5) аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыруға;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервті қалыптастыруға;
7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке жұмсалатын шығындарды жоспарлауға;
8) денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізуге;
9) азаматтар мен денсаулық сақтау ұйымдарының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі шағымдары мен өтініштерін қарауға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Қор:
1) осы Заңда көзделген жағдайлардан басқа, қордың активтеріне билік етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.
21-бап. Қордың инвестициялық қызметі
1. Қор инвестициялық қызметті қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалатын сенімгерлік басқару шартының негізінде қордың активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыру арқылы жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қордың активтерін шоғырландыру және орналастыру, инвестициялық кіріс алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізеді және жасалған сенімгерлік басқару шартына сәйкес шоттардың және инвестициялық қызметтің жай-күйі туралы есепті қорға тоқсан сайын ұсынады.
22-бап. Есепке алу және есептілік
1. Қор Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есепті жүргізеді және қаржылық есептілікті қордың меншікті қаражаты мен активтері бойынша бөлек ұсынады.
2. Қор бухгалтерлік есепте және есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі және оларды сақтау мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
23-бап. Қордың аудиті
1. Қордың аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Қордың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
3. Қордың жыл сайынғы аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
1) қордың қаржылық есептілігі бойынша;
2) қордың активтері бойынша екі аудиторлық есеп жасайды.
Қордың активтері бойынша жыл сайынғы аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкескестік тұрғысында қор активтеріне қатысты бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін тексеруді қамтиды.
Қордың жыл сайынғы аудиті бойынша шығыстар қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
24-бап. Қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптар
1. Атқарушы органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары қордың басшы жұмыскерлері болып табылады.
2. Қордың басшы жұмыскерлеріне мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары кәсіптік (медициналық немесе қаржылық-экономикалық) білімінің болуы;
бағалы қағаздар нарығындағы және қаржы нарығында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардағы кәсіптік қызметпен тікелей байланысты басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің не квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі не мемлекеттік қызметте кемінде он жыл өтілінің, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарда кемінде бес жыл не денсаулық сақтау саласында басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
3. Мыналар:
1) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
2) бұрын осы адам заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымында болған кезеңде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған адам қордың басшы жұмыскері бола алмайды.
5-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
25-бап. Қаржыландыру көздері
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру көздері:
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімінің өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл және инвестициялық кіріс;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер болып табылады.
26-бап. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары мынадай адамдар:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
10) жұмыс істемейтін қандастар;
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) мүгедектігі бар адамдар;
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
14) 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
Осы тармақтың мақсаттары үшін кәсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және кірісі жоқ адамдар жұмыс істемейтін адамдар деп түсініледі.
2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қорға төлеуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,4 пайызы;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызы;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің кемінде 2 пайызы, бірақ 3 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.
3. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
4. 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Қор растайтын құжаттар болған кезде осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға қордың ақпараттық жүйесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мәртебесін мемлекет жарналары төленгенге дейін бір айға береді.
27-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар
2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары:
2017 жылғы 1 шілдеден бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесінен аударымдар мөлшері:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15,0 пайызды;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 14,0 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 12,6 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 12,1 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 11,6 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 11,4 пайызды құрайды.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген, кіріс түрінде жұмыскерге, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс берушінің жұмыскерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 322-бабында көзделген кіріс түрінде төлейтін шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте бірыңғай төлемнен аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жұмыс берушілер:
1) осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 5), 7), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген адамдар;
2) әскери қызметшілер;
3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін аударымдар төлеуден босатылады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 9,3 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,4 пайызы;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,1 пайыз;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,8 пайызы;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,6 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Дербес төлеушілердің жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Бірінші бөлік 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
4-1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада - айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінің және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектілері болып табылады.
Екінші бөлік 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1,4 еселенген мөлшері дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 322-бабында көзделген, микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс беруші есепке жазған жұмыскердің кірісі осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте бірыңғай төлемнен жарналарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері дербес төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
7. Қорға жарналар төлеуден мыналар:
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар;
2) әскери қызметшілер;
3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістер
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есепке жазған кірістер жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдар мен жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістері болып табылады.
Кәсіби қызметін жүзеге асырумен байланысты шет мемлекеттің аумағында болуы кезеңінде осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютада есепке жазған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналының кірістері болып табылады.
2. Осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша барлық есепке жазылған кірістер аталған шарттар бойынша жеке тұлғаның кірістері болып табылады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
2019 ж. 1 қаңтардан бастап бірінші - үшінші бөліктер 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңның редакциясында қолданысқа енгізілді
3. Аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы объект республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жеке тұлғаның кірістерінің барлық түрінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшеріне тең кіріс сомасынан жарналарды төлеу кезінде жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу осындай жарналардың төленгенін растайтын құжаттар болған кезде талап етілмейді.
Жұмыс беруші және (немесе) салық органы берген, алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.
Осы тармақтың талаптары:
1) дербес төлеушілер;
2) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қорға аударымдар және (немесе) жарналар мынадай төлемдер мен кірістерден ұсталмайды:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 10), 12), және 13) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістер;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 654-бабының 10) тармақшасында көрсетілген кірістер;
4) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу және жеке тұлғаларға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);
5) жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған не жұмыс беруші заңды тұлға таратылған, жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі өтемақы төлемдері.
Осы тармақтың күші «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына сәйкес бірыңғай төлем жүзеге асырылатын жұмыскерлердің кірістеріне қолданылмайды.
6-тарау. АУДАРЫМДАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖАРНАЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ (ҰСТАП ҚАЛУ) ЖӘНЕ АУДАРУ
30-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды ) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде қорға аударымдар мен жарналар төлейді.
2. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Өздері төлейтіндердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.