Қазақстан Республикасының
Заңы
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
(2019.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2019 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы
4-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қағидаттары
5-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық
6-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқығы
7-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек
8-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының сақталуын қамтамасыз ету
2-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
9-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
11-бап. Уәкілетті органның құзыреті
12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
3-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
13-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар
14-бап. Төлеушілер
15-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар
16-бап. Денсаулық сақтау субъектілері
17-бап. Мемлекеттік корпорация
4-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
18-бап. Қордың мәртебесі мен активтері
19-бап. Қордың қызметі
20-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері
21-бап. Қордың инвестициялық қызметі
22-бап. Есепке алу және есептілік
23-бап. Қордың аудиті
24-бап. Қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптар
5-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
25-бап. Қаржыландыру көздері
26-бап. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары
27-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар
28-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар
29-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістер
6-тарау. АУДАРЫМДАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖАРНАЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ (ҰСТАП ҚАЛУ) ЖӘНЕ АУДАРУ
30-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару
31-бап. Төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы аудармағаны үшін жауаптылығы
32-бап. Жүргізілген аударымдар туралы хабарлау
33-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қате төленген аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару
7-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕН МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ
34-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі
35-бап. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты
36-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу
37-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын қамтамасыз ету
38-бап. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзу негіздері және тәртібі
8-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
39-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
40-бап. Өтпелі ережелер
41-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аударымдар - жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі - төлеушілер) - осы Заңда белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
6) денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу - медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау, таңдау, шартын жасасу және орындау;
7) жарналар - осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) инвестициялық кіріс - қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көріністегі өсімі;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) қордың активтері - қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі аударымдар және жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық кіріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, қорға түсетін өзге де түсімдер;
9) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия (бұдан әрі - біріккен комиссия) - клиникалық хаттамаларды, медициналық білім беру, дәрілік қамтамасыз ету стандарттарын, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау үшін құрылатын уәкілетті органның жанындағы консультациялық-кеңесші орган;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін, қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім;
11) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы - осы Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алуға құқығы бар жеке тұлға;
12) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
13) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
14) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтер тұтынушыларға ұсынылатын медициналық көмек көлемі;
15) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.
Шетелдіктердің бірге тұратын жұбайы (зайыбы) және балалары олардың отбасы мүшелері болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
4-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қағидаттары
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру:
1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын сақтау және орындау;
2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеудің міндеттілігі;
3) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі;
4) көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі және сапасы;
5) қордың активтерін тек қана міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге пайдалану;
6) қор қызметіндегі жариялылық қағидаттарына негізделеді.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық
5-баптың 1-тармағы 2020 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке өздері үшін қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған адамдардың құқығы бар.
5-баптың 2-тармағы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2. Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан артық алмайды. Бұл құқық адамдарды төленбеген кезең үшін қорға жарналар төлеу міндетінен босатпайды.
5-баптың 3-тармағы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға төленбеген кезең үшін жарналар төлеуге міндетті, бірақ олар республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде төлем күнінің алдындағы он екі айдан аспауға тиіс.
5-баптың 3-тармағының екінші бөлігі 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
Егер төленбеген кезеңді есептеу кезінде мұндай кезең 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған кезді қамтыса, онда ол есептелетін төленбеген кезеңге қосылмайды.
5-баптың 4-тармағы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4. Қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар түспеген не қорға жарналар төлемеген адамдарға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.
6-бап 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқығы
1. Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымын таңдауға құқығы бар.
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2. Азаматтардың жоспарлы медициналық көмек алу жағдайларында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар.
3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымды таңдау құқығы азаматтарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алған кезден бастап туындайды.
7-бап 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
7-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде:
1) мыналарды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда);
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда):
ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйым жолдамасының болу-болмауына қарамастан - шұғыл көрсетілімдер бойынша;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша - стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда) ұсынылады.
4) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету:
белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және арнайы емдік өнімдердің уәкілетті орган бекітетін тізбесіне сәйкес - амбулаториялық-емханалық көмек;
денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес - стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.
3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін біріккен комиссияның ұсынымдарын ескере отырып уәкілетті орган әзірлейді.
8-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының сақталуын қамтамасыз ету
1. Мемлекет қор активтерінің сақталуына кепілдік береді.
2. Қор активтерінің сақталуы:
1) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу арқылы қордың қызметін реттеу;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыру;
3) қордың активтерін инвестициялық басқару жөніндегі барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есепке алу;
4) қордың меншікті қаражаты мен активтерін бөлек есепке алуды жүргізу;
5) жыл сайынғы тәуелсіз аудит жүргізу;
6) қордың тұрақты қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуы;
7) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін айқындау арқылы қамтамасыз етіледі.
2-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
9-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуді:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астанының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қорды құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдер қабылдайды;
3) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін айқындайды;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшерін белгілейді;
5) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілейді;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды;
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
11-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және айқындайды;
2) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін әзірлейді және айқындайды;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшерін әзірлейді;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану тәртібін әзірлейді;
4) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді;
5) қордың қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін, қордың активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсынысты жыл сайын әзірлейді;
6) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді;
7) бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін қордың қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
8) қордың қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады;
10) қордың қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуға құқылы;
11) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің жоспарлануын қамтамасыз етеді;
3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына ел ішінде жол жүру ақысын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша төлейді;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республиксының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
13-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар:
1) төлеушілер;
2) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар;
3) денсаулық сақтау субъектілері;
4) уәкілетті орган;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
6) қор;
7) Мемлекеттік корпорация;
8) өзге де уәкілетті органдар болып табылады.
14-бап. Төлеушілер
1. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, осы Заңның 6-тарауында белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жарналарды төлеушілер:
1) мемлекет;
2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;
3) дара кәсіпкерлер;
4) жекеше нотариустар;
5) жеке сот орындаушылары;
6) адвокаттар;
7) кәсіби медиаторлар;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);