ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Газ және газбен жабдықтау туралы
(2019.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2018 жылғы 4 шілдедегі № 173-VI ҚР Заңын қараңыз (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
4-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері
2-тарау. ГАЗ ЖӘНЕ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
7-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті
3-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ДАМУЫ
8-бап. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі
9-бап. Ұлттық оператор
10-бап. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері
11-бап. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы
12-бап. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін жобалау, салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау
13-бап. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерін салу және пайдалану кезінде жер пайдалануды реттеу
4-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
14-бап. Мемлекеттің газ және газбен жабдықтау саласындағы басым құқығы
15-бап. Мемлекеттің газ және газбен жабдықтау саласындағы артықшылықты құқығы
16-бап. Ілеспе газбен байланысты қатынастарды реттеу
17-бап. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткізудің жалпы шарттары
18-бап. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу
19-бап. Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану
20-бап. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізу бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының бағаларын мемлекеттік реттеу
21-бап. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі
5-тарау. ТАУАРЛЫҚ ГАЗДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫ, САҚТАУДЫ, ӨТКІЗУДІ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
22-бап. Тауарлық газды тасымалдау және сақтау
23-бап. Тауарлық газды көтерме саудада өткізу
24-бап. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу
25-бап. Тауарлық газды есепке алу
6-тарау. СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН ЖӘНЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТАСУДЫ, САҚТАУДЫ, ӨТКІЗУДІ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
26-бап. Сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көлігімен тасу
27-бап. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу
27-1-бап. Өнім беру жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын өткізу
28-бап. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу
29-бап. Сұйытылған мұнай газын есепке алу
7-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
30-бап. Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
31-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау
32-бап. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймағы
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
33-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
34-бап. Өтпелі ережелер
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк», «Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк» деген сөздер тиісінше «газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік», «Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында газ және газбен жабдықтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автогаз құю станциясы - сұйытылған мұнай газын сақтауға және оны отын ретінде пайдаланатын көлік құралдары иелеріне бөлшек саудада өткізуге арналған технологиялық кешен;
2) автогаз толтыру компрессорлық станциясы - тауарлық газды сұйытуға, сақтауға және оны отын ретінде пайдаланатын көлік құралдарының иелеріне бөлшек саудада өткізуге арналған технологиялық кешен;
3) аккредиттеу - газ желісі ұйымдарын Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді деп уәкілетті органның ресми тану рәсімі;
4) бөлшек саудада өткізу - тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу мақсатынсыз, өз мұқтаждықтары үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушыларға өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
5) бірыңғай техникалық дәліз - бір трасса бойымен қатар салынған, бірыңғай бағытта (көліктік лекте) тауарлық газды тасымалдауды қамтамасыз ететін магистральдық газ құбырларының (немесе учаскелерінің) және магистральдық газ құбырлары жүйелерінің (оның ішінде әртүрлі қысымдағы жүйелерінің) жиынтығы;
6) газ - шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;
7) газбен жабдықтау - тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу саласындағы қызмет;
8) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймағы - пайдаланудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету және оларды зақымдау мүмкіндігін болдырмау мақсатында газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің айналасына орнатылатын айрықша пайдалану жағдайындағы аумақ;
9) газбен жабдықтау жүйесі - тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын өндіруге, тасымалдауға (тасуға), сақтауға, өткізуге және тұтынуға арналған технологиялық өзара байланысты объектілер кешені;
10) газдандыру - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және өзге де объектілерде тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдалануға бағытталған іс-шаралар кешені;
11) газ жабдығы - газ құбырларының құрамдас элементтері ретінде пайдаланылатын, толықтай зауытта дайындалатын техникалық бұйымдар (компенсаторлар, конденсат жинақтары, сақтандыру-ығыстыру арматурасы, құбыржолдық бекітпе арматура), сондай-ақ газ пайдаланушы қондырғылар (газ аспаптары, пештері мен плиталары);
12) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік- Қазақстан Республикасына тиесілі ілеспе газды тереңдетіп өңдеуді және өзара тиімді жағдайларда қосылған құны жоғары өнім өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін мемлекет пен инвестордың өзара іс-қимыл жасау нысаны;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) газ желісі ұйымы - аккредиттеу туралы куәлігі бар және газ толтыру стансасын пайдалануды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген шарттарда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
14) газ құбыры - бекітпе арматурасы бар, бір-бірімен қосылған құбырлардан тұратын және газ тәріздес немесе екі фазалық күйдегі газды тасымалдауға арналған құрылыс;
15) газ тарату жүйесі - газ құбырларынан (желілік бөліктен) және олармен ұштасып жатқан объектілерден тұратын, тауарлық газды магистральдық газ құбырынан газ тұтыну жүйелеріне дейін тасымалдауға арналған технологиялық өзара байланысты құрылыстар кешені;
16) газ тарату ұйымы - тауарлық газды газ тарату жүйесі арқылы тасымалдауды, газ тарату жүйесін техникалық пайдалануды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген шарттарда тауарлық газды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
17) газ тасымалдау ұйымы - осы Заңда белгіленген шарттарда тауарлық газды жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және (немесе) тауарлық газды тауарлық газ қоймаларында сақтау жөніндегі қызметтерді көрсететін заңды тұлға;
18) газ толтыру пункті - сұйытылған мұнай газын сақтауға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға арналған инженерлік құрылыс;
19) газ толтыру станциясы - сұйытылған мұнай газын сақтауға, теміржол цистерналарына, автогаз тасымалдағыштарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;
20) газ тұтыну жүйесі - газ тарату жүйесінен тауарлық газды немесе топтық резервуарлық қондырғыдан сұйытылған мұнай газын қабылдауға, сондай-ақ оларды отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалануға арналған газ құбырлары (желілік бөлік) мен газ жабдығы кешені;
21) есепке алу аспаптары - мынадай функцияларды: газды өлшеуді, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы, қысымы және аспаптардың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;
22) жалғастырушы газ құбыры - шикі газды келісімшарттық аумақтан газ өңдеу зауытына немесе шикі газды өнеркәсіптік тұтынушыға дейін тасымалдауға не тауарлық газды газ өңдеу зауытынан магистральдық газ құбырына дейін тасымалдауға арналған газ құбыры;
23) кәсіпшілік газ құбыры - газды келісімшарттық аумақ шегінде тасымалдауға арналған газ құбыры;
24) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушы - тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу мақсатынсыз, кәсіпкерлік, коммерциялық емес немесе өзге қызметті жүзеге асыру кезінде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
25) 2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26) тармақша жаңа редакцияда
26) көтерме саудада өткізу - тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды одан әрі өткізу мақсатында ішкі нарықта не Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде өткізу жөніндегі, сондай-ақ газ тарату ұйымының газын нормативтік техникалық ысыраптарға және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға өткізген жағдайлардағы кәсіпкерлік қызмет;
27) Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері - Қазақстан Республикасының аумағында тұтынуға қажетті тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газының көлемі;
28) магистральдық газ құбыры - тасымалданатын газдың қысымын арттыруды және төмендетуді қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше газ құбырынан (желілік бөліктен) және олармен ұштасып жатқан объектілерден, телебасқару, байланыс құралдарынан және өзге де коммуникациялардан тұратын, тауарлық газды тасымалдауға арналған инженерлік құрылыс. Магистральдық газ құбыры объектілерінің құрамы жобалық құжаттамада және техникалық регламенттер талаптарында айқындалады;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды
28-1) мұнай-газ-химия өнімдері - химиялық процестерді жүзеге асыру жолымен көмірсутек шикізаты (мұнай және газ) негізінде алынатын және дайын өнім ретінде де (жанар-жағармай материалдарын қоспағанда), кейіннен химиялық өзгертулер үшін шикізат ретінде де пайдаланылатын өнім;
29) өндіруші - тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
30) өнеркәсіптік тұтынушы - өнеркәсіп өндірісінде отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін газ сатып алатын заңды тұлға;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды
30-1) өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор - мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлға, сондай-ақ тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын заңды тұлға;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
31) сұйытылған мұнай газы - жеңіл көмірсутегілердің (пропан-бутан фракциясының, пропанның, бутанның) тасымалдау және сақтау мақсатында сұйық күйге ауыстырылған, құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін қоспасы;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
32) сұйытылған табиғи газ - құрамында метаны басым көмірсутегілердің тасымалдау және сақтау мақсатында сұйық күйге ауыстырылған, шикі газды өңдеу өнімі болып табылатын және құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін көпқұрамдас қоспасы;
33) тасымалдау - газ құбырлары арқылы шикі немесе тауарлық газды айдаудың технологиялық процесі;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
34) тауарлық газ - құрамында метаны басым көмірсутегілердің газ тәріздес күйде болатын, шикі газды өңдеу өнімі болып табылатын және құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін көпқұрамдас қоспасы;
35) тауарлық газ қоймасы - тауарлық газды сақтауға арналған, технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;
36) топтық резервуарлық қондырғы - ыдыстар тобынан, сақтандыру-бекітпе және реттеуші арматурадан, газ құбырларынан тұратын және сұйытылған мұнай газын сақтауға және оны газ тұтыну жүйелеріне беруге арналған инженерлік құрылыс;
37) тұрмыстық тұтынушы - тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын кәсіпкерлік қызметте пайдалану және оларды одан әрі өткізу мақсатынсыз, тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке тұлға;
38) тұтыну нормасы - есепке алу аспаптары жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін өздері тұтынған тауарлық немесе сұйытылған мұнай газының орташа айлық көлемін көрсететін есептік шама;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39) тұтынушы - тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор немесе электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40) уәкілетті орган - газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды
40-1) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі - жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41) ұлттық оператор - акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакетінің меншік иесі мемлекет не ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компания немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін компания болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42) шикi газ - тазартылмай өндiрiлген табиғи, iлеспе, қатпарлы газ, көмiр қабаттарындағы метан, сондай-ақ шығу көзi өзгеше көмiрсутегi газы;
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 43) тармақшамен толықтырылды
43) электрондық сауда алаңы - Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын жүргізуге арналған және мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпарат жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылым, дерекқор, телекоммуникациялық құралдар және басқа да жабдықтар кешені;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 44) тармақшамен толықтырылды
44) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы - «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр станцияларының тізбесіне енгізілген, электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде тауарлық газды пайдаланып жүрген немесе пайдаланатын заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Осы Заң газ және газбен жабдықтау саласындағы қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңның ережелері сұйытылған мұнай газын сыйымдылығы бір килограмнан аз баллондарда өткізу кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
4-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері
1. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту болып табылады.
2. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) газбен жабдықтаудың қауіпсіздігі мен сенімділігі;
2) газ ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығы;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлық және сұйытылған мұнай газымен Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етудің басымдығы;
4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілерді газдандыру басымдығы;
5) газ және газбен жабдықтау саласындағы баға саясатының теңгерімділігі қағидаттарына негізделеді.
3. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері:
1) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін құру;
2) Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттіліктерін іркіліссіз қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
3) Қазақстан Республикасында тұтынылатын отын-энергетика ресурстарының жалпы көлеміндегі тауарлық және сұйытылған мұнай газының үлесін ұлғайту.
2-тарау. ГАЗ ЖӘНЕ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) ұлттық операторды айқындайды;
3) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау тәртібін бекітеді;
4) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын бекітеді;
5) - 13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15), 16) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың экспортын реттейді;
18) экспорттық және (немесе) транзиттік газ құбырларын салу туралы шешім қабылдайды;
19) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) өз құзыретінің шегінде газ және газбен жабдықтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау тәртібін әзірлейді;
4) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді;
5) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын, сондай-ақ оларды айқындау қағидаларын бекітеді;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды
7-2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға берудің тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
9) ұлттық оператордың немесе дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарының меншігіндегі тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеліктен шығаруды келіседі;
10) тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндіру, өткізу және тұтыну балансын жүргізуді ұйымдастырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
15) газ және газбен жабдықтау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)