2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Тиісті саланың немесе технологиялық бағыттың мемлекеттік технологиялық саясатын тұжырымдау және ғылымын дамыту және оның сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын айқындайды.
Тиісті саланы технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, нысаналы технологиялық бағдарламаны әзірлеу мен іске асыруға жәрдемдесу, жеделдетілген технологиялық даму үшін әлемдік технологиялық трендтерді, ғылыми жетістіктерді мониторингтеу, ағымдағы жағдайлар мен бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттілігі мен мүдделілігін айқындау, тиісті саланың кәсіпкерлік субъектілері арасында инновациялық қызметтің үздік практикалары мен тәжірибесін таратуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының негізгі міндеттері болып табылады.
Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарына қойылатын өзге де өлшемшарттар технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарына сәйкес айқындалады.
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Технологиялық саясатты қалыптастыру және ғылымды дамыту үшін технологиялық болжамдау жүргізіледі.
Технологиялық болжамдау деп игерілуі мемлекеттің орнықты инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын негізгі (басым) технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені түсініледі.
Технологиялық болжамдау шетелдік және отандық сарапшыларды тарту, сауалнамалар мен талдамалық зерттеулер жүргізу, алынған деректерді жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру арқылы технологиялық тұғырнамалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде тиісті салалардағы технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының қатысуымен жүргізіледі.
Технологиялық болжамдау қорытындылары мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және ғылымды дамыту, инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау кезінде ескеріледі.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Технологиялық саясатты іске асыру және ғылымды дамыту үшін технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары тиісті мемлекеттік органдар бекітетін нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлейді.
Нысаналы технологиялық бағдарлама деп негізгі (басым) технологияларды дамыту және мемлекеттің, кәсіпкерлік субъектілері мен ғылымның өзара іс-қимылына негізделген саланың (салалардың) технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені түсініледі.
Нысаналы технологиялық бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын инновациялық жобалардың инновациялық гранттар мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын беру кезінде басым артықшылығы болады.
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде, оның ішінде шетелдік инвестициялар тарту арқылы нысаналы технологиялық бағдарламаны іске асыруға қатысады.
5. Технологиялық болжамдау және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
241-6-бап. Инновациялық белсенділікті ынталандыру және инновациялық жүйені талдау құралдары
1. Инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдау және білімді тарату, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру арқылы тарату инновациялық белсенділікті ынталандыру құралдары болып табылады.
Технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесу (қолдау) мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) технологиялық кәсіпкерлік саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және (немесе) өткізу;
2) технологияларды іздестіру, оларды сәйкестендіру жүйесін қалыптастыру және дамыту және оларды нарыққа ілгерілетуге жәрдем көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға, технологиялық саясаттар мен нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау инновациялық жүйені талдау құралы болып табылады.
Ұсынымдар әзірлей отырып, оның ішінде цифрлық жүйе арқылы инновациялық жүйенің тиімділігін тәуелсіз талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын инновациялық обсерватория жүзеге асырады.
Ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары және жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті өзге де ұйымдар инновациялық жүйенің тиімділігіне тәуелсіз талдау жүргізу үшін инновациялар мен технологияларды дамыту жөніндегі шараларды іске асыру туралы инновациялық обсерваторияға жыл сайынғы ақпаратты береді.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау әдістемесін инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Инновациялық гранттар беру бойынша инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының белгісіздігімен және салынған қаржылық және өзге де ресурстардың ықтимал ысыраптарымен сипатталатын жоғары кәсіпкерлік тәуекел сияқты инновациялық қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Венчурлік қорларды қоса қаржыландыру жөніндегі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну және іске асыру тиімділігін бағалау инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының беймәлімділігімен сипатталатын жоғары кәсіпкерлік тәуекел мен салынған қаржылық және өзге де ресурстардың ысырабы ескеріле отырып, ұзақ мерзімді перспективада осындай венчурлік қорлар активтерінің (бүкіл портфелінің) кірістілігі (шығындылығы) негізінде жүзеге асырылады.
241-7-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары
1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте айқындалады.
2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларына мыналар жатады:
1) венчурлік қорларды қоса қаржыландыру;
2) инновациялық гранттар беру.
3. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау осы Кодекске, «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес айқындалады.
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 241-8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
241-8-бап. Венчурлік қорларды қоса қаржыландыру
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Венчурлік қорларды қоса қаржыландыруды инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері венчурлік қорларды қоса қаржыландырудың нысаналы көрсеткіштерін қоса алғанда, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен конкурстық негізде жүзеге асырады.
2. Венчурлік қаржыландыру деп инновациялық қызметті ғана жүзеге асыратын тұлғалардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру, олар шығарған қаржы құралдарын сатып алу немесе оларға ақшалай қарыздарды беру арқылы оларды қаржыландыруға байланысты қызмет түсініледі.
3. 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
241-9-бап. Инновациялық гранттар беру
1. Инновациялық грант деп инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде инновациялық қызмет субъектілеріне олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты түсініледі.
Инновациялық гранттар беруді инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.
Инновациялық гранттар беруге арналған конкурс жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымымен және (немесе) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерімен бірлесе отырып, жекелеген басым бағыттар бойынша өткізілуі мүмкін.
2. Инновациялық гранттар инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық жобаларды іске асыруды қоса қаржыландыру арқылы беріледі.
3. Инновациялық гранттар мыналарға:
1) технологияларды коммерцияландыруға;
2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға;
3) салаларды технологиялық дамытуға беріледі.
4. Инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық гранттар беру қағидаларына сәйкес сараптама жүргізіледі.
Инновациялық гранттар беру қағидаларында инновациялық гранттар беру кезінде қойылатын өлшемшарттар белгіленеді.
5. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты инновациялық гранттар берілген инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген инновациялық гранттарға мониторинг жүргізеді.
6. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемі барлық инновациялық гранттар арасында бөлінеді.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 241-10-баппен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
241-10-бап. Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режим
1. Айрықша нормативтік құқықтық реттеуді белгілеуді талап ететін инновациялық жобаларды сынамалау мақсатында эксперименттік режим енгізілуі мүмкін.
Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режим «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген пилоттық жобалар үшін қолданылатын талаптарға сәйкес енгізіледі.
2. Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режим белгілі бір мерзімге және эксперименттік режимге қатысуға келісім білдірген адамдардың белгілі бір тобына қатысты енгізіледі.
3. Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режим қоғам мен мемлекет үшін теріс салдар туындатпауға және адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне, қоршаған ортаға зиян және (немесе) қандай да бір залал келтірмеуге тиіс.
Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимді енгізу алдында ықтимал тәуекелдерді болғызбауға және (немесе) барынша азайтуға бағытталған шараларды әзірлеу үшін жан-жақты талдау жүргізілуге тиіс.
4. Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимді енгізуге инновациялық жүйе, кәсіпкерлік, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, өзге де жеке және заңды тұлғалар бастамашы бола алады.
5. Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимге бастамашы болу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6. Қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) төлем қызметтеріне байланысты қаржы саласындағы қызметте инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режим «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеудің айрықша режимі шеңберінде енгізіледі.
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 241-11-баппен толықтырылды (2025 ж. 30 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
241-11-бап. Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі»
1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, көмірсутектер, уран өндіру, пайдалы қатты қазбалар, өнеркәсіп пен ғылымды мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органдар инновациялық даму саласындағы ақпаратты ұлттық инновациялық жүйенің даму мониторингін қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесіне» беруді қамтамасыз етеді.
2. Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі» деп инновациялық қызметті қолдау туралы, оның ішінде бірыңғай портал арқылы мемлекеттік қолдау шаралары мен инновациялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе түсініледі. «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесін» құруды, дамытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз етуге уәкілеттік берілген ұйым болып табылады.
3. Инновациялық даму саласындағы ақпарат деп инновациялық қызметті қолдау туралы, оның ішінде инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, көмірсутектер, уран өндіру, пайдалы қатты қазбалар, өнеркәсіп пен ғылымды мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органдар жүзеге асыратын мемлекеттік қолдау шаралары мен инновациялар туралы мәліметтерді, жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) цифрландыру жобаларын қаржыландыру саласындағы міндеттемелерін орындау процестері мен нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат түсініледі.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 24-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІ МЕМЛЕКЕТТІК ЫНТАЛАНДЫРУ
1-параграф. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-параграф. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі
245-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
246-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
247-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
248-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
249-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
250-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
251-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
251-1-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
252-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
253-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
254-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
255-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
256-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-параграф. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 272-1-баппен толықтырылды
272-1-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру осы Кодекске және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, негізінен, елде өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары, сондай-ақ оларды көрсету шарттары көзделеді.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 272-2-баппен толықтырылды
272-2-бап. Өнеркәсіптік саясат
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
2. Өнеркәсіптік саясаттың басымдықтары мен бағыттары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен айқындалады.
3. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өнеркәсіптік саясаттың мақсаты, міндеттері мен қағидаттары, оны қалыптастыру және іске асыру рәсімдері мен тетіктері белгіленеді.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 272-3-баппен толықтырылды
272-3-бап. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру бағыттары
Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік саясат «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:
1) өнеркәсіпті дамытудың базалық шарттары;
2) өткізу нарықтарына ілгерілету;
3) өнеркәсіптің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
272-4-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 2022 ж. 1 шілдеге дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
25-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
1-параграф. Инвестициялардың құқықтық режімі
273-бап. Инвестициялық қатынастар
1. Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттеу және инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындау, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыру кезінде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік беру, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын айқындау, инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды шешу тәртібі осы Кодексте жүзеге асырылады.
2. Осы Кодекспен:
мемлекеттiк бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға;
коммерциялық емес ұйымдарға, оның iшiнде бiлiм беру, қайырымдылық, ғылыми немесе дiни мақсаттар үшiн капитал салуға байланысты қатынастар реттелмейдi.
3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге заңдарының қолданылу аясына жататын қатынастарға осы тараудың ережелері осындай заңдарға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Инвестордың жасалған инвестициялық келiсiмшарт бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасымен реттеледi.
274-бап. Инвестициялар, инвестор, ірі инвестор және инвестициялық қызмет ұғымдары
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Лизинг шартын жасасқан кезден бастап қаржы лизингі нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе ұзақ мерзімді активтерді ұлғайтуға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) инвестициялар болып табылады.
Осы тараудың мақсаттары үшін ұзақ мерзімді активтер деп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес инвестордың бухгалтерлік есебіне кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер түрінде түсуі кезінде ескерілген активтер түсініледі.
2. Инвестор деп Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түсініледі.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу не ұзақ мерзімді активтерді құру немесе ұлғайту жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға арналған қызметi инвестициялық қызмет деп танылады.
4. Ірі инвестор деп Қазақстан Республикасында айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға түсініледі.
275-бап. Инвестициялық қызмет объектiлерi
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген объектiлерi мен түрлерiне инвестицияларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Кәсiпкерлiк қызметтiң инвестициялар жүзеге асырылатын объектiлерi мен түрлерiне қатысты инвесторлардың құқықтары мен мiндеттерi осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және тиiстi шарттарда белгiленедi.
2. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгi негiзге алына отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында инвестициялық қызмет шектелетiн немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлерi және (немесе) аумақтар айқындалуы мүмкiн.
276-бап. Қазақстан Республикасының аумағында инвесторлардың қызметiн құқықтық қорғау кепiлдiктерi
1. Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.
2. Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн актiлер шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан өзiне келтiрiлген зиянды инвестордың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.
3. Тараптардың келiсiмi бойынша шарттарға өзгерiстер енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.
Бұл кепiлдiктер:
1) акцизделетiн тауарлар импортының, өндiрiсінiң, оларды өткiзудің тәртiбi мен шарттарын өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiне енуіне және (немесе) олардың өзгерiстерiне;
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ұлттық қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға;
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттары осы тарауда және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген Қазақстан Республикасының салық заңнамасының тұрақтылығына қолданылмайды.
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың лауазымды адамдары мен оларға теңестірілген адамдардың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты тексеру жүргізу туралы шешімдері прокурормен міндетті түрде келісілгеннен кейін қабылданады.
Келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
277-бап. Кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерi
Инвесторлар:
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлегеннен кейін өзінің қызметінен алынған кірістерді өз қалауы бойынша пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде Қазақстан Республикасының банк және валюталық заңнамасына сәйкес ұлттық валютада және (немесе) шетелдiк валютада банк шоттарын ашуға құқылы.