2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред. қара)
16-бап. Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің бір бөлігін және мәжбүрлеп таратылатын банктің мүлкін бір мезгілде беру ерекшеліктерi
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Депозиторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында банк активтері мен міндеттемелерін жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдында ішінара не толық көлемде басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру операциясын жүргізуге жол берiледi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.
2. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері банк мүлкінің мөлшерінен асып кетсе, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебінен пайда болған айырманың орнын толтыруға міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағына сәйкес беретін қаражат мөлшері кепілдік берілген өтем ретінде төленуге жататын, осы Заңның 18-бабына сәйкес айқындалатын сомадан аспауға тиіс.
5-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері. Кепілдік берілген өтемді төлеу мөлшері мен тәртібi
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілерi
Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, банк шоттарында жатқан және банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарымен куәландырылған жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасындағы депозиттерiн және қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнге есепке жазылған осындай депозиттер бойынша сыйақыны қайтару бойынша қатысушы банктің міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Кепілдік берілген өтем
1. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторларға:
ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша - он бес миллион теңгеден аспайтын;
ұлттық валютадағы өзге де депозиттер бойынша - он миллион теңгеден аспайтын;
шетел валютасындағы депозиттер бойынша - бес миллион теңгеден аспайтын қалдықтар сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.
Депозитордың қатысушы банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілетін депозиті болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша он бес миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтем төлейді.
2. Кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру күніне айқындалған нарықтық бағамы пайдаланылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор ретінде әрекет еткен жағдайда, кепілді өтемнің мөлшері аталған қатысушы банктің кепілдік берілген депозит сомасын және қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызу нәтижесінде түзілген айырма сомасы негізге алына отырып, қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге айқындалады.
19-бап. Депозиторлардың кепілдік берілген өтем алу құқықтары
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депозитор осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтем алуға құқылы.
2. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Депозитор бірнеше қатысушы банктерде депозиттер ашқан жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді әрбір қатысушы банк бойынша жеке-жеке төлейді.
4. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Кепілді өтемді банк-агенттер арқылы төлеу
Кепілді өтем төлеуді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтем төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесінен таңдап алынған банк-агенттер арқылы жүргізеді.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қоятын талаптарға сай келетін банк-агенттер қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күніне депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен кепілді өтемді төлеу туралы келісім жасасуға міндетті.
Кепілді өтем сомасын және депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке аудару шарттары мен тәртібі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалады.
21-бап. Кепілдік берілген өтемді төлеу тәртібi
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде депозиторларға кепілді өтем төлеуді жүзеге асыратын банк-агенттердің тізбесін көрсете отырып, кепілді өтем төлеудің басталу күні, төлеу кезеңі мен орындары не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілді өтемді төлеудің басталуын кейінге қалдыру туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.
Кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым хабарландыруды жариялаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді төлей бастау мерзімін кейінге қалдырған жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде төлеудің басталуы, кезеңі, орындары және шарттары туралы депозиторларға қосымша хабарлайды.
Депозитор аталған ақпаратты депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан тікелей алуға құқылы.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Кепілді өтемді алу үшін депозитор кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде:
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға төлемдердің электрондық порталы не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда;
осы Заңның 21-бабының 1-тармағында көрсетілген банк-агенттер тізбесінен таңдап алынған банк-агентке қағаз жеткізгіште кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге құқылы.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Депозитордың барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банкке талап ету құқығы расталған кезде кепілді өтемді төлеу кепілді өтемді төлеуге өтініш және растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Депозиторларға кепілді өтемді төлеу, сондай-ақ қатысушы банктерді, қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшілікті және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясын төлемдердің электрондық порталына қосу және олардың қол жеткізу тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.
5. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
21-1-бап. Кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін отыз жұмыс күні бұрын:
кепілді өтемді төлеу мерзімінің аяқталатын күні;
осы баптың 2-тармағында көзделген шарттар болған кезде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатыны туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.
Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен, кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған депозиторларға ақпарат берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдері мен нысандарын пайдаланады.
Депозитор осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі аяқталғанға дейін кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына:
депозиторлар тізіліміндегі депозитордың дербес деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесіндегі жеке тұлғаның дербес деректеріне (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) сәйкес келген, сондай-ақ депозитордың жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат болған;
депозитордың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар жеке зейнетақы шоты болған жағдайларда, аударуды жүзеге асырады.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өзара іс-қимылы келісім негізінде жүзеге асырылады, онда:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында ақпарат алмасу тәртібі мен мерзімдері;
2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аудару, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қайтару тәртібі, мерзімдері және шарттары қамтылуға тиіс.
4. Осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген кепілді өтемді төлеуге өтініш депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мынадай мән-жайлардың бірі болған кезде қарауына жатады:
депозитордың әскери қызметке кіруі;
депозитордың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуы;
депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;
депозитордың бас бостандығынан айыру орындарында болуы;
сот анықтаған өзге де мән-жайлар.
Кепілді өтемді төлеуге өтініш осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайлардың бірінің болғанын растайтын құжаттар қоса беріле отырып, қағаз жеткізгіште беріледі.
Кепілді өтемді төлеуге өтініш қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату) туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін не кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударылған жағдайда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық басталғанға дейін берілуі мүмкін.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемді төлеуге өтініш келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.
5. Депозитор осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді өтемді төлеу туралы өтініш берген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағында көзделген келісімге сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлама жібереді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алғаннан кейін кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитор атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы шегінде қайтаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы қалдық кепілді өтемнің талап етілмеген сомасынан аз болған жағдайда, жетіспейтін бөліктің орнын толтыруды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебінен жүзеге асырады.
6-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резервi
22-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңда көзделген қатысушы банк депозиторларының мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн:
1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталы мөлшерінің жетпіс пайызы шегiнде оның шығыстары;
2) қатысушы банктердің жарналары;
3) қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қатысушы банктерге қолданылған тұрақсыздық төлемі;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның төленген (төленетін) кепілді өтемнің сомалары жөніндегі талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алынған ақша;
5) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерiн орналастырудан түскен кiрiс;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген тәртiппен оның шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған меншікті активтерін орналастырудан түскен кiрiс;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда одан алынған, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасы мөлшеріндегі ақша;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
8) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотынан қайтарылған жағдайда, осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған ақша шегінде және есебінен арнайы резерв қалыптастырады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің нысаналы мөлшері қатысушы банктердегі бүкіл кепілдік берілген депозиттер сомасының бес процентінен кем болмайды.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві:
кепілді өтемді төлеу;
банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманың орнын толтыру;
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасалған кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалған шарттарда және тәртіппен депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке өтеу;
осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының жетіспейтін бөлігінің орнын толтыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің қаражаты депозиторларға кепілдік берілген өтем төлеуге жеткіліксіз болса және жетіспейтін соманы қатысушы банктердің қосымша жарналары есебінен жабу мүмкін болмаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жетіспейтін ақша сомасында қарыз алуға құқылы.
Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді бастау уәкiлеттi органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсу бойынша қарыз алу үшiн қажеттi, бiрақ қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзiмге кейінге қалдырылады.
7-тарау. Қорытынды ережелер
24-бап. Дауларды қарау тәртібi
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жөніндегі қарым-қатынастардан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және Заң қолданысқа енгізілгенге дейін банктер жеке тұлғалармен жасасқан банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарынан туындайтын қарым-қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болған банктер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен осы Заңда белгіленген тәртіппен қосылу шартын жасасуға міндетті.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қатысушы банктермен жасасқан міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу, жеке тұлғалардың тартылған депозиттері бойынша сыйақының ең жоғары ставкалары және банктің депозит саясаты жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы шарттар қатысушы банкпен осы Заңда белгіленген тәртіппен қосылу шартын жасасқан кезге дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.
№ 169-III ҚРЗ