Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 111-бапта:
тақырыптағы және бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «олардың орнындағы адамдардың» деген сөздер «басқа да заңды өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«спирттік» деген сөз «алкогольдік» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ұдайы қолдануына» деген сөздерден кейін «не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «олардың орнындағы адамдарға» деген сөздер «басқа да заңды өкілдеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 112-1-баппен толықтырылсын:
«112-1-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру, -
ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - отыз, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 331-баптың екінші абзацындағы «бірден екіге дейінгі» деген сөздер «екіден беске дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 335-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «күшті спирт ішімдіктерін», «спирт ішімдіктерін» деген сөздер «алкогольдік ішімдіктерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 336-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Спирт ішімдіктерін», «спирт ішімдіктерін» деген сөздер тиісінше «Алкогольдік ішімдіктерді», «алкогольдік ішімдіктерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 336-3-баппен толықтырылсын:
«336-3-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуы, -
заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) 362-баптың 5) тармақшасындағы «спирттік» деген сөз «алкогольдік» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 541-баптың 1-1-бөлігінің 2) тармақшасы:
«112,» деген цифрлардан кейін «112-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«327 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «336-3 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 543-бапта:
бірінші бөлік «336-2,» деген цифрлардан кейін «336-3 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
4) тармақша «336-1 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «336-3 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша «336 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «336-3 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 620-баптың 1) тармақшасындағы «спирттік» деген сөз «алкогольдік» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы «336-1 (үшінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «336-3 (екінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын.
2. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат):
36-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады.».
3. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік оңалту - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық жағынан қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;
2) жеке профилактикалық жұмыс - жеке және заңды тұлғалардың өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандар мен тұрмысы қолайсыз отбасыларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарды уақтылы анықтау, оларды әлеуметтік оңалту және (немесе) олардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі қызметі;
3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу (бұдан әрі - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы) - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, кәмелетке толмағандардың оларды тәрбиелеу, оқыту немесе бағып-күту жөніндегі міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарымен немесе басқа да заңды өкілдерімен, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдармен жеке профилактикалық жұмысты қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық және өзге де шаралар жүйесі;
4) кәмелетке толмағанды бағып-күту - кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің өздерінің қаржылық мүмкіндіктерінің және қабілеттерінің шегінде оның толыққанды дамуы, оның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін және мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттарды қорғау үшін жағдай жасауы;
5) кәмелетке толмағанды тәрбиелеу - балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бітімі, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлік жағынан дамуына және әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғауға бағытталған мінез-құлық ережелері мен нормаларын дарыту жөніндегі ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тарапынан оған әсер ететін үздіксіз процесс;
6) қадағалаусыз қалған бала - ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекеме педагогтарының, тәрбиешілерінің және басқа да қызметкерлерінің тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;
7) қадағалаусыз қалу - кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтар жасауына ықпал ететін, олардың мінез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиісінше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс;
8) өмірде қиын жағдайға душар болған балалар - қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тіршілік әрекеті бұзылған және осы жағдайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен жеңе алмайтын балалар;
9) панасыз қалған бала - тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала;
10) тұрмысы қолайсыз отбасы - кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе заңды өкілдері оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін отбасы.»;
2) 4-баптың 6) тармақшасындағы «мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың» деген сөздер «заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 4-тармағындағы «және жауапты хатшы», «мен жауапты хатшы» деген сөздер тиісінше «және хатшы», «мен хатшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-баптың 2-тармағындағы «Спирт ішімдіктерін» деген сөздер «Алкогольдік ішімдіктерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 15-баптың 8) тармақшасындағы «спирт ішімдіктерін» деген сөздер «алкогольдік ішімдіктерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 19-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «спирт ішімдіктерін» деген сөздер «алкогольдік ішімдіктерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «оларға қатысты» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 20-бапта:
2) тармақша «прокурордың,» деген сөзден кейін «тергеушінің,» деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақша «заңды өкілдеріне» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 21-бап «заңды өкілдеріне» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 22-баптың 1-тармағы «заңды өкілдері» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ өзге де адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 23-баптың 5) тармақшасындағы «спирт ішімдіктерін» деген сөздер «алкогольдік ішімдіктерді» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 10-ы.
№ 176-ІV ҚРЗ