2. Осы баптың 1-тармағының қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу бөлігіндегі талаптары қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілерге (импорттаушыларға) қолданылмайды.
Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша талаптарды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақысын мақсатсыз пайдаланғаны, өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру жөніндегі мүмкіндіктерін пайдаланбағаны және (немесе) тиісінше пайдаланбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
285-6-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы:
1) өз қызметін дамыту стратегиясын және инвестициялық саясатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
2) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, заласыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыдан түсетін ақшаны шоғырландыру үшін өлшемшарттар мен екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келіседі.
285-7-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау
1. Осы Кодекске сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау өндірушілер (импорттаушылар) мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.
2. Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелерді орындағанын растау ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсынады.».
2-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 39-2-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық бюджеттен:
1) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ғана қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға;
2) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана дербес кластерлік қорға төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі «қол жеткізу үшін» деген сөздерден кейін «дербес кластерлік қор» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 67-баптың 12-1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дербес кластерлік қордың, ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.».
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-тармақтың 1) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 24-бап мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
«6-2. Салық органдары өндірушілердің заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын өндірушілер бойынша ақпарат ұсынады.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 99-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 16) тармақшасындағы «инвестициялық табыстары алып тастауға жатады.» деген сөздер «инвестициялық табыстары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған, Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасымен айқындалған дербес кластерлік қордың кірісі алып тастауға жатады.»;
3) 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бөлім. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға және басым инвестициялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу»;
3-тармақтың 4) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 231-баптың 3-тармағының 22) тармақшасындағы «басқаруы өткізу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «басқаруы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасымен айқындалған дербес кластерлік қордың, трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен нысаналы аударымға бағытталған төлемдерді алуы өткізу бойынша айналым болып табылмайды.»;
3-тармақтың 5) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 255-бапта:
1-тармақтың 13) тармақшасындағы «заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «заттардың импорты;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
автокомпонент мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген, импорты қосылған құн салығынан босатылған моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттер тізбесіне енгізілсе;
осындай автокомпонентті әкелу Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көзделген құжаттарда ресімделсе;
қосылған құн салығын төлеуші кеден органына талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін автокомпоненттерді пайдалану туралы міндеттемесін моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана берсе, инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттердің импорты қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналым үшін не ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын автокомпоненттер бойынша қосылған құн салығы Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, импортталатын тауарларды әкелген кезде олардың қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады;
15) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
шикізат және (немесе) материалдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесіне енгізілсе;
шикізатты және (немесе) материалдарды әкелу Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделсе;
қосылған құн салығын төлеуші кеден органына талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдалану туралы міндеттемені ұсынса, инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі шикізат және (немесе) материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.
Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1-ші күнінен бастап кезекті бес жыл бойғы мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасымен екі және одан да көп тіркелген активтерді енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген актив пайдалануға енгізілген айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналым үшін не ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 13) тармақшаларында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
3-тармақтың 6) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 276-15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
автокомпонент мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген, импорты қосылған құн салығынан босатылған моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттер тізбесіне енгізілсе;
қосылған құн салығын төлеуші салық органына талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін автокомпоненттерді моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана пайдалану туралы міндеттеме ұсынылса, инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттер қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.
Салық төлеуші импортталған тауарларды есепке алған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын автокомпоненттер бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады;
4) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
шикізат және (немесе) материалдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесіне енгізілсе;
қосылған құн салығын төлеуші салық органына талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асыру кезінде ғана пайдалану туралы міндеттеме ұсынса, инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі шикізат және (немесе) материалдар қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.
Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1-ші күнінен бастап кезекті бес жыл бойғы мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасымен екі және одан да көп тіркелген активтерді енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген актив пайдалануға енгізілген айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі.
Салық төлеуші импортталған тауарларды есепке алған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға, оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады.»;
3-тармақтың 7) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 456-бапта:
6.1.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6.1.1. | механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралын қоспағанда) немесе тіркемені | 0,25 |
»;
мынадай мазмұндағы 6.4, 6.4.1, 6.4.2 және 6.4.3-жолдармен толықтырылсын:
«
6.4. | механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін: | |
6.4.1. | гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар М1 санатындағы көлік құралдары үшін: | |
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылға дейін | 0,25 |
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылдан 3 жылға дейін | 25 |
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан асқан | 250 |
6.4.2. | электр қозғалтқышы бар көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы көлік құралдары үшін: | |
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылға дейін | 0,25 |
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылдан 3 жылға дейін | 50 |
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан асқан | 500 |
6.4.3. | М2, М3, N1, N2, N3 санатындағы көлік құралдары үшін: | |
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылға дейін | 0,25 |
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылдан 3 жылға дейін | 240 |
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейін | 350 |
шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жылдан асқан | 2500 |
»;
3-тармақтың 8) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 557-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы «мәлiметтер бөлiгiнде;» деген сөздерден кейін «өндірушілердің заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, өндірушілер туралы» деген сөздермен толықтырылсын.
4-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат):
10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-2) тармақшамен толықтырылсын:
«19-2) импорттаушылардың заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын импорттаушылар бойынша ақпарат ұсынуға;»;
16-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «сәйкес бередi.» деген сөздер «сәйкес;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) импорттаушылардың заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға импорттаушылар бойынша ақпарат береді.».
5-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 344-1 және 344-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«344-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды бұзу
344-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының міндеттерін және функцияларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы»;
2) мынадай мазмұндағы 344-1 және 344-2-баптармен толықтырылсын:
«344-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды бұзу