азақстан Республикасының
Заңы
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы
(2022.11.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
4-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттар саласындағы құқықтық реттеу қағидаттары
5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері
2-тарау. ЖЕКЕ БАСТЫ КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттар
7-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарға қойылатын талаптар
8-бап. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты
9-бап. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі
10-бап. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат
11-бап. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі
12-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты
13-бап. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты
14-бап. Босқын куәлігі
15-бап. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі
16-бап. Шетелдік паспорт
17-бап. Қайтып оралуға арналған куәлік
18-бап. Туу туралы куәлік
18-1-бап. Жол жүру құжаты
19-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру негіздері
20-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру
21-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттар жоғалған жағдайда оларды қалпына келтіру
22-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттардың жарамсыздығы, оларды ауыстыру және тапсыру
23-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алып қою және пайдалану
3-тарау. ЖЕКЕ БАСТЫ КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТТАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
24-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті
25-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
26-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
27-бап. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
28-бап. Өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
29-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау саласындағы мемлекеттік монополия
30-бап. Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негіздерін айқындайды, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою жөніндегі қызметті реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтығы жоқ адамның куәлігі - өзінің қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемесі жоқ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
2) босқын куәлігі - босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат;
3) жеке басты куәландыратын құжат - жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі материалдық объект;
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) жол жүру құжаты - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету үшін берілетін құжат;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі - азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;
5) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты - Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;
6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты - өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан шыққан, одан тыс жерлерде тұрған кезде және Қазақстан Республикасына келген кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат;
7) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты - өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан шыққан және келген, одан тыс жерлерде тұрған кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын және оның иесінің ресми мәртебесін растайтын құжат;
8) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі - теңіз кемесінің бортында (әскери корабльді қоспағанда) оның экипажының құрамында, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын аралас (өзен-теңіз) жүзетін кеменің бортында жұмыс істейтін құжат иесінің немесе практикадан өту үшін кемелерге жіберілетін, оқу орнында білім алушының жеке басын куәландыратын құжат;
9) қайтып оралуға арналған куәлік - иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат;
10) туу туралы куәлік - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркелгені туралы айғақтайтын құжат;
11) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) уәкілетті мемлекеттік органдар - өз құзыреті шегінде жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын ішкі істер органдары, әділет органдары, сыртқы саяси қызмет саласындағы орган, көлік және коммуникация саласындағы орган;
13) шетелдік паспорт - шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде Қазақстан Республикасы танитын құжат;
14) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат - Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғандығын растайтын құжат.
2-бап. Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға осы Заңның 6-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға, құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтауға және жүргізуге, ішкі істер органдары үшін көші-қон процестерін есепке алу, бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жөніндегі жұмыстарды автоматтандыруға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші тұратын жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
4-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттар саласындағы құқықтық реттеу қағидаттары
Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеуге, беруге, ауыстыруға, тапсыруға, алып қоюға және жоюға қойылатын талаптар:
1) заңдылық;
2) міндеттілік;
3) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
4) баршаның заң алдында теңдігі;
5) шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері себептері бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеу;
6) адамның және азаматтың құқықтары мен міндеттерінің бірлігі;
7) қолжетімділік қағидаттарына негізделеді.
5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басты куәландыратын құжаттар алуға құқығы бар.
2. Тұратын жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басты куәландыратын құжаттарының болуы міндетті.
2-тарау. ЖЕКЕ БАСТЫ КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттар
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
6) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
7) босқын куәлігі;
8) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;
9) шетелдік паспорт;
10) қайтып оралуға арналған куәлік;
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) туу туралы куәлік;
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12) жол жүру құжаты жеке басты куәландыратын құжаттар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген жағдайларда, жүргізушінің куәлігі, әскери билет және туу туралы акті жазбасы жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары беретін жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекет меншігі болып табылады.
3. Азаматтық-құқықтық мәмілелер осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 9) және 11) тармақшаларында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жасалады.
7-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарға қойылатын талаптар
1. Жеке басты куәландыратын құжаттар мынадай деректерді:
1) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
2) туған күнін, айын, жылын және жерін;
3) туу туралы куәлікті қоспағанда, жынысын;
4) қай ұлтқа жататынын - осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарда иесінің қалауы бойынша;
5) туу туралы куәлікті қоспағанда, азаматтығын;
6) туу туралы куәлікті қоспағанда, фотосуретін;
7) құжатты берген органның атауын;
8) туу туралы куәлікті қоспағанда, құжаттың берілген күнін, айын, жылын, нөмірін, қолданылу мерзімін;
9) туу туралы куәлікті қоспағанда, құжаттар иесінің қойылған қолын қамтиды.
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттар жеке сәйкестендіру нөмірін қамтиды.
2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-баптың 2-1-тармағының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2-1. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1) - 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттар он алты жасқа толған және одан асқан, сондай-ақ «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда он екі жастан он алты жасқа дейінгі құжат иесінің қол саусақтарының іздерін қамтиды.
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жеке басты куәландыратын құжаттарды уәкілетті мемлекеттік орган қазақ тілінде немесе иесінің қалауы бойынша орыс тілінде толтырады.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі қазақ тілінде немесе иесінің қалауы бойынша орыс тілінде, сондай-ақ ағылшын тілінде толтырылады.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты, Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі, жол жүру құжаты қазақ және ағылшын тілдерінде толтырылады.
8-бап. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты
1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты азаматтарға жасына қарамастан, олардың қалауы бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады.
2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортына мынадай жазбалар мен белгілер:
1) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) шет мемлекеттің визасы;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің шекараны кесіп өту туралы белгісі енгізілуі мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қоятын белгілер мөртабандармен ресімделеді, олардың нысанын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары және Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілейді. Қазақстан Республикасы азаматының паспортына осы Заңда көзделмеген жазбалар мен белгілерді қоюға және енгізуге тыйым салынады.
4. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты он жыл қолдану мерзіміне беріледі.
9-бап. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оның азаматтарының жеке куәлігінің болуы міндетті.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарына он алты жастан бастап жеке куәлік беріледі.
3. Шетелге тұрақты тұруға кететін Қазақстан Республикасының азаматтары жеке куәліктерін ішкі істер органдарына тапсырады.
4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі он жыл қолдану мерзіміне беріледі.
10-бап. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат
1. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап он жыл қолдану мерзіміне, бірақ олар азаматы болып табылатын елдің паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
2. Шетелге шыққан кезде шетелдіктің жеке басын өзі азаматы болып табылатын елдің паспорты куәландырады.
11-бап. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, он алты жасқа толған азаматтығы жоқ адамдарға азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі.
2. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде иесінің жеке басын растау үшін бес жыл қолдану мерзіміне беріледі.
3. Шетелге ата-аналарсыз, қамқоршыларсыз, қорғаншыларсыз шыққан кезде азаматтығы жоқ адамның куәлігі он алты жасқа дейінгі адамдарға беріледі.
12-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тізбеге сәйкес лауазымды адамдарға беріледі.
2. Сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган басшысының тізбеде көрсетілмеген адамдарға Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортын беруге құқығы бар.
3. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты бар адамдардың жұбайлары мен он сегіз жасқа дейінгі балалары ұзақ мерзімді шетелдік іссапарларға бірге шыққан жағдайда, оларға да дипломатиялық паспорттар беріледі.
4. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты бес жыл қолдану мерзіміне беріледі.
13-бап. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты
1. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тізбеге сәйкес лауазымды адамдарға беріледі.
2. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттары бар адамдармен бірге ұзақ мерзімді шетелдік іссапарларға баратын жұбайлары мен он сегіз жасқа дейінгі балаларына да қызметтік паспорттар беріледі.
3. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты бес жыл қолдану мерзіміне беріледі.
14-бап. Босқын куәлігі
1. Босқын куәлігі «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен босқын мәртебесі берілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
2. Босқын куәлігі бір жыл қолдану мерзіміне беріледі, оны уәкілетті мемлекеттік орган босқынның шыққан елінде оған босқын мәртебесін беруге негіз болған мән-жайлар сақталған кезеңге дейін әрбір келесі жылға ұзартады.
15-бап. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі
1. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі кеме бортында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе практикадан өту үшін кемелерге жіберілетін оқу орындарында білім алушыларға беріледі.
2. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі Қазақстан Республикасында тіркелген кемелерде жұмыс істеу үшін жалданған, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға да беріледі.
3. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі бес жыл қолдану мерзіміне беріледі.
16-бап. Шетелдік паспорт
1. Шетелдік паспорт шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландырады және олардың құқықтық мәртебесін растайды.
2. Шетелдік паспортты беру негіздері және оның қолданылу мерзімі шет мемлекеттің заңнамасында айқындалады.
17-бап. Қайтып оралуға арналған куәлік
1. Қайтып оралуға арналған куәлік:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына - олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;
2) Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына - олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға - олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;
4) босқындарға - олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін құжаттары жарамсыз не Қазақстан Республикасына келуге арналған құжаттарын жоғалтқан азаматтығы жоқ адамдарға - олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына ұстап берілген не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына берілген жағдайларда беріледі.
2. Қайтып оралуға арналған куәлік Қазақстан Республикасына бір реттік келу үшін беріледі және ол Қазақстан Республикасынан кету үшін пайдаланылмайды.
3. Қайтып оралуға арналған куәлікті Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.
4. Қайтып оралуға арналған куәлікке:
1) шет мемлекеттің визалар беруге уәкілетті құзыретті органы - визалар туралы;
2) шекара қызметі органы, шет мемлекеттің шекаралық бақылауды жүзеге асыратын құзыретті органы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан және басқа мемлекеттердің мемлекеттік шекараларынан өту туралы;
3) тиісті белгіні енгізген орган - бұрын енгізілген белгілерді жою туралы белгілер енгізеді.
18-бап. Туу туралы куәлік
1. Туу туралы куәлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде беріледі.
2. Мынадай құжаттардың бірін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін не шетелдік паспортты алғанға дейін туу туралы куәлік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1-бап. Жол жүру құжаты
1. Жол жүру құжаты:
1) босқын мәртебесі берілген адамға Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде жүріп-тұру үшін;
2) реадмиссияға немесе Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында болу кезеңінде шетелдік паспортын жоғалтқан немесе шетелдік паспортының қолданылу мерзімі өткен жағдайда Қазақстан Республикасынан кету үшін беріледі.
2. Жол жүру құжаты бір жылға қолданылу мерзімімен беріледі, бұл ретте босқындар үшін жол жүру құжатының қолданылу мерзімі босқын куәлігінің қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
19-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру негіздері
Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру мынадай құжаттардың бірінің негізінде жүзеге асырылады:
1) туу туралы акт жазбасы;
2) туу туралы куәлік;
3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
5) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) қайтып оралуға арналған куәлік;
7) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
8) шетелдік паспорт;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтықты өзгерту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтамалар;
10) уәкілетті мемлекеттік орган оң тұрғыда қараған, босқын мәртебесін беру туралы қолдаухат;
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11) босқын куәлігі.
20-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру
1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде ресімделген құжаттарды қоспағанда) алуға өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті мемлекеттік органдар жеке басты куәландыратын құжаттарды иесіне немесе оның заңды өкіліне береді.
2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттар жеке тұлғаның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жеделдетілген түрде беріледі.
3. Жеке басты куәландыратын құжаттарды толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа деректер, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
4. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттар жоғалған жағдайда оларды қалпына келтіру
1. Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан жағдайда, жаңа құжаттар алу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға өтініш білдіреді.
2. Шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының паспортын жоғалтқан кезде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш білдіреді.
22-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттардың жарамсыздығы, оларды ауыстыру және тапсыру
1. Жеке басты куәландыратын құжат:
1) онда осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген деректер (туу туралы куәлікті қоспағанда) болмаған;
2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) қолданылу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарда өтпеген, осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 5), 6), 9) - 11) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1) - 4), 7) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарды қоспағанда, осы Заңның 7-бабының 2-1-тармағында көрсетілген деректер онда болмаған;