«4-1. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама мынадай жағдайларда:
1) көлік құралы меншік иесінің (иесінің) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне табыс етілгені туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабардар етуге қол қойып табыс етілетін тапсырыс хатпен жіберілген жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады. Заңды тұлғаға жіберілген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне табыс етіледі, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, табыс етілгені туралы хабардар етуге нұсқаманы алғаны жөнінде қол қояды;
2) адресат айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы алудан бас тартқан жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады. Бұл ретте оны жеткізуші адам табыс етілгені туралы хабардар етуге тиісті белгі жасайды, ол нұсқамамен бірге жөнелтушіге қайтарылады;
3) лауазымды адам айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы көлік құралы меншік иесінің (иесінің) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қол қойғызып тікелей табыс еткен жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады.»;
239) 744-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер ұсынуға, өтiнiшхаттар мен қарсылықтарды мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iсті қарау кезінде ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге және егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашы көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға; iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуы бойынша, нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауда заңның бұзылуына, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға және iс бойынша қаулыға шағым жасауға; одан үзiндi көшірме алуға және iстегi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға, сондай-ақ өзiне осы Кодексте берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның қатысуымен қаралады. Аталған тұлға болмағанда, егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе немесе iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған кезде және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспесе ғана, iс қаралуы мүмкiн.»;
240) 747-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«747-бап. Дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның өкілдері»;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Дара кәсіпкердің өкілдері осы Кодексте көзделген шектерде заңды тұлғаның өкілдері сияқты дәл сондай процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болады.»;
241) 748-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қорғаушы iске қатысуға әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаны әкiмшiлiк ұстап алған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезден бастап, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында жіберіледі.»;
242) 753-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады.»;
243) 759-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық, сондай-ақ әкімшілік қамаққа алуға, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуге әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы істің қаралатын орны мен уақыты туралы міндетті түрде хабардар етiледi. Ол болмағанда, iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға уақтылы хабарланғаны туралы деректер болған кезде және егер одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспесе ғана, мұндай iс қаралуы мүмкiн.»;
244) мынадай мазмұндағы 759-1-баппен толықтырылсын:
«759-1-бап. Сот отырысының хатшысы
1. Соттың сот отырысының хаттамасын жүргізетін, сондай-ақ сот отырысының дыбыс-, бейнежазбасын қамтамасыз ететін, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болады.
2. Сот отырысының хатшысы:
1) өзіне хаттама жасауды қамтамасыз ету қажет барлық уақытта сот отырысының залында болуға және төрағалық етушінің рұқсатынсыз сот отырысын тастап кетпеуге;
2) хаттамада соттың әрекеттері мен шешімдерін, сот отырысына қатысатын барлық тұлғалардың өтінішхаттарын, қарсылықтарын, айғақтарын, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мән-жайларды толық және дұрыс жазуға;
3) сот отырысының хаттамасын жасауға;
4) жабық сот отырысына қатысуына байланысты белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге;
5) төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға міндетті.
3. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығына жеке жауаптылықта болады.
4. Сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізілген жағдайда, хатшы заңда көзделген жауаптылықта болады.»;
245) 760-баптың бірінші бөлігінің 1) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сотқа, органға (лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға наразылық енгізуге;»;
«5) әкімшілік жаза туралы қаулының немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын тоқтата тұруға;»;
246) 762-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот отырысының хатшысы, сот приставы, сарапшы мен аудармашы, егер: олар әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылып жатқан адаммен, жәбiрленушiмен, олардың өкiлдерiмен, қорғаушымен, өкiлмен, іс жүргiзуінде осы iс жатқан прокурормен, судьямен, лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса не олар бұрын осы іс бойынша iстi жүргiзуге өзге де қатысушылар ретiнде әрекет етсе, олардың бiлiксіз екенi анықталса, сол сияқты бұл адамдарды осы iске тiкелей немесе жанама түрде мүдделi деп есептеуге негiздер болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысуға жiберiлмейдi.»;
247) 767-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауызша немесе жазбаша нысанда хабарланған, өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелері, жәбiрленушi мен куәнiң айғақтары iске қатысы бар мәлiметтердi білдіреді.
Қажет болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу барысында бейнеконференция байланысы режиміндегі ғылыми-техникалық құралдар пайдаланылуы мүмкін.
Бейнеконференция байланысының құралдарын осылайша қолдану тәртібін осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.»;
248) 785-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына осы Кодекстiң 44-тарауында көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.
Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің талап етуі бойынша оған тиісті хаттамалардың және өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданылған тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті өзге де материалдардың көшірмелері дереу табыс етіледі.»;
249) 787-баптың 1) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Осы Кодекстің 685-бабына сәйкес бұл жөніндегі істерді ішкі істер органдары (полиция) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде - ішкі істер органдары;»;
«8) осы Кодекстің 727-бабына сәйкес бұл жөніндегі істерді әскери полиция органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде - әскери полицияның лауазымды адамдары;»;
250) 788-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамның өтiнуi бойынша оның қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, қорғаушысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігі дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі мiндеттi.
3. Әскери қызметшіні немесе әскери жиындарға шақырылған азаматты әкімшілік ұстап алу туралы ұстап алынған адам олардың құзыреттері шегінде әскери жиындарды (әскери қызметті) өткеретін әскери бөлім және әскери полиция органдары дереу хабардар етіледі.»;
251) 789-бапта:
екінші бөлік «заңсыз кіргені,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Әкімшілік жазалау шарасының бірі ретінде әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізу қозғалған адам, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін, бірақ жиырма төрт сағаттан аспайтын әкімшілік ұстап алуға тартылуы мүмкін.»;
252) 790-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Күштеп әкелуді әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде тиісінше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасының ішкi iстер, қаржы министрліктері белгiлеген тәртiппен көрсетілген органдардың қарауында жатқан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі жүргiзедi.»;
253) 791-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді уәкілетті лауазымды адамдар ғана жүргізеді, олардың тізбесі осы Кодекстің 787-бабында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 98-бабының бірінші бөлігінде айқындалған және ол түпкілікті болып табылады. Көрсетілген шараларды басқа адамдардың жүргізуіне тыйым салынады және заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
254) 795-баптың сегізінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы Кодексте көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде санкция көзделсе ғана, көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігі алып қоюға жатады. Қалған жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаннан кейін көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігі дереу иесіне қайтарылады.
Алып қойылған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша уақытша куәлік беріледі.
9. Жүргiзушi емтиханға жiберу туралы қаулыны алған күннен бастап екi ай iшiнде жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге арналған емтиханды тапсырмаған кезде, қаулы шығарған лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.»;
255) 797-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшада:
«574,» деген цифрлар алып тасталсын;
«597 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде),» деген сөздерден кейін «608,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«609,» деген цифрлар алып тасталсын;
2) тармақшадағы «573» деген цифрлар «571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 573» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «590 (бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөлiктерiнде),» деген сөздер «334 (екінші бөлігінде), 590 (бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Көлік құралын уақытша сақтау үшін арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізуді (эвакуациялауды) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыруы мүмкін.»;
256) 802-бапта:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен бақылау аспаптарының көрсеткiштерi, оның ішінде автоматты режимде жұмыс iстейтiн және жолдағы жағдайды фото-, бейнетүсiрiлiм арқылы, көлiк құралының жүру жылдамдығы мен бағытын, жол жүрiсiне басқа да қатысушылардың iс-қимылдарын айқындау арқылы автомобиль көлiгi және жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуын тiркейтiн бақылау аспаптарының көрсеткiштерi;»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекстің 785-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы бірінші хаттама жасалған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы қаулы шығарған, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы тұлғаның тарапынан сотқа құрметтемеушiлiк білдіру фактiсiнiң анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған деп есептеледі.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары тіркелсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс осы Кодекстің 743-бабында көзделген тәртіппен айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама жіберілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі, ал істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс хабардар ету (хабарлау) тиісті түрде жеткізілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі.»;
257) 803-бапта:
екінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын уақыты мен орны көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса беріледі.»;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстiң 802-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша өзiне қатысты iс қозғалған тұлға болмаған кезде жасалған жағдайларда, өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаны хабардар ете отырып, ол жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiледi. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде оны қайтармау фактісі оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, бұл жөнінде хаттама көшірмесінде тиісті жазба жасалады.»;
258) 804-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшада:
«383 (үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «395 (екінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
«489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «490 (бірінші және үшінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;
«506,» деген цифрлардан кейін «510 (төртінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
«609,» деген цифрлар алып тасталсын;
«613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздер «613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«592, 593, 594» деген цифрлар «592, 594» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«73,» деген цифрлардан кейін «73-1, 73-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздер «613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«651» деген цифрлар «651 (әскери қызметшілерге, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдер мен мекемелердің медициналық, шақыру, іріктеу комиссияларының төрағаларына, орынбасарларына, мүшелеріне қатысты),» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздер «613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздер «613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақша «(407 (екiншi және үшінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «462,» деген цифрлармен толықтырылсын;
27) тармақшада:
«237,» деген цифрлардан кейін «239-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«246,» деген цифрлардан кейін «247 (7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;
31) тармақшада:
«467,» деген цифрлар алып тасталсын;
«528 (бірінші бөлігі)» деген сөздер «528 (1-1-бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) тармақшадағы «306 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктері), 307, 308,» деген сөздер алып тасталсын;
33) тармақшадағы «467,» деген цифрлар алып тасталсын;
34) тармақшадағы «467,» деген цифрлар алып тасталсын;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның (297, 413, 414, 416 (машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгіне қойылатын, техникалық регламенттердің радиациялық қауiпсiздiгі туралы талаптарды бұзу бойынша)-баптар);
44) тармақша «506,» деген цифрлардан кейін «510 (төртінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
46) тармақша «606 (екінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «652 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері) (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің әскери қызметшілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша),» деген сөздермен толықтырылсын;
49) тармақшадағы «409 (жетінші бөлігі)» деген сөздер «409 (жетінші, 7-1-бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) тармақшада:
«199 (екінші бөлігі), 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері),» деген сөздер «199 (екінші бөлігі), 294 (бірінші және екінші бөліктері), 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«454 (екінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;
«455 (төртінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «462,» деген цифрлармен толықтырылсын;
53) тармақша «426 (екiншi және үшiншi бөлiктерi)» деген сөздерден кейін «, 462» деген цифрлармен толықтырылсын;
56) тармақша «665,» деген цифрлардан кейін «667,» деген цифрлармен толықтырылсын;
57) тармақша «664,» деген цифрлардан кейін «665,» деген цифрлармен толықтырылсын;
62) тармақшадағы «452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері)» деген сөздер «452 (төртінші және алтыншы бөліктері), 454 (екінші бөлігі),» деген сөздермен ауыстырылсын;
64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«65) баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның (135-бап);»;
мынадай мазмұндағы 66) және 67) тармақшалармен толықтырылсын:
66) Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдарының (462-бап);
«67) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның құқығы бар (462, 463-баптар).»;
екінші бөліктегі «, 467» деген цифрлар алып тасталсын;
259) 806-баптың алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстiң 210, 213 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 217, 218, 220, 222, 227 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 228 (бесінші және он екінші бөліктерінде), 239 (үшiншi және төртінші бөліктерінде), 243, 244, 251, 252, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 571, 572, 573, 575, 576, 593 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған тұлға анықталған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.
7. Сараптама жүргiзу, маманның зерттеуі талап етiлетiн жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама және (немесе) маманның қорытындысы алынған кезден бастап екі тәулiк iшiнде жасалады.»;
260) 807-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, айыппұл айыппұлды төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді;»;
261) 808-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің 803-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі, (прокурордың қаулысы) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде сотқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) қарау үшін жiберiледi.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам анықталмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам анықталғаннан кейін үш тәулiк iшiнде сотқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жіберіледі.
Жасалғаны үшiн жауаптылық әкiмшiлiк қамаққа алуды, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуді қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің 803-бабының 9-бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі (прокурордың қаулысы) жасалғаннан кейiн судьяға дереу жiберiледi.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiлуі мүмкін.»;
262) 810-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, оның ішінде 44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген соттың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, сондай-ақ оның жасалу фактісін мойындайтын және айыппұлды осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көрсетілгеннен елу пайызы мөлшерінде төлеуге келіскен және ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамайтын, оны жасаған жеке тұлға анықталған істер бойынша қысқартылған іс жүргізу жүзеге асырылады.»;
екінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ескерту жасауды қоспағанда, баптың санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;»;