) өзара іс-қимылы
7-бап. Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалармен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы
3-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
8-бап. Ұлттық палатаның функцияларын жүзеге асыру тәртібі
9-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау жөніндегі функциялары
10-бап. Ұлттық палатаның қоғамдық мониторинг саласындағы функциялары
11-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды ұйымдастыру саласындағы функциялары
12-бап. Ұлттық палатаның отандық өндірісті қолдау және жергілікті қамту үлесін арттыру саласындағы функциялары
13-бап. Ұлттық палатаның экономика салаларында кадрларды даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестаттау мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы функциялары
14-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функциялары
14-1-бап. Алып тасталды
4-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
15-бап. Ұлттық палатаны құру ерекшеліктері
16-бап. Ұлттық палатаның мүлкі
17-бап. Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ, ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫҢ ФИЛИАЛДАРЫН БАСҚАРУ
18-бап. Ұлттық палатаның, өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары
19-бап. Ұлттық палатаның съезі
20-бап. Съезді шақыру тәртібі
21-бап. Ұлттық палата төралқасы
22-бап. Төралқа комитеттері
23-бап. Ұлттық палата басқармасы
24-бап. Ұлттық палатаның тексеру комиссиясы
25-бап. Өңірлік кеңес
26-бап. Өңірлік палаталардың, аудандық және қалалық филиалдардың атқарушы органдары
26-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
27-бап. Мүдделер қақтығысы
5-1-тарау. Алып тасталды
6-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ МҮШЕЛЕРІ. МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНАЛАР
28-бап. Ұлттық палатаның мүшелері
29-бап. Міндетті мүшелік жарналар
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
30-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
31-бап. Өтпелі ережелер
32-бап. Құрылтай кезеңі және өтпелі кезең
33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кәсіпкерлік субъектілері - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - Ұлттық палата) - Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің (бұдан әрі - қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым;
3) қоғамдық мониторинг - Ұлттық палатаның ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және қорыту, оның ішінде шешілуіне нормативтік құқықтық акт бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесіне қол жеткізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайына оның әсерін бағалау жөніндегі қызметі;
4) міндетті мүшелік жарналар - кәсіпкерлік субъектілерінің осы Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен және мөлшерде Ұлттық палатаға төлейтін жыл сайынғы жарналары;
5) өзін-өзі реттейтін ұйым - осы Заңда көзделген мақсатта құрылған, кәсіпкерлік субъектілерінің бірлігі қағидаты бойынша олардың мүшелігіне негізделген коммерциялық емес ұйым;
6) Ұлттық палата жүйесіндегі аккредиттеу - қауымдастықтардың (одақтардың) Ұлттық палатаның басқару органдарында және жұмыс органдарында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдірудің белгіленген критерийлеріне сәйкестігін Ұлттық палатаның тануы;
7) «Іскерлік ахуал» рейтингі - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жұмысының нәтижелерін бағалау және салыстыру үшін жүргізілетін, нормативтік құқықтық актілер мен реттеу құралдарының реттеушілік ықпалын жария талдау, сондай-ақ қалыптасқан құқық қолдану практикасын талдау нәтижелеріне негізделген кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын тәуелсіз зерттеу.
2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасы
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Ұлттық палатаның мақсаты, міндеттері және жүйесі
1. Ұлттық палатаны құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру болып табылады.
2. Ұлттық палатаның міндеттері:
1) кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау;
3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
5) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
3. Ұлттық палата жүйесіне:
1) республикалық деңгейде:
Ұлттық палата;
Ұлттық палатада аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтары);
2) аумақтық деңгейде:
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі - өңірлік палаталар);
өңірлік палаталарда аккредиттелген өңірлік салааралық, өңірлік салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің өңірлік қауымдастықтары (одақтары);
өңірлік палаталарда аккредиттелген облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар);
өңірлік палаталарда аккредиттелген аудандардағы, аудандық маңызы бар қалалардағы қауымдастықтар (одақтар);
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) қалалық және аудандық деңгейлерде:
тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың филиалдары (бұдан әрі - өңірлік палаталардың филиалдары);
4) осы Заңның мақсаттарын іске асыру үшін құрылған, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалар;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) Ұлттық палатаның шет мемлекет аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері кіреді.
6) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Ұлттық палата қызметінің қағидаттары
1. Ұлттық палатаның қызметі мынадай:
1) дербестік;
2) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқылығы;
3) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына қайшы келмейтін шешімдерді қабылдау;
4) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп берушілік, жауаптылық;
6) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделдік;
7) салааралық, салалық және өңірлік қауымдастықтарды (одақтарды) дамыту;
8) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы;
9) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасау;
10) қоғам мен кәсіпкерлік мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
2. Ұлттық палата, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүше болу белгіленген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген (есептік тіркеуден өткен) кәсіпкерлік субъектілерінің мүше болуының міндеттілігі қағидаты бойынша құрылады.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІМЕН, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН, ҚАУЫМДАСТЫҚТАРМЕН (ОДАҚТАРМЕН), ҰЛТТЫҚ ПАЛАТА ҚҰРЫЛТАЙШЫ РЕТІНДЕ ҚАТЫСАТЫН
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ
5-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін бекітеді;
2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы оны құру мақсатына және оның міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған.
3. Ұлттық палатаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;
2) Ұлттық палатаның орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен консультациялық-кеңесші органдарды құруы нысанында;
3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;
4) Ұлттық палатаны құрудың мақсатын, оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
4. Коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар Ұлттық палатаның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынуға міндетті.
6-бап. Ұлттық палатаның қауымдастықтармен (одақтармен) өзара іс-қимылы
1. Ұлттық палата осы Заңда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу үшін қауымдастықтармен (одақтармен), оның ішінде кәсіпкерлердің салалық, салааралық, өңірлік қауымдастықтарымен (одақтарымен), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік жөніндегі қауымдастықтармен (одақтармен) өзара іс-қимыл жасайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өз мүшелерінің мүдделерін білдіретін қауымдастықтар (одақтар):
1) Ұлттық палата төралқасында көзделген тәртіппен Ұлттық палата жүйесінде аккредиттеуден өтуге;
2) Ұлттық палатаның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) Ұлттық палата тарапынан кәсіптік қолдауды, сондай-ақ оның жарғысында көзделген көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
4) Ұлттық палатаға жазбаша сұрау салу арқылы өтініш жасауға және дәлелді жауаптар алуға;
5) өз өкілдерін Ұлттық палата ұйымдастыратын оқытуға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберуге;
6) білікті ақпараттық-талдамалық қолдау алуға;
7) Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, Ұлттық палатада аккредиттеуден өткен қауымдастықтар (одақтар) осы Заңда белгіленген тәртіппен:
1) Ұлттық палата съезінің;
2) Ұлттық палата төралқасының;
3) Ұлттық палата төралқасы комитеттерінің жұмысына қатысуға құқылы.
4. Ұлттық палата осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асыруға Ұлттық палатада аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтарды) шарттық негізде тартуға құқылы.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастықтар (одақтар) осы Заңда белгіленген тәртіппен өңірлік кеңестер құрамына кандидаттар ұсынуға құқылы.
6. Өңірлік палаталар өңірлік палатаның жарғысында белгіленген өз құзыреті шеңберінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асыруға өңірлік палатада аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтарды) шарттық негізде тартуға құқылы.
7-бап. Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалармен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы
1. Осы Заңда белгіленген мақсаттарда Ұлттық палата Ұлттық палатаның жүйесіне кіретін заңды тұлғаларды құруға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың мақсаттарын, міндеттерін және қызмет түрлерін Ұлттық палата айқындайды.
3-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
8-бап. Ұлттық палатаның функцияларын жүзеге асыру тәртібі
1. Ұлттық палата осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асырады.
2. Ұлттық палатаның осы Заңда көзделген жүйесі ескеріле отырып:
1) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген, республикалық деңгейде іске асырылатын және Қазақстан Республикасының Парламентімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен, орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды Ұлттық палата жүзеге асырады;
2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген, аумақтық деңгейде іске асырылатын және жергілікті өкiлдi және атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды өңірлік палаталар жүзеге асырады;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген, халықаралық деңгейде іске асырылатын және шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды, сондай-ақ кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметінің дамуына жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі функцияларды Ұлттық палата, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері арқылы және (немесе) ол құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлға жүзеге асырады.
9-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау жөніндегі функциялары
1. Ұлттық палата осы Заңға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Ұлттық палатаның жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді, қорғайды.
2. Ұлттық палата:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметінде, Қазақстан Республикасының Парламентінде және басқа да мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік мүдделерін білдіреді;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
2016.06.04. № 481-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының тұжырымдамаларына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті сараптаманы жүзеге асырады;
4) қаржы ұйымдарының қызметі мен қаржы нарығын мемлекеттік реттеу функцияларын қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті реттеудің жекелеген функцияларын бизнес-ортаға кезең-кезеңмен беру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асырады;
5) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын алқалы консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына қатысады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес аралық сот пен төрелікті құрады;
7) кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
3. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар осы Заңда және Ұлттық палатаның жарғысында көзделген тәртіппен өткізіледі.
Қоғамдық тыңдауларға Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың депутаттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қоғамдық тыңдауларға Ұлттық палата төралқасының шақыруымен қатысады.
10-бап. Ұлттық палатаның қоғамдық мониторинг саласындағы функциялары
1. Ұлттық палата:
1) қоғамдық мониторингті жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік мәселелері бойынша қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды енгізеді;
3) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқару тиімділігіне бағалау жүргізуге қатысады.
2-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Ұлттық палата «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингін дайындауды және жүргізуді тұрақты негізде жүзеге асырады.
3. Ұлттық палата Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
4. Ұлттық палата мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы туралы ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды тұрақты негізде жүргізеді.
Жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметіне және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Жылдық қорытындылар бойынша жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама құрамында Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіледі.
11-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды ұйымдастыру саласындағы функциялары
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық палата нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен:
1) арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға қатысады;
2) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы өткізу пункттерінің инфрақұрылымы, оның ішінде сервистік (кедендік) инфрақұрылым объектілерінің жабдықталуын және техникалық жарақтандырылуын (мемлекеттік бақылау органдарының арнайы жабдықтарын қоспағанда), сондай-ақ көрсетілген өткізу пункттерінде шекаралық, кедендік бақылау түрлерін ұйымдастыру үшін қажетті ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды күтіп-ұстауды және жөндеуді қоса алғанда, олардың салынуын (реконтрукциялануын), жұмыс істеуін (пайдаланылуын) инвестицияларды тарту арқылы қамтамасыз етуге қатыса алады;
3) корпоративтік басқарудың практикасын талдауды және қорытуды жүзеге асырады;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын ұйымдастырады және өткізеді;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) мемлекеттік органдарға индустриялық аймақтар құру мәселелері бойынша қорытындыға қатысады және береді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ұлттық палата:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген кәсіпкерлерді сервистік қолдауды қоса алғанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғаларды және кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық емес қолдау операторының функцияларын жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту және ілгерілету жүйесі операторының функцияларын жүзеге асырады;
3) кәсіпкерлерді оқытуды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға бизнесті ашу және жүргізу жөнінде консалтингтік қызметтер көрсетеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттар мен техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады және кәсіпкерлердің оларды сақтауын қамтамасыз етеді;
5) кеден ісі саласында қызметтер көрсетуді жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік инфрақұрылымның қазіргі заманғы стандарттарын әзірлеуге қатысады.
2. Ұлттық палата уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық отын-энергетика баланстарын әзірлеуіне, экономика салаларында шикiзат пен тауарлардың өткізілуі мен тұтынылуына қатысады.