1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды бұзу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
344-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының міндеттерін және функцияларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының түскен ақшаны уақтылы немесе тиісінше бөлмеуі, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына жүктелген міндеттерді және функцияларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының бірінші басшысына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 697-баптың бірінші бөлігіндегі «344,» деген цифрлар «344, 344-1, 344-2,» деген цифрлармен ауыстырылсын.
6. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 4) тармақшасы «нарық субъектісінің» деген сөздерден кейін «энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-баптың 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2) осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасына сәйкес пайдаланылатын қаражатты қоспағанда, неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес иелік етуге;»;
3) 7-баптың бірінші бөлігінде:
4-1) тармақшада:
«технологияларды қолдануға» деген сөздер «технологияларды қолдануға, энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кемiнде елу пайызын» деген сөздерден кейін «энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,» деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақшадағы «табиғи монополия субъектiсiнiң» деген сөздерден кейін «энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды, олар тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған шекті деңгейлерінің өсуіне әкеп соқпайтын жағдайда, іске асыруға, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 14-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтары «технологияларды қолдануға,» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижесінде,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 15-3-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялық бағдарламада (жобада) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды, олар табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің өсуіне алып келмейтін жағдайда іске асыруға, сондай-ақ бір немесе бірнеше инвестициялық жобаны қамтитын, техникалық-экономикалық әсер алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражат айқындалады.».
7-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) туроператор-әуе кемесімен жалданушы - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды және багажды тасымалдау үшін бір немесе бірнеше рейстерге бір әуе кемесінің (немесе бірнеше әуе кемелерінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін экипажымен қоса оның пайдалануына беру туралы әуемен тасымалдаушымен (әуе кемесін жалдаушымен) әуе кемесін жалдау (чартер) шартын жасасқан туроператор;»;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) уәкілетті орган өткізген конкурс негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;
10-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдіктермен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа (бұдан әрі - арнайы шот) аударылуы тиіс ақша сомасын бекітеді;
10-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекітеді;»;
3) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі
27-1-бап. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылармен, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі және Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган арасындағы құқықтық қатынастар жиынтығын білдіреді.
27-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері
1. Мыналар:
1) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар;
2) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар;
3) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын турагенттер;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, жалғыз қызмет түрі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметін атқару болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің кәсіпкерлік қызметті және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға, қарыздар алуға, үшінші тұлғалардың қарыздары бойынша кепілгер болуға, мүлікті кепілге беруге құқығы жоқ.
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметі осы Заңның 27-3-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде аударылуға жататын ақша сомасынан ұсталатын комиссиялық алым есебінен қаржыландырылады.
5. Туристер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің пайда алушылары болып табылады.
27-3-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің міндеттемелері
1. Шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорларға және туроператорлар-әуе кемесімен жалданушыларға мынадай міндеттемелер:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісіне шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін ұсына отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің не Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі айқындаған үшінші тұлғаның пайдасына банк кепілдігімен қамтамасыз етілген ақшаны төлеуді көздейтін, Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банкпен банктік кепілдік шартын жасасу;
2) арнайы шотқа туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сомада ақшаны аудару жүктеледі.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің осы бапта санамаланған міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісіне және уәкілетті органға жүктеледі.
3. Осы бапта көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісті дәрежеде орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының Қазақстан Республикасы азаматтарына шығу туризмі саласында туристік қызмет көрсеткені анықталған жағдайда, уәкілетті орган осындай мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияны тоқтата тұруды жүзеге асыруға міндетті.
27-4-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау тетігі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша әрекеттерді жүзеге асыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі уәкілетті органмен келісу бойынша мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы азаматының шығу туризмі саласындағы құқықтары бұзылған жағдайда, оның жазбаша немесе ауызша өтініші болғанда;
2) Қазақстан Республикасының шығу туризмі саласындағы туристiк қызмет туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініші болғанда;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша туристер бірлестігінің (бірлестіктерінің) жазбаша өтініші болғанда;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өтініші болғанда;
5) шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне және денсаулығына зиян келтіру қаупі туындаған өзге де жағдайларда қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі қабылданған шешім туралы туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы басшысын, туристер болған елдегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесін бір тәулік ішінде хабардар етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында айқындалады.».
8. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; №11, 57-құжат):
1) 1-бапта:
1-1) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
5) және 12-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері - энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілері;»;
«12-2) энергия аудиторы - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты бар жеке тұлға;»;
16-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) энергия тиімділігі картасы - қаржыландыру көздері, жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар кестелері мен жоспарлары көрсетілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі;»;
2) 5-бапта:
4), 6-4) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;»;
«6-4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындайды;»;
«10) энергия тиімділігі картасын қалыптастыруды, жүргізуді және іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізуді үйлестіреді;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) энергия аудиторына кандидаттарды аттестаттауды жүргізеді;»;
13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлікті, энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
13-2) энергия аудиторларының тізілімін жүргізеді;
13-3) энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындайды;»;
13-4) және 13-5) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-6), 13-7), 17-2) және 17-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын бекітеді;
13-7) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын бекітеді;»;
«17-2) энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін айқындайды;
17-3) энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу тәртібін айқындайды;»;
3) 7-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
4) 9-бапта:
1-тармақтың 6-1) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты, мемлекеттік мекемелер үшін 3), 4) және 6) тармақшаларын қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері қағаз және электрондық жеткізгіштерде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынады.»;
5) 11-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазіргі бар үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау энергия аудитін жүргізу қорытындылары бойынша белгіленеді және энергия аудитінің қорытындысында көрсетіледі.»;
8-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 16-баптың 6-тармағының үшінші абзацы алып тасталсын;
7) 17-бап мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) энергия-сервистік шарттар шеңберінде жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
9) энергия тиімділігі картасы шеңберінде жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.»;
8) 18-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Энергия үнемдеу және пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың энергия тиімділігін арттыру мақсатында жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері энергия-сервистік компаниялармен энергия-сервистік шарттар жасасуы мүмкін.
Мемлекеттік мекемелер үлгілік энергия сервистік шартқа сәйкес мемлекеттік мекемелер үшін алты жылдан аспайтын мерзімде энергия сервистік шарттар жасайды.»;
9) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты
Заңды тұлға болып табылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты:
1) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастырады және оны жүргізеді;
2) энергия тиімділігі картасын қалыптастырады және оны жүргізеді, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеуді және енгізуді жүзеге асырады;
3) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің ақпаратты беруден жалтарған немесе дұрыс емес ақпарат берген субъектілері туралы ақпаратты уәкілетті органға береді;
4) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнен және аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғалардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
5) уәкілетті органға Мемлекеттік энергетикалық тізілімді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және оны жүргізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүзеге асыратын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар тиімділігін бағалау мен талдауды, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия ресурстарын тұтынуын талдауды алдыңғы жылмен салыстырмалы талдауды, Қазақстан Республикасында жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы және энергия ресурстарын пайдаланудың тиімділігі бойынша талдамалық зерттеуді, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің үлестік шығыстарын және энергияны пайдалану нормативтерін талдауды, осы Заңды іс жүзінде іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар береді және уәкілетті органға жиынтық ақпаратты ұсынады;
7) энергия аудиттері қорытындыларына талдау жүргізеді және уәкілетті органға ақпарат ұсынады;
8) энергия тиімділігі картасын іске асыру шеңберінде ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетуге жәрдемдеседі;
9) энергия үнемдеуді дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
10) уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсыныстар береді.».
9-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Жол жүрiсi туралы» 2014 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-бап мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) көлік құралын бастапқы тіркеу - Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет жүзеге асырылатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу;».
10. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; №11, 57-құжат; № 16, 79-құжат):
2-қосымшада:
5-сынып - «жеке тұлғаларға кәсiптік қызмет үшін берiлетiн рұқсаттар» бөлімі мынадай мазмұндағы 369-2-жолмен толықтырылсын:
«
369-2. | Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау | Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты | |
».
11-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат, № 23, 143-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) технологиялық даму орталығы - инновациялық технологияларды дамытуға және құруға жәрдемдесетін, сондай-ақ өндірістік технологияларды жетілдіру бойынша оқытудың мазмұны мен іске асырылуын қоса алғанда, оқытумен айналысатын орталық;
6) трансұлттық корпорация - негізгі ұйымнан және бірнеше елдер аумақтарындағы филиалдардан, еншілес ұйымдардан тұратын заңды тұлға (заңды тұлғалар жиынтығы);
7) шетелдік инвестициялық қор - айрықша қызмет түрі Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін жинақтау және инвестициялау болып табылатын бейрезидент-заңды тұлға.»;
2) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қор сондай-ақ инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне шетелдік инвестициялық қорларды қосады.»;
3) 8-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) трансұлттық корпорациялармен бірге технологиялық даму орталықтары нысанындағы бірлескен кәсіпорындарды құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысу;
5-2) шетелдік инвестициялық қорларға қатысу;»;
4) 10-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) бюджеттен нысаналы аударым;»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Қордың бюджеттен алған нысаналы аударымы:
1) Қордың бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталының елу пайызға дейінгі мөлшерін қоса қаржыландыру кезінде трансұлттық корпорациялардың қатысуымен технологиялық даму орталығы нысанында бірлескен кәсіпорындар құру;
2) Қордың шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысуы мақсатында пайдаланылады.».
2-бап. Осы Заң:
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2-тармақтарын, 3-тармағының 1), 2), 4), 7) және 8) тармақшаларын, 4, 5, 7, 9 және 11-тармақтарын;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 5) және 6) тармақшаларын;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 6) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.