6. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар өз құзыретi шегiнде:
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтар мен қоғамға жат iс-әрекеттер жасауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң профилактикасы жөніндегі қызметiн жетілдiруге, оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi;
3) бала құқығын қорғау жөнiндегі мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардағы кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, әкету, бағып-күту жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жай-күйiн зерделейдi және осы салада әлеуметтiк зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;
5) бала құқығын қорғау жөніндегі мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдар желiсiнiң дамуына жәрдемдеседi және олардың қызметiнiң мониторингiн қамтамасыз етедi;
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң тәжiрибесiн жинақтап, таратады және оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
7) мүдделi мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау бойынша жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдайды және олардың арасында жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
8) кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жiберу мәселелерi бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;
9) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруда және тұрмыстық жағдайын қалыптастыруда, сондай-ақ өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оңалту жөніндегі өзге де мiндеттердi жүзеге асыруда мүдделi органдардың қызметiн үйлестiреді;
10) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөнiнде жүргiзiлген жұмыс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады.
7. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларды құру тәртібі және олардың қызметiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
10-бап. Iшкi iстер органдарының құзыретi
Iшкi iстер органдары өз құзыретi шегiнде:
1) осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 1) - 12) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн олардың ата-аналарын немесе заңды өкiлдерiн анықтайды, есебiн жүргiзедi және оларға қатысты жеке профилактикасы шаралары жүргiзедi;
2) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз мiндеттерiн орындамайтын немесе тиiсiнше орындамайтын, не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкiлдерiн, педагогтарды, тәрбиешiлердi, оқу, тәрбие және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге де мекеменiң басқа да қызметкерлерiн анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қолданады;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды белгiленген тәртiппен қарайды және оларға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;
4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге жiберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресiмдеуге жәрдемдеседi;
5) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың өмір салтына және мінез-құлқына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) балаларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту бойынша өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына керi әсер ететiн, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74-бабының тәртiбiмен жазасын өтеу кейiнге қалдырылған сотталған әйелдерге қатысты материалдарды дайындайды;
8) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат iс-әрекеттерi, оған итермелейтiн себептер мен жағдайлар туралы мүдделi органдар мен мекемелердi хабардар етедi;
9) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкiлдерiн құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына жәрдемдеседi;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) он сегіз жасқа толмаған және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстайды.
Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспiрiмдердi кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары
1. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрi - Орталық):
1) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған;
2) уақтылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-анасынан (олардың біреуiнен) немесе оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған;
3) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін;
4) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік киын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз ететін, білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар болып табылады.
2. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыруға:
1) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты - соттың қаулысы;
2) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты - қорғаншылық және қамқоршылық органының қаулысы;
3) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағанды жеткізген адамның өтініші негіздер болып табылады.
3. Түнгi уақытта, демалыс немесе мереке күндерi, сондай-ақ өзге де ерекше жағдайларда кәмелетке толмағандар Орталық әкімшілігі актісінің негiзiнде Орталыққа орналастырылуы мүмкiн, бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде Орталық әкiмшiлiгi прокурорды жазбаша түрде хабардар етедi. Кәмелетке толмағандарға қатысты материалдар оларды одан әрi ұстау не орналастыру туралы мәселенi шешу үшiн Орталыққа орналастырылған кезден бастап үш тәулiктiң iшiнде қорғаншылық және қамқоршылық органына ұсынылады.
4. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды жинақтауды iшкi iстер органдары немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдары қамтамасыз етедi.
5. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмi үш айдан аспауға тиiс.
6. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмiне денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жариялаған карантин кезеңi, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ауруына байланысты стационарлық медициналық мекемеде болу уақыты кірмейдi.
7. Орталыққа алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйіндегі кәмелетке толмағандар, сондай-ақ психикалық аурудың айқын белгiлерi бар кәмелетке толмағандар орналастырылмайды.
8. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12-бап. Білім беру органдарының құзыретi
Білім беру органдары өз құзыретi шегiнде:
1) девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы білім беру ұйымдарының және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының, сондай-ақ бала құқығын қорғау жөніндегі мiндеттердi жүзеге асыратын өзге де ұйымдар жүйесiн дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға қатысады;
3) дәлелсiз себептермен жалпы білім беретiн оқу орындарына бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтайды және есепке алады, олармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкiлдерiмен жеке профилактикасы шаралары жүргiзедi;
4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын қалыптастыруға, олардың бойына имандылық пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлеп, білім беру ұйымдарының жұмыс тәжiрибесiне енгiзедi;
5) дамуында немесе мiнез-құлқында ауытқушылықтары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияларды құрады, олардың кешендi түрде тексерiлуiн жүргiзедi және оларды одан әрi оқыту және тәрбиелеу нысандарын анықтау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
6) девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарды, тұрмысы қолайсыз отбасыларын анықтауға, оларды iшкi iстер органдарында есепке алуға және олармен жеке профилактикасы шаралары жүргiзуге қатысады;
7) жалпы білім беретiн оқу орындарында қол жетерлiк спорт секцияларын, техникалық және өзге де үйiрмелер, клубтар ұйымдастыруды қамтамасыз етедi және оларға кәмелетке толмағандарды тартады;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) пробация қызметі әзірлеген әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға орта білім алуға көмек көрсетеді;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Арнаулы білім беру ұйымдары
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Арнаулы білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелерi болып табылады және әкiмшiлiк жазалау шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелi түрде жасайтын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алудан қасақана жалтаратын, отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан үнемi кетiп қалатын, өзге де қоғамға жат iс-әрекеттер жасайтын он бір жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және әлеуметтiк оңалту мақсатында құрылады.
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберудiң орындылығы туралы шешiмдi қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша сот не ішкі істер органы қабылдайды. Алкогольдік ішімдіктерді, есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді құмарлықпен салынып пайдаланатын кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жiберу туралы мәселенi қарау кезiнде мiндеттi түрде оларға нашақорлық аурулардан емделу курсынан өтудi белгiлеудiң орындылығы зерттеледi.
3. Кәмелетке толмаған бала арнаулы білім беру ұйымына бір айдан бір жылға дейiнгi мерзiмге жiберiлуi мүмкiн.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Кәмелетке толмағанның арнаулы білім беру ұйымында болуы оның кәмелеттiк жасқа толуына байланысты, сондай-ақ мекеме әкiмшiлiгiнiң не кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссияның ұсыныстары негiзiнде арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот кәмелетке толмаған бала өзiнiң түзелуi үшiн бұл шараны қолдануды бұдан әрi қажет етпейдi деген қорытындыға келген жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында болуының сот белгіленген мерзімін осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген тәртіппен, тек қана мына жағдайларда:
1) кәмелетке толмаған баланың жалпы білімiн немесе кәсiби даярлығын аяқтау қажет болған, бірақ ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн;
2) әкiмшiлiк жазалау шараларына әкелiп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелi түрде жасаған, орта білім алудан қасақана жалтарған, арнаулы білім беру ұйымынан өз еркiмен кетiп қалған, өзге де қоғамға жат ic-әрекеттер арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот ұзартуы мүмкін.
6. Арнаулы білім беру ұйымының тәрбиеленушiсi қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа дейiн қылмыс белгiлерi бар қоғамдық қауiптi әрекет жасаған жағдайда, ол осы Заңның 14-бабында белгiленген тәртiппен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жiберiлуi мүмкiн.
7. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жiберу туралы мәселенi қарау кезiнде прокурордың қатысуы мiндеттi болады.
8. Осы баптың 1-тармағында аталған кәмелетке толмағандарды анықтауды және есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды жинауды қамтамасыз етедi.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде айқындалады.
9. Арнаулы білім беру ұйымдарының әкiмшiлiгi:
1) кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң, аталған мекеменiң аумағын күзетудi, тәрбиеленушiлердiң жеке қауiпсiздiгiн және олардың терiс әсерден барынша қорғалуын, аталған мекеменiң аумағына бөгде адамдардың еркiн кiруiн және одан тәрбиеленушiлердiң өз еркiмен кетуiн шектеудi, кәмелетке толмағандарды тәулiк бойы, оның iшiнде ұйқыға бөлiнген уақытта қадағалау мен бақылауды, кәмелетке толмағандардың өздерiн, олардың заттары мен тынығатын бөлмелерiн тексерiп қарауды қамтитын арнайы жағдайларын қамтамасыз етедi;
2) аталған мекеменiң орналасқан жерi бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдарына олардың өз еркiмен кетiп қалу фактілері туралы хабарлайды және оларды iздестiрiп, қайтаруға тiкелей қатысады;
3) кәмелетке толмаған баланы аталған мекемеден шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мiнездеменi және онымен алдағы уақытта жеке профилактикасы шаралары жүргiзудiң, жұмысқа орналасуына және тұрмыстық жағдайын қалыптастыруға көмек көрсетудiң қажеттiлiгi туралы нұсқауларды кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жеріндегі кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға олардың болу мерзiмi аяқталғанға дейiн бір айдан кешiктiрмей жiбередi.
10. Арнаулы білім беру ұйымдарына өздерiн аталған мекемелерде бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулары бар кәмелетке толмағандар орналастырылмайды. Мұндай аурулардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
11. Арнаулы білім беру ұйымдарын құру, қызметiн ұйымдастыру тәртібі және оларда кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң шарттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
12. Арнаулы білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдi жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары
1. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелері болып табылады және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнаулы педагогикалық тәсілді талап ететін он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мынадай жағдайларда, егер олар:
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өздеріне қатысты қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмағанына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы шығарылғаннан кейін қоғамға қауіпті іс-әрекетті қайтадан жасаса;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) орташа ауыр немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталса және сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 83-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатса, орналастырылады.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3-тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберудің орындылығы туралы шешімді ішкі істер органының ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы ұсынуды ішкі істер органдары көрсетілген кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған күннен бастап отыз тәулік ішінде сотқа жібереді.
Ерекше жағдайларда бұл мерзім ішкі істер органы бастығының немесе прокурордың қаулысы негізінде отыз тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген материалдар оларды сотқа жіберу алдында кәмелетке толмаған балаға және оның заңды өкілдеріне танысу үшін ұсынылады.
Мүдделі адамдар көрсетілген материалдармен танысқандығы туралы ұсынылған материалда тиісті жазба жасайды.
5. Кәмелетке толмаған бала ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін.
Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында ұстауға:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарға қатысты - сот қаулысы;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға қатысты - сот үкімі негіз болып табылады.
Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуы адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ егер ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы әкімшілігінің ұсынысы негізінде сот кәмелетке толмаған бала өзінің түзелуі үшін осы шараны қолдануды бұдан былай қажет етпейді деген қорытындыға келген болса, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
7. Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуының сот айқындаған мерзімі осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен, тек қана мынадай:
1) кәмелетке толмаған баланың жалпы білім алу немесе кәсіби даярлығын аяқтау қажет болған жағдайда, бірақ ол кәмелетке толғанға дейін;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қоғамға қауiптi іс-әрекет жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкін.
8. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті.
9. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.
10. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде айқындалады.
Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде айқындалады.
11. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының әкімшілігі:
1) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағын күзетуді, тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігін және олардың теріс әсерден барынша қорғалуын, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағына бөгде адамдардың еркін кіруін және одан тәрбиеленушілердің өз еркімен кетіп қалуын шектеуді, кәмелетке толмағандарды тәулік бойы, оның ішінде ұйқыға бөлінген уақытта байқау мен бақылауды, кәмелетке толмағандардың өздерін, олардың заттары мен ұйықтайтын үй-жайларын тексеріп қарауды қамтитын кәмелетке толмағандарды ұстаудың арнаулы жағдайларын қамтамасыз етеді;
2) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына олардың өз еркімен кетіп қалу фактілері туралы хабарлайды және оларды іздестіру мен қайтаруға тікелей қатысады;
3) кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан онда болу мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мінездемені және онымен жеке профилактикалық жұмысты одан әрі жүргізудің, оның жұмысқа орналасуына және тұрмыстық жағдайын жасауға көмек көрсетудің қажеттілігі туралы ұсынысты кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жібереді.