1) құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы;
2) құжат берілген тұлға туралы;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы;
4) шетелдік тауарлар және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы (атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес коды, саны мен құны);
5) шетелдік тауарларды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары туралы (атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес коды және саны);
6) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы;
7) қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары;
8) кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері туралы;
9) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы;
10) қалдықтары мен қалғандары туралы (атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес коды, саны мен құны);
11) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі;
12) осы Кодекстің 252-бабында айқындалғандай, егер тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол берілетін болса, осындай ауыстыру туралы;
13) қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы;
14) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы;
15) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі үш жылдан не тауарлардың жекелеген санаттары үшін Комиссия айқындайтын неғұрлым ұзақ мерзімнен аспауға тиіс.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі:
1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан қайта өңдеу өнімдерін іс жүзінде әкету және шетелдік тауарлардың қалдықтары мен қалғандарына билік етуге байланысты кедендік операцияларды жасау үшін қажетті уақытты қамтиды.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі - тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап, ал тауарларды бірнеше партиямен кедендік декларациялаған кезде тауарлардың бірінші партиясын кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап есептеледі.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
7. Уәкілетті мемлекеттік органдар беретін, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың нысанын, оны толтыру тәртібін және осындай құжатты беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу мерзімін ұзарту, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
8. Тауарларға арналған декларацияны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат ретінде пайдаланған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы мәліметтерді декларант тауарларға арналған декларацияда көрсетеді.
249-бап. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары
1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормасы деп шетелдік тауарлардың белгілі бір санын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің саны және (немесе) пайыздық құрамы түсініледі.
2. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар белгіленген техникалық талаптарға сәйкес сипаттамалары іс жүзінде тұрақты болып қалатын тауарларға қатысты жасалса және сапасы өзгермеген қайта өңдеу өнімдерін алуға әкелетін болса, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығу нормаларын белгілеуі мүмкін.
250-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар және өндірістік ысыраптар
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған не мұндай қалдықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көмуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға немесе өзге де тәсілмен жоюға жататын жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар декларант таңдаған кедендік рәсіммен орналастырылған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы күйде әкелінген деп қаралады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын қалдықтар одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған күнінен бастап не пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін не осындай операцияларды жасау үшін оларды беру фактісін растайтын құжаттарды кеден органына ұсынған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады және кедендік бақылаудағы емес деп есептеледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде қайтарымсыз жоғалған және кеден органдары өндірістік ысыраптар деп таныған шетелдік тауарлар кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайды.
251-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған шетелдік тауарлардың қалдықтары
Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған шетелдік тауарлардың қалдықтары осы Кодекстің 253-бабына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады. Бұл ретте шетелдік тауарлардың қалдықтары деп тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде пайдаланылмаған тауарлар түсініледі.
252-бап. Шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыру
1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған не кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру жоспарланатын шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатқа сәйкес, өздерінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша осындай шетелдік тауарларға сай келетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларымен (бұдан әрі осы бапта - балама тауарлар) ауыстыруға кеден органының рұқсатымен жол беріледі.
Экспорт кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бұрын әкетілген тауарлардың құрамына кіретін бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды ақаулы түрде жөндеу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген жағдайда, өздерінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген осындай бөлшектерге, тораптарға, агрегаттарға сай келетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары олардың ақаусыз болу және (немесе) тозу жай-күйі ескерілмей, балама тауарлар ретінде қаралады.
2. Балама тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған қайта өңдеу өнімдері осы тараудың ережелеріне сәйкес шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдері ретінде қаралады.
3. Балама тауарлар - шетелдік тауарлар мәртебесіне, ал олармен ауыстырылған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
4. Егер шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға рұқсат етілсе, балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгенге дейін жол беріледі.
Егер кеден органы шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға рұқсат берсе, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетелдік тауарларды әкелгенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылады. Балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдері шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдері ретінде қаралады.
5. Шетелдік тауарлар балама тауарлардың сипатына, сапасына, санына және техникалық сипаттамаларына сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осындай ауыстырудың міндетті шарты болып табылады.
6. Балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдері кері экспорт кедендік рәсімімен, ал әкелінетін шетелдік тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен әкетіледі.
7. Шетелдік тауарларды әкелу кезінде кеден органы сапасын, санын және техникалық сипаттамаларын балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдерімен салыстыруды жүргізеді.
253-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы, тоқтатыла тұруы және тоқтатылуы
1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, осы Кодекстiң 250-бабының 3-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды және (немесе) қалғандарын) және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
2. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, осы Кодекстiң 250-бабының 3-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды және (немесе) қалғандарын) және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе кедендік транзит кедендік рәсімін, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген шарттарда шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын өзге де кедендік рәсіммен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбейді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда, өзгеше түрде ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
2) осы Кодекстiң 305-бабының 3-тармағына сәйкес қолданылуы тоқтатыла тұрған уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын қайта бастаумен;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлардың (қайта өңдеу өнімдерінің, қалдықтардың және (немесе) қалғандарының) және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органдарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануымен;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танумен не пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін не оларды осындай операциялар жасау үшін беру фактісін растайтын құжаттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен кеден органына ұсынумен;
5) кеден органдарының кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың бір бөлігін өндірістік ысыраптар деп тануымен;
6) Комиссия айқындайтын және (немесе) осы Кодексте айқындалатын мән-жайлар басталғанға дейін тауарлар кедендік бақылауда болатын мән-жайлардың басталуымен аяқталуы мүмкін.
3. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін кеден қоймасы кедендік рәсімімен немесе оларды қайта өңдеу өнімдерін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.
4. Қайта өңдеу өнімдері бір немесе бірнеше партиямен кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.
5. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткен соң осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырған тұлға кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бақылауды жүзеге асыратын кеден органына кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есепті ұсынуға міндетті.
Кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
254-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта - тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға өтініш берілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті берген тұлғада - тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) кеден органы белгілеген кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін, оның ішінде осы баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін осы Кодекстің 253-бабының 1-тармағына және 2-тармағының 1, 2, 4, 5) және 6) тармақшаларына сәйкес кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанда;
2) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырғанда;
3) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырғанда;
4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) олар осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынғанда;
5) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін бұл тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
6) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес шығарудан бас тартылғанда;
7) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабы 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
9) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарлар шығарылымы жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.
3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып:
1) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды осындай кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғанға дейін кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілмеген тұлғаға (тұлғаларға) берген жағдайда - тауарларды беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру күні;
2) авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғанға дейін жоғалған жағдайда - тауарлардың жоғалу күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру күні;
3) кеден органы белгілеген, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған жағдайда - кеден органы белгілеген, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күн есептеледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждары кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген тауарларға қатысты - тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарының сомасынан пайыздар тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі өткен күн аралығында көрсетілген сомаларға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру берілгендей етіп төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есепке жазылады және төленеді.
Егер кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 253-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, осы тармақта көзделген пайыздар кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге есепке жазылмайды және төленбейді.
7. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырған не осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес осындай тауарларды осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырған не кеден органдары осындай тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен жағдайда кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарының осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған сомасы осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
255-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері
1. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары - кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы мөлшерінде төлеуге жатады.