91. Қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер материалдарды талдауды жүргізеді, сондай-ақ аталған құжаттарды ескере отырып, шақырылатын адамдардың тізімін дайындайды, жүргізу тәртібінің жобасы бойынша ұсыныстар және қажет болған кезде материалдар бойынша анықтама жасайды және егер Кеңсе Басшысы өзге мерзімді белгілемеген болса, Үкімет отырысының алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей Кеңсе Басшысының қарауына енгізеді.
БҚҚБ-ға «Мобильді кеңсе» АЖ-ға жіберу үшін материалдар Кеңсе Басшысымен келісілгеннен кейін ғана тапсырылады.
БҚҚБ Үкімет отырысына тиісті материалдарды, егер Кеңсе Басшысы өзге мерзімді белгілемеген болса, Кеңсе Басшысымен келісілгеннен кейін Үкімет отырысының алдындағы күні сағат 15.00-ден кешіктірмей «Мобильді кеңсе» АЖ арқылы жібереді.
92. Жүргізу тәртібінің жобасы, материалдар бойынша анықтама, егер Кеңсе Басшысы өзге мерзім белгілемеген болса, отырысқа дейін кемінде күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей, қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшемен, Кеңсе Басшысымен келісіледі.
93. Кеңсе Басшысымен келісілген және тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы виза қойған электрондық ақпарат жеткізгіштердегі Үкімет отырысына материалдарды БҚҚБ отырыс алдындағы күні сағат 16.00-ге дейін Хатшылыққа ұсынады.
94. Үкімет отырысына шақырылғандар тізімінің түпкілікті нұсқасын жасау үшін БҚҚБ отырыс алдындағы күні сағат 12.00-ге дейін шақырылғандардың тізімін нақтылайды.
Үкімет отырыстарына қатысатын мемлекеттік органдар отырыс алдындағы күні сағат 12.00-ге дейін өздерінің қатысатынын «Мобильді кеңсе» АЖ арқылы растайды не БҚҚБ-ға өзгерістер туралы хабарлайды.
95. Отырысқа қатысушылардың құрамындағы барлық өзгерістер туралы Кеңсе Басшысына баяндалады. БҚҚБ анықтама жасайды, онда Үкімет отырысының кворумы және болмау себептерін көрсете отырып, қатыспайтын Үкімет мүшелерінің тізімі айқындалады. Өңірлік даму бөлімі жергілікті атқарушы органдар басшыларының болмау себептері туралы ақпараты бар ұқсас ақпаратты БҚҚБ-ға ұсынады.
96. Үкімет отырысына шақырылғандардың түпкілікті тізіміне Кеңсе Басшысы қол қояды.
97. БҚҚБ шақырылғандар тізімінің Кеңес Басшысы қол қойған түпкілікті нұсқасын отырыстың алдындағы күні көбейтіп таратады:
1) отырғызуды жүзеге асыру үшін бір данасын Сыртқы байланыстар және протокол бөліміне береді;
2) нөмірлік мөртаңба қойылғаннан кейін бір данасын Премьер-Министрдің күзет қызметіне және үш данасын әкімшілік ғимараттың күзетіне береді;
3) басқа даналарын Премьер-Министрдің (түпнұсқа) және Кеңсе Басшысының атаулы папкаларына салады және көрсетілген папкаларға салу үшін тиісінше Хатшылыққа және Кеңсе Басшысының көмекшісіне береді, тікелей Үкімет отырысының алдында БҚҚБ Кеңсе Басшысына кворум туралы баяндайды.
98. Әдетте, Үкімет отырыстарының дыбысжазбасы жүргізіледі. Қажет болған кезде, жабық мәселелерді қоспағанда, Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша отырыстың бейнежазбасы жүргізілуі мүмкін.
Хаттаманың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында отырыс барысында БҚҚБ қызметкері баяндамашылар мен сөз сөйлеушілердің тегін, Үкімет мүшелері және қатысушылар айтқан ескертулер мен ұсыныстарды жұмыс бабында жазуды, сондай-ақ отырыс фонограммасының (стенограммасының) толық жазылуымен (егер мұндай жүргізілсе) салыстырып тексерілетін талқыланатын мәселелер бойынша төрағалық етуші берген тапсырмаларды есепке алуды жүргізеді.
99. БҚҚБ ілеспе аударма (мемлекеттік және орыс тілдері) үшін жауапты болып табылады. Шетелдік азаматтардың баяндамаларын тыңдау не олар қатысқан кезде Сыртқы байланыстар бөлімі ілеспе аудармашымен қамтамасыз етеді, Өңірлік даму бөлімі жергілікті жерде аудармашымен қамтамасыз ету үшін бұл туралы әкімдер мен өңірлердің басқа өкілдеріне хабарлайды.
100. Баяндамашылар таныстырылымдарының (слайдтарының) көрсетілуін тексеруді құзыретіне таныстырылатын мәселелер кіретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкімет отырысы өткізілер алдындағы күні Кеңсенің қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен, баяндамашы мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.
101. Үкімет отырысына қатысушыларды тіркеуді БҚҚБ жүзеге асырады.
102. Үкімет отырысына қатысушыларды тіркеу отырыс басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын, ал кеңейтілген отырыстарда - отырыс басталғанға дейін 1 сағат бұрын басталады.
103. Үкімет отырысына қатысушыларды тіркеу, әдетте, отырыс басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады. Үкімет отырысына қатысып отырғандардың, сондай-ақ кешігіп келгендердің тізімін БҚҚБ Кеңсе Басшысына баяндап, Үкімет отырысына іс жүзінде келген уақытын көрсетеді.
104. Үкімет мүшелері, ұлттық басқарушы холдингтердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, баяндамашылар келмеген жағдайда, БҚҚБ-ның тіркеуді жүзеге асыратын қызметкері келмеген қатысушының көмекшісімен немесе қабылдау бөлмесінің қызметкерімен дереу хабарласады, келмей қалу себебін нақтылайды.
105. Тіркеу аяқталғаннан кейін Үкімет отырысына іс жүзінде қатысатындардың тізімі және Үкімет отырысының кворумы айқындалған түпкілікті анықтама мен болмаған Үкімет мүшелерінің тізімі Кеңсе Басшысына себептерін көрсете отырып беріледі.
106. БҚҚБ тиісті материалдармен бірге күн тәртібін Кеңсе Басшысы қол қойған отырысқа шақырылғандардың тізіміне сәйкес және осы Нұсқаулықтың 83-тармағының талаптарын сақтай отырып, Үкімет мүшелерінің және басқа да лауазымды адамдардың мобильді құрылғыларына «Мобильді кеңсе» АЖ арқылы жібереді.
107. Премьер-Министрге және Кеңсе Басшысына арналған материалдар арнайы мұқабаларда реттік нөмірлері көрсетіліп, атаулы папкаларға жинақталады және отырысқа дейін 1 (бір) күн қалғанда тиісінше Хатшылыққа және Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне беріледі.
Материалдарға қосымша Премьер-Министрдің және Кеңсе Басшысының папкаларына қаралатын мәселелер (бар болса) құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелердің анықтамалары, сондай-ақ жүргізу тәртібі қоса салынады.
БҚҚБ Премьер-Министр мен Кеңсе Басшысы үшін Үкімет отырысының материалдарын жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет отырысында қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше Кеңсе Басшысы белгілеген тәртіппен ресімделген және Кеңсе Басшысының тиісті орынбасарымен келісілген қаралатын мәселе бойынша Үкімет отырысын жүргізу тәртібінің жобасын, сондай-ақ Үкімет отырысының қарауына енгізілген құжаттар бойынша анықтама дайындайды және отырысқа дейін күнтізбелік 3 (үш) күн қалғанда Хатшылыққа береді.
БҚҚБ Үкімет отырысына шақырылғандардың жалпы тізімдерін жасайды, оларға Кеңсе Басшысы қол қояды.
108. Куверттік карточкаларды қоюды және отырысқа қатысушыларды отырғызуды Кеңсенің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі жүзеге асырады.
109. Үкімет отырыстарында Премьер-Министр, ол болмағанда - Премьер-Министр белгілеген тәртіппен Премьер-Министрдің орынбасары не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы төрағалық етеді.
110. Отырыстарға Қазақстан Республикасының Президенті қатысқан кезде Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.
111. Үкімет отырыстары ашық болып табылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін.
112. Егер Үкімет отырысына Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысса, ол заңды болып есептеледі. Үкімет мүшелері Үкімет отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
113. Қаулы жобаларын қарау отырыстың күн тәртібіне енгізіледі және осы Нұсқаулықта көрсетілген тәртіпке сәйкес Үкімет мүшелерінің назарына жеткізіледі.
114. Үкімет отырыстарында қаулы жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар жөнінде Кеңсе Басшысы баяндайды.
115. Үкімет қаулыларының жобалары бойынша, әдетте, электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, электрондық дауыс беру жүргізіледі және Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін көрсете отырып, хаттамалық шешім қабылданады.
116. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
117. Үкімет отырысының барысында Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесінің қатысып отырған қызметкері не осы құрылымдық бөлімшенің басшысы хаттамалық жазбалар жүргізеді.
118. Үкімет отырысында қабылданған шешімдер белгіленген үлгідегі бланкілерге сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып хаттамамен ресімделеді, ол талқыланған мәселелердің атауы, баяндамашылардың тегі және қабылданған шешімдер көрсетіле отырып, қысқаша жасалады.
119. Үкімет отырысының фонограммасын толық жазуды және оларды басып шығаруды «ӘҒД» РМК отырыстан кейінгі күні сағат 12.00-ден кешіктірмей жүзеге асырады.
Басып шығарылған фонограмма (стенограмма) қажет болса көбейтіп таратылады және БҚҚБ мәселелері Үкімет отырысында қаралған құрылымдық бөлімшелерге береді.
120. Хаттамалар Үкімет отырысының стенограммасы мен жауапты құрылымдық бөлімшенің қысқаша жазбасы негізінде және соған сәйкес дайындалады.
121. Үкімет отырысында қаралған мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер құрылымдық бөлімшелер басшыларының ЭЦҚ арқылы келісілген хаттамалық шешімнің жобасын дайындайды және Үкімет отырысынан кейінгі күні сағат 18.00-ден кешіктірмей БҚҚБ-ға береді.
122. БҚҚБ Үкімет отырысының хаттамасын белгіленген үлгідегі бланкіге сәйкес келетін электрондық құжаттың шаблонын пайдалана отырып жасайды, оны орындаушы және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Пемьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы ЭҚАБЖ арқылы келіседі және отырыстан кейін төрт күн мерзімде Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.
Заң бөлімі хаттамалық шешімнің жобасын түскенінен кейін бір күн мерзімде ЭЦҚ арқылы келіседі.
123. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін БҚҚБ бір күн мерзімде Үкімет мүшелеріне және хаттамада тапсырмалар берілген адресаттарға өздеріне қатысты бөлікте хаттамадан электрондық түрдегі үзінді дайындайды, тиісті құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша хаттамалық тапсырмаларды бақылауға қоюды және оларды таратуды жүзеге асырады.
МО БКО-ға қосылған электрондық құжат айналымы жүйесі жоқ адресаттарға хаттамадан қағаз түрдегі үзінді дайындалып, жіберіледі.
124. Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өтетін кеңеске материалдарды, оның ішінде шақырылғандардың тізімін, кеңесті жүргізу тәртібін, хаттама жобасын дайындауды ұйымдастыруға жауапты болып табылады.
Кеңесті ұйымдастыруға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында кеңестің өткізілетіні туралы телефонограммаларды жіберуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымы болған жағдайда, кеңес өткізуге бастамашылық жасаған мемлекеттік орган Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында кеңес өткізудің қажеттілігі туралы негіздемемен бірге бірыңғай ұстанымның болуын растайтын мемлекеттік органдардың хаттары қоса берілген электрондық түрдегі хат енгізеді.
Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған мәселе бойынша мемлекеттік органдарда бірыңғай ұстаным болмаған жағдайда, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамасы, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келiспеушiлiктер хаттамасы және мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдары қоса берілген, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында кеңес өткізудің қажеттілігі туралы дәлелді негіздемелері бар электрондық түрдегі тиісті хат енгізіледі.
Хатты алғаннан кейін Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі тиісті қорытынды мен Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының аталған кеңесті өткізудің орындылығы туралы қарарының жобасын дайындайды.
125. Мемлекеттік органдар кеңестерге материалдарды 3 (үш) жұмыс күні бұрын, Премьер-Министр не оның орынбасарлары басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына - 7 (жеті) жұмыс күні бұрын және мемлекеттік органның лауазымды адамы басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын енгізеді.
Материалдары осы тармақта белгіленген мерзімді бұза отырып енгізілген, сондай-ақ өткізілетін отырыстың күн тәртібінен тыс көтерілетін мәселелер қарауға жіберілмейді.
Ұсынылатын кандидатуралар мен кеңестерге материалдардың сапасы үшін жауапкершілік мемлекеттік органның бірінші басшыларының жетекшілік ететін бағыттар бойынша орынбасарларына жүктеледі.
Айрықша жағдайларда жоспарланып отырған кеңеске не консультативтік-кеңесші органдардың отырысына кандидатураны ауыстыру Үкімет пен Кеңсе басшылығымен келісу бойынша кеңес басталғанға дейін кемінде 2 (екі) сағат бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түріндегі хатты Кеңсеге жіберу арқылы жүргізіледі.
126. Премьер-Министрдегі кеңеске шақырылғандардың тізімін Кеңсе Басшысы бекітеді.
127. Премьер-Министрдің кеңестері мен кездесулеріне материалдар Хатшылыққа кеңес пен кездесу күнінің алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей жіберіледі. Шұғыл кеңес оны өткізу күні дайындалатын жағдайда, аталған мерзім қолданылмайды.
128. Премьер-Министрдің орынбасарларында, Кеңсе басшылығында өтетін кеңеске материалдар тиісті қабылдау бөлмелеріне кеңестің алдындағы күні жіберіледі.
129. Қатысушылардың кеңеске келуін, оларды тіркеуді Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді.
130. Үкімет (Кеңсе) басшылығында өтетін кеңестер міндетті түрде хаттамаланады. Хаттамаларға хронологиялық тәртіппен (жыл басынан бері) іс номенклатурасына сәйкес есепке алу нөмірлері беріледі.
131. Кеңесте жұмыс жазбаларын жүргізуді Кеңсенің мәселені дайындауға жауапты болып табылатын құрылымдық бөлімшесінің оған қатысып отырған қызметкері не төрағалық етуші айқындаған адам жүзеге асырады.
132. Хаттаманы ресімдеуді, құқықтық сипаттағы мәселелер болса, Заң бөлімімен келісуді және кеңесте төрағалық етушіге қол қоюға ұсынуды, егер Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың ережелерінде өзге мерзім көзделмеген болса, кеңес өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей - Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі, консультативтік-кеңесші органның отырысы өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», «Бәйтерек» ҰБХ», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі (сырттай шешімдер), «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының басқарушы комитеті отырыстарының хаттамалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей консультативтік-кеңесші органның хатшысы жүргізеді.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», «Бәйтерек» ҰБХ», «Kazakh Invest» ҰК» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесінің, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының басқарушы комитетінің отырыстары хаттамаларының жобаларын дайындау және Премьер-Министрге қол қоюға енгізу үшін жауапкершілік корпоративтік хатшының тиісті орынбасарына жүктеледі.
Құрылымдық бөлімше Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамаларының жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде ресімдейді.
Хаттама жобасын ресімдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше электрондық құжат нысанында әзірленген жобада құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған бақылаудағы пункттердің нөмірлерін және оларды орындау мерзімдерін көрсетеді.
БҚҚБ Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамаларының уақтылы дайындалуын бақылауды жүзеге асырады, бұл туралы Кеңсе Басшысын тоқсан сайын хабардар етеді.
133. Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамалары міндетті түрде Кеңсе Басшысымен келісіледі.
Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары құқықтық сипаттағы мәселелер болса, сондай-ақ Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмалары бойынша Заң бөлімімен келісіледі.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» және «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі отырыстарының хаттамалары да (сырттай шешімдері) міндетті түрде Заң бөлімімен келісілуге тиіс.
8-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министрінің өкімдері жобаларының
Премьер-Министр Кеңсесінде ресімделу және өту тәртібі
134. Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулыларының жобаларын БҚҚБ әр сәрсенбі сайын сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін қағаз және ЭҚАБЖ бойынша электрондық форматтарда (нысанда) қабылдайды және Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға алдын ала тексеруге береді.
Мыналарға:
1) Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына түзетулер енгізуге;
2) гуманитарлық көмек көрсетуге;
3) халықаралық шарттарды мақұлдауға және кейіннен қол қоюға;
4) Үкімет резервінен қаражат бөлуге бағытталған не республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған Үкімет қаулыларының жобалары алдын ала тексеру рәсімін өткізбей қабылданады және тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.
Заң жобалары, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобалары, Премьер-Министрдің өкімдері, сондай-ақ пысықталғаннан кейін мемлекеттік органдар қайтадан енгізетін Үкімет қаулыларының жобалары, Үкімет тапсырмасы бойынша енгізілетін Үкіметтің нормативтік емес қаулыларының жобалары, сондай-ақ Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау үшін әзірленген, Үкіметке шұғыл енгізу көзделетін Үкіметтің нормативтік қаулыларының жобалары күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және алдын ала тексерілмей, тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.
135. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, сондай-ақ Кеңсе Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын мемлекеттік органдар Кеңсеге ағымдағы жылғы 20 (жиырмасыншы) желтоқсанға дейін енгізеді.
Бұл ретте Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері көрсетілген мерзімге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын енгізілген Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ағымдағы жылғы 18 желтоқсанға дейін келісуді қамтамасыз етеді.
136. Жобаны енгізетін мемлекеттік органның өкілі жобаның түпнұсқасын БҚҚБ жауапты қызметкеріне ұсынады, ол жобаның Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексереді.
137. Үкімет қаулыларының жобалары түскен кезде тіркеу мөртабаны ілеспе хатқа қойылады.
Кеңсеге енгізілетін қаулы жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын, заң жобаларын және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын Үкімет Регламентіне сәйкес әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының міндетін атқару ресми жүктелген адам не бірінші басшы Үкімет пен Кеңсе басшылығына жолданатын құжаттарға қол қоюға ресми уәкілеттік берген адам) әр парағын дәйектеуге тиіс.
Бұл ретте егер мемлекеттік органның бірінші басшысы өзінің лауазымын Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қоса атқарса, онда Үкімет қаулыларының жобалары тиісті жобалар мемлекеттік органның бірінші басшысы - Премьер-Министрдің орынбасарымен алдын ала келісілгеннен кейін ғана Кеңсеге енгізіледі.
138. Кеңседе Заң бөлімі жобаны заң техникасы қағидаларының сақталуы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі, БҚҚБ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы және Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан алдын ала тексеруді ұйымдастырады.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы үшін әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дербес жауапты болады.
Алдын ала тексеру жүргізу мерзімі тиісті жобалар Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
139. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру нәтижелері туралы Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілері Кеңсе Басшысын немесе оның міндетін атқаратын адамды хабардар етеді.
140. Тіркелген қаулылар жобаларының түпнұсқалары алдын ала тексеру кезеңінде Кеңсе Басшысында қаралғанға дейін БҚҚБ-да сақталады.
Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараған болса) Заң бөліміне жіберіледі.
Заң бөлімі және БҚҚБ меңгерушілерінің қаулы жобалары туралы баяндауының қорытындысы бойынша Кеңсе Басшысы мынадай шешімдер қабылдайды:
1) Үкімет отырысына шығарылсын;
2) Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталып, Үкімет отырысына шығарылсын;
3) әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.
141. Жоба:
1) жоба дауыс беруге шығарылғанға дейін кез келген негіздер бойынша Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) Премьер-Министрдің орынбасарларында өткен кеңестердің тапсырмалары мен хаттамасы негізінде;
3) Кеңсе Басшысының шешімі бойынша пысықтауға қайтарылуы мүмкін.
142. Алдын ала тексеруден кейін Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге келіп түскен күннен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін - 20 (жиырма) жұмыс күнінен (басым заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзімі күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауға тиіс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін - 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жобалар мәтінінің көлемі үлкен және күрделі болуына байланысты өту мерзімін (басым заң жобаларының және шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларының өту мерзімінен басқа) Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқаратын адам ұзартуы мүмкін.
143. Үкімет Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына бастамашылық жасаған жағдайда, олар Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 27 сәуiрдегi № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес енгізіледі.
144. Кеңсе Басшысы түскен жобалар, жобаны Үкімет отырысына немесе Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығару туралы ұсыныстар, сондай-ақ алдын ала тексеру барысында анықталған жобаға ескертулер жөнінде Премьер-Министрді хабардар етеді.
145. Үкімет отырысына шығару туралы шешім қабылданған жобалар Үкімет отырысына тиісті анықтама дайындау үшін Кеңсенің қаралатын жобалардың мәселелері құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.
146. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкімет отырысына шығарылатын жобалар бойынша:
1) жобаларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде бар болмашы, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заң техникасы бойынша ескертулерді ескере отырып дербес пысықтайды. Қалған жағдайларда жобалар Үкімет немесе Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша пысықталады және жобаның түпкілікті нұсқасына әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы қайта виза қояды, ал қажет болған жағдайда басқа мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісіледі;
Бұл ретте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы тұрғысынан қарау үшін БҚҚБ заң жобаларын Кеңсенің және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысы болған кезде қабылдайды;
2) жобаларды тиісті елтаңбалық бланкіде, сондай-ақ жобаның ЭҚАБЖ-дағы жүйелік нөмірін жоба атауының жанындағы папканың арнайы басқы жолында көрсете отырып, электрондық құжат нысанында ресімдейді;