3. Барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасы жобалау құжаттарында көзделген мынадай негізгі жобалау көрсеткіштерін және инвестициялардың қажетті көлемін қамтуға тиіс:
1) геологиялық-барлау жұмыстарының түрлері мен көлемін, оларды орындау мерзімдерін, оның ішінде сейсмикалық зерттеулердің түрлерін;
2) бағалау жұмыстарының (бағалау кезеңіндегі) түрлері мен көлемін және оларды орындау мерзімдерін;
3) барлау (бағалау) ұңғымаларының саны мен оларды бұрғылау мерзімдерін.
Өндіру кезеңінің жұмыс бағдарламасы жобалау құжаттарында көзделген мынадай негізгі жобалау көрсеткіштерін және инвестициялардың қажетті көлемін қамтуға тиіс:
1) жыл сайынғы өндіру көлемін;
2) өндірістік объектілерді және оларды жобалау, салу (тұрғызу) мерзімдерін;
3) келісімшарттық аумақта бұрғылануы жоспарланған ұңғымалардың санын, оларды аяқтау мерзімдерін;
4) қажетті инфрақұрылым объектілерінің тізбесін, оларды жобалау, салу (тұрғызу) мерзімдерін.
Жұмыс бағдарламасы негізгі жобалау көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті іс-шараларды да жылдар бойынша бөліп және қажетті шығындарды көрсете отырып қамтуға тиіс.
64-бап. Іздестіру жұмыстарының жобасы
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылғанға және ол тіркелгенге дейін конкурс жеңімпазы не келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға іздеу жұмыстарының жобасын әзірлейді.
Іздеу жұмыстарының жобасы келісімшарттық аумақтың жер қойнауын ұтымды және кешенді зерттеуді қамтамасыз ететін іздеу мен зертханалық-талдамалық зерттеулердің қазіргі заманғы және дәлділігі жоғары әдістерін қоса алғанда, аумақты зерттеудің тиімді бағдарламасын қамтуға тиіс.
Осы Заңның 57-1-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен барлау құқығын алған жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған үлгілік келісімшартқа қол қойылғаннан және ол тіркелгеннен кейін іздеу жұмыстарының жобасын әзірлейді және дербес бекітеді.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Іздеу жұмыстарының жобасы міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Iздеу жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға үшiн - тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап немесе конкурс жеңiмпазы болған тұлға үшiн конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап сегіз айдан аспауға тиiс. Іздеу жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу конкурс жеңімпазының не келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлғаның еркіне тәуелді емес мән-жайларға байланысты мерзімінде аяқталмаса, іздеу жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi алты айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкiн.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар бойынша iздеу жұмыстарының жобасы осы баптың 2-тармағында көрсетілген сараптамадан өткеннен кейін орталық комиссияға беріледі, жоба орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде қаралады және оны құзыретті орган орталық комиссиядан ұсыныстар келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
Осы Заңның 57-1-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен барлау құқығын алған жер қойнауын пайдаланушы іздеу жұмыстарының жобасын дербес бекітеді және оны жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға жібереді.
Өңiраралық комиссия кең таралған пайдалы қазбалар бойынша iздеу жұмыстарының жобасын өңiраралық комиссияға жоба келiп түскен күннен бастап бір ай iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өңiраралық комиссиядан ұсыныстар келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны бекiтедi.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Бекiтiлген iздеу жұмыстарының жобасында айқындалған жұмыстардың шарттары мен көлемдерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар қажет болған жағдайда, iздеу жұмыстарының жобасына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жобасы жасалады, оны осы баптың 4-тармағында айқындалған органдар қарайды және бекiтедi.
Егер осы баптың 2-тармағында көрсетiлген сараптаманың терiс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушыға iздеу жұмыстарының жобасына осындай өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне рұқсат берілмеуге тиіс.
Іздеу жұмыстарының жобасына өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау және бекiту мерзiмi iздеу жұмыстарының жобасына тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жобасы орталық комиссияға немесе өңiраралық комиссияға келiп түскен күннен бастап бiр айдан аспауға тиiс.
Осы Заңның 57-1-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен барлау құқығын алған жер қойнауын пайдаланушы іздеу жұмыстарының жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді дербес жүргізеді. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға іздеу жұмыстарының жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат жібереді.
6. Бекітілген іздестіру жұмыстарының жобасы келісімшарт жасау және жасасу үшін негіз болып табылады.
Белгіленген тәртіппен бекітілген іздестіру жұмыстарының жобасынсыз, сондай-ақ іздестіру жұмыстары жобасының талаптарын бұзып, кен орындарын іздестіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
65-бап. Бағалау жұмыстарының жобасы
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кен орны табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы бұл жөнінде құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына отыз жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
Бағалау жұмыстары сатысына көшуге рұқсатты құзыреттi орган - бір ай iшiнде, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары он бес жұмыс күні ішінде береді.
Табуды растау мен бағалау мерзімдерін айқындауды құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы бойынша белгілейді. Коммерциялық табуды жер қойнауын пайдаланушы жариялайды.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын немесе сынамалы пайдалану жобасын қамтитын бағалау жұмыстарының жобасы мынадай:
1) мемлекеттік экологиялық;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы;
3) санитарлық-эпидемиологиялық міндетті сараптамаларға жатады.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын немесе сынамалы пайдалану жобасын қамтымайтын бағалау жұмыстарының жобасы мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.
3. Бағалау жұмыстарының жобасы кен орны қорларын толық және кешенді бағалау мен есептеу, сондай-ақ кен орны жатқан қабаттың тау-кен-геологиялық жағдайларын, пайдалы қазбаны алудың технологиялық параметрлерін және оны игерудің экономикалық жағынан орындылығын айқындауға қажетті мерзімге әзірленеді.
Бағалау жұмыстарының жобасы бағалау жұмыстары сатысының бүкіл мерзімінде кен орнын зерттеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шығындар көрсетілген қаржылық бөлікті қамтуға тиіс.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстары тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын қамтуы мүмкін.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобалау құжаттарында белгіленген мерзімдер ішінде және көлемдерде пайдалы қазбаны өндіру процесінде де жүргізілуі мүмкін.
Тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiру көлемдері мен мерзімдері жер қойнауына алдын ала сараптама нәтижелері бойынша келісіледі.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша іздеу-бағалау жұмыстарының жобасы жасалады, ол осы Заңда белгіленген тәртіппен келісіледі және бекітіледі.
Көмірсутек шикізаты бойынша бағалау жұмыстары сынамалық пайдалану жобасын қамтуы мүмкін.
Сынамалық пайдалану жобасы бұрғыланған барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды көздейді.
Сынамалық пайдалануды жүргізу қажеттігі мен мерзімдері туралы ұсыныстарды орталық комиссия жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстарының жобасын және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын орталық комиссия тиісті жоба орталық комиссияға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
Сынамалық пайдалану жобасын орталық комиссия жоба орталық комиссияға келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстарының жобасын және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын өңіраралық комиссия тиісті жоба өңіраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өңіраралық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Бағалау жұмыстарының жобасын әзiрлеу және келiсу мерзiмi бағалау жұмыстары кезеңіне көшу туралы шешiм қабылданған күннен бастап сегіз айдан аспауға тиiс.
Бағалау жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес мән-жайларға байланысты мерзімінде аяқталмаса, бағалау жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу мерзімі құзыреттi органның шешімімен алты айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкiн.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бекітілген жобаларда айқындалған жұмыс шарттары мен көлемдерін өзгерту және (немесе) толықтыру қажет болған жағдайда, бекітілген жобаларға өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың жобалары жасалады, оларды осы баптың 5-тармағында айқындалған органдар қарайды және бекітеді.
Егер осы баптың 2-тармағында көрсетiлген сараптамалардың бiрiнiң терiс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушыға осындай өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне рұқсат берілмеуге тиіс.
Жобаларға өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау және бекіту мерзiмi тиiстi өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың жобасы орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап - бір айдан, өңiраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиiс.
8. Белгіленген тәртіппен бекітілген бағалау жұмыстарының жобасынсыз, сондай-ақ бағалау жұмыстары жобасының талаптарын бұза отырып, кен орындарын бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
66-бап. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттары
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өндiруге арналған келiсiмшартқа қол қойылғанға және ол тiркелгенге дейiн конкурс жеңiмпазы не келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес жобалау құжаттарының әзiрленуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге жобалау құжаттары әзірленбейді.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары бойынша:
1) кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасы әзірленеді, ол мыналарды: тау-кен және өндіру жұмыстарының күнтізбелік кестесі мен берілген өнімділікті қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді және өндіруге ілеспелі басқа да өндіріс операцияларын; жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі, персоналдың жұмыс қауіпсіздігі жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды; бүлінетін жерлерді рекультивациялау жөніндегі шараларды, сондай-ақ жоспарланған жұмыстарды жылдарға бөліп қаржыландыру туралы мәліметтерді қамтуға тиіс;
2) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кен орнының игерілу сатысына және зерттелу дәрежесіне, оның қорларының жай-күйіне қарай көмiрсутек шикiзаты бойынша:
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасы әзірленеді, ол кен орнын геологиялық-физикалық жағдайларда байқаудан өткізуді және технологияны байқаудан өткізу оң нәтиже берген жағдайда оны тұтастай кен орнында қолдануды талап ететін жаңа немесе бұрыннан белгілі технологияларды сынау мақсатында жекелеген кен орындарын немесе шоғырларды пайдалануға беру үшін жасалады; тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді жүргізудің мерзімдері мен көлемдері жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісіледі;
2) игерудің технологиялық схемасы;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өнеркәсіптік игеру жобасы әзірленеді.
4) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Осы тармақта көрсетілген жобалау құжаттарын жасау және оның қолданылу тәртібі, реттілігі, мерзімдері пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда айқындалады.
Өнеркәсіптік әзірлеме жобасында ілеспе газды өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөнінде бөлім болуға тиіс. Техникалық-экономикалық негіздеме ілеспе газды пайдалану негіздемесін қамтуға тиіс.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы бапта көзделген жобалау құжаттары олардың орындалуына қарай келісімшарттың қолданылу мерзімі шегінде пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкес кезең-кезеңмен әзірленеді.
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарын қоспағанда, осы бапта көзделген жобалау құжаттары жобалауға арналған қажеттi лицензиялары бар жобалау ұйымын шарт негiзiнде мiндеттi түрде тарта отырып әзiрленедi. Осындай жобалау ұйымымен жасалған шартта жобалау ұйымының авторлық қадағалауды жүргiзу жөнiндегi мiндеттемелерi көзделуге тиiс.
Кен орындарының қорларын сыныптау жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.
Жобалау құжаттарында экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану қамтамасыз етілуге тиіс.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарына міндетті түрде мынадай:
1) мемлекеттік-экологиялық;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) санитарлық-эпидемиологиялық;
4) жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану саласындағы міндетті сараптамалар жүргізілуге тиіс.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жобалау құжаттарын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға үшiн - тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап немесе конкурс жеңiмпазы болған тұлға үшiн конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап жиырма бір айдан аспауға тиiс.
Бағалау жұмыстарының жобасын әзірлеу мен келісу жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес мән-жайларға байланысты мерзімінде аяқталмаса, жобалау құжаттарын әзірлеу мен келісу мерзімі құзыреттi органның шешімімен алты айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкiн.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру жобасын орталық комиссия тиісті жоба орталық комиссияға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
Игерудің технологиялық схемасын және көмірсутек шикізатын тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік игеру жобаларын орталық комиссия технологиялық схема немесе көмірсутек шикізатын тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік игеру жобалары орталық комиссияға келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес күн ішінде бекітеді.
Осы бапта көзделген, кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру жөніндегі жобалау құжаттарын өңіраралық комиссия тиісті жоба өңіраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өңіраралық комиссиядан ұсыныстар алынған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
Жерасты суларын тәулігіне екі мың текше метрден астам көлемде өндіру кезінде, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес оларды қаттарға айдау үшін жерасты суларының кен орындарын игеру жобалары орталық комиссияға тиісті жоба келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде орталық комиссияда қаралады және оларды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Бекітілген жобаларда айқындалған жұмыс шарттары мен көлемдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар қажет болған жағдайда бекітілген жобаларға өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың жобалары жасалады, оларды осы баптың 7-тармағында айқындалған органдар қарайды және бекітеді.
Егер бекітілген жобаларда айқындалған өндіру көлемдері бекітілген жобалау көрсеткіштерінен нақты мәнде жиырма пайыздан аз өзгеретін жағдайда, қатты пайдалы қазбалар бойынша бекiтiлген жобаларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жобалары жасалмайды.
Егер:
1) ұсынылып отырған өзгерістер және (немесе) толықтырулар кен орындарын игерудің оң практикасына сәйкес келмесе;
2) ұсынылып отырған өзгерістер және (немесе) толықтырулар жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі талаптарға сәйкес келмесе;
3) осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптамалардың бірінің теріс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушының өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне рұқсат берілмеуі мүмкін.
Жобаларға өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау және бекіту мерзiмi тиiстi өзгерiстердің және (немесе) толықтырулардың жобасы орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап - бір айдан, өңiраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиiс.
9. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған бекітілген жобалау құжаттары өндіруге арналған келісімшарт жасауға және жасасуға негіз болып табылады.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Белгіленген тәртіппен бекітілген өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарынсыз өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарында көзделген пайдалы қазбаларды өндіру кезінде минералдық шикізаттың құрамындағы ілеспе пайдалы қазбаларды өндіруі жобалау құжаттарының талаптарын бұзу болып табылмайды.
67-бап. Қол қойылған бонусты төлеудің шарттары
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурс жеңімпазы, келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға, сондай-ақ келісімшарт жасасқан тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қол қойылатын бонус төлейді. Ұлттық компания жер қойнауын пайдаланушы болып әрекет ететін келiсiмшарттар бойынша ұлттық компания Қазақстан Республикасының пайдасына төлеген қол қойылатын бонусты, егер стратегиялық әрiптеспен жасалған бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, оның осындай әрiптесi өтейдi.
2. Қол қойылған бонустың уақтылы және толық төленуін бақылау Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Егер конкурстың жеңімпазы болып жарияланған тұлға қол қойылған бонус сомасының елу пайызын төлеуді белгіленген мерзімде жүргізбесе, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды жүргізу жөніндегі комиссия (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия) мұндай тұлғаны конкурстың жеңімпазы деп тану туралы шешімінің күшін жоюға құқылы.
Егер келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға қол қойылған бонус сомасының елу пайызын төлеуді белгіленген мерзімде жүргізбесе, құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) мұндай тұлғамен тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасу туралы шешімнің күшін жоюға құқылы.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды жүргізу жөніндегі комиссия (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия) қол қойылған бонус сомасының елу пайызын төлеу жөніндегі міндетін орындамаған тұлғаны конкурстың жеңімпазы деп тану туралы шешімнің күшін жойған немесе құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) қол қойылған бонус сомасының елу пайызын төлеу жөніндегі міндетін орындамаған тұлғамен тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасу туралы шешімнің күшін жойған жағдайда, мұндай тұлға келісімшарт жасасу құқығынан айырылады.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Конкурс жеңімпазының немесе келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлғаның кінәсінен келісімшарт белгіленген мерзімде жасалмаған жағдайда төленіп, қол қойылған бонус қайтарылмайды.
Құзыреттi орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органды конкурс жеңiмпазының немесе келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлғаның кiнәсiнен келiсiмшарттың жасалмау фактiсi туралы жазбаша хабардар етеді.
68-бап. Келісімшартты жасасу және тіркеу
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Келісімшарт құзыретті органда міндетті тіркелуге жатады және тіркелген кезінен бастап күшіне енеді.
Құзыретті орган келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізеді және келісімшарттың сақталуын қамтамасыз етеді.
Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар да келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізіліміне тиісті жазбалар енгізу арқылы құзыретті органда міндетті тіркелуге жатады. Келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген кезінен бастап күшіне енді деп танылады.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Барлау жүргізу үшін келісімшарт жасасу мерзімі құзыретті орган келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдаған және келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға үшін - тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап, немесе конкурстың жеңімпазы болған тұлға үшін конкурстың қорытындылары жарияланған күннен бастап он сегіз айдан аспауға тиіс.