2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 232-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 232-баптың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
232-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
233-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану
1. Дара кәсiпкердiң немесе ұйымның банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға дара кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдікті шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдікті шарттарын алуы, сол сияқты банкке немесе өзге де кредиторға кредит берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердiң күшін жоюға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге әкеп соғуы мүмкiн мән-жайлардың туындауы туралы ақпаратты хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл іс-әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын қарыз шарттарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану -
мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы - тиісті заңды тұлғаның бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына не тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген оларды алмастыратын адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
234-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi уақтылы, толық есепке жатқызбау
1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бюджет қаражатын алушылардың тиiстi банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау -
лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 234-1-баппен толықтырылды
234-1-бап. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану
Мыналардан:
бекітілген заттай нормалардан асырудан;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген құжаттардың (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржылық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама) және (немесе) олар бойынша мұндай шешімдерді (қорытындыларды) ұсынуға Қазақстан Республикасының заңнамасында уәкілеттік берілген органдар және (немесе) ұйымдар шешімдерінің (қорытындыларының) болмауынан көрінген, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Осы баптың мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - орталық мемлекеттік органның бірінші басшысын, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - жергілікті атқарушы органның бірінші басшысын, бюджеттік бағдарламаның басшысын, квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысын түсінген жөн.
235-бап. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен ұсыну қағидаларын бұзу
Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен ұсыну қағидаларын бұзу -
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
236-бап. Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерін беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу
Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу -
лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
237-бап. Шығындарды өтеу қағидаларын бұзу
1. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөнiндегi шығындарды өтеу қағидаларын бұзуы -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
238-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi:
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса;
3) жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер сертификаты жоқ адамды тағайындау түрiнде жасалған орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен ескертпемен толықтырылды; 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен ескертпе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ескертпелер.
1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жойған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2. Осы баптың мақсаттары үшін қаржылық есептілікті бұрмалау деп жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға бұрмалау танылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 239-баптың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
239-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу
1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын:
1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса;
2) құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркелу орны бойынша мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының құзыреттерiне сәйкес оларға, қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу анық емес қаржылық есептiлiктi ұсыну, қаржылық есептiлiктi ұсынудан бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау;
3) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
4) қаржылық есептілікке жария мүдделі ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас бухгалтерінің қол қоюы түрінде жасалған бұзушылық -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара, 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара) 3-бөлік жаңа редакцияда
3. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпей жүргізуі -
есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ бір жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара, 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара) 4-бөлік жаңа редакцияда
4. Қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлiк есепке алуды бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілігін және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілігін бұрмалауға алып келген, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есепке алу әдістерін (қағидаттарын) бұза отырып жүргізуі -
тиісті түрде есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ бір жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдарының және (немесе) бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің қызметі туралы есептілікті ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы -
заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен ескертпемен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен ескертпе өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ескертпе. Осы баптың бірінші, екінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті бұрмалау деп бір жүз айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға бұрмалау танылады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 239-1-баппен толықтырылды
239-1-бап. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың емтихан өткізу тәртібін бұзуы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін емтихан модульдері бойынша емтихан өткізуі, -
жетпіс бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, аккредиттеу туралы куәліктен айыруға әкеп соғады.
240-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету
Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлiк ақпаратты оған қолжетімділігі бар тұлғалардың iрi залал келтiрмей жария етуi -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
241-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу -
заңды тұлғаға ескерту жасауға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы бапта көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
заңды тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
242-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 243-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
243-бап. Шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін есептерді ұсыну тәртібін бұзуы
1. Шетелдік қаржылық емес ұйым филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының резиденттерімен және Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған операциялар туралы есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Шетелдік қаржылық емес ұйым филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының резиденттерімен және Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған операциялар туралы толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 244-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
244-бап. Валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот үшін есептік нөмірді алу және олар бойынша ақпаратты, құжаттар мен есептерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) шарттарына әсер ететін міндеттемелердің және (немесе) мән-жайдың туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, оның негізінде және (немесе) оны орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін, есептік нөмір берілген валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін, есептік нөмір берілген валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 245-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
245-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы
Аудитордың тексеру жүргiзу кезiнде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы -
«аудитор» бiлiктiлiк куәлiгiнен айыра отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 246-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
246-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есеп, сондай-ақ анық емес аудиторлық қорытынды жасауы
1. Осы Кодекстің 249-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есепті жасауы -
аудиторларға - сексен, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу анық емес аудиторлық есепті жасауы -
біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға - бір жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер -
біліктілік куәлігінен айыруға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер -
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы -
аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз пайызы, бірақ бес жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз елу пайызы, бірақ алты жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен кодекс 246-1-баппен толықтырылды; 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 246-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
246-1-бап. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы
Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны анық емес деп тануға әкеп соғатын бұзушылықтарды қоспағанда, аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы, -
аудиторлық ұйымға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
1. Осы бапта салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзу деп аудиторлық ұйымның аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.
2. Осы бапта квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзу деп ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудит бойынша тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.
247-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Аудитті «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған жағдайларда жүргізу -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді
4. Аудит жүргізілуі міндетті аудиттелетін қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде анықталған, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын бұзушылықтар туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарламау және осы аудиттелетін ұйымдарды хабардар етпеу -
заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.